Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



бет16/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Адамның биоөрісі дегеніміз– негізгі ғылыми тұжырымдама, ол дене арқылы өтеді және өзінің барлық шектеріне тарайды да, адамның физикалық денесімен құрылымдарды біріктіреді. Биоөрісті ұстап көру мүмкін емес, кейбір адамдар ғана оны сезіне алады (1-сурет). Олар емшілер, яғни физикалық денесін емдемейді, оның энергетикалық қабықшасын (аурасын) емдейді [2, 130 б.].

1-сурет. Адамның биоөрісі


Адам 3 құраушылардан тұрады: физикалық, энергетикалық және рухани. Физикалық құрылым – оның физикалық денесі, энергетикалық құрылым – оның аурасы, ал адамның рухани құрылымы – ол оның жаны. Адамның аурасында оның әрекеті жайлы ақпарат болады (ісінде, сөзінде, сезімінде, тілектерінде және ойларында). Бұл адамның өмірінде істеген және қазірде істеп жатқан әрекеттерін атап айтсақ болады. «Адамның энергоақпараттық биоөрісінің» сапасы, яғни аурасының күйі адамның физикалық денесіне әсері бар. Адамдардың сиқыр күші және энергетикалық ауысу технологиясы туралы әңгімелерінде жиі «аура» сөзі кездеседі. Қалыптыда адамдар зерттелген бұл термин энергетикалық өріс ретінде түсіндіріледі [3, 154 б.].

Адам аурасы (греч. αυρα — тазалау) әртүрлі қатардағы эзотерикалық сеніммен және шығыс діндерінің – адамның жанын және рухын айқындайды. Аура материалдық әлемнің нысаны болып табылмайды және ешқандай ғылыми пәндермен байланысты емес. Бірақ осы бағытта жалған ғылыми бағыттар қолданылады, мысалы: биоөріс, дәстүрлі емес медицина және т.б. тұжырымдар жатады. Діни және эзотерикалық аңыздарда аура-адам денесін бойлай алып жатқан сәуле делінген. Тылсым күштің айрықша белгісін қарастырады [3, 155 б.].

Эзотерикада аура сөзімен адам және жануар денелерінен шығатын жұқа көрінбейтін негізді білдіреді, ал грек тілінен аударғанда желдің соғуы, яғни өріс дегенді білдіреді. Өз-өзінен бұл түсінік бізге шығыс философиясынан келді, онда аураны, жұқа негіздің немесе жұқа материяның шығуын эманиация деп атайды. Шығыс дәруіштерінің айтуы бойынша эманация физикалық жағынан ыдыралардың бұлтын немесе сублимациялардың материалды түзілуі, ол денеге түседі және оны қоршайды [4, 79 б.].

Көріпкелдер (экстрасенстер) аураны әрқашанда көреді. Парапсихологтардың пікірі бойынша аураның бар екендігінің дәлелі: адамның аурасын көруге үйрететін, мүмкіндік беретін әдістемелер бар [4, 81 б.].

Соған қарамастан аураның бар немесе жоқ екендігі туралы көп пікір- таластар болып жүр. Мамандардың дәлелдемелері бойынша ол бар, сонымен қатар қасиеттерге ие – көлем, пішін, түс және иіс. Иісіне келетін болсақ, әр адамда ол жеке және сипаттауға қиын. Көлемінің белгілі шектері болады. Ұлы пайғамбарлардың және ежелгі мұғалімдердің аурасы бірнеше километрге созыла алатын мықты болған және соншалықты таза болған, жай адамдар бастарының төбелерінен жарқыраған сәуле көре алған [5, 18 б.].

Аураның түсі түрлі болады. Бір түсті немесе түрлі түсті болады, яғни түрлі түстерден тұрады. Түсі уақыт өткеннен кейін ауыса алады, ол адамның ойлы және эмоциональды жұмысына тәуелді. Ол әрқашанда ішкі өмірі туралы айтады. Аураны ешқандай қулықтармен өзгерте алмайсың [5, 20 б.].

Зақымдалған аура

Қалыпты аура

2-сурет. Қалыпты және зақымдалған ауралардың салыстырмалы күйі


Ғалымдар XX ғасырдан бастап, аураны суретке түсіруге және тіркеуге үйренді. Никола Тесла, С.Д.Кирлиан, А.В.Золотов және К.Коротков сынды ғалымдаржеке аураның визуализация мәселесін қарастырып жатыр [5, 23 б.].

Аураның сапасы ақпарат көзіне байланысты, ал ақпарат – әрекеттің пайда болуына байланысты, яғни сөздер, сезімдер, ойлар және армандар жиналады, туындайды және аурада осының барлығын қамтып көрсетіледі. Егер де аура тұтастай жағымсыз болса, онда болашақта физикалық жағдайы бұзылады, себебі «жаман» аура адамның физикалық денесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ адам денсаулығы өткен өмірінде белгілі нысанға келтірілген рухани құрылымға ғана емес, күнде адам өздігінен қалыптастыра алатын аурасына байланысты. Адам денсаулығына әсер беретін, тағы бір фактор ретінде күштен тұратын, қуатпен анықталатын «ішкі энергетика» бар [6, 113 б.].

Егер адам энергетикасы бүтіндей төмен болса, онда адамның тонусы төмендейді және мүшелер, жүйелер өте төмен жұмыс жасайды. Бүкіл организмді қамтитын жеке мүшелердің бұзылыстарына алып келеді. Нәтижесінде организм түрлі сынақтарды жеңе алмайды және осыдан келе денсаулық сырқат береді (2-сурет) [5, 25 б.], [6, 115 б.].

Адамның рухани құрылымы физикалық денені басқарып, оған жан береді. Әрбір мүше адамның физикалық денесін «басқару бағдарламаларымен» өзінің белгілі бір бағытында қызмет етіп, белгілі бір жұмысты орындайды. Энергетиканы бағдарламалар арқылы қадағалайды, бағыттайды, дамытады және реттейді. Бағдарламадағы әлдеқандай бұзылыстар осыған сәйкес келетін мүшелердің бұзылуына алып келеді. Бұл бағдарламаны немесе энергетикалық орталықтарды – чакра деп атаймыз.Аура міндетті түрде чакрамен байланысты. Чакралар – ол нерв орталықтарын, олар физикалық, ойлық, эмоциональды және рухани энергиясын үйлестеді және қоректендіреді [6, 120 б.].

7 (жеті) негізгі чакра бар. Чакралар арқылы адам биоөрісі ғаламмен және оның энергиясымен байланысы жүзеге асырылады. Соның ішінде бірінші чакра (Муладхара)жер энергиясымен, екіншісі (Свадхистана) су энергиясымен,үшіншісі (Манипура) күн мен от энергиясымен байланысты. Келесі үш чакра атмосфераның түрлі қабаттарымен байланысты: төртінші чакра (Анахата) атмосфераның төменгі қабаты тропосферамен,бесіншісі (Вишудха) стратосферамен,алтыншысы  (Аджана)  мезосферамен  байланысты болады [6, 121 б.], [7, 210 б.].

Жоғарғы жетінші чакра (Сахасрара) жоғарғы күштер – Жаратушы, Жоғарғы ғарыш ақыл-ойымен бірігеді. Бұл энергия тәуелсіз, ал басқа энергиялар оған бағыныштылық қатынаста болады. Бұл энергия ғаламдағы барлық энергияларға әсер ете алады. Бұл энергияны саналы түрде тек Жоғарғы күштермен байланысқа түсетін адамдар ғана пайдалана алады [7, 212 б.].

Сөйтіп, адам өзінің энергетикалық орталықтары (чакралар) арқылы бүкіл ғаламмен байланысады. Бұл байланыс қалыпты болғанжағдайда және тұқым қуалаушы аурулары болмаған жағдайда адам дені сау әрі табиғаттың, ғаламның, ғарыштың, Жаратқанның қамқорлығында болады. Энергетикалық байланыстар үзілген кезде түрлі аурулар пайда болады, сонымен бірге адам басқа адамдардың тарапынан түрлі әсерлерге (көз тию, дуалау, қарғыстар) бейім тұрады да, өзі де қансорғыш (вампир) бола алады [7, 213 б.].

3-сурет. Адам саусақтарындағы чакралар кескіні.

Жеті негізгі чакраның әрқайсысы физиологиялық дененің түрлі аспектілерін қорғайды. Чакралар бір-бірімен организмнің барлық жерімен өтетін каналдармен байланысты (3-сурет). Шығыста чакраларды лотос гүлімен салыстырады. Рухани адамдарда лотос гүлінің күлтелері біртіндеп ашылады және энергетикалық дөңгелектер өздері қозғала бастайды [7, 214 б.].



Қорыта келгенде, гипотезалық «өмірлік күш» немесе «биоэнергетикалық өріс» қазіргі таңда мануальді терапияда, акупунктурада, экстрасенсорикада және де әртүрлі альтернативті медицинада қолданылады. Қазірде аура мен чакраны аураграмма арқылы зерттейді.Адамның ақыл-ойы шексіз кең, бұл оны әрі қарай дамуға жетелейді. Әлі талай шығармашылық мүмкіндіктерді ашу керек. Адам мүмкіндіктерінің тек аздаған бөлігі ғана анықталған, демек адамның әлі белгісіз сансыз қабілеттері ашылуы тиіс.
Әдебиеттер:

  1. Иванов К. П. Агрессивная лженаука // Вестник РАН, 2002, N1. – стр. 30-36.

  2. Иванов Ю.М. Как стать экстрасенсом. Москва, 1997. – 160 с

  3. Красавин О. А. Биоэнергетика здоровья человека. – Москва:  Диля, 2004. – 256 с. 

  4. Қожалымов З. Рухани емшілік ғаламаты. - Алматы: Шалкөде,  2006. - 187  б.

  5. Вурмс Е.  О чем говорят звезды. – Москва: Центр, 1991 – 240 с.

  6. Розов С. Учебник по биоэнергии. - Москва: Олма, 2002. – 160 с.

  7. Қожалымов З. Ғаламның жұмбақ сырлары. –Алматы: Шалкөде,   2010.  –  749 б.  


ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ӘОЖ 336.442.4572
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Усманова И.С. аға оқытушы ,Султанова Г.С. аға оқытушы.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті Шымкент қ.


Кіліт сөздер: бәсеке,тұрақты,инновация,эталондық стратегия, радикалды,базистік стратегия.

Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет:

-қажеттіліктерді жоғары деңгейде қанағаттандыру;

-кәсіпорынның бәсекелік қабілеті өнімнің сапасымен өндірістің тиімділігі арқылы көрсетілуі, тұрақтылық пен жаңа технологиялар арасындағы балансқа жету. Табыс алып келетін келетін дәстүрлі технологияны қолдана отырып, ресурстардың бір бөлігін жаңа технологияларды енгізуге бағыттау, техникалық мүмкіндіктерді әртараптандыру;

-радикалды және эволюциялық өзгерістерге дайын болу, оларға тез қарқынмен бейімделе білу, сонымен қатар, жоғарыда айтылған өзгерістерге икемделу. Кәсіпорынның өзі де эволюциялық және радикалды идеяларды шығара білу, новатор болу;

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың стратегиларына өзгерістер ен- гізіліп жатыр. Олар жаппай өндіріс стратегиясынан бас тартып инновация – лық стратегияға бағытталды. Жаңалықтар кәсіпорындарға шаруашылықтың дұрыс жұмыс істеуін, тиімділікпен бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бәсекелестік позициялармен өндіріс тиімділігі және инновациялық потенциялдар арасында тығыз байланыс бар. Кәсіпорынның тиімділігін арттыруға өнімнің сапасы, шығындарды тиімді пайдалану саясаты, жаңа бәсеке қабілетті проектілерді жарыққа шығару және рентабельді бизнес проектілерді таңдай білу әсер етеді.

Еліміз «Қазақстан — 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық қазақстан - дықтардың – ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселе болып отыр. Осы орайда ша – руашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүесін құру процесін жеделдеткен жөн.

Нарықтық жағдайда қазақстандық кәсіпорындар басшылары мен top менеджерлеріне басқарудың әдістері мен іс – қимылдарын игеру қажет. Со – лардың қатарына кәсіпорындарға бәсекелік басымдылықтарды ұстап қалу және сыртқы орта өзгерістеріне икемделу негізінде болашақтағы мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялық менеджмент жатады.

Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжірибеде өзін өзі ақтай білген кәсіпорын стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық стратегиялар деп атайды. Олар мынадай элементтердің біреуіне немесе бір – нешеуінің жай күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл элементтердің әрқай – сысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.

Этолондық стратегиялар кәсіпорынның төрт түрлі тәсілімен өсіп келе жатқандығын білдіреді:

1.Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілетін өнімді өзгертпей – ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мыналар:

-нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.

-нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі.

-өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделеді.

2.Кәсіпорынды дамытудың екінші стратегиясын әртараптандырыл — ған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорынмен беріл- ген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмаған жағдайда қолданады. Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері:

-өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану негізінде орталықтындырылған әртараптандыру.Бұл жерде жұ- мыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жа -ңа өндіріс игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе кәсіп — орын іс — әрекетіндегі басқадай күшті жақтарында пайда болады.

-көлденең әртараптандыру, нарықта жаңа технологиямен өндірілген, қолданыстағы тауарға ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге құзыреттілігін бағалағаны жөн.

3.Жаңа құрылымдарды қосу есебінен кәсіпорындарды кеңейтуге бай -ланысты біріктірілген өсу деп аталатын стратегиялар. Оған мыналар жатады:

-сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолда – ну кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар ба -ғасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды.

-алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – ком – пания мен түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің үстінен қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құры - лымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады.

4.Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда кәсіпорынды жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. өйткені жаңару және жаппай тездету–көбі – не кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір – біріне қайшы процестер. Кәсіпо – рынның мақсатты қысқарту стратегиясының 4 түрін бөліп көрсетуге болады:

-кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолда – нылатын жою стратегиясы;

-кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы.

Іс жүзінде кәсіпорын бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіре – се көп салалы кәсіпорындарда) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзе - ге асыруы мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпорын саясатынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек деген қорытындыға келеміз.

Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жа ғынанан стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағы – нышты болады.

Стратегия кәсіпорынды тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсеке– ге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.

Жалпы алғанда кәсіпорын стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандыру және нарықтық позициясын нығайтуға бағытталған кәсіпорынның басқару жоспары.

Кәсіпорынның негізгі қызметі мен бөлімшелеріне жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, кадрлар мен ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады; олар дың әрқайсысының стратегия ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны таңдау бүкіл кәсіпорын бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсе кеге қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегиясы білдіреді. Жақсы ойластырылған стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын белгілейді. Оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды.

Стратегияны қалыптастыру тек жоғары басшылықтың ғана міндеті емес. Ірі кәсіпорындарда стратегияны қалыптастыру жөнінде шешім қабылдауға жоғары буын басшыларымен қатар коммерциялық және өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорын бөлімшелері ішіндегі атқарушы (өндіріс, маркетинг және өткізу, қаржы, кадрлар, т.б.) басшылар, өнімнің шоғырлануына жауап - ты өндірістік кәсіпорын басшылары мен жетекшілері де қатысады. Әрбір кәсіпорын өзінің дамуына қолайлырақ болған стратегияны әзірлеуіне байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мынадай стратгияларды келтіруге болады: берілген кәсіпорынның жаңа объектілерін салыстыру стратегиясы, тауарларды нарыққа жылжыту стратегиясы, персоналды іріктеу және дайындау стратегиясы, өсу стратегиясы, шығындарды азайту және әлеуметтік стратегиялар.

Ресурстарды бөлу–қор, басқарушылық қабілет пен технологиялық тә - жірибе сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлуді құрайды. Стратегиялық сипаттағы барлық әрекетімен қамтитын сыртқы ортаға бейімделу кәсіпо- рынның сыртқы ортамен қатынасын жақсартады. Кәсіпорын сыртқы қолайлы мүмкіндіктерге де, қауіп қатерлерге де икемделіп, стратегияның қоршаған ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Талданатын объектіге сыртқы факторлардың әсері үлкен. Бұлар – сала өнімін тұтынушылар, мемлекет саясаты, халықтың төлем қабілеті.

Ішкі үйлесу тиімді біріктіру мен ішкі операциялардың оң нәтижесіне жетуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін стратегиялық қызметті үйлестіруді қамтиды.

Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асырудың құралы ретінде оны дамыту- дың стратегиялық жоспарын жасау керек.

Фирма стратегиясы таңдап алынған соң жүзеге асыру жөніндегі күрделі жұмыс басталады. Ол үш міндетті атқаруға бағытталады. 1–ден, ұйым жүзеге асыратын стратегияға сәйкес әкімшілік міндеттерге басымдық беруден, осы таңдалған стратегия мен ұйым ішіндегі үдерістер арасында сәйкестік орнату. Сәйкестік ұйымның мынадай сипаттамалары бойынша орнатылуы тиіс: оның құрылымы, ынталандыру жүйесі, мінез–құлық тәртіптері мен нормалары, ортақ құндылықтар, менеджерлер мен қызметкерлердің мамандануы. 3 – ден, жүзеге асырылатын стратегияға сәйкес лидерлік стиль мен ұйымды басқару тәсілдерін талдау. Осы үш міндет өзгерістер жасау жолымен орындалады.

Сонымен, кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.

Қазіргі күні нарықтық экономиканың қатаң заңдарына бейімделе алған тек қана 5000 – ға жуық АҚ – дар жұмыс жасайды. Бірақ, осы қоғамдардың қызмет ету жағдайы қандай, ол бастапқыда оған қойылған талаптарға сай келеме: бағалы қағаздар эмиссиясын бағалы қағаздар нарығына орналастырып, нарық механизмдерін ескере ме?

Алғашқыда АҚ – дар (бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектісі ретінде) бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.

Каспий теңізі ойпатында орналасқан «Маңғыстау мұнай барлау» АҚ – мы Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдерін игеру, пайдалану және мұнай өнімдерін бұрғылауға арналған құрал – жабдықтардың тетіктерін жөндеумен айналысады. Оның мұнай және газ игеретін кен орындары Приозерный, Қарақия ойпатында, Жетібай, Өзен қаласында орналасып, жақсы нәтиже беруде. Яғни, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы таза табыс 178,7 пайызға өсті.

«Маңғыстау мұнай барлау» АҚ – ның 2010жылы жалпы табыс 321456,2 мың теңгені құрады.

Негізінде кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру әдісі – акция шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивидент алуға құқық беруі тиіс, сондай – ақ акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

-қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;

-көптеген қоғамдарда акция «акция» болып табылмайды;

-акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;

-заңдық базадағы қайшылықтар

Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:

-заңдық базаны ретке келтіру;

-акционерлік істі білетін мамандарды дайындау (қаржыгерлер, брокерлер мен диллерлер, қаржы менеджерлері, т.б.)

Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек.

Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.

Міне, осындай мәселелерді шешудің бірден – бір жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Менің ойымша, АҚ – ды басқаруды ұйымдастыру құрылымын әлі де болса жетілдіре түсінуіміз керек. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет, сонымен қатар осы жерде талдау және болжам жасау бөлімінің орнына тек қана қызмет көрсету бөлімі деп қалдыру қажет.

Акционерлік қоғам қаржысы экономикалық қатынастар жиынтығынан, яғни нақты ақша айналысынан және оны қалыптастырудан, бөлуден, сонымен қатар оларды нақты өндiрiсте немесе қызмет көрсетуде пайдаланудан тұрады. Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.

Осылайша бүгiнгi таңда елiмiз акционерлік қоғамдардың барлығы өздерiнiң экономикалық жағдайының ендi ғана дағдарыстан шығып, қаржы қорларының бастапқы жинақталуына байланысты, ендiгi жерде сол корпорация қаржыларын тиiмдi қалыптастырып, оларды өндiрiсте ұтымды пайдалану арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты және бәсекеге қабiлеттi дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер :

1. ҚР – ның «Акционерлік Қоғам туралы» Заңы, 2003. 13 мамырындағы

№ 415 – II, қарашадағы № 500 – II, 2009. 8 шілдедегі, № 72 – II ҚР-ның заңдарымен енгізілген өзгертулер.

2. Абдулина А.М. Сборник научных проектов «Казахстан на пути к

новой модели развити», «маркетинг в Казахстане», Алматы,Экономика, 2000.

3.Әубәкіров Я.Ә, Нәрібаев К.Н,Жатқанбаев Е.Б. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық Алматы,ҚазМҰУ,1998 ж



Резюме

Стратегия и пути повышения произведственной рентабельности акционерного общества.


ӘОЖ 336.442.4572
ЕЛІМІЗДІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНДАҒЫ ДЕВАЛЬВАЦИЯНЫҢ

СЕБЕПТЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Яхияев Ә.Т. -магистр, аға оқытушы

Қазақстан инженерлі – педагогикалық Халықтар достығы университеті


Кілттік сөздер;инфляция,девальвация,ажиотаж,айырбас курсы, спекулятивті операция
“Девальвация” (латын тілінен аударғанда “de”- күшін жою, төмендеу және “valere”- тұрады)- тұрақты валютамен және халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі, сондай-ақ ақша өлшемінің нақты алтындай бағамының азаюы.

Ұлттық банкі теңгенің тұрақтылығына араласудан бас тартатынын жария етті. Осыған байланысты бір неше жыл бойы 145-150 теңге көлемінде болып келген доллар бағамы 185 теңгеге бірден шарықтады. Осыған байланысты теңгенің құнсыздауына итермелеген бір неше себептерді атап көрсетсем:



Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы өзгерістер артты.

Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1% әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің әлсіреуі жалғасты.

Үшіншіден, бұл елдегі төлем балансының жағдайы. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен импорт өсуде.

Төртіншіден, спекулятивті операциялардың өсуінің әсерінен ел экономикасында девальвациялық күту процесі жоғарылады. Спекулятивті ажиотаж бен айырбас курсы өзгерістерінің алдын алу үшін Ұлттық Банкке валюталық нарыққа жиі енуге тура келеді.

Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4% ға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз – айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту. «Теңгенің айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін орнына келтіру. ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау – Ұлттық Банк валюталық саясатына өзгерістер еңгізуді қажет етеді», - дейді Ұлттық Банк сарапшылары.

Бұл мәселеге орай Ұлттық Банктің төрағасы Қайрат Келімбетов кешегі баспасөз мәжілісінде «Егер сіздер Ұлттық Банк жүргізіп жатқан бұл шараны қалай бағалайтынымды сұрайтын болсаңыздар, бұл тұтастай алғанда Қазақстандық экономикаға серпін беретін өте тиімді шара. Бұл тек 2014 жылы ғана емес, сонымен бірге, алдағы орта мерзімді болашақта да солай болмақ, яғни менің айтатыным, біздің бәріміз үшін және жалпы алғанда, тауар өндірушілер үшін, Қазақстанның экономикасы үшін – пайдасы мол», - деді. Айта кету керек, ҚР Ұлттық Банкі 2014-жылдың 11-ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбастау курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұлттық Банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді.

Теңгенің девальвацияға ұшырауынан қараша халық зардап шекпеуі тиіс. Ұлттық валютаның төңірегіндегі туындаған түсінбестікке Елбасының өзі араласты. Нұрсұлтан Назарбаев бұл төл экономиканың қарқынды дамуы үшін жасалған әрекет деп, жұртты дүрмекке ермеуге шақырды.

“Бұл экономикамыз талап ететін қажеттілік деп ойлаймын. Экспорттаушыларға ғана емес, шағын бизнес үшін де керек қадам. Енді бағалардың асыра сілтеп, көтеріліп кетпеуін қадағалауымыз тиіс. Айырбастау пунктілеріндегі алыпсатарлыққа жол бермеуіміз керек. Барлық әкімдер мұны назарында ұстағаны дұрыс”, – деді Назарбаев.

Президент Ақордаға премьер-министр Серік Ахметов пен Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовты шұғыл шақыртып, қаржы нарығындағы ахуалды ұдайы бақылауда ұстап отыруды тапсырды. Енді бұдан әрі теңге құнсызданбай доллар да өспеуі тиіс. Елбасы қаржы нарығындағы өзгерісті халыққа жіті түсіндіріп, бағаның аспандауына жол бермеуді жүктеді. Сондай-ақ оңтайлы сәтті пайдаланған алаяқтарды қатал жазалауды талап етті. Соңғы девальвациядан кейін 1 доллардың құны 185 теңге деп белгіленді. 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы шамамен 38 есе құнсызданды.

Қазақстан ұлттық банкі ақпанның 11-інен бастап теңге бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұру саясатынан бас тартып, теңгенің долларға шаққандағы бағамын 185 теңге шамасында белгіледі. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) ақпанның 11-і күнгі таңғы сауда бойынша бір доллар 163,9 теңге болған. Бұл дүйсенбі күнгі доллар құнынан 8,3 теңгеге жоғары екенін көрсетті. Алайда көп ұзамай сол күні доллардың құны 185,99 теңгеге дейін жеткен. Қазақстандағы кейбір валюта айырбастау пункттерінде доллардың құны 200 теңгеден асып кетті. Көп пункттер валюта айырбастауды тоқтатты. Ұлттық банктің баспасөз қызметі бүгін таратқан хабарламасында “ақша айырбастау пункттерін банктер мен Орталық банк шетел валютасымен жеткілікті түрде қамтамасыз ететіні” айтылған. Бірақ көптеген ақша айырбастау орындары қолма-қол доллар мен еуро жоғын айтып, шетел валютасымен операция жасауды тоқтатқан.

Теңге алғаш айналымға түскен 1993 жылы қарашада 1 АҚШ долларының бағамы 4 теңге 70 тиын деп белгіленген еді. Бірақ алғашқы бір жарым айдың ішінде-ақ теңге шамамен 12 есе құнсызданып, бір доллардың бағасы 54 теңгеден асты.

Бұдан кейінгі төрт жыл бойы теңге баяу, бірақ әлсін-әлсін құнсызданып, 1998 жылы долларға шаққандағы бағамы 84 теңгеге жетті. Теңгенің бұдан кейінгі бір демде зор девальвацияға ұшырауы 1999 жылы сәуірде болды. Теңге бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 64,6 пайызға құнсызданып, бір долларға шаққандағы құны 138 теңге 25 тиын болып қалды. Бұдан кейін теңгенің арзандау қарқыны бәсең жүріп, 2002 жылы бір АҚШ долларының бағасы 156 теңгеге таяп барып тоқтады. 2003 жылдан бастап Қазақстанда теңгенің құны артып, доллар арзандай бастады. 2007 жылы доллардың құны 120 теңге 30 тиынға дейін түсті.

2007 жылдың соңына таман әлемдік қаржы дағдарысы әсерінен теңгеге қауіп төне бастаған тұста ұлттық банк қордағы валютаны сатып, теңгенің құнын түсірмей сақтап қалды.

2008 жылы көмірсутегі шикізаттарының әлемдік нарықтағы бағасы артып, соның арқасында Қазақстан валютасының құны тұрақты болып тұрды.

Осы жылдың соңында шикізат бағасы арзандап, теңгеге қауіп төнген кезде ұлттық банк тағы да валюта қорындағы ақшаны жұмсап, теңгенің бір долларға шаққандағы бағамын 120 теңге маңында ұстап қалды. 2009 жылдың қаңтарында теңгеге тағы да девальвация қаупі төнген кезде ұлттық банк валютаның бағамын ұстап тұрды. Бірақ 2009 жылы 4 ақпанда ұлттық банк доллардың бағамын 117-123 теңге шегінде (+/-2%) ұстап тұрудан бас тартып, девальвация жасады. Ұлттық банк девальвация себебін “мұнай бағасының төмендеуінен, Қазақстанның сауда-саттық әріптестері саналатын елдердегі ұлттық валюталардың құнсыздануынан” деп түсіндірген. Банк ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау үшін соңғы бірер айда 6 миллиард АҚШ долларын жұмсағанын да айтқан. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі девальвацияны ескере отырып, жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі биыл болжамданған 38,6 трлн теңгеден 41,1 трлн теңгені құрайтынын алға тартады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, экспорттан түсетін пайданың көлемі 8,8 пайыз тармаққа ұлғайып, бұл ішкі өнімнің номиналды өсіміне ықпал етуі әбден ықтимал. Сонымен бірге, импорттық тауар бағасының қымбаттауы есебінен жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2,3 пайыздық тармаққа төмендеп, қосымша 6,3 пайыз береді.

“Теңге девальвациясынан соң мұнайдың экспорттық бағасы артып және “Байқоңырдың” жалдау ақысы да қымбаттайды. Мұның нәтижесінде бюджетке 130 млрд теңгеге жуық қосымша кіріс түседі. Ал шығыс жағдайы бойынша, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің шығыстары біраз өскелі тұр. Бюджет шығысы шамамен 85 млрд теңгені құрайтыны болжанады” дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Сондай-ақ, брифинг барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қор жинағандар үшін жағдайдың қалай болатыны туралы Ерболат Досаев нақты мәлімет айта алған жоқ. Министр тұрғын үй нарығында пәтер бағасында өзгерістер болуы әбден мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен, министрдің сөзіне сенсек, тұрғын үй нарығында көп өзгеріс болмайды-мыс. “Инфляцияға қарап отырып, өткен жылмен салыстырғанда бағаның қатты өзгермегені сіздерге жақсы таныс. Оның үстіне қазіргі салынып жатқан үйлердің бағасы осыдан 5-6 жыл бұрынғы бағадан кереметтей айырмасы жоқ. Сатылып жатқан пәтерлер де көп емес. Осыған қарап өзгерістің қатты болмайтынын бағамдай беруге болады. Ақшаны долларға ауыстырып сақтайсыздар ма, ол жағын өздеріңіз білесіздер. Жинақ банкісінде теңгемен жиналған ақшаның жайы қалай болатынын алдағы Үкімет отырысында қарайтын боламыз” деп шорт кесті Ерболат Асқарбекұлы.

Доллар қымбаттамай тұрып, дәлірек айтсақ, ақпанның 3 күні ҚР Ұлттық Банктің Баспасөз қызметі еліміздің екінші деңгейлі банктерінің жалпы депозиттік қорының 2012 жылмен салыстырғанда өткен жылы 25,4 пайызды көрсетіп, 25,5 трлн теңгеге артқандығын мәлімдеген болатын. Енді кеше доллар аяқасты көтеріліп, жұрт алған несиесін, салған депозитін түгендеп, неден ұтылып, неден ұтылғандарын есептей бастады. Депозитке ақша аудармай тұрып, салымшы әлбетте әбден ойланады. “Кім не дейді?” деп, бажайлап жан-жағына бір қарайды. Девальвациядан сақтану үшін депозитке ақша салуда, әрине, қателеспеген абзал. Негізі “девальвация болады” деп даурыққанымыз өткен жылдың жаз айлары болатын. Сол кездегі “ел құлағы – елу” демекші, “валюта девальвациясы болуы мүмкін” деген сыбыс жұртшылық арасында тез тарап, көпшілікті әбігерге салған еді. Салдарынан 2013 жылдың тамыз айында банк салымшылары арасында шетелдік валюта түрінде ақша салғандардың қаражаттары 32 миллиард теңгеге дейін көтеріліп, ал теңге түріндегі салымдар 27 миллиардқа дейін төмендеген ед1.

Жалпы айтсақ, шетелдік валюта түрінде ақша салғандар ұтты. Өйткені, тек тамыз айында ғана емес, жыл бойғы көрсеткішті алға тартсақ, 2013 жылы көпшілік долларды таңдаған екен. Ұлттық банктің ресми өкілдері “өткен жылы теңге түріндегі депозит күрт төмендеп, 38,3 пайызға кеміп кетті де, 3,2 трлн. теңгені құрады, ал ақшасын банкке доллармен сақтағанды жөн көргендердің салымдары 138,3 млрд. долларды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 48 пайызға ұлғайған”, – деп көрсетіледі экономикалық жаңалықтарда..

Айта кетейік, евро түріндегі депозит те өткен жылы мандымапты. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 58,3 пайызға аз. Есесіне, рубль бәрінен басып озып, 83,2 пайызға бірақ көтерілген (2012-2013 жылдар айырмасы).

Қазіргі таңда көпшілік сарапшылар банк салымшыларының, нақтырақ айтсақ, теңгемен қор жинағандардың қаншалықты ұтылғандарына өздерінше болжам жасап жүр. Әркім әр түрлі соманы айтады. Біз бұл мәселеге кейінірек кеңірек тоқталуды жөн санадық.

Кешегі аласапыран бүгін байқалмайды. Мұны біз “халық нарыққа бейімделе бастаған екен” деп ұқтық. Доллардың осылай құбылып тұруының заңдылық екендігін түсінгенімізді айтамыз. Десек те, девальвацияға қатысты сан алуан сауалдар мазаламай қоймайды. Осы тұрғыда сарапшылар девальвацияға себеп болған фактор деп “сыртқы және ішкі экономикалық ахуал мен ұлттық валюталық нарығымызға дүниежүзілік жағдайдың әсер еткендігін” айтады. Жақында АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесінің басшысы ауысып, тізгінді қазір хас маман Джанет Йеллен алды. Ол таққа отырған күннен бастап-ақ қаржы саясатының беталысын мүлде өзгертіп жібереді. Сөйтіп, ол доллардың іргесін қатайтуды мықтап қолға алды. Нәтижесінде АҚШ-тың экономикасы біршама жақсарды. Ішкі экономикалық жағдай тұрақтанды. Джанет Йеллен доллардың іргесін бекітуге әлі де бар күшін салатын сыңайлы. Ондағы басты мақсаты – өздерінің экспорттаушыларын қорғау. “Бұл – бірінші фактор”. ал, “екінші” деп мына факторды келтірсем: Кедендік Одаққа мүше елдер арасындағы мемлекетаралық валюталық нарық тағы бар. Біз, яғни Кеден Одағына енетін елдер – дамушы мемлекеттер қатарындамыз. Алайда 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Кеден Одағы елдері – Қазақстан, Ресей, Белоруссияның экономикалық даму деңгейі басқа дамыған елдермен салыстырғанда бәсең тартты. Мәселен, Ресейдің экономикасы тым төмен болды, екі пайыз ғана жақсарды. Бізде сарапшылар “алты пайыз” деген пікірде.

“Инвесторлардың қаржы активтері доллармен өлшенеді, ол анық. Осы мәселені ескерсек және басқа дамыған елдердің экономикасының жандана бастағанын қоса айтсақ, әрине Кеден Одағына енген мемлекеттердегі инвесторларға капиталын сыртқа алып шығуларына тура келеді, яғни капиталдың сыртқа жылыстауы дейді мұны. Дәл осы үдеріс Ресейде белең ала бастап еді, олар бірден рубльін құнсыздандырды. Сөйтіп, көршіміз шетке кетіп жатқан ақшасына тосқауыл қойғысы келді және отандық өндірісті сыртқы импорттан қорғамақ болды. Демек, Ресей отандық өндірісін қорғап, оған қолдау көрсету үшін осындай қадамға барды. Ондай болса, Қазақстан неге тыс қалуы керек? Егер біз долларды еркіне жібермесек, біздің нарығымызды, мәселен, ресейлік импорт басып қалуы әбден мүмкін”.

Несие алғандарға қатысты айтсақ, – теңгемен қарыз алғандар еш ұтылмайды. Ал доллармен алғандар, сөз жоқ, сан соғып қалды. Сол сияқты сырттан қарыз алған коммерциялық банктерге де оңай соқпайды. Әрине ЕДБ-тердің сыртқы қарызы анау айтқандай көп емес, қазір. Десек те, коммерциялық банктер алдағы уақытта пайыздық ставкаларын жоғарылатуы ғажап емес. Былайша айтқанда, девальвация қарапайым халыққа да, несие нарығына да жанама түрде әсер етпей қоймасы белгілі, – деп жазған экономикалық сарапшылар.

Сарапшылардың пікірлерін талдай отырып,“Құнсыздану жалғаса ма, жоқ па? Қалай ойлайсыз? ” деген сұрақтарға жауап жасап көрсек;

Ол жағын кесіп айту қиын, әрине. Алайда мынандай болжам бар: мұнайдың бағасы төмендейді-мыс. Ал мұнай бағасы арзандаса, әлбетте доллар қымбаттайды. Ол заңдылық. “Мұнай бағасы неге төмендейді?” деген сауал туындайды.

Біріншіден – дүниежүзілік өндірісте мұнай артық шығарылып қойса керек. Қор жеткілікті.

Екіншіден, мұнайды тұтынушы елдің негізгісі – Қытай. Ал Қытайдың экономикасы құлдырауы мүмкін келешекте. Егер осы болжамдар шындыққа айналып, мұнай бағасы төмендесе, доллар міндетті түрде күш алатын болады.

Жалпы алғанда, көпшілік ҚР Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетовтің атына түрлі сын айтып, банкирді жерден алып, жерге салады. Әлемдік нарықпен салыстырғанда біздің ұлттық қорымыз теңіздің тамшысындай ғана. ЖІӨ бар болғаны 230 миллиард долларды құрайды. Америкадағы бір адамның байлығының мөлшері осындай. Сондықтан да, біз долларға тәуелдіміз. “Көшбасшы елдердің ықпалынан шығу мүмкін емес” дер едім, өйткені уақыт өткен сайын әлемдік экономика интеграцияланып барады.

Бәлкім болашақта Кеден Одағы Евразиялық экономикалық кеңістікке ұласып, оған енген елдер қатары көбейіп, олар өздеріне ортақ бір валюта шығарып жатса ғана, доллар үстемдік құрудан қалатын шығар деген экономикалық болжам жасауға негіз бар деп ойлаймын.
Әдебиеттер:

1. Журнал « Банки Казахстана » , 2014ж.

2. .Ғаламтор көзі: www.salik.kz

3.. Ғаламтор көзі: www.minfin.kz


Резюме

В данной научной статье рассматривается экономическая политика страны, снижение реального валютного курса В этих условиях обесценивание или подорожание будет не результатом принятия официального документа, а результатом изменения стоимости валюты под воздействием рыночных механизмов.



Summary

In this research paper discusses the economic policy of the country, reducing the real exchange rate depreciation in these conditions or the rise in price will not be the result of a formal document, and the result of changes in currency value by market mechanisms.


УДК. 336.2.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
Султанова Г.С. аға оқытушы. Усманова И.С. аға оқытушы .

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті Шымкент қ.


Кіліт сөздер: жарғылық капитал, акционерлік жекеменшік, капиталды өсіру, ортақ жиналыс, құрылтайшы, үлес.
Акционерлік қоғам – бұл акция сату мен ақшалық орталықтандыру негізінде құрылған мекемелік форма, ол жалпы акционерлік капиталға ақшалық негізде көмек беретін тұлғалардың жиынын ұсынады және ол капиталды белгілі бір нақты жеке шаруашылықта қолдану, сонымен қатар кірген кірісті, шыққан шығынды бірге алып жүреді. Зерттеушілер көрсеткендей, акционерлік жекеменшік–бұл заңды түрде өркендеу процесі нәтижесі және уақытша жекеменшік трансформациясы, белгілі бір өркендеу дәрежесіндегі шығару масштабы, технология дәрежесі, жүйелік мекеме қаржысы еркін кіру базасында жаңа принциптегі үлгіні ұсынады.

Жекеменшік акционерлік форманың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыра отырып, басқа жекеменшік формалармен салыстыруға болады.Акционерлік қоғамды басқа мекемелік – құқықтық формалармен салыстырса, мысалы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікпен. Онда, яғни ЖШС – бұл тұлғалар бірлестігі, ал АҚ – бұл капиталдар жиыны екендігін естен шығармаған жөн.Акционерлік қоғамдар туралы заң қабылданбағандықтан, минималды қойылған шекке дейін ережелік капиталды жеткізе алмаған жағдайда, АҚ ЖШС – ке айналып кетеді.

Артықшылықтары:

ЖШС үшін – оның құрамы тұрақты қатысушылары ЖШС үшін оның беріктігі мен өзара қарым – қатынасын білдіреді. Осыған қатысты оларда басқа физикалық және заңды тұлғаларды еліктіретін қажеттілік жоқ;

Қатысушыға – қатысушылар тобының үстінен бақылау, жат тұлғаларды кірістіруге жол бермеушілік және санкцияланбай анықталмаған үлес, басқа да қатысушыларға қатысты сенімділік өзіне — өзі деген тұрақтылық.

Кемшіліктері: ЖШС үшін — өзгерістегі қатысушылардың шектеулілігі; Акционерлер саны 500 – ден асқанда қойылмаған, АҚ жеке капитал өлшемі 1000000 есе кіші болса, АҚ Халықтық болып есептелінеді. АҚ үшін – инвесторлардың арқасында жарғылық капиталды өсіру артықшылығы, акционерлер құрамын өзгерту мүмкіндігі;

Акционерлер үшін – артықшылық жоқ.

Кемшіліктері:

АҚ үшін – акция концентрациясы сол немесе басқа акционерлер үшін АҚ басқару құқығы жаңа басқарушыларға өту мүмкіндігі; акционерлер құрамын өзгерту мүмкіндігі.

Акционерлер үшін – жақтас тұлғаларды енгізу мүмкіндігі; жарғылық капиталда кішірейтілген үлесте қалу мүмкіндігі; акционерлер үстінен жеке бақылаудың жоқтығы.



Басқару органдары ;

Қатысушылардың ортақ жиналысы; ЖШС атқарушы органы (жалғыз немесе коллегаларымен); ЖШС ережесімен қараушы және бақылаушы органдар құрылуы мүмкін (бақылаушылар кеңесі немесе ревизиялық комиссия), сонымен қатар атқарушы коллегиялық органдар (дирекция, басқарушы және т.б.).

Артықшылығы:

ЖШС үшін – оперативтік басқару ;

Қатысушы үшін — әсерлік атқарушы басқарма; ортақ жиналыста көпшілік даусымен шешілуі; қатысушылардың, яғни көп дауыс жинаған қатысушының құқығы қорғалады.

Кемшіліктері: ЖШС үшін – шешім қабылдау кезінде қиындығы;

Акционерлердің ортақ жиналысы (қоғамда , бір акционердің дауыс беруге қатысатын акциялары – берілген акционер болып табылады), орган (коллегиялық немесе дара), өзіндік күші бар заңға байланысты басқа органдар.

Артықшылықтары:

АҚ үшін – директорлар кеңесінің қатысуымен, атқарушы органдардың үстінен әсерлі бақылау алу; акционерлер үшін де сол.

Кемшіліктері: АҚ үшін, акционерлер үшін де жоқ.



Капитал жарғысының құрылымы;

Жарғылық капитал құжаттарға сай учредитель салымының бірігуімен есептеледі.

Артықшылықтары:

ЖШС үшін – қатысушының реестрін енгізуді қажет етпейді;

Кемшіліктері:

ЖШС үшін – капитал өсіру жиынтығы.

Жарғылық капитал құрылтайшының акциясымен есептелінеді және оның номиналды құнымен, акциялардың инвесторларға сатуы орнықты бағамен болады.

Артықшылықтары:

АҚ үшін – шексіз қатысушылар арасында акцияларды орнықтыру, инвесторлар салымы көлемімен АҚ – ның капиталын өсіру мүмкіндігі.

Акционерлер үшін — өздерінің құқықтары негізінде акцияларды барынша үлестіру үлкен мүмкіндік болып табылады.

Кемшіліктері:

АҚ үшін – реестр қолдану қажеттігі, акционерлер үшін жоқ.



Жарғылық капиталды өсіру процедурасы

Жарғылық капиталды өсіру, тек ЖШС толығымен төлеп біткеннен кейін жүзеге асады.

Басқа қатысушылар шешімімен немесе төрттен үш бөлігі көлемінде қатысушылар даусымен ЖШС жарғысымен қаралмаған жағдайда қосымша салымдар арқасында жарғылық капитал өседі.

Мұндай шешімге қатыспаған тұлғалар өз үлесін талап етуге құқылы. Қосымша салымдар, тек қатыспаған, яғни дауыс беруге қатыспаған тұлғалар өз үлестерін талап еткенде ғана салынады.

Егер жарғылық капиталды өсіру болмаса, алда салым салған қатысушылар салған салымдарын қайтар деп талап қоюға немесе үлесін алуға құқылы.

Артықшылықтары:

ЖШС үшін – тіркелу уақытының қысқартуын өзгерту, себебі эмиссия қорытындыларын тіркеу қажет емес.

Кемшіліктері : жоқ Акцияларды шығару арқылы жарғылық капиталдың артуын жүзеге асырылуы және акционерлер жиналысының шешімімен немесе соттың шешімімен акциялар орналыстырылады. Ережеге сай және заң талаптарына сәйкес қосымша акцияларды орнықтыру – эмиссия жолымен жүзеге асырылады.

Артықшылықтары:

АҚ үшін жоқ, акционерлер үшін – жарғылық капиталда өз үлесін көбейту мүмкіндігі.

Кемшіліктері: АҚ үшін – тіркеу эмиссиясының қорытындысы нәтижесінде процедурасының қиындауы; акционерлер үшін де сол.

Жарғылық капиталын өсіру Қосымша пропорционалдық салымдар есебіне, жеке капитал есебіне, сонымен қатар қосымша қор капитал есебіне, барлық қатысушылардың құптауымен бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымы есебіне, ЖШС – ке кірген жаңа қатысушылар есебіне;

Артықшылықтары: ЖШС үшін – төлем қабілеті жоғарлату;

Қатысушы үшін – ЖШС – ның рейтингісі мен ликвидносін жоғарлату;

Кемшіліктері: ЖШС үшін де, қатысушылар үшін де жоқ. Акциялардың шығарылуы мен эмиссиялардың орнығу есебіне.

Артықшылықтары:

АҚ үшін – төлем қабілетінің жоғарлауы, акционерлер үшін де сол.

Кемшіліктері: АҚ үшін де, акционерлер үшінде жоқ.

Мекемелік бағыттандыру, акционерлік қоғамның шаруашылығы мен оның басқармалары жөніндегі нормалар.Бұл құқықтық нормалар ҚР – ның Азаматтық кодексімен «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарымен бекітілген.Акционерлік қоғамның құруына шет ел мемлеткеттері, халықаралық мекемелер, шет елдік жеке тұлғалар және заңды тұлғалар қатыса алады.


Пайдаланылған әдебиеттер :

1. ҚР – ның «Акционерлік Қоғам туралы» Заңы, 2003. 13 мамырындағы

№ 415 – II, қарашадағы № 500 – II, 2009. 8 шілдедегі, № 72 – II ҚР-ның заңдарымен енгізілген өзгертулер.

2. Абдулина А.М. Сборник научных проектов «Казахстан на пути к новой модели развити», «маркетинг в Казахстане», Алматы,Экономика, 2000.

3.Әубәкіров Я.Ә, Нәрібаев К.Н,Жатқанбаев Е.Б. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық Алматы,ҚазМҰУ,1998 ж

Резюме:

Особенности формирование и деятельности акционерных обществ в РК.



УДК 338.633.1

ЦЕЛЕВАЯ ПРОГРАММА РАЗВИТИЯ АГРОПРОДОВОЛЬСТВЕННОГО КОМПЛЕКСА: СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ЭКОНОМИЧЕСКОГО МЕХАНИЗМА РАЗВИТИЯ ЗЕРНОВОДСТВА В ОБЕСПЕЧЕНИИ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ.
Ш.И. Ходжимухамедова, А.Г. Ибрагимов, Д.Н. Талипова

(Ташкентский институт ирригации и мелиорации, г.Ташкент, Узбекистан)

Кючевые слова, мелиоративное состояние, посевные площади, закупочная стоимость, зерноводство, инновационная технология.

Известно, что основным продуктом потребления в нашей республике являются зерновые. Поэтому особое внимание уделяется зерноводству, осуществляется реформирование в аграрной системе, но несмотря на это, в республике наблюдается значительный спад урожайности.

Причинами этого спада урожайности являются: нехватка воды; плохое мелиоративное состояние посевных площадей; неправильная технология выращивания посевных культур; неудовлетворительное материально-техническое состояние и научная необоснованность; неудовлетворительная материальная заинтересованность производителя продукции, низкая закупочная стоимость и др. В условиях нехватки воды, в целях обеспечения безопасности продуктов самой насущной задачей является внедрение в область зерноводства ресурсосберегаемых инновационных технологий, научно обоснованных практически испытанных идей. Низкая урожайность, ухудшение экологии, изменение климата, различные стихийные бедствия такие, как наводнения, пожары, засуха; ухудшение плодородности и мелиоративного состояния посевных площадей, отсутствие научно обоснованной системы, неудовлетворительное состояние материально-технической базы - все это привело к экономическим проблемам и натянутости отношений между хозяйственными субъектами и производителями переработки зерновой продукции.

Обеспечение безопасности продуктов, развитие зерноводства, повышение плодородности-все эти общие экономические проблемы рассматриваются и изучаются учеными, соискателями и практиками. Однако, большинство проводимых и изучаемых опытов и исследований направлены на решение экономических проблем в сельском хозяйстве и рассмотрение экономической деятельности крупных хозяйств. В то время, когда во многих странах мира наблюдается кризис продовольственной системы, в области развития зерноводства недостаточно исследованы проблемы в сельском хозяйстве, а именно экономическая деятельность малых дехканских и фермерских хозяйств с различным объемом земельных площадей. В месте с этим, в нашей республике принято ряд постановлений и указов, направленных на повышение и развитие системы зерноводства. А именно хотелось отдельно отметить Указ Президента Республики Узбекистан « О мероприятиях по оптимизации земельных посевных площадей и повышению урожайности»

В последние годы в результате реализации программ, направленных на обеспечение продовольственной безопасности Республики рост финансовой устойчивости и конкурентоспособности сельскохозяйственных организаций, устойчивое развитие сельских территорий, наблюдаются положительные тенденции в развитии агропродовольственного комплекса страны. Однако остается множество проблем, связанных с изменениями внешних и внутренних условий его функционирования. Усиление конкурентной борьбы, финансово-экономическая нестабильность, неблагоприятные природно-климатические условия требуют совершенствования методов государственной поддержки товаропроизводителей, инновационных механизмов разработки и реализации программ развития агропродовольственного комплекса, повышения научной обоснованности их целевых показателей и ресурсного обеспечения.

Эффективность функционирования агропродовольственного комплекса, как любой многоотраслевой подсистемы экономики, во многом зависит от структуры производства и сбалансированности межотраслевых потоков ресурсов. Учет целостности воспроизводственного процесса в агропродовольственном комплексе, взаимосвязанности всех его аспектов и элементов реализуется в моделях межотраслевого баланса, отражающих функциональные взаимосвязи многоотраслевых комплексов, складывающиеся в результате производства конечной продукции, а также процесс формирования косвенных и полных затрат ресурсов. Развитие межотраслевого метода, модификация и расширение исходной схемы обусловлены необходимостью учета специфических особенностей и факторов развития рассматриваемых экономических объектов, а также информационно-статистической базой, на основе которой строятся межотраслевые модели. Метод межотраслевого баланса производства и распределения продукции позволяет исследовать основные макроэкономические показатели и их взаимосвязи.

Уровень и социально-экономические условия жизни населения, а также финансовая устойчивость предприятий во многом определяются конкурентоспособностью отечественных продовольственных товаров.

Вместе с тем, в результате кризиса миравая экономика оказалась структурно деформированной и неэффективной. Значительная часть основных производственных фондов предприятий не отвечает современным требованиям, что вызывает более высокий уровень ресурсоемкости и оказывает негативное воздействие на окружающую среду в расчете на единицу производимого продукта, чем в технологически передовых странах.

В рыночных условиях обострения конкурентной борьбы значительная часть рынка продовольствия занята импортной продукцией, что снижает уровень продовольственной безопасности страны. Такая ситуация негативно отражается на финансово-хозяйственной деятельности предприятий и сопровождается спадом производства, снижением уровня использования производственных мощностей, ростом затрат на поддержание основных фондов в рабочем состоянии, диспаритетом цен, разбалансированностью научно-технических, экономических, экологических и социальных составляющих экономического роста.

В этих условиях назрела необходимость перехода к высокотехнологической экономике, основанной на ресурсосберегающей экономической и технической среде.

Приоритетами национально-государственных интересов Республики при ориентации на экономический рост должна стать разработка отраслевых программ, предусматривающих распространение ресурсосберегающих технологий, повышение экологической ответственности за использование природных ресурсов, внедрение экономического мониторинга. В этих условиях эффективное решение ряда проблем зависит от результативности деятельности сельскохозяйственных предприятий, как одного из участников рынка.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет