Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



бет5/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әдебиеттер:

  1. Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан» // Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы - 2006. - 28.02.07.

  2. Алексахина В.А. Современные тенденции сбора и использования крови за рубежом / ЦНИИТЭИ мясомолпром - М ., 1982. –367 с.

  3. Асатиани В.С., Химия крови. // Знания , М., 1961. -158 с.

  4. Пожариская Л.С., Либерман С.Г., Горбатов В.М. Кровь убойных животных и ее переработка. - М.: Пищевая промышленность, 1971. - 45 с.

  5. Большаков А.С., Амирханов К.Ж., Тулеуов Е.Т. и др. Производство мясопродуктов из конины. // Обзорная информация, – М., Агро НИИ ТЭИММП, 1988. – 45.

Борисочкина Л.И. Антиокислители, консерванты, стабилизаторы, красители, вкусовые и ароматические вещества. // Пищевая промышленность. - М., 1976. -183 с.
Резюме

В статье приведены характеристика питательной особенности сырья для производство мясных продукций
УДК 541.128.66
СҮТ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ СҮТ-БЕЛОКТЫ ӨНІМДЕР ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Маханов Қ.,Ибрагимова Д,. Қалдыбаева Ж.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті.

Қазақстан, Шымкент қаласы
Соңғы кездері құрамында сүт белогының мөлшері жоғары өнімдерге баса назар аударылып, сүт-белокты өнімдер өндірісін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жаңа сүт өнімдер кәсібінде сүт-белокты өнімдердің құрамындағы толық құнды белоктық заттарды арттыру мақсатында майсыз құрғақ сүт қалдықтары, сүт белоктары, тағы басқалар қосып шығарылады.

Сүзбе, одан өндірілетін тағамдар және түрлі ірімшіктер сүт белогының өзіндік ерекшеліктері бар концентранттары. Бұлай дейтініміз сүттің құрамында 2,8-3,2% белок, ал сүзбеде 14-18% белок бар. Демек, сүттің бұл аса құнды құрамдас бөлігінің шоғырлануы онда орта есеппен 5 есе өседі. Химиялық құрамының осы көрсеткіші бойынша ет пен балыққа тең келеді де, жұмырытқадан асып түседі [1].

Сүзбе – адамның қоректік өнімдерінің ішіндегі ең байырғысы. Сүзбе дайындау өндірісінде қышқылды-ферментті әдіс ең көп қолданылады. Бұл әдістің технологиялық жолдары мынадай: сүтті қалыпқа келтіру және оны ұйытуға дайындау (сүзіледі, майлылығы бойынша қалыпқа келтіріледі және пастерленеді).

Сүтті пастерлеген кейін 30-330С дейін салқындатылады. Сүтті сүзбе алуға дайындай бастаған кезде-ақ массасының 5% мезофильді және термофильді стрептококк ашытқысы қосылады. Сөйтіп қышқылды микробтар сүт қантын қарқынды түрде ашыта отырып, оны сүт қышқылына айналдырады. Сүт қанты микробиологиялық процестер әсерінен сүт қышқылына айнала бастайды. Сүт қышқылы ашып біткен кезде, пропион қышқылының ашуы басталады. Сүтті осы сүт қышқылы ұйытады. Қышқылдығы 32-360Т жеткенге дейін тыныш қойылады.

Сүттегі еріген калций мөлшері кеміп кететіндіктен ұйынды босаң болады. Сондықтан кемитін калций мөлшерін толықтыру, ұйындының тығыз әрі жақсы болуы үшін біраз уақыттан кейін сүтке хлорлы калций ертіндісі немесе 300-440г калций тұзының 40%-тік ертіндісі қосылады [2].

Сүттегі белокты тұнбаға түсіру үшін 1,0 г мәйекті ферментін 1 т сүтке қосады. 6-8 сағаттан кейін сүт қышқылдылығы 600Т жетеді және біркелкі тығыз қойыртпақ түзеді. Осылай ұйытылған ұйындыда бөлшектеген кезде синерезис процесі жақсарады. Қойыртпақ түбіне тұнады, ал бетіндегі сарысуы құйып алынады. Оны бейнелеп кесіп бір сағат уақытқа тыныш қояды, осы уақытта ұсақ бөлшектер тығыздалып сарысуы бөлінеді.

Сиыр уыз сүті – сиыр бұзаулағаннан кейін жеті күн аралығында сүт безінен бөліп шығаратын сүтінің жалпы атауы. Жаңа сауылған уыз сүт сары түсті, дәмі аздап тұздалған, тұтқырлығы, тығыздығы, қышқылдығы жәй сүттен жоғары.

Го Бын Хың (Қытай) қатарлы ғалымдар сиыр уыз сүтінің физико-химиялық қасиеттеріне жүргізген зерттеулері бойынша, 72 сағат аралығында сауылған уыз сүтінің буферлік көрсеткіші мен тотығу-тотықсыздану потенциялы жәй сүттен төмен, 0,012-0,031 және 0,223-0,231В, электр өткізгіштігі, сыну көрсеткіші және тұтқырлығы жәй сүттен жоғары 0,178-0,276 с/м, 1,3531-1,3539 және 8,10 мПа . сек екендігін зерттеп шықты. Сондай-ақ, уыз сүттің аққыштық қасиеті температура (20-600С) мен құрамындағы құрғақ зат мөлшеріне байланысты болатындығын анықтайтын формуланы түзіп шығарды.

Олар 30 сағатта сауылған уыз сүт құрамында 9,08% белок, 5,12% май, 4,27% лактоза, 1,04% күл қатарлы заттар жәй сүттегі мөлшерден 2,85, 1,37, 0,95, 1,43 есе, кальций 1,9, магний 19,1, натрий 1,5, хлор 2,3, темір 2,4, мырыш 1,4, мыс 4,37 есе жоғары екендігін анықтады [3].

Я.С.Зайковская, Г. С. Инихов, К. Д. Буткус, А. Г. Храмцов қатарлы ғалымдар, уыз сүт құрамында жәй сүтпен салыстырғында белок 3-5 (60-80 % сарысу белок, иммуноглобулин ), май және минерал заттар 1,5 есе көп, ал лактозаның төмен болатындығын анықтады. Сондай-ақ жәй сүтпен салыстырғанда фосфолипид (3-5 есе), каротин (3,5-4 есе), витаминдер (А, E, D, B2, C т.б.), макро- және микро элементтер (Са, Mg, P, Fe, Cu, Zn, Co және т.б.), ферменттер (каталаза, лактопероксидаза, ксантиноксидаза және т.б.), лизоцим, лактоферрин және т.б. өсу факторлар әлде қайда жоғары болатындығын анықтады (кесте 1). Төмендегі кестеде уыз сүттің құрамы көрсетілген [1].

1 кесте - Сиыр уыз сүтінің құрамы


Сау-

ыл-


ған

күні


Құрғақ заттар, %

Қыш-

қыл-


дық,

0Т

Тығыз-

дық,


кг/м3

Белок

Лактоза

Май

Мине-

рал


зат

Жал-

пы


Казеин

Сары-

су


1

2

3



4

5

10



20

30


14,92

9,90


6,64

5,85


4,96

4,54


4,02

3,55


5,13

4,10


3,44

3,47


3,07

3,19


2,97

2,47


8,32

4,75


2,33

1,73


0,79

0,63


0,55

0,46


6,25

5,68


5,48

5,16


4,91

4,66


4,24

3,87


6,25

5,68


5,48

5,16


4,91

4,66


4,24

3,87


1,01

0,96


0,83

0,87


0,82

0,80


0,71

0,77


53,3

41,6


41,6

36,9


32,0

27,9


22,4

19,5


1039,7

1038,7


1038,4

1036,0


1036,9

1033,5


1032,2

1029,8

Осы зерттеу нәтиежелері 1-30 күн аралығында сауылған уыз сүтінің физико-химиялық қасиетінің жәй сүттен көп парықты екендігін түсіндіреді.

Лу Доң Лин (Қытай) қатарлы ғалымдар Голиштеин тұқымды сиырлар бұзаулағаннан кейін 2 сағатта сауылған уыз сүттің тығыздығы 1030-1071кг/м3, белок 6,10%-20,63% аралығында ауытқып отыратындығын, дегенмен де бұндай жеке бастары арасындағы парық бұзаулағаннан кейінгі уақыттың ұзаруына сәйкес барған сайын азая түсетіндігін анықтады [4].

Микрофлорадағы патологиялық ауытқулардың сипаттамалық көрсеткіші болып аэробты топтардың арқасында микроорганизмдердің жалпы санының жоғарылауы табылады. Осы жағдайда бифидобактериялардың саны нормамен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп кетеді.

Бір қатар авторлардың айтуы бойынша йогурттың тірі микрофлорасы плазмиттердің тасымалдану жиілігін реттеп иммунитетті жоғарылатады, иммуноглобулиндердің құрамын көбейтеді. Зат алмасуға жақсы септігін тигізеді, қандағы холестерин мөлшерін төмендетіп отырады [5].

Бифидобактериялар бейорганикалық азотты қосылыстардан аланин, валин, аспарагин сияқты ауыстырылмайтын амин қышқылдарын түзеді. Бифидофлора сонымен қатар организмнің қорғаушы жүйелерінің белсенділігін реттеп отырады.

Адам ішегінің микробиоценозы норма бойынша 85-98% бифидобактериялардан тұрады. Осы бифидобактериялар ішек микробиоценозының жөнделуіне әсер етеді. Майлардың, белоктардың, минералды заттардың гидролизі мен сіңу процестерін жақсартады [3].

Бифидобактериялардың пайдалы қасиеттері сүттің диеталық және құнды қасиеттерімен жақсы байланысады. Осыған орай сүттегі бифидобактериялардың селекциясын зерттеуде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Арнайы ашытқыларды өндіруге, сондай-ақ бифидобактериялар культураларының түрлі комбинациясын жасауға көп көңіл бөлінуде.

Бірақ бифидобактериялардың биомассасын жинақталуы бұл мәселені шешуге кедергі жасайды. Тек бифидобактериялардың дамуын реттейтін лактулоза, казеиннің және нуклиотиттердің пептидтік фракциялары, муцин, лизоцима және басқада заттардың ашылуы көптеген елдерде осы заттармен толықтырылған сиыр сүті негізінде жасалынған бифидобактериялары бар сүт өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде шет елдік ғалымдармен құрамында бифидобактериялары бар сүт өндірісінің технологиялық схемалары және көптеген әдістері ұсынылған. Бұл берілген ортада көбеймейтін бифидобактериялардың тірі клеткалары қосылған өнімдер болып табылады. Сонымен қатар бифидобактериялардың белсенділігі сүтке түрлі тұқымды бифидогенді факторлармен әсер ету арқылы артатын өнімдерді өндіреді.

Айран, ацидофилин, простокваша және басқа өнімдер адам бифидофлорасының қайтадан қалыптасуына әсер етпейді, жағымды септігін тигізбейді. Осы мәліметтер ішек микрофлорасын бифидумбактеринмен жөндеу қажеттілігін және емдік өнімдерді бифидобактериялармен байытудың қажет екендігін куәландырады.

Германияда, Францияда, Чехияда, Словакияда, Польшада, әсіресе Жапонияда бифидобактериялар қосылған сүт өнімдерінің ассортименті түрлі әрі бай болады. Оларға балаларға арналған әртүрлі тағамдар, сонымен қатар көпшілік қолданатын сүт өнімдері жатады .

Бірақ ұзақ ферментация ашытқыны белсенділігінің төмен болуынан өнімнің терапевтік эффектісін төмендететін қышқылдылығы жоғары өнімнің пайда болуына әкеп соғады.

Бифидо өнімдер өндірісіндегі кейбір технологиялық мәселелер аралас ашытқы культураларын қолданумен жеңілдетіледі. Көбінесе бифидобактериялар мен сүт қышқылды микроорганизмдердің бірлескен культурасымен ашыту арқылы сүт өнімдерін алады. Мұндай өнімдердің ассортименті түрлі әрі кең болады. Олар: сүт қышқылды сусындардың әртүрі, сүзбе, тез жетілетін ірімшік, май, майлығы төмен кілегейлі кремдер, түрлі ұлттық өнімдер.

Бифидофлорасы бар өнімдер Германияда ең көп өндіріледі. Сүт-техникалық зертханасында жасалынған “biogarde”, “biogurt”, “bifigurt” ашытқылары барлық сүт қышқылды өнімдерінің 2/3 бөлігін бифидобактерияларды қолдану арқылы өндіруге мүмкіндік береді. Ашытқыларының құрамына бифидобактерияларымен қатар Str, thermophilus және b. Acidophilus кіреді .

Қазіргі кезде бифидобактериялардың, ацидофилді бактериялардың селекциясы бойынша және олардың физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін анықтау жолында жұмыстар жүргізілген. Бірақ бұл аймақтағы зерттеулер қазіргі заманғы теориялық және практикалық деңгейге көтерілу үшін оны ары қарай дамытып тереңдетілуді қажет етеді. Бұл жаңа дәуірдің сүт қышқылды өнімдерін шығару мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді .

Бифидобактериялар және ацидофилді таяқшалар адам ішегінің қалыпты тұрғындары болып табылады. Сонымен қатар денсаулықты жөндеуде және сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар жоғары биологиялық активтілігін пайдаланып патогенді ішек микрофлорасының дамуын басып немесе алдын алып қорғаныш функциясын атқарады .

Соңғы жылдары йогурттың микрофлорасы адам ішегіне сіңбесе де асқазан ішек жолдары арқылы өзінің қасиеттерін жоғалтпай өтетіндігі анықталды. Нәтиежесінде тірі клеткалары бар йогуртты қолдану лактозды активтіліктің жоғарылауын тудырады. Бұл термофилді стрептококка мен болғар таяқшасының р-галакзидазды активтілігінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Термофилді стрептококка мен болғар таяқшасы белсенді болып тұрған кезде қабылданған лактоза гидролизіне қатысады.

Арнайы бағыттағы сүт өнімдерін жасаудың жолы болып оларды қорғаныш факторларымен, яғни биологиялық активті заттармен және микроорганизмдермен байыту болып табылады.

Ресейде ішек микробиоценозын ретке келтіретін құрамында бифидобактериялар бар өнімдерді алуға байланысты сұрақтар комплексті түрде микробиологтармен, технологтармен және клиницистармен шешіледі.

Француз фирмаларының бірқатары бифидо өнімдердің кең көлемді ассортиментін шығарады. Көбіне бифидобактериялар мен ацидофилді таяқшаларды қолданады.

Land et al және Banzinder et al b. Acidophilus және В. Bifidus-пен ферменттелген жаңғақ араласқан шоколадты дайындауға арналған сүтті негізге алуды ұсынады.

Бифидобактериялардың тек таза культураларынан тұратын өнімдерді алу мақсатында дамуды қарқындататын түрлі реттегіштерді қолдану ұсынылған. Әдебиет беттерінде дамытушы зат ретінде жүгері экстракты, майсызданған сояны, амин қышқылдарын және ашытқы экстракттарының қолданылуы жәйлі көптеген мәліметтер келтірілген.



Әдебиеттер:

1.Сағындықова С.З. Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы) – биолог. ғылым. докт. іздену автореф. - Алматы, 2005. - 42б.

2.Сагындыкова С.З., Токабасова А.К. Өздігінен ашыған айранның сүт қышқылы флорасын зерттеу және айран дайындау // Жаршы. -Алматы.- 2006.- №11.- Б.42-47.

3.Сагындыкова С.З.Тұздалып ашытылған қырыққабаттан бөлініп алынған сүт қышқылы бактерияларының антагонистік қасиеттерін зерттеу // Жаршы. - Алматы. - 2005. - №3. – С.25-27.

4.Молокеев А.В. Разработка и оценка микробиологической эффективности бифидосодержащих биологически активных добавок и кисломолочных продуктов.–Автореф.докт. дисс. - Кольцово. - 2001. - 46с.

5.Дейдиев А.У., Кожабекова К.К., Раяпрова Р.О. Лечебно-профилактические свойства национальных напитков из зерновых // Пищевая и перерабатывающая промышленность.-2007.-№6.-С.30-31.


Резюме

В статье приведены разработка и оценка микробиологической эффективности бифидосодержащих биологически активных добавок и кисломолочных продуктов.

УДК 541.128.66


БЕЛОК ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІНІҢ ОРГАНИЗМДЕ АТҚАРАР МІНДЕТТЕРІ.
Маханов Қ., Топышева С Х.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті.

Қазақстан, Шымкент қаласы
Қанның құрамында белоктар мен ферменттердің қасиеттерін және басқа да сұрақтарды иммуногенетика пәні зерттейді. Бұл пән генетиканы жаңадан ашылған бір бөлімі болып саналады да былайша 1947 жылы қалыптасты деп есептеледі, ал негізгі қанды зерттей бастау ғасыр басында басталған болатын. Алғашқы кезде адамдар мен жануарлар қанының группаларын анықтауға бағытталған. Бертін келе электрленген қағазда, немесе крахмал, агар және поликриламид гельдерінде белоктар анықтала бастады.

Соңғы кездерде өмірдегі белсенді құрылым – ферменттер зерттелініп жатыр. Олар биологиялық катализаторлар бола отырып, тканьдар мен клеткалардың құрамында өмірдегі барлық процестерге қатынасатыны дәлелденді.

Белоктар мен ферменттер бірнеше фракциядан тұрады, ал әр фракция әртүрлі қасиетімен полиморфты деп танылады.

Белоктар мен ферменттердің типтері мен генотиптері кодоминантты түрде нәсіл қуып, әрбір адам мен жануардың өмірінде өзгеріссіз қалады екен. Осы қасиет кейбір жағдайда малдардың өсіп-өнуіне, өнімділігіне әсер ететін болып шықты. Сондықтан өмір бойы жүргізіліп келе жатқан селекция тек шаруашылыққа тиімді белгілерді өзгертіп қоймай, белок пен ферменттердің құрылыс тепе-теңдігін өзгертіп жіберді.

К.Ахметов (1973) /1/ қан құрамындағы белок, қызыл қан түйіршіктерін (эритроцйт) және ақ қан түйіршіктерін (лейкоцит) қаракөл қойларының әлтүрлі реңі мен дене (құрылысына) бітіміне байланысты зерттейді. Ғалымның айтуынша ең көп белок пен аталған элементтер қара көлдің қопал (грубый) дене бітімді қойында кездеседі. Ал ең аз мөлшердегі белок қара қаракөл қойының нәзік (нежный) дене бітіміндегі қойында кездеседі екен.

С.Дурдлев (1976) /4/ қаракөл қойының қанындағы белок пен оның бөліктерінің жынысына байланысты (половой деморфизм) өзгеруін зерттеген. Оның анықтауынша жыныстық демороризм қозыларда жетіліп күйге келер шақта жақсы біліне бастайды. 6-айлық ұрғашы тоқтылардың қан құрамында белок пен гемоглабин аз, ал альбумин көп мөлшерде кездеседі. Бұған керісінше еркек тоқтыларда белок көп, ал оның альбумин бөлігі –аз мөлшерде кездеседі екен.

Ф.В.Захарев, Р.Д.Садыков (1958) /5/ айтуы бойынша белок пен оның бөліктерінің ішінде ең көбі альбумин болады. Олардың айтуынша белок санының, оның ішінде әсіресе глобулиннің аз болуы қойлардың күндік салмақ қосуында азайтады.

М.К.Кройтер,,А.Б.Кацова (1967) белок пен альбуминннің қан сарысуындағы деңгейі ересек қой құндылығының жоғары болуына әсер етеді дейді.

М.К.Кройтер, М.Т.Катков, А.И.Баденко (1967) /6/ “Белок пен оның бөліктерінің жүн өнімділігіне тигізер әсері” деген жұмысында белок бөліктерінің ара-қатынастары жүн өнімділігіне әсер етеді деп атап өткен. Олардың айтуынша альбуминнің глобулинге қатынасы (А/Г) биязы жүнді қойларда жүн өнімділігінің баға беруге керек көрсеткіші ретінде пайдалануға болады.

М.К.Кройтер (1970) /7/ “Белок пен оның бөліктерінің қозылардың өсу қарқыны мен салмағына коррелятивтік байланысы” деген және бір еңбегінде , γ- глобулин мен қозы салмағы арасында біршама байланыс бар екенін айтады.

Б.Карабалин және басқалар (1969) белок пен альбуминнің саны ересек қой құндылығының арасында кері байланыс бар екенін жазған.

З.К.Қожабеков, Б.Р.Рахимжанов (1965) жаңа туылған қозылардың құрамындағы белок (5,03 г/%) оның енесіне уызды емгеннен кейін бірден жоғары көтерілетінін (6,15 г.%) , ал белокдық коэффицент (А/г) керісінше күрт төмен ( 0, 67) түсетінін дәлелдеген.

С.И.Фарсыханов және басқалар (1978) гиссар қойының қозыларының туылғаннан кейін 4,5; 8:12 және 18 айға дейінгі уақытта тез өсіп жетілуін және жүн өнімділігін қан құрамындағы белоктар мен байланысын анықтады. Олар анықтағандай қан құрамындағы белок пен оның альбумин бөлігімен малдың салиақ қосып тез өсіп жетілуі және жүн өнімділігі арасында статистикалық тұрғыдын дәлелденген оңды байланыс болған.

С.В.Стояновский, В.И.Терек (1977) үш топқа бөлінген: таулы карпттағы қой, тұқымы-цагель, цигай және цигай цагель будандарының қан сарысуындағы белок және оның альбумин, γ- глобулин бөліктерін зерттеген. Олардыңтәжірибесі бойынша қан құрамындағы белок және γ- глобулиндер таза жерлікті цагель тұқымды қойларда будан қойларға қарағанда жергілікті жағдайға төзімсіз келген.

Б.М.Степанов, С.Р.Черкезов, З.С.Исаева (1989) жалпы белок пен оның бөліктерінің, ферменттердің қара көл қозыларының туылғаннан 1,5-жасқа дейінгі уақытта өзгеруін зерттеген. Олардың айтуынша осы уақытта белок пен оның бөліктері көбейе береді. Сонымен бірге олар белок құрамының егіздер қанындағы мөлшерін анықтады. Ғалымдардың ойынша қан құрамында ең көп белок-жалқы, онан сон-егіздерде, кейін-үштіктің ішінде туылған қозыларда болады екен. Тағы бір айта кететін жәйт, жалқы туылған қозылар егіздердің, үштіктің сыңарларына қарағанда өсімтал, төзімді келеді.

У.Т.Ташмухамедов (1966) / және Л.С.Невоструева (1987) өздерінің зерттеулерінде қаракөл қойларының қан құрамындағы белоктың альбумині 3-айға дейінгі уақытта жоғары деңгейде болатынын, сонан сон қалған бір жылға дейінгі уақытт олардың тұрақтанатынын атап өткен. Олардың айтуынша бір жылдан кейін альбуминнің деңгейі салыстырмалы түлде жалпы белокқа шаққанда кеми бастайды. Олар бұл құбылысты қаракөл қозыларының бір жылға дейінгі уақытта өте жылдам жетіліп-өсу кезеңі мен түсіндіреді.

Л.Г.Татевосян-Маркорян, Л.Г.Миносян (1977) зерттеулері бойынша етті-жүнді қой тұқымы қанында глобулин, ал жүнді-етті қойларда альбумин көп кездеседі. Бұл авторлар қандағы глобулиндер мен тірі салмақ арасында дұрыс коррелятивтік байланыс бар екенін анықтаған.

М.А.Шамсиевтің (1980) /12/ мәлімдеуінше жаңа туылған қозылардың қан құрамында жалпы белок өте аз болады. Белок құрамындағы альбуминдер саны глобулиндерге қарағанда әлде қайда басым болып, белок құрамының 86,5% -дейін солар құрайды. Авторлардың айтуынша белок құрамы одан әрі 6-шы айға дейін көбейе береді де, онан сон бір қалыпқа түсіп тоқтайды. Бұдан кейінгі қандағы белок санының аздап өзгеруін қойлардың жасынан емес, жыл мерзімдерінің ауысуына байланыстырады.

Е.Ф.Якимвук, Л.В.Макаревия (1987) /4/ тәжірибелерінде латын қарабасты қой тұқымы және цигай-таулы корпат тұқымының қан құрамындағы белок және де басқа элементтердің жүн өсу барысына әсерін анықтады. Зерттеу нәтижелерінде қандағы белок санымен жүн өсу қарқыны тығыз байланыста екені анықталған. Авторлардың жазуынша анықталған көрсеткішті алдын-ала жүн өнімділігі жоғары қойларды анықтау үшін тест ретінде пайдалануға әбден мүмкін екен.

Көптеген ғалымдар әр түрлі мал тұқымдарында түсіне, жасына, жыл мезгіліне, физиологиялық жағдайына, денсаулығына, күйіне т.б. байланысты қан құрамындағы белоктар мен формальды элементтер көрсеткіштерінің өзгеруі жөнінде зерттеулер жүргізген К.Х.Хайдаров әр түрлі түстегі қаракөл қозыларының жасына байланысты тірілей салмағы мен қан құрамындағы белокдар және олардың бөліктерінің өзгеруін зерттеген. Автордың пікірінше сұр түсті қойларда қара түстілерге қарағанда тірілей салмағы, белокдармен оның құрамындағы альбуминдер саны аздау, ал керісінше көк түсті қойларға қарағанда артықтау болады.

М.У.Толшибаевтың /зерттеулерінде топтар арасында қойлардың тірілей салмағы мен мал қаны құрамындағы белокдар көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылықтар болмаған. Мұнда малдардың жасы мен салмағы артқан сайын белок мөлшері көбейетіні анықталған.

Өсімдіктер барлық амин қышқылдарды, ал жануарлар кейбіреіін ғана ситездейді. Жануарлар жасушасы синтезделмейтін амин қышқылдарды зәру деп атайды, олар тек қорекпен ғана түседі. Барлық амин қышқылдары амин тобынан және карбоксил тобынан құралған бөлігі бірдей болып келеді де, ол тұрақты бөлігі, ал екінші бөлігі тұрақсыз, әртүрлі болып келеді оны радикал тобы дейді. Амин қышқылдары амфотерлі, себебі онда негіздік және қышқылдық топтар болады. Амин қышқылдары бір-бірімен пептидті байланыс арқылы байланысады. Амин қышқыл қосылысы санына қарай дипептид, полипептид (көп) деп аталады. Әр белоктың амин қышқылдық құрамы түрліше болып келеді. Мысалы, гемоглобин 300-ден астам өзіне тән амин қышқылдардан тұрады. Ол амин қышқылдарының біреуінің орнын алмастырса (мысалы глутамин орнына валинді қойса), ол өзінің қасиетін өзгертеді. Мұндай гемоглобині бар адамдар тұқым қуалайтын қан ауруына ұшырайды. Әр бір ағзаның өззіндік ерекше, өзіне ғана тән белокдары бар және бір ағзаның әр бір мүшелеріндегі белокдар да түрліше болып келеді. Мысалы, бұлшық ет жасушасында миозин, эритроциттерде гемоглобин, тері жасушаларында кератин, шеміршекте эластин, сүйек ұлпасында коллоген, нерв ұлпасында нейропротейн белокдары болады.

Белоктар тірі жасушаның негізгі құрамы. Олар жасушаның басты құрылыс материалы ғана емес, сонымен бірге жасушада жүретін барлық процестерді реттейді. Жасушада басқа органикалық қосылыстарға қарағанда белоктардың мөлшері жоғары.

Белоктардың екі типі бар: фибриллалық және глобулалық. Ұзын жіп пішінді макромолекулалар тобы фибриллалық немесе мембраналық құрылымдарды құрайды.

Глобулалық белоктар жасушаларды құрауда ерекше роль атқарады. Фибриллалық белоктар әдетте ерімейді. Глобулалық белоктарда макромолекулалардың топтары көбнесе жеке немесе жиналып орналасады. Олардың әрқайсысы құрамында кем дегенде 200 амин қышқылдары бар, итәртіпсіз шатысып жатқан жіптерге ұқсайды. Глобулалық белокдардың көпшілігінің бетінде химиялық белсенді топтар болады. Оларды энзимдер деп атайды. Протеиндік макромолекулалар липидтермен, көмірсулармен қосылады Қан барлық клеткаларға ұлпаларға және органдардың өмір сүруі үшін аса қажет сұйық зат.

Реңі жағынан қан қызыл түсті қоюлау, жабысқақ, өзіне тән исі бар сұйықтық.

Реакциясы рН=7,35-7,5. Өзіндік салмағы 1,05 – 1,06. Қанның тотығуына дене өте төзімсіз, сондықтан ол күшті буфферлік қасиетке ие. Қанның денедегі үлес салмағы ол дененің салмағының 5-8% құрайды. Қанның құрамындағы сары су 59-60%, ал 45-40%-і құрғақ заттар (формалық элементтер) болады.

Қанның денеде атқаратын негізгі физиологиялық маңызы зор қызметтеріне келесі бөлімдерді жатқызуға болады:



  • Қан барлық денедегі клеткалар мен тканьдарды сумен, керекті қоректік заттармен қаитамасыз етеді және зат алмасу кезеңінде бөлініп шығатын керексіз улы заттардан тазартып тұрады.

  • Оттегін жеткізіп, көмірқышқыл газын шығарып тұрады.

  • Гормональдық байланысты реттейді.

  • Денеге түскен инфекциядан қорғаныс қызметін атқарады.

  • Бірқалыпты осмостық қысым мен ышқылды-тұздар қатынасын ұстап тұруға көмектеседі.

  • Денеде жылу таратып, оның барлық бөлігінде бір қалыпты температура ұстап тұруына қамтамасыз етеді.

Денедегі үлкен артериялардағы қаннын ағу қарқыны 300-600 мм/секунд, ал майда капелярда-0,6-0,8 мм/секунд болады.

Қанның денедегі түгелдей айлану уақытты әр жануарлардың түрлерінде әрқалай болады. Мысалы, бұл көрсеткіш жылқыда 30, иттерде 15-18, қой мен ешкіде 14, үй қояндарында 7-8, секунд болады.

Қан құрамындағы белокдарға пропердин мен ферменттер де жатады.

Қан құрамында аз мөлшерде (15-50 мг%) гликоин және сүт, пирожүзім, сірке қышқылдары сияқты углеводтар алмасуының аралық өнімдері болады. Бұл аталған өнімдердің ішінде сүт қышқылының мөлшері басымыақ: жылқыда—18, бұқада-12, шошқада-40, итте-24мг%

Қан плазмасы арасында майлар мен олардың аралық алмасу өнімдері-глицерин, май қышқылдары да кездеседі.

Қан сары суы сарғыш түсті сұйық зат. Оның түсі қанның құрамында әртүрлі пигменттердің (бояғыш заттардың) болуына байланысты. Мысалы: жылқыда-лютеин, ірі қарада каротин, құста-ксантофилл бояғыштары болады.

Қан сары-суының құрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Қан сары суы белоктары негізінен екі үлкен-альбумин және глобулин бөліктерінен тұрады. Қан сары суынан басқа, құрамы жағынан оған өте ұқсас тағы да бір сұйықтық-плазма деп аталады. Плазманың қан сары суынан айырмасы-оның құрамында және бір белокдың түрі-фибриноген болады. Плазма негізінен клеткалар арасында болатын сұйықтық.

Қан сары суы белоктарының қызметі әт түрлі. Олар осмостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшері тұрақтылығын сақтайды. Қан сары суы құрамында альбуминдер глобулиндермен салыстылғанда екі еседей көп. Олар тек осмостық қысымның тұрақтылығын сақтап қана қоймай, әр түрлі дәрә-дәрмек препараттарын, ферменттерді, гормондарды, бояғыш заттарды тасымалдауда да зор роль атқарады. Глобулиндерден қанда түрлі қорғағыш заттар түзіліп, олар организм иммунитетін қалыптастырады.

Қан сары суындағы белоктардың арақатынасы малдың жасына, физиологиялық жағдайына (буаздық, сүттену) жыныстық түріне, малдың саулығына қарай өзгереді (кесте-1) Мысалы; жаңа туылған төлдің қан сары суында гамма глобулин болмайды. Олар тек төл емгеннен кейін ғана пайда болады. Төл өсе келе оның қанында глобулин көбейіп, керісінше альбуминнің азаюы байқалады. Сүттенудің алғашқы кезеңінде глобулиннің мөлшері көбейіп, сүттенудің соңғы кезеңінде кемиді. Қан сары суындағы глобулиннің мөлшері мал жұқпалы ауру мен ауырғанда, органдар қабыгғанда күрт көбейеді. Оған себеп түрлі қорғағыш денелер мен антитоксиндер b және g -глобулиндерден түзіледі. Қорғағыш денелер (антидене) организмге түскен бөгде заттардың (антигендердің) табиғатына қарай лизиндер (бөгде заттарды ерітетін, антитоксиндер токсиндерді-улы заттарды бейтараптайтын, зиянсыздандыратын, жоятын) аглютиндер (бөгде заттарды желімдейтін, жабыстыратын), препептиндер (бөгде заттарды тұндыратын шөктіретін) заттар болып бөлінеді. Әртүрлі ауылшаруашылық малдарының түрлерімен, тұқымдарымен асылдандыру жұмыстарын жүргізген кезде олардың шыққан тегіне, экстеръеріне, конституциясына, өнімділігі мен ұрпағының сапасына көңіл бөлетіні белгілі. Солай болса да бұл жұмыста кейбір кемшіліктерге жол беріледі. Мысалы, малдарды шыққан тегіне, ата тегіне, ата тегіне қарай балапан кезде оның тұқымының тумай тұрып жақсы болатынын күтеміз. Бірақ іс жүзінде «жақсыдан жақсы тауар» деген қағида көбінше сақталғанмен осы алдын ала болжау кейбір кезде растала бермейді.

Селекциялық жұмыста малдарды іріктеп алуды өнім мен ұрпақ сапасына қарай жүргізілетіні белгілі. Бұл жұмыс көп қолданылады, бірақ өзіндік аурытпалығы мен кемшіліктері бар. Соның бірі қаракөл қойларының, әсіресе қошқарлардың 2,5 жасқа шейін өз тұқымын бергенше сапасын анықтауға мүмкіндік бере алмайтыны. Бұл жаста оның өмірінің жартысы өтіп кетеді де, жоғары асыл тұқымды болғанымен шаруашылықта қолданылуы 3-4 жыл шамалы болып қалады.

Осы жағдайларға байланысты кейінгі жылдары ғалымдар малдарды бағалаудың өте тиімді әдістерін анықтау үшін жан-жақты ізденістер жүргізуде, әсіресе олардың жеке басының потенциясын жасырақ кезінде анықтау мәселесі өте маңызды. Бұл ретте малдарды сыртқы белгілері көбірек зерттелсе, енді ішкі тұқым қуалайтын заттарды, соның ішінде қан құрамындағы белоктар мен ферменттердің типтері және белсенділігі сияқты сұрақтар бойынша ізденістер жүргізіле бастады.
Резюме

В статье приведены особенности физиологических функций белка и его компонентов в организме


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет