Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



бет4/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.В.Яблонский. Введение в дискретную математику. М.: Наука. Главная редакция физико-математической литературы, 1979.

2.И.А.Рябинин, Г.Н.Черкесов. Логико-вераятностные методы исследования надежности структурно-сложных систем.-М.. Радио и связь, 1981.

3.Байжуманов А.А. Дискреттік математика және математикалық логика.-Шымкент, 2012.


Резюме

Рассматривается некоторые исследование надежности сложных систем с помошью логико-вероятностых методов , использующих аппарат алгебры логики и теории вероятностей.



УДК 541.128.66
ЭКОТУРИЗМДІК,ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Б.ғ.к., доцент Утебеков Қ.И. магистр Түймебаева Қ.Ж.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Қазіргі жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде қоршаған ортамызды қорғайтын білім саласының негіздерін игеріп, толық сенімі қалыптасқан, жеріміздегі бар байлықты мөлшерімен пайдалану керектігін зерттеген, рухани байлықты күшейту керектігін жете түсініп, көптеген еңбектер жазған Э.А.Тұрдықұловтың экологияға қосқан үлесі зор [1, 38 б.].

Қай ғалымды алып қарасақта, экологиялық білім беру жайлы және де тәрбиелеу жөнінен адам мен табиғат арасындағы үлкен байланыстың барын және сол байланысқа өте мұқият қарағандығын, экологиялық сезімнің жоғары екендігін байқауға болады.

Психологиялық – педагогикалық ғылыми әдебиеттерге шолу жасай келе, жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруді таңдаған себебіміз, қазіргі кезде жаңа технологиямен жабдықталған экологиялық білімнің өз деңгейінде еместігі.

Қоршаған ортамызды қорғау туралы осы күнге дейін қанша еңбектер арасында экологиялық білім беру мен тәрбиелеуде кездестірген еңбектеріміз тек қана, бала-бақша бағдарламасына, бастауыш мектеп, жоғары мектеп, колледж үшін жасалған бағдарламаларды кездестіреміз, ал инновациялық әдіспен институттарда, университеттерде ғылыми зерттеу орталықтарында экологиялық білім беру туралы толық зерттелген, жан-жақты ашып көрсете жазылған деректер өте сирек. Студенттерге инновациялық әдіспен экологиялық білім беруде болашақ оқытушыларды дайындауға экологиялық материалдарды неғұрлым көбірек беру керектігі жөнінде ғылыми болжамдар, нұсқаулар, бағдарламалар, үлгілі тәжірибелер әлі де болса жеткіліксіз, толық жинақталмаған. Оқу-тәрбие үрдісінде, әрқашанда әдіс-тәсілдер жаңарып, өңделіп отыру керек, заман талабына сай болу керек. Осы бағытта біз өз еңбегімізде бұл қиындықтардың шешу жолдарын іздеп таптық және орнын толтыру мақсатында бұл жұмысты ортаға алдық.

Жастарды жаңа технология әрқашанда өзіне еліктіретіні сөзсіз. Инновациялық оқыту технологиясы барысында экологиялық білім берудің жемісін студенттер қолдап шығатынына сенімдіміз. Бұндай жоғары жетістіктерге жету үшін және түрлі сұрақтарға жауап беру үшін, сонымен қатар оқыту үрдісін әрі жеңіл, әрі тартымды етіп жасау үшін қандай іс-шаралар қоладану керектігін де ойланып қарастырдық. Бұл сұраққа жауап табу үшін, көптеген инновациялық бағытта жазылған технологиялардың теориялық негізіне мән беруді жөн көрдік.

«Инновация» ұғымы өте кең көлемді, жан-жақты деректерде түрліше түсіндірілген. Бұл термин ерте кезден-ақ көрініс тапқан. Инновация, латынның «in» - ішкі, «novus»- жаңа, деген сөзінен шығып, жаңарту, жаңалық, өзгерту, деген мағынаны білдіреді [75].

Көптеген ғалымдар, жаңалық пен инновацияны ажаратып көрсетеді, ол, кез-келген өзгерісті, жаңалықты инновация деуге болмайтындығын айтады, ол тек бүкіл мектепке таралған уақытта ғана инновация болатындығын көрсетеді. Жаңалық оның ойынша, педагогикада жаңа әдістер мен тәсілдер, құралдар, оқулықтар мен бағдарламалар.

Алғаш рет Қазақстанда инновацияға тұжырымдама жасаған Н.Нұрахметов боды. Ол: «Инновация білім беру мекемелерінің жаңалықты енгізу, игеру және қолдануға байланысты ерекше бір қызметі», дейді.

Н.Нұрмағанбетов «Инновация білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады» дейді де, автор өзінің жүктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1) Жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) Модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Кейбір педагогикалық энциклопедияда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында былай жазылған: «инновация» латынша «обновление - жаңарту», «новинка - жаңалық», «изменение - өзгеріс». Инновация дегеніміз – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды жасап, оларды қолдану, деп көрсетілген [2].

Ал негізінде инновациялық технологиялар білім беру жүйесін дамыту еліміз үшін басты бағыт болып саналады. Оның нормативтік құқықтық базасы ретінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға, ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделіп, жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, кәсіби өсуіне бағытталған білім алуына мүмкіндік жасау» деп көрсетілген. Сонымен қатар Елбасы ұсынған «Қазақстан-2030» Жолдауында негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұратын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа азаматын тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған.

Бүгінгі күні білім беру мекемлері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар көбеюде. Мақсат - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Осындай келелі мақсатты орындау үшін жоғары оқу орындарының студенттеріне шығармашылық қабілет пен терең философиялық дүниетаным аса қажет. Олай деуге себеп, студенттер тарапынан жобалардың фиософиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгермей жатып таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолданатындығы байқалып жүр. Бұл үшін оқыту үрдісін жетілдіру жеткіліксіз, қайта оған қосымша білім алуда кеткен олқылықтардың оң шешілуіне ықпал ете алатын, өз бойындағы өзгерістерді ұйымдастыра латын жеке тұлғаға әсер етуге тиіспіз. Ал шын мәніндегі жаңашылдық әлеуметтік жоғары оқу орындарындағы әдістемелік-ізденістік жұмыстың деңгейіне тығыз байланысты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдары жоғары оқу орындарындағы зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысы білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» делінген, яғни, бұл бағыт студент білімнің халықаралық деңгейге жетуін талап етеді. Бұл талапты орындау үшін болашақ жастарымызды жан-жақты дамытып, біліммен қаруландыруымыз қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Тұрдықұлов Э.А. Экологическое образование учащихся в процессе изучения предметов естественно научного цикла: автореф. ...д-ра пед.наук. – М., 1982. – 38 с.

  2. Көшімбетова С.А. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдердің пайдаланудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд. ... дис. – Алматы, 2004. – 16-17б.

  3. Т.В.Машарова Экологическое воспитание младших подростков в процессе изучения биографического цикла: Диссертация. ...кан.пед.наук.-М..1991. – 187с.

  4. К.Бұзаубақова. Мектептен тыс уақытта табиғат қорғауға тәрбиелеу // Қазақстан мектебі №4, 1996.-14 б.

Резюме

В статье рассматривается экологические образование и воспитание родрастающих поколении исползуя экотуризм в юге страны

УДК 541.128.66

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУБДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАР
Б.ғ.к., доцент Утебеков Қ.И., магистр Түймебаева Қ.Ж, Шатанова Қ.А.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Қазіргі кезде барлық жерде экологиялық білім беру мен тәрбие берудің түрлі бағдарламалары бар. Сол бағдарламаларда негізгі экологиялық принциптер де кездеседі: біріншіден – жан-жақты зерттеулер жүргізуге, басшы кадрлар даярлауға, білікті азаматтар даярлауға және барлық мамандардың экологияландыруға көмектеседі; екіншіден – дүние жүзілік, отандық түрлі экологиялық мәселелерді туғызбаудың жолдарын қарастырып, азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға баулып, түрлі құбылыстарды болдырмауға жағдай жасайды; үшіншіден – қазіргі кездегі инновациялық ұғымды түсіндіре отырып, экологиялық білімді де түбегейлі инновацияландыруды негіздейді.

Студенттерге инновациялық әдіспен экологиялық білім беруді негізгі мақсаттарына қарай жүйелесек:



  • студенттерді экологиялық білім, біліктілік, инабаттылық, әдептілік, мәдениеттілік, тәрбиелілікпен жаңа бағытта білімдар ету;

  • студенттерге экологиялық білімді өзге пәндермен байланыстыра отырып беру;

  • биосферадағы айналымға зиянын тигізбеу;

  • қоршаған ортадағы қазба-байлықтарды тиімді, әрі ұқыпты пайдалану;

  • болашаққа табиғат үлесін қалдыруды үйрету;

  • жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай отырып, экологиялық мәселелерді талдап, өзіндік пікір, шешім қабылдауға жетелеу;

  • студенттерге экологияның экономика және саясатпен байланыстылығын көрсете отырып, қоғамның даму деңгейін жоғарлату керектігін айта отырып, оларға қолдау жасау болып келеді.

Студенттерге арналған экология бағдарламасы негізінен педагогикалық университеттерге жоспарланғандықтан, экология ғылымының ұғымдары мен заңдары, түсініктері терең, әрі кең көлемде жаңа бағытпен жасалынған. Сонымен қатар, инновациялық оқыту әдісімен негізделіп, экологиялық мәселелерді шешуге бағыт- бағдар береді.

Бұл зерттеу жұмысында қазіргі кезде ең негізгі өзекті мәселе, инновация туралы ұғым кеңірек қолданыла отырып, экологиялық білім берудің жоспары, бағдарламасы және мазмұнына енгізіліп, сол бағытта экологиялық білім берудің жолдары қарастырылған және де биосфералық мәселелер мен бірге тұрақты дамудың негізгі бағдарламасы көрсетілген. Осы жұмыстың жобасында экологиялық ұғымдарды меңгерумен бірге, инновациялық әдіс-тәсілдер көрсетілген және экологиялық қауіптілікке дер кезінде сапалы түрде шешім қабылдаудың, оны болдырмаудың жолдарын қарастырудың, алдын алудың тәсілдері қарастырылған.

Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарынан бұрын, мектепке дейін және мектеп кезеңіндегі экологиялық білім саласы бойынша жасалған көптеген еңбектерді қарастырып көрсек. Бұл оқу құралдары қайта өңделіп, оқушыларға кең көлемді, әрі оңай тілді экологиялық білім қалыптастыратыны сөзсіз, дегенмен, әлі де көптеген толықтырулармен өңдеулер және де жаңа оқу жүйесімен жасалған жұмыстарды қажет етеді. Өте жан-жақты, терең зерттелген сондай ғылыми жұмыстардың бірі Ж.Б.Шілдебаевтің мектеп қабырғасына арналған еңбектері.

Бағдарламаның мұғалімдердің сұрасына сәйкес 5-11 сыныптарға қосымша 1-4 сыныпқа арналған экология бағдарламасының алғашқы жобасын ұсынады. Оның мақсаты жасөспірімдердің жас кезінен бастап экологиялық ұғымдарды құлақтарына қанықтыра беру. Бұл тұрғыда «Табиғаттану» мен «Дүниетану» пәндері ерекше роль атқарып келеді. Ж.Б.Шілдебаевтің бағдарламасының мақсатында «Дүниетану» пәніне қосымша оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді дамыту, яғни қосымша материал ретінде көмек көрсету, болып табылады.

Бағдарламаның екінші кезеңінде 5-9 сыныптарда экологиялық білім беру арнайы қарастырылған және оқушылардың білім деңгейлерін, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай экология ғылымының негіздері күрделендіріліп әрі тереңдетіп береді. Ал, 9 сыныпта экология негіздері жинақталып, оның теориялық білімдері практикамен ұштастырылып Қазақстаннның экологиялық проблемаларын таныстырумен аяқталады. Одан әрі 10-11 сынып экология бағдарламалары оқушыларды экология ғылымының қолданбалы бағыттарымен таныстырып табиғатты тиімді пайдалану және әлемдік экологиялық проблемалар туралы мәліметтерді, заңдылықтарды түсіндірумен жалғасын табады.

Экология бағдарламасының 10-11 сыныптарға арналған бағдарлама екі бағытта жасалған. Біріншісі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналып, екіншісі мектеп-гимназия, колледж оқушыларына арналады. Бірақта, бұл бағдарламалардың экологиялық білім беру мақсаты, проблемаларды беру жағынан бірін-бір толықтырып отырады. Оның мазмұны пәнаралық негізде дәстүрлі пәндердің мазмұнына сәйкестендіріліп ұсынылған.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы» // Егемен Қазақстан, № 151, 1997ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы». ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 жарлығысы.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. – Астана, 2000.

  4. Ш.Ш.Хамзина Теория и практика экологизации высшего профессионального образования (на примере естественно научных дисциплин): Дис.канд.пед.наук.-Алматы,- 2002.


Резюме

В данной статье рассматриваются методи экологического воспитаня студентов и школьников используя инновационные методы.


УДК378.661:681.518


ҚҰРАМА БИОҚОСПАЛАРДЫ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ахметова А. Б .

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті. Қазақстан, Шымкент қаласы


Барлық елдерде ет өнімдері өндірісінде өсімдік шикізаттарын пайдалану ерекше орын алады. Өсімдік шикізаты ет өнімін алмастыратын және тағамдық құндылығы мен сіңімділігін реттеуші ретінде кеңінен қолданылды. Мал мен өсімдік шикізаттарынан дайындалған биоқоспаның тағы бір ерекшеліктері, олардың функционалдық қасиетінің жоғары болатынына байланысты. Ол дайын өнімнің экономикалық тиімділігін жоғарлатады.

Оларға майлы, дәнді, бұршақ тектес дақылдар, сүт пен сарысу ақуыздарына, ет өндірісінің екінші сұрыпты (сүйек, шеміршек, түк, мүйіз, мездра, субөнімдері, т.б. II кат. өнімдері), құндылығы төмен балықтардың ақуыздары жатады.

Көрсетілген ақуызды препараттарға қойылатын талаптар: олар бұлшық еттің ақуыздарын ылғалмен әрекеттесуін болдырмау керек, жылу әсеріне төзімді болу керек, гелді құрылымдарды түзуге қабілетті және тураманың ылғал мен май ұстауын жоғарлату керек [1].

Қазіргі кезде, өте тиімді және адам ағзасына физиологиялық жағынан қауіпсіз тағамдық ақуызды қоспалар жасау іздестірілуде. Тағамдық ақуызды қоспалардың түрлерінің өте көп болуына қарамастан, оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: нативті қасиеттері бар шығу тегі әр түрлі ақуыздар негізіндегі өнімдер (концентраттар, изоляттар) және модифицирленген молекулярлы салмағы бар ақуыздарға негізделген өнімдер (текстураттар, ферментативті ақуыздар) .

Астық тұқымдарынан алынған текстурленген ақуыздарды пайдалану ет өнімдерінің тағамдық құндылығын, органолептикалық көрсеткіштерін, түс қалыптануының қарқындауы мен тұрақтылығын жақсартады, турамаға қабығынан айырылып алынған үрме бұршақты қосып шұжық өнімдерін жасау көрсетілген, бұл өнімдер суды сақтау қабілеті мен ұзақ сақталу мерзімімен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта өсімдік текті ақуызды препараттар дәстүрлі ет өнімдерінің шығымын жақсартатын қоспалар және оларды құрылымдық элементтер ретінде пайдаланылады. Ол негізі соялы ақуызды өнімдерде орын алады. Осы өнімдердің химиялық құрамы 1-кестеде көрсетілген.

Кесте1 - Соя өнімдерінің физико-химиялық құрамының көрсеткіші*


Ақуыз препараттары

Құрамы, %

Ылғал

Май

Ақуыз

Көмірсу

Күл

Соя ұны

6,0-9,0

1,6-6,0

49-53

29-31

5,0-7,0

Соя концентраты

4,0-8,0

1,5-2,0

62-70

21-31

6,8-8,0

Соя изоляты

5,0-7,0

0,3-1,0

85-90

-

4,0-6,5

*-мәліметтер әдебиеттен алынған

Функциональды-технологиялық қасиеттер кешенін құрайтын соя өнімдерінің негізгі сипаттамасы болып ақуыз ерігіштігі жатады. Ерігіштік әр түрлі болуы, ол өндеу технологиясының ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін, бұл қасиет эмульсияны алуда, сонымен қатар өнімнің термиялық өңделуі кезінде термотропты гел түзілуде маңызды болып табылады.

Ақуызда концентраттар ерігіштігі бойынша изоляттардан кейін тұрады, бұл осы өнімдерді алудағы технологиялық процестердің айырмашылықтарына байланысты болады. Концентраттарды дайындағанда соя ұнын немесе майсызданған күнжарының ұйып қалуына әкеп соғады, бұл ақуызды өнімдердің функционалдық қасиеттерін төмендетеді. Ет өндірісінде пайдаланылатын тағамдық құрам бөлшектерінің басқа маңызды сипаттамаларына ылғалсақтаушы қасиет пен гел түзілудің сынақ концентрациясы жатады.

Ет шикізатының технологиялық өңделуі кезіндегі ақуыз өнімі ылғал сақтау қабілетінде бос ылғалды байланыстырумен сипатталады. Ерігіштігі жоғары соя өнімдерінің ылғал сақтау қабілеті жоғары мәндерге ие екендігі көңіл аудартады. Алайда ақуыз гидратациясының жоғары деңгейлері дайын өнімдердің қажетті құрылымдық-механикалық қасиеттерін қамтамасыз етпейтін сұйық суспензиялар түзеді.

Сондықтан осы қоспаларды пайдаланған кезде ылғалсақтау қабілетінің жоғары мәніне емес, гел түзілудің сынақ концентрациясының мәніне көңіл аудару керек.

Сонымен бірге емдік және алдын ала сақтандыру мақсатта паштетті масса дайындау әдісі де ұсынылған . Турамаға алдын ала тұндырылған қан плазмасы, жасымық ұны, пияз, тұз, қант, қара бұрыштан тұратын құрам бөлшектер қосылады.

Соялы ақуызды препараттардың, шикілей қақталған шұжықтардың құрылымы мен сапасына жағымды әсер ететін мәліметтер алынды . Олар шұжықтардың пісіп-жетілу мерзімін 20 % қысқаруына ықпал етеді. Алайда осы өндірісте соя ақуыздары кең қолданылмайды.

Әртүрлі ет өнімдерін өндіруде соялы ақуызды препараттарды пайдалану оңды екеніне қарамастан, біздің елімізде шикізат ресурстарының шектелуіне байланысты зерттеу нәтижелерін енгізу бойынша қиыншылықтар туады. Осыған байланысты қазіргі кезде өсімдік шикізаттары ақуыздарының жаңа көздерін іздестіру бойынша зерттеулер жүріп жатыр.

Өсімдік шикізатының ақуыздары тағам өнімінде құрылымдық қызмет те атқарады. Тағам өнімін байытушы ақуызды қоспалардың функционалды қасиеттері өнімнің құрылымы мен қасиеттер кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді.

В.Б.Толстогузов өсімдік шикізаттарын ақуызды жасанды тағам өнімдеріне айналдырудың физико-химиялық негіздерін құрастырған. Бұл зерттеулер екі негізгі кезеңге жіктеледі:


  1. ақуыз және басқадай тағамдық заттары бар сұйық компонентті жүйені алу;

  2. жай көзге көрінетін макроқұрылымды, яғни көп қабатты-талшықты құрылымды алу мақсатымен қалыптау.

Ет өнімдерін ақуыздармен байытумен қатар, өсімдік текті қоспалар ет турамасының құрылымдық-механикалық қасиеттеріне жағымды әсер етеді. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша гелтүзуге белгілі бір кезекті дәрежесі бар үздіксіз ақуызды тор құрылу керек. Денатурация алдында агрегация тежелгенде алынған тор жоғары эластикалық қасиет көрсетеді, ал агрегация мен денатурация бірге жүргенде немесе агрегация денатурация алдында өтсе бұл қасиет төмен мәнге ие болады. Денатурациямен салыстырғанда агрегация баяуласа, денатурирленген тізбектер нобайы жақсарып, түзілген гел торлары жоғары сапаға ие болады .

Төлеуов Е.Т., Уразбаев Ж.З. шұжық өндірісі үшін жылқы қанынан, сүйек майынан, құрғақ сүт ұнтағынан, меланж және субөнімдерді қайнатқан сорпадан тұратын ақуызды байытқыштардың құрамы мен технологиясын ұсынды. Алынған ақуызды байытқыштар өзінің химиялық құрамы бойынша I сұрыпты жылқы етіне ұқсас .

Төлеуов Е.Т., Асенова Б.К. шұжық өнімдерінің турамасын дайындау үшін ақуызды массаны II сұрыпты субөнімдерге қосады: сорпа, өкпе - 25,0-35,0 %, көкбауыр - 5,0-15,0 %, коллагені бар субөнімдер - 25,0-35,0 %, сорпа - 21,2-29,8 %, май - 3,8-5,2 % .

Тағамдық мақсаттар үшін II сұрыпты субөнімдермен қатар қан және олардың фракциялары қолданылады. Қан және оның фракцияларын ақуызды шикізат ретінде пайдалану ерекше орын алады, себебі қан ақуыздары жоғары биологиялық құндылыққа ие, аминқышқылды құрамы бойынша ет ақуыздарынан кем түспейді.

Ет саласының мамандары мал қаны мен оның фракцияларын пайдаланып, жаңа шұжық өнімдері мен консервілерін өндірді. Жаңа өнімдер негізіне тағамдық шикізатты кешенді пайдалану, дәмдік және тағамдық қасиеттерін жоғарлату, олардың сұрыптылығын жоғарылату, материалдық және қаржылық шығындарды тиімді пайдалану жатады .

Қазіргі уақытта балалар арасында анемия ауруының алдын алу мәселесі бірінші орында. Осыған байланысты балалар тамақтануы үшін консервілерді биологиялық белсенді, сонымен қатар, ақуыз бойынша толық құнды болып табылатын табиғи құрам бөлшегін байыту мүмкіндігі зерттелуде. Осындай құрам бөлшектерге сойылған мал қанынан басқа бауыр, көкбауыр жатады, олардың құрамында порфиринді құрауыштар түріндегі темір қоспалардың (гемоглобин, миоглобин) жоғары деңгейі балалардағы анемияның түрлі қалыптарының алдын алу үшін пайдаланылады.

Әдебиеттерде ет пен өсімдік шикізаттарын , сүт ақуыздарын, субөнімдерін бірлесіп пайдалану туралы мәліметтер кездеседі .

Әдеби мәліметтерді талдау нәтижесінде құрама ет өнімдерін өндіру үшін химиялық құрамы бойынша үйлесімді мал немесе өсімдік шикізатынан алынған биоқоспалар оңтайлы болып табылатынын көреміз.



жоғары сапалы ет өнімдерін өндіру үшін ақузды қоспалар мен майлы эмульсиялар құрамына екіншілік шикізатты пайдалану емдік, ем-дәмдік тамақтану жолдарында кең тараған .

Ет консервісі өндірісінде үрме бұршақты (құрамында 21-22 % ақуыз, 42-43 % крахмал, 3-4 % жасұнық, 3 % минералды заттар бар, кальций мен фосфор қатынасы оңтайландыруға жақын) пайдалану туралы зерттеулер өзіне көңіл аудартады. Рецептураны таңдағанда пияз, сәбіз, қара бұрыш, тұз, томат-пюре, ет сорпасы қолданылған. В12 және РР дәрумендерін оқушылар тамақтануына арналған тұшпараларға қосу негізделген, себебі олар В1 қажеттілікті 50 %, В2 үшін 25 % өтейді. Сонымен қатар, дәрумендер тағамның тұздылығы мен дәмін, тураманың ылғал байланыстырушы қасиетін жақсартады .

Көптеген өсімдік шикізаттарының ақуыздар құрамында бір немесе екі-үш алмастырылмайтын аминқышқылдардың жетіспеушілігі болуы мүмкін. Мысалы, бидай ақуызында лизин мөлшері идеалды ақуыз құрамымен салыстырғанда 50 % ғана болады.

Айта кететін жағдай, дәнде белоктардың таралуы біркелкі емес, ол морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерге байланысты болады. Мысалы, алейрон қабаттында 30-35 %, ұрықта – 35-40 %, үлпершекте – 6-9 % ақуыздар мөлшері болады. Эндосперм мен алейронды қабатта жалпы ақуыздардың 87 % шоғырланған. Дәнді дақылдардың ақуыздары құрылымды, биологиялық белсенді және қор заттарының қызметін атқарады.

Дәнді дақылдар ақуыздары (альбумин, глобулин, проламин, глютелин) олардың ерігіштігі бойынша жіктеледі. Бидайдың ерігіш ақуыздары 20 %, проламиндер – 30-40 %, глютелиндер – 40-50 %. Бидай глиадиндерінің тағамдық құндылығы лизин мөлшерінің төмендігіне және бидайдың жоғары ылғалдылығына байланысты шектелген.

Ақуызды өнімдерге деген қажеттіліктің жоғарылауына және тиімді тамақтануды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты тағам өндірісінде сапалы жаңа бағыттың туындауы мен тез дамуы жүргізілді. Ол пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын (олар ет және сүт өндірісінің екіншілік шикізаттары– II кат. субөнімдер, сүйек, тері, көк сүт, сарысуын ақуыздары; өсімдік шикізат ақуыздары) тағамдық ақуыздың мәндері потенциалды ресурстары негізіндегі құрама немесе жасанды тағам өнімдерін алу болып келеді .

Қазіргі уақытта ет өндірісіндегі ғалымдар мен мамандар өнімдердің тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарлату және қолдағы шикізатты тиімді пайдалану мақсатымен құрама ет өнімдерінің өндірісінде мал және өсімдік шикізаттарының ақуыздарын пайдалану мәселесін шешуде.

Тағам өнімдерінің өндірісіндегі өсімдік шикізаттарының ақуыздарын пайдалану кең көлемде жүзеге асырылуда, ол екі жолмен жүргізіледі: тағам өнімдеріндегі дайын өнімге ұқсас жасау және ақуызды араластырғыштарды дәстүрлі тағаммен бірге құрама тағам өнімдеріне айналатын тағамдық жүйелерді алу.

Өсімдікті қоспаларды пайдалану тағам өнімдерінің құндылығын төмендетуге әкеледі. Ол қуаты көп компоненттерді келесі әдістермен алмастыру арқылы жүргізіледі:


  1. сіңірілмейтін, физико-химиялық әдістермен өңделген тағамдық заттарды (пектинді заттар, гдюкозосорбит, микрокристалды жасұнық, метилцеллюлоза және оған ұқсас көп атомды спирттердің поликонденсация өнімдері, т.б.) қосу;

  2. табиғи өсімдік шикізаттарының компоненттерін қосу.

Өсімдік шикізаттарының ақуыздарымен қатар мал шикізаттарының ақуыздарының модифицирленген түрлері қолданылады. Мал шикізаттарының артықшылығы болып термиялық және механикалық өндіру кезіндегі олардың 100 % табиғилығы табылады. Толық құнды ақуыздар өсімдік шикізаттарының ақуыздарынан биологиялық құндылығы жағынан артық болып келеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет