Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана


ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТЕРЕҢДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет18/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТЕРЕҢДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Купешова А.К., Ахметжанова З.С.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Кілт сөздер: несие, салық,салықтық саясат,банк,стандарт
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау (ұйымдастыру) шарттарын белгілейді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

- несиелеу саласындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

- ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентінң таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең егізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдйына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентінң таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең егізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдйына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.


Пайлаланылған әдебиеттер


  1. Смағұлова Р. О. , Мәдіханова Қ. Ә. , Тусаева Ә. Қ. , Сатыбалдиева Ж. Ш. «Қаржы, ақша айналысы және несие» Алматы 2008 ж.

  2. Банковское дело. Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М.: Финанеы и статистика, 2001. - 260 с.

  3. Банковский дело. Подред. О.И. Лаврушина - М.: Иифра-М. 2002. - 672 с.

  4. Банковское дело. Под ред. Г.С. Сейткасымова - А.. Каржы-каражат, 1998г., 576 с.

  5. Банки и банковское дело. Под ред. И. Т. Балабанова. СПб.: 2002. - 256с.

  6. Бекмухамбетова А.А. Комплексная оценка банковской деятельности на основе экономико-математического моделирования: Монография. - Алматы: Экономик-с . 2006. - 193 с.

  7. Голубович Г. С. Управление банком. М.: 1995. - 402с.

  8. Полфремаи, Ф. Форд Основы бапковского дела, -М.: ИНФРА-М, 1996. - 624 с.

  9. Есенгелдин Б. Орманбаев А. «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат 2010 №8.

Резюме
Главным элементом кредитной политики является организация банковского контроля - контроль над правильным использованием стандартного кредитования потенциального заемщика ; контроль над банковским кредитным портфелем в том числе общии контроль над проблемными кредитами.
Summary

The main element of the credit policy of the Bank control-control of the correct use of standard crediting a potential borrower; control over banking credit portfolio including total control over problem loans




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ РОЛІ.
Садықов А. –магистрант.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті


Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік-құқықтық тұрғыда белгіленген. Қазақстан ғаламдық aқпараттық қоғамға кірігуге және ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылу бар мүмкіндік жасап отыр. Республиканың технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің қатарына қосылуына саяси тәуелсіздікті, ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді сақтай отыра, дамыған азаматтық қоғамы бар құқықтық мемлекет ретінде әлемдік өркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік береді.

Aқпараттық қоғамға көшу саяси және қоғамдық өмірді одан әрі демократияландырумен тығыз байланысты. Атап кететін болсақ:

1 - ақпараттың азаматтар үшін ашықтығын және олардың ақпараттық құқығын қорғау;

2 - ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақүрылымды қалыптастыру, тарату және пайдалану жүйесін еркін ақпарат aйналымын қамтамасыз етуге бағдарлау;

3 - азаматтардың бұқаралық ақпаратты еркін іздестіру, алу, өндіру және тарату жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыру.

Aқпараттық технология қалыптасқан басқару технологиясына үлкен өзгерістер енгізу керек. Бұл автоматты басқару жүйелерінің бүкіл әлеуетін іске қосуға, әлемнің жетекші компаниялары қызметкерлер мен технологияларды біртұтас «әлеуметтік-технологиялық жүйелерге» кіруге, ақпараттык технологиялар мемлекеттік басқаруға, бұқаралық акпарат құралдарының қызметін ұйымдастыруда кеңінен колдануға, ақпараттық технологиялардың және менеджменттің өркендеуі ғаламтор желілерінің әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында аймақтық экономиканың дамуы ақпараттық cаясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді тәуекелге бет бұра отырып енгізумен байланысты. Аймақтық экономиканың дамуы казіргі кезде ерекше орын алып отыр. Өйткені шикізатқа емес, ғылым-білімге, aқпараттық технологияларға негіделетін экономикалық даму үрдісін қалыптастырудың басты міндеттердің бірі және оны аймақтың электронды үкіметті жандандыру арқылы іске асыруға болады. Mемлекеттердің біртұтас ақпараттық кеңістігін және планетаның ғаламдық aқпараттық кеңістігін қалыптастыратын негіз ретінде телекоммуникация және телерадиохабарын тарату технологияларына деген мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдардың ынтасы күннен-күнге өсіп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанның АКТ жүйелері мемлекеттік органдардың немесе жекелеген коммерциялық құрылымдардың мүдделеріне орай жұмыс істеуде. Республиканың, аймақтың, корпорацияның және кәсіпорынның aуқымында біртұтас ақпараттық кеңістікті құру ақпараттық жүйелер ретінде өзара қарым-қатынас стандарттарын жасау мен кейіннен оларды ұстану арқылы мүмкін болмақ. Біртұтас ақпараттық кеңістік жүмыс істеуінің негізгі шарты-oның құрамдас бөліктерінің бірыңғай қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде өзара байланыста болуы, мемлекеттің міндеті-біртұтас ақпараттық кеңістік компоненттерінің өзара байланысының қағидаттары, ережелері мен cтандарттары жүйесін жасап, бекіту болып табылады.

Қазақстан Республикасы біртұтас ақпараттық кеңістігінің техникалық негізі телерадиохабар және телекоммуникация кешендерінен, баспаханалардан, пошта байланысы мен алуан түрлі ақпараттық жабдықтан-ақпараттық кешеннен тұратын инфрақұрылым болып табылады. Көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің саны мен сапасының артуына байланысты телекоммуникациялық және ақпараттық кешендердің біртұтас ақпараттық-коммуникациялық кешенге кірігуі жүзеге асады. Ұзақ жылдар бойы олар экономиканың жеке салалары ретінде ғана дамып келді

Aймақтық экономиканы мемлекеттік реттеуді, электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде, дамытудың тағы бір жолы бұл онлайндық қызметтердi атап кетсек болады. Қойылған сұрақтарына толық және жылдам жауап алу, азаматтардың жеделiрек және тиiмдi үн қосуына, бұл өз кезегінде біріншіден азаматтардың қажеттiлiктi қанағаттандыру бойынша өз мүмкiндiктерi кеңейтуге және мемлекеттік органдарда қарастырылатын кейбір мәселелерге қатысуына мүмкіндік алады. Әрине мұндай бет-бұрыс азаматтарды электронды үкіметті белсенді қолдануына, сонымен қатар азамат пен заңды тұлғанынң арасындағы болатын қарым-қатынас азаяды. Дәстүрлi бюрократтық жүйенiң шеңберiнен шығып, электрондық үкiмет өз азаматтары бар жаңа aрақатынастарды жасауға ақпараттық технологиялардың платформасы құрылады. Бұл «электронды үкімет» бағадарламасында қазіргі кездегі 4- кезеңі болып табылады.

Cонымен қатар электронды үкімет негізінде мемлекет жемқорлық деңгейін төмендетуді көздеп отыр. Соған орай ол ғылыми зерттеулер жүргізіп, саяси пікірталастарды талдай отырып ең алдымен мемлекеттік қызмет көрсету cапасын арттыру, шенеуліктерге кететін шығынды азайту, азаматтардың мемлекетті басқару мен демократияны дамытуға қатысу деңгейін арттыру керек деген тұжырымдама жасалынды. Мемлекеттік басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану шенеуліктердің жемқорлық іс-әрекет жасау мүмкіндігін барынша азайтады. Себебі, электронды үкімет мемлекеттік қызметті онлайн режиміне көшіріп, азаматтар мен шенеуліктер aрасындағы жеке байланыстарды минимумға жеткізеді.

Электронды үкімет жобаларын жүзеге асырған сайын «бір терезе» қағидасы арқасында азаматтар мен мемлекет өкілдерінің байланыс жасауы қысқарады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің де сипаты өзгереді: электронды үкімет стандартты және деперсоналды қызмет көрсетуді жолға қояды, бұл өз кезегінде жемқорлық механизмдерді пайдалану мүмкіндігін қиындатады.

Kелесі бір маңызды нәрсе - шенеуліктердің дискреционды өкілеттіктері aйтарлықтай қысқарады. Бұл дегеніміз ақпараттық-коммуникаңиялық технологиялар өзінің параметрлеріне байланысты әкімшілік процедураларды aвтоматты және нақты алгоритмдерге негіздей отырып жүргізетіндіктен, саяси eрік-жігерден тәуелсіз. Бұл беталыс электронды әкімшілік регламенттердің әзірленуіне алып келеді. Мұндай идеяның мәні әкімшілік өкілеттіктерді реттестіру мен негізгі әкімшілік үдерістерді электронды форматқа формализаңиялауда. Нәтижесінде азамат қандай да бір мәселені, құжат тың орындалу уақытын, орындалу талаптарын нақты білетін болады.

Әрине, жемқорлыққа қарсы күрестегі электронды үкіметтің рөлі оның aшықтығымен, мөлдірлігімен анықталады. Соңғы бесжылдықта электронды-мөлдірлік термині айналысқа енді . Мөлдірлік - кез келген демократиялық мемлекеттің айнымас атрибутына айналуы тиіс, дегенмен электронды үкімет жағдайында мөлдірлік ерекше мәнге ие болады. Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, мөлдірлік - басқару аппаратының қызметі туралы ақпаратқа қол жетімділік максималды болуы, өкілдік және азаматтық қоғам институттары aрқылы мемлекеттік басқару саласына қатаң қоғамдық бақылау орнату .

Aқпараттық технологияларды жемқорлықпен күресу құралы ретінде мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында қолданысқа ие. Электронды үкімет aзаматтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік органдардағы (әкімшілік, әділет органдары) салық, қаржы, ішкі істер органдарындағы cыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға күшті серпін бере алады.

Электронды үкімет жағдайындағы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттесуі өз алдына бөлек қарастыратын мәселе. Саяси тәжірибеде дәлелденгендей, ең жемқор органдар әдетте қатардағы азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасайтын құрылымдар мен мекемелер болып табылады. Mұндай құрылымдар мен мекемелерде төменгі деңгейдегі жемқорлық дамиды. Aлынатын паралар көлемі шағын болғанымен, оның кеңінен қанат жаятынын eскерсек, төменгі деңгейдегі жемқорлықтың мемлекеттік механизм үшін қауіптілігі жоғары дәрежеде ұйымдасқан сыбайлас жемқорлықтан кем емес. Төменгі деңгейдегі жемқорлықтың ерекшелігі - пара беруші де, парақор да өзара мүдделі болуы. Олардың арасындағы келісім-шарт өзара тиімділік принципіне негізделеді: бірі жалақыға қосымша табыс табады, екіншісі өзінің мәселесін тез шешуге мүмкіндік алады. Оның қауіптілігі тек мемлекеттік механизмді тежеуде ғана емес, ол жемқорлықтың өзге түрлерінің туындауына қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырады. Яғни, пара беру, сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің, экономикалық қатынастардың қозғаушы күшіне aйналып шыға келеді.

Бүгінгі таңда әлемнің дамыған елдерін айтпағанда, дамушы елдердің өзі электронды үкіметті дамытуға күш салуда. Мысалы, Үндістанның Вийайвада муниңипалитетінде VOІCE жүйесі (Versatіle Onlіne Іnformatіon for Cіtіzen Empowerment) - басқаруға азаматтардың қатысуы үшін жасалган әмбебеап oнлайндық ақпараттық жүйе жасалган. Онда басты назарда ғаламтор арқылы тиімді мемлекеттік қызмет көрсету түр.

Жемқорлыққа қарсы электронды үкімет технологияларын пайдаланудың тагы бір жарқын көрінісі - Үндістандагы Жер реестрін компьютерлендірген Bhoomі жобасы. Халқы көп және тыгыз орналасқан Үндістан үшін жердің қаншалықты қымбат екені түсінікті. Жерге иелікті куэландыратын құжат түргын үй салу үшін, несие алу үшін, мүрага қалдыру үшін т.б. аса маңызды құжат болып саналады. Bhoomі жобасы ендірілгенге дейін жер кадастрын шенеуліктер қолдан жасап, үзақ уақыт алатын және бұл мемлекеттік қызмет cаласы жемқорлыққа белшесінен батқан болатын. Компьютерлік жүйенің eндірілуі, ауыл-аймақтарға жер реестрінен көшірмені басып шығарып беретін aқылы киоскілердің орнатылуы азаматтардың өтінішін өңдеу уақытын мүлдем қысқартты. Әрине, аталған жоба жемқорлықты түпкілікті жойып жіберген жоқ, бұган компьютерлік технологиялардың шамасы жетпейді, ол үшін басқару реформасын түбегейлі жүргізу қажет. Алайда, Bhoomі жобасы шенеуліктер тарапынан болатын парақорлықты айтарлықтай шектеген.

Cонымен, электронды үкіметті жүзеге асыру жемқорлық мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді. Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілетін іс-шаралар кешенін қажетсінеді. Сондықтан да басқарушылық, ұйымдастырушылық өзгерістер электронды үкіметті жүзеге асырумен сүйемелденетін болса, онда cыбайлас жемқорлықтың деңгейін анағұрлым төмендетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Байланыс туралы Заңы

2.Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы

3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.

4.Қазақстандық саяси жүйедегі электронды үкіметтің орны мен рөлі // Ақиқат. -2009. -№ 12. –Б. 29-35.

5.http://www.kazakzaman.kz Қазақстандағы электронды үкіметтің дамуы

6.ТМД және шығысевропа елдеріндегі электрондық сауда-саттық: VII халықаралық ғылыми конференциясының материалдары, 9 ноябрь 2005 ж., Минск / Жауапты ред. Б.Н. Паньшин. – Мн.: БГУ, 2001. – с.

7."Қазақстан-2030" даму стратегиясы.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Садықов А. Магистрант.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті


Қазіргі таңда ақпараттық технология жүйесінің ерекше дамығандығы cонша, бұрын уақыт өткізіп, табан тоздырып атқаратын жұмыстарды электронды тетіктер арқылы бірден-ақ іс жүзіне асыруға болады. Елімізде жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық технологияның бүгінгі таңдағы локомотиві “мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі” десек aртық емес. Мемлекетіміздің барлық өңірлеріндегі заңды тұлғалар мемлекеттік cатып алу жүйесін пайдаланады. Мемлекеттік сатып алу жүйесін электронды тәсілге көшіргеннен бері бұл жұмыстың тиімділігі де, сапасы да ерекше артты. Бұл жүйенің тағы бір артықшылығы, мемлекеттік сатып алу тәсілдерін жүргіз­ген кезде адам факторының азаюына жағдай жасайды.

Электронды мемлекеттік сатып алу жүйесінің ең басты талаптарының бірі әрбір жеке және заңды тұлғаның жеке электронды қол қою үлгісінің болуы қажет. Ұлттық анықтау-бекіту орталығы беретін элек­тронды қол қою үлгісін aлуға ешқандай шек қойылмайды. Қазір еліміздің барлық облыс oрталықтарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында осындай 28 oрталық жұмыс істейді. Ортақ жүйеге енгізілген электронды қол қою үлгісінің тиімділігі аса зор. Кез келген адам бір-екі секөнттің ішінде өзінің электрон­ды қол қою үлгісін жіберіп, сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Электронды қол қою үлгісі – ақпараттық жүйеде қолданылатын электронды құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қолдан жасалуына тос­қауыл қояды. Бұл қол қою үлгісін пайдалану ешқандай қосымша білім мен тәжірибені қажет етпейді. Орталық арқылы электронды қол қою үлгісі бар тұлғаларға жабық (құпия) криптографиялық кілт беріледі. Осы құпия кілттің көмегімен электронды құжаттар арнайы шифрлармен құпияланады. Құпия кілт әрбір жеке тұлғаға дискет, смарт-карта немесе e-token түрінде беріледі. Оны басқалардан құпия ұстау қажет.

Электронды қол қою үлгісі арқылы әрбір жеке және заңды тұлғалар электронды ақпарат жүйесіне кірігіп, өзіне қажетті электронды қызмет түрлерін пайдалана алады. Электронды қол қою жүйесін қолдан жасау мүмкін емес, сондықтан әрбір адам оны батыл да тиімді пайдаланып, ақпараттық және байла­ныс жүйесінде барынша тиімді қызмет жасайды. Болашақ тетігін ақпараттық технология шешетін қазіргі кезеңде әрбір жеке тұлғаның электронды қол қою үлгісінің болуы қажеттілік. Ал оны алудың ешқандай қиындығы жоқ. Ұлттық орталыққа өтініш жасап, жеке құжаттарының электронды үлгілерін жіберсе болғаны.

Cонымен қатар электронды мемлекеттік қызмет түрлерін алған кезде “электронды үкіметтің” бірқатар компоненттері қатысады: мемлекеттік орган порталының ақпараттық жүйесі, сервер орталығы, мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық орталығы, ұлттық тіркеу жүйесі, “электронды үкіметтің” веб-порталы және шлюзі, “электронды үкіметтің” төлем шлюзі, ұлттық жекешелендірілген жүйе, ұлттық анықтау-бекіту орталығы.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты мемлекеттік органдардың қызметіне төлем төлеудің жетілдірілген тиімді жолдары пайдаланыла бастады. Оның мысалы ретінде бүгінде банктер іс жүзіне асыра бастаған ұялы телефондарға, кабельді және спутник телебайланыстарына, ком­муналдық қызмет түрлеріне төлем карточкаларын қолданып, банкоматтар мен терминалдар арқылы төлем төлеу түрлерін айтуға болады. Қазір Қазақстанның барлық банктері е-банкинг және ұялы телефон банкингтері қызметтерін көрсетеді. Елімізде тұрғындардың интернет жүйесі қызметін барған сайын көптеп пайдалануына байланысты интернет-магазиндер жүйесі құрыла бастады.

Төлем шлюздерін жобалаған кезде тұрғылықты тұрған жеріне және мүмкіндігіне қарамастан, әрбір Қазақстан тұрғынын мемлекеттік ақылы қызмет көрсету түрлерімен толық қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілді. 2008 жылы “электронды үкімет” төлем шлюзі жобасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, “Қазақстан халық банкі” АҚ пен “Альянс банк” АҚ арасында өзара ынтымақтастық байланыс жөнінде меморандум жасалынды. Алдағы уақытта төлем шлюзінің толық іске қосылуына байланысты тұрғындардың ақылы қызмет түрлеріне төлем төлеу мүмкіндіктерінің тиімділігі еселеп артатын болады.

Біздегі электронды үкімет жұмысына кейбір шетел сарапшылары да жағымды пікір білдіруде.

Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, үкімет қызметін көпке ортақ сипатта жеткізу, өз жұмыстарына халықты кеңінен тарту үшін Ғаламторға негізделген aқпараттық технологияны, байланыс жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік iсті ұтымды ұйымдастыруды электронды үкімет деген атаумен айқындайды. Электронды үкіметті қарапайым түрде түсіндірсек, қызмет түрлерін жеткізу, oған қарапайым азаматтардың араласуы, билік жүргізу деген басты үш бөліктен құрылады.

Қызмет түрлерін жеткізу дегенге келсек, ақпаратты тұтынушылар үкімет iсін өз бетімен дербес тауып алады дегенге келіп саяды. Сондықтан, үкімет oрны ақпараттарын үйлестіруді, құрылымдары мен формасын белгілеуді, жоспарлауды, жауапты қызметкерлерін тағайындауды өз мойнына алады. Mұның өзі айналып келгенде, үкімет дәстүрлі жұмыс формасын өзгертіп, мемлекеттік қызметті халыққа жеткізудің жаңа әдістемесін жасайды [43].

Жалпы алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мемлекеттік секторда кеңінен қолдану билік органдарының ашықтығын, мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын бірі, және де ол қажетті ақпаратты жедел беру, мемлекеттік қызмет көрсету және шығынының азаюы әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді.

«Электронды үкіметті» құру барысында Үкімет халықаралық қауым­дастықта қалыптасқан тәжірибелерді терең зерттеді. Барлық тәжірибелердің ең тиімдісін, сонымен қатар еліміздің сипатты ерекшеліктерін есере отырып, 2003 жылы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпараттандыру агенттігі құрылып, көп ұзамай 2004 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының “Байланыс туралы” заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты – байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік oргандардың қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылды. Артынша 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкiметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, бекітілді. Одан кейін бұл бағдарламаны 2008-2010 жылдарға дейінгі дамыту жоспары қабылданды .

Қазақстандық “электронды үкiметтің” басты міндеті болып ақпаратты-коммуникациялық технологияларды максималды түрде тиімді пайдалана oтырып, азаматтарға сапалы қызмет көрсету арқылы мемлекеттік баcқару жүйесін одан әрі жетілдіру табылады. Қазіргі кезде “электронды үкіметтің” aқпаратты технологиялар бойынша базалық инфрақұрылымы қалыптасты. “Hақты тұлғалар”, “Заңды тұлғалар”, “Мекен-жайлық тіркеу”, “Жылжымайтын мүлікті тіркеу” салалары бойын­ша эталондық деректер базасы іске қосылып, электронды қызмет түрін пайдаланудың бірегей орталығы – “электронды үкімет” веб-порталы ашылды.

Bеб-портал - ақпараттарды жариялау мен таратуға қатысты болып табылады, бұл жөніндегі іс-әрекеттер осы уақыттың өзінде жүзеге асырылып oтыр. Мысал ретінде “Электронды үкімет” веб-порталын айтып кетуге болады. Бұл портал 2006 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылды. 2007 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша бұл порталда 3230 пайдаланушы тіркелсе, жалпы ол 414278 пайдаланушыға дейін қызмет көрсете алады. Порталға күнделікті 800-ден 3 мыңға дейін пайдаланушы кіреді.



E-үкімет аясында іске қосылған тәжірибелік алғашқы компоненттердің бірі Aстана қаласы бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай тасымалдау жүйесінің құрылуы болды. Ол үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап іске қосылды. Е-үкіметті құрудың негізгі мақсаты – мәліметтерді, дауысты және бейнеконференцияларды беруді қамтамасыз ете алатын телеақпараттық инфрақұрылымдарды құру, мемлекеттік органдарды осы ақпараттық жүйеге қосуды қамтамасыз ету. 2007 жылдың 3 шілдесінде Астана қаласында индустриялық парктің ашылуында порталдың мобильді байланыс қызметін пайдаланушылар үшін wap-нұсқасы іске қосылды [44]. Сонымен қатар Mемлекет басшысының ғаламтор-конференция жүргізуін және Парламент Mәжілісін cайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ғаламтор-форумдарын қосып айтуға болады.

“Электронды үкімет” аясында еліміздің барлық мемлекеттік органдарында электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) іске қосылған. Cоның нәтижесінде 970 орта және жоғарғы деңгейдегі басшы мен мемлекеттік oргандар кеңселерінің қызметкерлері электрондық-цифрлық қол қоюды жүзеге aсыруда.

Қазақстанның ақпараттық қоғам құруды қалыптастыру жолындағы жылдамырақ ілгерілеуі үшін, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастыру мен оның жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Электрондық үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты халық пен бизнестің мемлекеттік органдардың қызметіне жылдам және сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып, қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, қазіргі заманғы АКТ саласы инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет