Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



жүктеу 3.79 Mb.
бет17/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Литература


  1. Умурзаков У.П. Пути повышения эффективности использования ресурсного потенциала аграрного сектора экономики (на материалах Республики Узбекистан). Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора экономических наук. Т.:-2003.

  2. Чариев К. А. Оценка эффективности ресурсного потенциала // Ж: Сельское хозяйство Узбекистана, 1990, №11. С.41-44.

  3. Рахмонов К. Экономика и земля неразрывность связи. // Ж: Жизнь и экономика. Ташкент, №9. 1991. с.29-31

  4. Ибрагимов А. Кооперация как фактор повышения эффективности производства в рисоводстве. Двадцатые международные Плехановские чтения. Тезисы докладов. Москва. 6 апреля 2007 г. 431-433 стр.

Түйіндеме

Маќалада дјн дќылдарыныѕ ґнімділігін асыру бойынша ўсыныстар берілді. Сала баєдарламасында эканомиканыѕ ґсуіне, ресурстар тимімділігі технологиясынан , табиєи ресурстардан пайдалануда , экологиялыќ жауапкершілікті асыру, экономикалыќ манеторингті енгізуге ќаратылєан Республиканыѕ ўлттыќ, мемлекеттік мїдесініѕ басымдылыќтары.



Summary

In the article examined reasons of slump of the productivity of grain-crops. Given to recommendation on the повыщению productivity of grain-growing. Priorities of nationally-state interests of Republic during an orientation on the economy growing, branch programs, envisaging distribution of ресурсосберегающих technologies, increase of ecological responsibility for the use of natural resources, introduction of the economic monitoring.


УДК 338.4



КӘСІПОРЫН - ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ
Бидаулетов Ж.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Өндіріс- бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:

  • мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;

  • еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің барлығы;

  • адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)

Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі.

Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.

Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.

Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми- техникалық өзгерістер жағдайында даму .

Әрбір өнеркәсіптік мекеме өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.

Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика –географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.

Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:



  • кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;

  • әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;

  • кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;

  • өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.

Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім, жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер.

Қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.

Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады. Цех - жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.

Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.

Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.

Дайындау цехына құйма, ұсталық- штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;

Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояулау және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.

Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, модельдік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады.

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар - метал қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім шығаратын цехтар.

Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі: заттық, технологиялық және аралас (заттық - технологиялық).

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады. Заттық құрылым, негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру және құрастырма цехтарында қолданылады. Автомобиль зауытында қозғалтқыш, шасси, беріліс қорабын, шанақты жасау цехтары; станокжасау зауытында - станина, шпиндель, біліктер, корпустық бөлшек дайындау цехтары; аяқ киім фабрикасында арнайы аяқ киім және т.б. цехтары заттық құрылымға мысал бола алады.

Заттық құрылымның артықшылықтары. Ол цехтар арасында өндірістік байланыс түрлерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің қозғалу жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады, өнім шығару көлемін, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.

Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды. Мысалы, құйма, ұста – штамптау, механикалық, құрастыру цехтарының болуы. Өндірістік құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды орналастыруда епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен екінші түріне ауысуға жеңілдік жасайды. Кемшіліктері: өнім – қозғалысында қарсы маршруттың туындауы, цехтардың өндірістік өзара байланысының шиеленісуі, құрал-жабдықтарды басқа технология бойынша қайта құруға көп уақыт кетендігі, жоғары өнімді арнайы станоктарды, құралдарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі. Олардың барлығы еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне кері әсер етеді.

Аралас (заттық - технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен сипатталады. Мысалы, жаппай өндіру кәсіпорындарында дайындау цехтары (құйма, ұсталық, пресстік), әдетте, технологиялық қағида бойынша ұйымдасқан, ал механикалық- құрастыру цехтары – заттық қағидаға сәйкес. Бұл түрдегі кәсіпорындар машина жасау, жеңіл өнеркәсіп (аяқ киім, тігін, жиhаздық) және бірқатар басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады.

Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары келесілер: цехішілік тасымалдар көлемін азайту, өнім жасауға кеткен өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларын жақсарту, құрал-жабдықты пайдаланудың неғұрлым жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі.

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы; дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.

Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.

Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.

Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.

Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:


  • едәуір көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;

  • бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;

  • өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;

  • технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;

Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.

Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.

Жаппай өндіріс – бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауылшаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс – кәсіпорындарында біратаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:


  • өнімнің аз номенклатурасын қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;

  • жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы;

  • арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;

  • өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;

Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді.

Өндірістік құрылымға бірқатар факторлар әсер етеді:



  • кәсіпорынның салалық қатынасы – шығарылатын өнім номенклатурасы, оның конструкторлық қабілеттері, пайдаланылатын материалдар, дайындамалар алу және өңдеу тәсілдері;

  • конструкцияның қарапайымдылығы және өнімнің технология деңгейі;

  • өнім сапасына қойылатын талаптар деңгейі;

  • құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтандырулар құрамы;

  • құрал-жабдықтарға және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және ағымдық жөндеуді орталықтанған және орталықсыздандырылған түрде ұйымдастыру;

  • өнім номенклатурасы өзгеріске ұшыраған жағдайда өндірістің шұғыл, әрі көп шығынсыз жаңа өнім өндіруге көшу қабілеті;

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

  • цехтар мен өндірістік кәсіпорындар құрудың неғұрлым озық үлгілерін іздеу және жүзеге асыру;

  • негізгі, қосымша және қызмет көрсетуші цехтар арасында ұтымды қатынасты сақтау;

  • кәсіпорынды жоспарлауда ұтымды, тұрақты жұмыс жасау;

  • жеке кәсіпорындарды біріктіру; өндірісті шоғырландыру негізінде қуатты өнеркәсіптік және ғылыми- өндірістік бірлестіктер құру;

  • кәсіпорынның барлық бөлімдері арасындағы пара-парлықты қамтамасыз ету;

  • өндіріс бейінін өзгерту, яғни өнім шығару сипатының өзгеруі, мамандану және бірлестіру;

  • өндірісті күрделендіруді дамыту;

  • кең тарапты үйлестіру және стандарттау есебінен өнімнің конструкциялық және технологиялық біртектілігіне қол жеткізу;

  • кәсіпорынды басқарудың цехсыз құрылымын құру.

Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру кең ауқымда жоғары өнімді техниканы ендіруге, технологияны үнемі жетілдіріп отыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. М.Т. Оспанов. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.

- Алматы: Білім, 1997.

2. «КазАгро» АҚ мен «Самрұқ Қазына» АҚ ресми сайттары.

3.Батырбеков Қ.П. «Қаржылық есеп негіздері» Шымкент: «Нурлы бейне» 2008ж.

4.Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. - Алматы, 2007ж.

5. «Салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту-ралы» (Салық кодексі). - Алматы: Юрист, 2009. - 468 б.

6.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. - Алматы: Раритет, 2009. - 672 б.

ӘОЖ 336.717.061
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Магистр Назарбеков Р., магистр оқытушы Икрамова Э.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Кілттік сөздер: кастодиан-банктер, адрессат, реестр, дивидент, акция
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылардың қызметі көптеген тәекелдермен қатар жүреді. Барлық қор нарығындағы тәуекелдер екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы және ішкі тәуекелдер. Сыртқы тәуекелдер, ол кәсіби қатысушының өзіне ешқандай байланысы жоқ тәуекелдер, ал ішкі тәуекелдер ол сол субьектінің ішкі қызметіне байланысты тәуекелдер болып табылады.

Төмендегі сызбада кәсіби қатысушылардың тәуекелдерінің жүйесі көрсетілген.


Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің тәуекелдері


Сыртқы тәуекелдер

Ішкі тәуекелдер

мемлекеттік тәуекелдер

кадрлық тәуекелдерді басқарудан пайда болатын тәуекелдер

бағалы қағаздар нарығын реттеудегі заңнамалық-нормативтік реттеуге байланысты тәуекелдер

қаржы ресурстарын басқарудағы пайда болатын тәуекелдер

үшінші тұлғамен өзара байланысты пайда болатын тәуекелдер

қызметтің тауарлық жағдайына байланысты техникалық тәуекелдер

Көріп отырғандай, қатысушылардың қызметіне әсер ететін сыртқы тәуекелдер келесідей болады:

- мемлекеттік тәуекел;

- заңнамалық-нормативтік реттеуге байланысты тәуекел;

- үшінші тұлғамен өзара байланысты тәуекел.

Мемлекеттік тәуекелге Қазақстанда қызмет етіп жатқан барлық шетелдік компаниялардыжәне сонымен бірге келесі факторларды жатқызуға болады:

- мемлекет басшыларын, яғни экономикалық саясаттың түбегейлі өзгеріске ұшырауын;

- компанияның меншік құрылымын, биліктің меншік түрлеріне қатынасын;

- экономиканы басқарудағы қателіктер, пайда болған информация, мемлекеттің төлем қабілеттілігінің жоғалуын және т.б.;

- соғыс шығындарын.

Осы факторларға байланысты рейтингтік агенттіктер тікелей мемлекеттік тәуекелді төмендете алады.

Заңнамалық-нормативтік реттеуге байланысты тәуекел қор нарығының дамуы төмен мемлекеттерге тән, ол мемлекеттерде заңдардың жетілмеуінен немесе болмауынан, әртүрлі спекулятивті операциялар арқылы, әр уақытта қорды реттеу заңдарын жетілдіріп отыру арқылы оң нәтижелер шығаруға болады.

Қор нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты тәуекелдер үшінші тұлғамен өзара байланыстан пайда болатын тәуекелдер қор нарығында басқа ұйымдармен жұмыс жасағанда шығады.

Жеке жағдайда орталық депозитариймен, тіркеушілермен, сауда ұйымдастырушыларымен, кастодиан-банктермен және т.б.

Қор нарығының кәсіби қатысушылардың қызмет етуін келесі жағдайлар қиындатады:

- үшінші тұлғамен байланысты технологияның жетілмегені кезінде;

- реестрдегі бағалы қағаздарға иелік ету құқығын ауыстырғанда;

- төлем жүйесіндегі есеп айырысудағы кешігулер;

-сауда ұйымдастырушыларының мәмілеге бұйрықтар қалыптастырудағы қателіктер;

- үшінші тұлғалардың банкроттығы;

- техникалық проблемалар.

Қор нарығы қатысушыларының ішкі тәуекелдеріне келесілер жатады:

- кадрлық ресурстарды басқарудағы пайда болатын тәуекелдер;

- техникалық ресурстарды басқарудағы пайда болатын тәуекелдер;

- қаржылық ресурстарды басқарудағы пайда болатын тәуекелдер;

- операциялық тәуекелдер;

- қызметтің тоқтатылуына байланысты техникалық тәуекелдер.

Кадрлық ресурстарды басқарудағы пайда болатын тәуекелдер қор нарығының қызмет ететін субьектілерінің барлығына әсер етеді. Қызметкерлердің қолайлы командасы-ол табысқа жетудің кепілі. Себебі, операцияның және клиенттің жұмысты жақсы білетін білікті мамандар арқылы жұмысшының дамуын және тәуекел көлемінің төмендеуін қамтамасыз етеді.

Бұл тәуекел түрін төмендету үшін біріншіден, кадрларды тиімді түрде таңдау мен басқару қажет, екіншіден, тиімді ұйымдастыру құрылымын шығару қажет. Сонымен бірге, кадрларды үнемі қайта оқыту, басқарудың соңғы әдістерін пайдаланып, сыйақылар мен сөгістер жүйесін құрастыру қажет.

Техникалық ресурстарды басқарудағы пайда болатын тәуекелдер компанияның техникалық жабдықтарының тиімділігімен, бағдарламалық қамтамасыз етіуімен, мәліметтер базасын басқару жүйесінің болуымен, телекоммуникация құралдарының шығуымен байланысты.

Жаңа технологияларды пайдалану телекоммуникация құралдарына ену және қолдану мәліметтер базасының басқаруын толығымен пайдалану-бұл тәуекел түрін басқаруға мүмкіндік береді.

Қаржылық ресурстарды басқарғанда пайда болатын тәуекелдер бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың қаржылық жағдайымен байланысты, атап айтқанда, орталық депозитарий және кастодиан-банктер өз клиенттерінің бағалы қағаздарын сақтауда бұйрықтарды уақытысымен орындауда жауапты болады. Бұл тәуекел түрін төмендету факторы сақтандыру қорын құру болып табылады.ол сәсіби қатысушы өз міндеттерін толығымен орындаған жағдайда қажкт болады,сонымен бірге резервтік қорды ашуы қажет.

Операциялық тәуекелдерге қолдан немесе компьютерлік өңдеуден келген ақпараттар арқылы клиенттердің активтерінің азаю тәуекелі жатады:


    • клиенттер активін өз иелігінде алу;

    • құжаттарды жоюға немесе өзгертуге клиенттің активтеріне

иелік етуге әкелетін қор нарығының кәсіби қатысушысының әдейі немесе кездейсоқ іс әрекеттері;

    • алғашқы құжаттарды қолмен өңдегендегі қызметшінің қателіктері;

    • меншік құқығын дұрыс емес тіркеу;

    • ережеде жоқ операцияларды жүзеге асыру;

    • лауазымы жоғары өкілдікке беру.

Алғашқы екі нәтижелерді төменгі тәуекелдерге, 3 және 4 орта тәуекелге, соңғы екеуін-жоғарғы тәуекелге жатқызып, содан кейін оларды қайтадан үш балды шкалаға салып, тәуекелдің тиімділігі анықталады.

Егер тәуекелдердің деңгейі тіптен жоғары болса, қорғаныштың қосымша шкалаларын пайдалану қажет. Мысалы, жүйеге рұқсатсыз кіруден сақтану үшін қолданушылар тым ұзақ паралардықолданылуы мүмкін.

Шығындарды болдырмау мақсатында тәуекелдерді бақылап отыру қажет, яғни тіркеушілер қызметіндегі реестрін дұрыс жүргізбеуден немесе қағаздарды дұрыс тіркемеуден болады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу процесінде қызметтің сапасын бақылау жүйесі келесі проблемалардың шығуын болдырмайды:


    • меншік құқығын заңға қайшы немесе дұрыс емес беру;

    • дивиденттерді заңға қайшы немесе дұрыс есептеу, жалған етіп шығару;

    • акцияны алғашқы жалған түрде бөлу;

    • тіркеушілерге жалған ақпарат беру, орынсыз тапсырмаларды бұйыру.

Тіркеушілердің ішкі проблемаларына – мәліметтерді жоғалту, оларды дұрыс енгізбеу, сонымен бірге бұзылулар жатады.

Көрсетілген қызметтердің сапасын жоғарлату үшін реестрді жүргізуде тіркеуші бірнеше категорияға бөлінетін ережелерді ұстану қажет:

А. Тіркеушілер – сырттан түскен ақпараттың дұрыстығын анықтау;

Б. Реестрдегі ақпараттың базалық заңға қайшы және манипуляцияланған дұрыс емес ақпараттарды ендіруге шектеу қою іс-шаралары;

В. Адрессаттар тиісті ақпаратты алғанын тексеру шаралары;

Г. Реестрдің мәліметтер базасын сақтау және сүйемелдеу үшін құрастырылған технологиялық ережелер.

Дамыған елдерде, соның ішінде АҚШ-та, бағалы қағаздар нарығында құнды есепке алу және сақтау қызметіне байланысты міндетті шарт ол сақтандыру келісім-шартының және қылмыстық тәуекелді болдырмау келісім-шартының болуы болып келеді.

Бағалы қағаздар нарығында келісм-шартын жасауға итеретін шарттар жасалған тіркеушілердің, агенттердің және депозитарийлердің кәсіби ассоциациясы «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруда тәуекелді төмендету бағдарламасын» қабылдаған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында басқа да үкіметтермен бірге кәсіби үкімет ақапаратын, депозитарий өзінің азаматтық жауапкершілігін, өзінің меншік мүдделерін сақтандыруы қажет.


Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 77 "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы. (2008ж)

2 Банки и банковские операции: Учебник. /Под ред. проф. Е.Ф. Жукова. -М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2008.

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі, ерекше бөлімі). - Алматы, 2008.

4 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-П "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңы. (2008ж).

5 Ценные бумаги и фондовый рынок /Г.С. Сейткасимов и др. Алматы: Экономика, 2008г.


Резюме

В заключении, рынок ценных бумаг ҚР-ның законами, указами Президента, правительство Казахстана, постановлениями, которые принял комитет и Национальный банк Имущества, ҚР Финансы Министірлігінің и урегулируется указывать коммисиясымен на направлении.


Summarу

Finally, the securities market ҚR nyң-laws, decrees of the President, the Government of Kazakhstan, by the rules of the Committee and the National Bank Assets, Finance ҚR Ministіrlіgіnің and settled kommisiyasymen to indicate direction.



УДК 336.417.0.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет