Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



жүктеу 3.79 Mb.
бет21/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Әдебиеттер тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.

  2. Еркембаева Б.Ж. Салықтар және салық салу:оқу құралы.-Алматы:Қазақ ун-тi,2003.-131.

  3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.

  4. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.

  5. Финансы: учебник для вузов – под ред. Л.А. Дробозиной – М.: Финансы, 1999 г.
     

НАРЫҚТЫ СЕГМЕНТАЦИЯЛАУ-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
э.ғ.к., доцент Туртаев М.Р., ҚЖ-212 тобының студент: Эрматова А.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті ОҚО, Шымкент ,Қазақстан



Кілттік сөздер: сегменттеу, маркетинг, нарықтық экономика, тиімділік, нарық, маркетингтік зерттеу
Бүгінде ел эканомикасыны дамытудың ең маңызды саласы бұл орта және шағын бизнестке қолдау көрсету .Ел басымыздың 2014 жылғы халыққа жолдауында жұмысқа қабілетті халықтың орта және шағын бизнестегі 20% үлесін 2050жылға дейін 50%-ға жеткізгенде ел эканомикасының дамуында тұрақтылық болады.Ең дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 55%-70%-ға дейін құрайды.Осы көрсеткіштерге жету арқылы жан басына өндірілетін ішкі жалпы өнім 13 000доллардан 60 000долларға жеткізу жолдауда межеленген.

Кәсіпкерлікте орта және шағын бизнесті дамыту бүгінгі күнде ел экономикасының дамуында өзекті мәселе болып келуде.

Бұл мақсаттарға жету үшін өндірілген өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізуде осы мәселелерді шешудің тиімді жолдарын маркетингтік зерттеулер арқылы жүзеге асыру мүмкін.

Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін маркетингтің ең заманауи болған түрі нарықты сегменттеуде және маркетинг рыногын анықтамастан кәсіпкерлер өз жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыра алмайды.Соның нәтижесінде көзделген табыстарға жете алмай кәсіпкерлікпен айналысуда көп шешілмейтін мәселелер туындайды.

Нарықты сегменттеу дегеніміз-тұтынушылар талғамына мінез-құлқына, түр сипатына байланысты топтарға бөлу. Нарықтың сегменті — бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер, немесе, кәсіпорындардың тобы болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:

1. Географиялық:



  • аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;

  • әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;

  • тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы.

  • климат бойынша: теңіз, континенталдық, орташа, ыстық, т.б.

2. Демографиялық:

  • адамдардың жасына сәйкес топтау;

  • жыныстық топтау;

  • отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;

  • табыстар дәрежесіне қарай;

  • кәсіби құрамына сәйкес — ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер, т.б.

  • білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;

  • ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;

3. Психографиялық:

  • халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;

  • табыстардың дәрежесіне сәйкес;

  • өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, ақсүйектер;

  • жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшактар, өз-өзіншілігі молдар.

4. Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда):

  • тауарды кездейсоқ сатып алады;

  • сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;

  • сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;

  • клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек, анда санда керек;

  • өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас.

Қорытынды

1.Нарықты сегменттеу – маркетингтің тиімді құралдарының бірі. Ол кәсіпорын ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделеді және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. 

2.Сегменттеу – бір жағынан ресурстарды оңтайландыру және маркетингтік бағдарламаны жасау үшін қолданылатын стратегия, ал екінші жағынан нарықты белгілі бір топтарға бөлу әдісі арқылы мақсатқа жетеді. 

3.Нарықтың тартымды сегменттерінде қолайлы өндірістік-коммерциялық жағдайлар, тиімді тарату арналары, пайда мөлшерінің өсетін мүмкіншіліктері және әлсіз бәсеке болуы тиіс. Алайда таңдалған сегменттер іс жүзінде бұл талаптарға әрқашан да сәйкес бола бермейді.
А. Фолионың пікірінше, маркетингтік зерттеулерден, жоспарлаудан, тауарларды бағыттаудан және маркетинг-миксті басқарудан тұратын бүкіл маркетинг процесін сегменттеу арқылы реттеуге болады
Нарықты сегменттеу фирма үшін маңызды стратегиялық іс-әрекет болып табылады. Себебі ол фирманың әрекет ету шеңберін және нарықта табысқа жету үшін қажетті өзгермелілерді анықтауға мүмкіндік береді.

4.Сатып алушылардың тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

5.Кәсіпорынның тауарларды шығару және өткізу шығындарын оңтайландырады.

6.Маркетингтің тиімді стратегиялық бағдарламасын жасап шығарады.

7.Толтырылмаған нарық кеңістіктерін табуға жәрдем беред.

8.Сатып алушылардың мінез-құлқы туралы ақпараттарға сүйене отырып, шешім қабылдау деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік береді.,
Әдебиеттер:

1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы,2014ж.

2.Армстронг Г., Котлер Ф. Введение в маркетинг = Marketing: An Introduction. — 8-е изд. — М.: «Вильямс», 2007. — С. 832.

3.Бронникова Т. С., Чернявский А. Г. Маркетинг: Учебное пособие. — Таганрог: Изд-во ТРТУ, 1999.


Резюме

Сегментация рынка в условиях рынка является одним из эффективных способов развития экономики страны
Summary

Segmenting the market is one of the effective way of developing of the country.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІН

ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
аға оқытушы Хасенова Қ.Т.,ҚЖ-212 тобының студенті Азимханова А.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті,Шымкент,Қазақстан


кілтік сөздер: қаржы, жаңа технологиялар,қаржы салымдары,негізгі капитал.
Ауыл шаруашылығы-халқымыздың етене саласы, күнкөріс өзегі. Ғылым мен техника дами түскенмен, ауыл шаруашылығы өз маңызын жоймайды.Бірақ ,бұл саланың да толыққанды денгейде төрт аяғын тең басып кете алмай келе жатқаны жасырын емес.

Қазақстандағы ауыл шаруашылық қазіргі инвестициялық жағдайы күрделі қаржы салымының төмендеуі мен ғана емес, негізгі капиталдың ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгірісімен анықталады. Сондықтанда біз Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіруіміз керек. Яғни ауыл шаруашылығының замануи технологияны енгізу арқылы дамытуды қолға алу керек.

Елімізде қазіргі таңда ауыл шаруашылығының көп бөлігіне ие болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы болып табылады.ОҚО ауыл шаруашылығының негізін құрайтын көкөніс пен бақша,жеміс-жидек пен жүзім өндіруге және егістікпен мал шаруашылығына,мал өсіруге жалпы осы өнімдерге деген отандық сұраныс көлемін қанағаттандыратын деңгейде облыстың ауыл шаруашылық құралдарын мамандандыру және оларда өндірісті шоғырландыру қажет.Осының барлығын орындау үшін қаржылық қолдау қажет. Ауылдағы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау мемлекет тарапынан ұйымдастырылған ұлттық холдинг-«ҚазАгро»АҚ арқылы жүзеге асырылады.

ҚазАгро сарапшылары ауылшаруашылығының қаржы жүйесін қарстырады.ҚазАгро сарапшылары қаржы мәселелерінен басқа ОҚО ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен бірлесіп,мал шаруашылығын дамыту және аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөніндегі мәселелерді талқылады.ҚазАгро ұлттық холдингі компаниясы тобының АӨК дамытуға компаниясы тобының АӨК дамытуға және қолдауға бағытталған қаржылардың көлемі және қолдауға бағытталған қаржылардың көлемі 2013жылғы 1 қаңтар жағдайында 171,5 млд.теңгені құрады.Бұл сонымен қатар ОҚО-ның ауыл шаруашылығының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.Ағымдағы жылы холдинг агро өнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын шешу үшін 139млд.теңгеден астам қаражат бағыттайды.Қаражат көктемгі егіс жұмыстарын,ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды,мал шаруашылықтарын дамытуды қаржылындыру үшін инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға шағын жане орта бизнесті несиелеуге пайдаланатын болады.Қаржылық жоспарлауды ұйымдастыратын «ҚазАгроҚаржы»АҚ жеткізілетін ауылшаруашылық техникасының барлық спектірінің лизингі бойынша %-дық ставканы субсидиялауда есепке алғанда және қаржыландырудың барлық көздері бойынша 5,8% деңгейінде.

Қазіргі таңда зерттеу нәтижесінде ауылдағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары,шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығын несиелеу ұсынылған.Осылардың несие жуйесін қарастыратын «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ.

«Аграрлық несие корпароциясы»АҚ. өнім тізбесін кеңейтеді және ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығынан тыс бизнесті қаржыландыруды бастайды.Бұдан басқа корпорация несие серіктестігі жүйесі арқылы ауыл тұрғындарын несиелеуді бүгінгі күні ауылда танымал болған «Сыбаға»мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша да несиелеуді жүзеге асырады. «Сыбаға»бағдарламасы ауыл халқының шаруашылығын қаржыландыру,несиелеу жүйесіне арналған.Сонымен қатар ол осы уақытқа дейін көптеген жүйелерді жүзеге асырып келуде.

«ҚазАгро»холдингі биылғы жылы республикалық бюджетке 60млд.теңге көлеміндегі қысқа мерзімді бюджеттік несие тартады.2013жылы несиелер өткен жылғы несие өнімдеріне ұқсас екінші деңгейлі банктердің және астық қолхаттарының кепілдігімен ұйымдастырудың жүйесі арқылы,сондай-ақ ӘКК кепілдігімен форвордтық сатып алу арқылы беріледі.Осы ретте несие серіктестігі жүйесі арқылы және міндеттемелер бойынша мерзімін кейінге қалдыру арқылы қосымша несие өнімдері енгізіледі.

Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өңірлік экспорттаушыларының біріне айналуы қажеттігін,аграрлық ғылымды дамыту керектігін,тәжірибе жүзіндегі аграрлық-иновациялық кластерлерді құрудың маңыздылығын, ол үшін аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамыту жобасына өзгерістер енгізуге мән беру қажеттігін атап өткен болатын.

Оның ішінде, «Жасыл» экономиканың негізінде энергия тиімділігі, ресурстарды үнемдеу, органикалық ауыл шаруашылығы жатыр .Осы орайда ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны дұрыс қолдана білуді сонымен қатар осы салаға мүдделі ведомствоның «жасыл технологиялар» тізімін енгізуіне, «жасыл кәсіпкерлікке» экологиялық туризимге қолдау көрсетуіне жағдай жасау қажет.

Президенттің бұл тапсырмасын жүзеге асыру үшін біз ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, осы өзгерістерді енгізу қажет деп есептейміз.


Әдебиеттер

1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы,2014ж.

2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы.- Алматы, Қаржы –Қаражат 2003.

3.www.egemen.kz



Резюме

В данной статье раскрываются проблемы финансирования агропромышленного комплекса в ЮКО.


Summaru

In this article problems of financing of agro-industrial complex in YuKO revel.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

ЖҰЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
аға оқытушы Хасенова Қ.Т.,ҚЖ-212 тобының студенті Садық А.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент,Қазақстан


Кіліттік сөздер: шаруашылық қорлар, жарғылық капитал, баланс, қаржылық есеп, шоттар.
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін (статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу және т.б.) қамтиды.

Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды факторы болып табылады.

Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. «Бухгалтерлік есепке алу туралы» заң күші бар Жарлығын (бұдан әрі – Заң) 1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың негізінде әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын 1996 жылы енгізу, ХҚЕС-ке көшудің бастамасы ретінде қызмет етті.

Осы процестің екінші және ең басты кезеңі 2002 жылы Заңды 2-1-баппен толықтыру болды, ол бойынша ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есеп беруді мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ұйымдар мынадай тәртіппен жасауға тиіс: қаржы ұйымдары 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап, акционерлік қоғамдар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап және өзге де ұйымдар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап.

ХҚЕС-ті ойдағыдай енгізу мақсатында ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жарияланды, қаржылық есеп беру нысандары, сондай-ақ Қаржылық есеп беруді ХҚЕС-ке сәйкес жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілді.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген бірқатар іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды, оның негізінде «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді.

Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін ретке келтіру мен жүргізу мақсатында «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізеді.

Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының облыстары мен өңірлерінде ұйымдардың қаржылық есептілікті ХҚЕС-ке сәйкес жасау мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде.

Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:


  • ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы санаттарға қолданылу қиындығынан;

  • бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен;

  • ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;

  • бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;

  • кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.

Сонымен бірге, ХҚЕС-ті мемлекеттік немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде проблемалар бар, мұның өзі ағылшын тілін меңгермеген мамандардың ХҚЕС-тің ескірген редакциясын амалсыздан қолдануға және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің қоры жаңадан бекіткен стандарттарды уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес ХҚЕСКҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі ХҚЕСКҚ-нің жазбаша рұқсатынсыз аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны немесе кез келген нысанда толық немесе ішінара пайдаланылмайтыны себепші болып отыр. Министрлік пен ХҚЕСКҚ Шектелген аумақта шектелген кезең ішінде авторлық құқықтан бас тартуды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде Қазақстанға ХҚЕС-ті тек қана мемлекеттік тілде, Республика аумағының шегінде аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі. Сонымен бірге, бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-ның бүкіл кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен, уәкілетті орган орыс тілінде жоғарыда көрсетілген ХҚЕС-қа көшу жөніндегі шартқа қосымша келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:



  • бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;

  • халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;

  • бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:



  • бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;

  • халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;

  • бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.


Әдебиеттер

1.Н.Ә.Назарбаев- «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-Жолдау.

2. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп. Теориясы және принциптері. А; 2006ж.

3. Есептің халықаралық стандарттары- Алматы 2008ж.


Резюме

В данной статье раскрываются пути развития бухгалтерского учета в Казахстане на основе внедрения международных стандартов бухгалтерского учета (МСФО).


Summaru

In this article ways of development of accounting in Kazakhstan on the basis of I inter national standards of accounting reveal


САЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МӘРТЕБЕСI
Ақшораева Ж.Ж. Ибраева А.К.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті Шымкент, Қазақстан


Кіліт сөзі:салық, саясат,экономика,инновация,салық механизмі

Нарықтық экономиканы қалыптасу кезеңiнде салық саясатының негiзгi бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлiк беретiн салық механизмiн iске асыру.

Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгiне қол жеткiзуге және оның әрi қарай экономикалық өсiмiн қамтамасыз етуге салық механизмiнiң жұмысын реттеуге салық саясаты маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, экономикалық реформаларды тереңдету жағдайында казiргi кезеңдегi елiмiздiң кез-келген саласындағы салық саясаты байланыс қызметтерiнiң көлемiн өсiруге, олардың құрылымдарын жақсартуға, кәсiпорындарда техника экономикалық иновацияларды жүргiзуге мүмкiндiк тудыратын болуы қажет.

Экономиканы қайта құруда, оны реттеуде, ел бюджетiнiң кiрiсiн қарастыруда ”Салық механизмiнiң” алатын орыны ерекше. Себебi, бүгiнгi таңда елiмiздiң бюджетiнiң 70 проценттен астамы салықтардан құралады, ал салықтық түсiмдердiң үштен екi бөлiгi жалпы мемлекеттiк салықтардың үлесiне тиедi.

Қазақстан Республикасының барлық сферасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсаттары салық саясатының алғы шарттарына, құрылымдарына және бағыттарына, нақты мiндеттермен өзгерiстердi жүктеуi қажет. Қазiргi кездегi салық механизмiнiң салық саясатын жүзеге асырудың дұрыс, ғылыми-негiзделген алғы шарттары болашақта төмендегi жағдайларды есепке ала отырып жасалуы қажет:

-ақпараттық секторлар кешендердегi құрылымдық қайта құрулар ;



  • кез-келген кәсiпорындарды техникалық қайта жабдықтау;

  • инвестициялық саясат үшiн қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру.

Барлық сфералардағы нарықтық қатынастардың тығыз байланыстылығы мен өзара тығыз қарым-қатынасы, оның салық механизмдерiн тиiмдi пайдалану үшiн қолайлы жағдай қалыптастыру жолымен, салық саясатын ынталандыру рөлiн күшейту процесiнде көрiнуi мүмкiн. Мемлекеттiң салық саясатының iске асуы оның салықтың iс-әрекетi болып табылады. Мемлекеттiң салық саясатының негiзiнде, сол арқылы мемлекет өзiнiң салық механизмiнiң iс-әрекетiн жүзеге асыра алатын қандайда бiр идеялар, көзқарастар жүйесi және белгiлi бiр идеологиялар жатыр. Салық саясаты-бұл үкiмет орындары мен басқару органдарының салық механизмдерiн, заңдарын белгiлi бiр мақсаттарға қолдануды анықтаушы құқықтық iс-әрекеттердiң кешенi. Мұнда заңды қолданудың анықтаушы құқықтық шаралары деген құқымыз ненi түсiндiретiнi оның ашып көрсетiлмеген, екiншiден, заңның өзi құқықтық дәреже болып табылады және өз мазмұнын өзi ашады. Бiздiң көзқарасымызда мемлекеттiк салық саясаты түсiнiгi-бұл оның салық облысында мемлекеттiң алдында тұрған мақсаттарына қол жеткiзу бағытында қолданылған шараларының жүйесi деген анықтама мейлiнше дұрысырақ. Америкалық менеджментте, саясат деп мақсаттарға қол жеткiзудi жеңiлдететiн әрекеттермен шешiмдер қабылдау үшiн жалпы басқаруды айтады. Салық саясаты ролiнiң күшеюi нарықтық қатынастардың талаптары мен ғылыми техникалық прогрестi ескере отырып болашаққа қойған маңызды мақсаттарының ғылыми негiзделуiн қажет етедi. Осыған байланысты салық саясатының стратегиясын таңдау және негiздеу салық механизмiнiң Қазақстан Республикасы байланыс экономикасындағы тұрақтылыққа және одан әрi өсуге қажет мұқтаждылықтарын, оның жан-жақты анықтаушы негiзi болады. Қазақстан Республикасының барлық саласындағы белгiлi бiр мақсаттарға бағытталған салық саясаты экономикалық саясаттың мiндеттерiнен келiп шығатын салық механизмiндегi өзара тығыз байланыстағы маңыздырақ мақсаттарды жасауды алға қойып отыр. Салық саясатының негiзгi алғы шарттарының қалыптасуына маңызды талаптар қойылуы, оның нарықтық қатынастарға өту кезiндегi Қазақстан Республикасындағы барлық саласындағы экономиканың дамуына сәйкес болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Кез - келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi.

Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшердегі мiндеттi төлемдер болып табылады.

Салық механизмi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.

Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасы Салық кодексi 2013 жыл .Астана

  2. Карагусова Г. ²Налоги: сущность и практика пользования² -Алматы, ²Қаржы -Қаражат², 2000ж

  3. Ермекбаева Б.Ж. ²Жалпы мемлекеттiк салықтар² / Алматы ²Экономика², 1997ж.

  4. Салық қызметi туралы, ²Қаржы -қаражат² 2010ж. N24-27б.


Резюме

Салық механизмi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.


УДК 368.64 (075)
ҚазаҚстан Республикасы САЛЫҚ ЖҮЙЕСlНlҢ ҚАЗlРГl КЕЗДЕГl ЖАҒДАЙЫна сипаттама

Еркебалаева В.З. – э.ғ.к., доцент, Ақшораева Ж. – магистрант, ҚИПХДУ, Шымкент, Қазақстан
Нарықтық экономикаға алғашқы қадам жасай бастаған мезгiлден бастап, ел экономикасының салық жүйесі аса маңызды жүйелерiнiң бiрi болып саналады.

Салық жүйесі мемлекеттiң қаржы көздерiн қалыптастырудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, оны реттеуге, өндiрiстiң ұлғайып дамуына, ел бюджетiнiң кiрiсiн қамтамасыз етуiне және саяси-әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады.

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi бақылаушы құрал ретiнде пайдаланады.

Салықтар өте күштi әлеуметтiк құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың қағидаларын сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салықтық бақылау, салық жүйесі туралы және тағы да басқа да ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында салықтың формалары мен әдiстерi мемлекеттiк сұранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Олардың бақылау қызметiнiң ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық продестерге ролi де өзгерiп отырады.

Тауар–ақша қатынастары неғұрлым дамыған елдерде салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын акциздердiң және басқа да салықтардың мәнiн арттыру жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез-келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

Кез-келген елде, мемлекеттiң салық жүйесіне өте үлкен көңiл бөлiнедi.

Нарықтық экономикасы бар елдерде салық жүйесі мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қамтамасыз етуде басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күштi ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми – техникалық прогрестi жеделдетуге, инфляцияға қарсы және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн айтарлықтай тартымды болып келмегенiмен, өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық бақылау несие-салықтық бақылаумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Қазiргi кездегi жағдайларда салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр. (1 Сурет)

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына үлкен ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық бақылау шаралары әртүрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруына ықпалын тигiзедi.

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет - ол тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесін тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжырымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке деген ынтаны тежеу механизмi болып келмей, керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесін жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi-бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының төмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесіндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.



1 кесте - Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері

Кезеңдер

Салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Салықтық қатынас

Тарды басқарудың стратегиясы және тактикасы

Орталықтандыру дәрежесі

Әлеуметтік-

экономикалық нәтижесі

Бірінші кезең 1991-1994 жж.

Салық жүйесі

жасалды, экономикадағы және салық қатынастарындағы ретсіздік элементтері реттелді және мемлекеттік бюджет табыс бөлімі бағыт-бағдары қалыптастырылды



Ағымдағы және мерзімді мәселелер шешімін

бағдарлау



Төмен

Ретсіздік элементтері мен қайшылықтар ескеріліп, салық салу жүйесі жаратылды

Екінші кезең 1995-2003 жж.

Макроэкономикалық тұрақтылық және кәсіпорындарды ынталандыру жолымен бюджеттің табыс бөлімін максималдауға жету

Қысқа-орта мерзімді

мәселелерді шешу. Орта

мерзімді мәселені бағдарлау


Орташа

Макроэкономика

лық ынталандыру экономикалық дамудың негізі болып қалады. Салық салу базасының қысқартылу тиімділігі



үшінші кезең 2004-2006 жж.

Салықтық реттеу ұйымдарының жаңа принциптеріне өту арқылы экономикалық дамуға жету, әлемдік салық тәжірибелерін ескеру және мемлекеттік бюджет табысын көбейту.

Орта мерзімді мәселелсрді шешу және ұзақ мерзімді бағдарлама мақсаты, «Қазақстан-2030» стратегиясын қалыптастыру

Жоғары

Экономикалық даму басталды. Тұрақтылық және салық салу базасы кеңейе басталды

Төртінші кезең 2007ж.-дан басталады

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейтудің мақсатымен салық салу субъектілерін капиталдандырылған құнын өсіруін ынталандыру жолымен бюджеттің табысын максималдау

Орта және ұзақ мерзімді моселелерді шешу, әсіресе, стратегиялық мәселелерді шешуді бағдарлау

Жоғары

Мемлексттің және салық төлеушілердің

мүдделерін теңестіре отырып экономикалық

дамуды тұрақтандыру


Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық заңы бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әртүрлi болып келедi.

Экономикалық iс–шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан бақылап отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. Оның тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе Бұтiн өндiрiс түрiнiң дамуына жүмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен толығымен босату қолданылады. Іскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне жеңiлдетiлген салық жүйесін пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi амортизадиясы жеделдетiлген немесе дифференциалды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен преференция сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi буырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен салық кеңiстiгiнде елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда. Яғни, кез келген мемлекеттiң экономикасындағы салық жүйесінiң атқаратын ролi жоғары.

«Нарық, - деп жазады Абалкин Л. -өркендеудiң ең бiр маңызды сатысы». Кейбiр дамыған шет мемлекеттерде бюджеттiң кiрiс көзi ел iшiндегi саудадан немесе iшкi саудадан қалыптасады. Себебi, бұл мемлекеттер экспортқа тек дайын өнiм шығарады және оған белгiленген кедендiк баж төлемдерiнiң деңгейi өте төмен болды. Сондықтан бюджет тек iшкi сауда есебiнен қалыптасады. Ал дамушы мемлекеттерде экспортқа тек шикiзат шығарылады және оған өте жоғарғы мөлшерлемелермен кедендiк төлемдер белгiленедi. Сондықтан бюджет тек сыртқы сауда есебiнен қалыптасады. Көптеген дамыған шет мемлекеттерде тiкелей салық салу кеңiнен қолданылады. Себебi ол салық заңдылықтарының, салық аппараттарының қайта жаңарып жетiлiп отырылуы талап етедi. Ал, дамушы мемлекеттерде жанама салық салу формасы кеңiнен қолданылады. Себебi ол салық заңдылықтарының және салық аппаратының өзгеруiн талап етпейдi.

Ал, тұтынуға салынатын салықты, салық төлеушi тұтынушы ретiнде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi.

Бюджет жүйесін реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi.

Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегi жеке түлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерiстердi енгiзетiн болсақ, табысы өте төменгi дәрежедегi азаматтарымызға едәуiр көмек жасаған болар едiк. Мұндай өзгерiстен кейiн мемлекет ешқандай да зардап шекпейдi, керiсiнше, табысы орташа деңгейден жоғары болатын салық төлеушiлердiң жалақыларына қолданылатын шегерiмдердi алып тастағаннық арқасында мемлекетiмiздiң бюджетiнiң кiрiс жағы ұлғая түспек.

Қазiргi уақытта жоғары дамыған елдердiң өзi ұлттық валютаға саудагерлiп шабуыл, байып жүйесі жағдайларының нашарлауы, инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуi, экономикалық өсу қарқынынық баяулауы секiлдi бiр ғана сценариймен дамыған экономикалық дағдарысының әсерiнде қалып отыр.

Бүгiнгi таңда қалыптасқан әлемдiк тауар, қор және қаржы рыногындағы құбылмалы жағдай Қазақстан Республикасының экономикалық секторына, ел бюджетiнiң салықтық және салықтық емес түсiмдермен толуына елеулi дәрежеде ықпал етуде.

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы салық органдарының салықтық бақылау жүргiзуiнiң нәтижелерiн кестеден көруiмiзге болады. Кестеден көрiп отырғанымыздай, салық заңдарын бұзған заңды тұлға үлес салмағы 1996 жылмен салыстырғанда 38,1% төмендеген. Сонымен қатар, талданып отырған кезең iшiнде заңды және жеке түлғаларда тексеру нәтижесi бойынша қосымша сомалар бюджетке түскендiгiнiң үрдiсi байқалады. Егер де 1996 жылы заңды түлғалардан қосымша қаржы өндiрiп алған сомалар 4,5% құраған болса, 2011 жылы тиiсiнше 37,5% құрады (1 Кесте).

1 Кесте - Салық түсiмдерiнiң серпiндiлiгi


Көрсеткiштер

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Барлығы түскен сома, млрд. тенге

4,9

39,1

158,1

343,3

474,7

670,5

599,1

Қосымша түскен сомалар, млрд. тенге

0,22

3,4

31,2

51,6

165,1

256,9

225,0

Барлығы түскен сома мен қосымша түскен сомалардың арақатынасы, %

4,5

8,7

19,7

15,0

34,8

38,3

37,5

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы Жарлығында алға қойылған мiндеттер халықты жұмыспен қамтамасыз ету, қоғамдық ұйымдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселесiндегi ролiн арттыру, шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын дамытуға басымдық беру болып табылады.



Шағын кәсiпкерлiктi дамыту барысында жасалған талдаулар көрсеткенiндей, бұл бағыттағы жұмыстар серпiндi даму сипатына ие болып, өзiнiң игi жемiсiн беруде және халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтiк шиеленiстi бәсеңдетуге, халықты жұмыспен қамтуға негiз болып отыр. Жаңа кәсiпорындар мен жұмыс орындарын арттыру арқылы шағын кәсiпкерлiк халықтың едәуiр бөлiгiн жұмысқа тартады және қызмет көрсету түрлерiнiң өсуiне ықпал жасайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl





  1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексi. 2014 жыл 1 қаңтарынан күшiне ендi. Алматы: Юрист, 2014ж.

  2. Салық жүйесіндегi мәселелер. Байдүйсенов Қаржы-қаражат - 2008ж.

  3. Байдуйсенов Д. Қазақстанның салық жүйесі / Қаржы-қаражат, 2010ж.

  4. Сатыбалдин А.Е. Жеке табыс салығына қатысты мәселелер / Транзитная экономика - 2009ж. –Ю.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет