Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана



бет6/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әдебиеттер:

1. Ахметов К. - Әртүрлі реңді және дене бітімді қаракөл қойларының қан құрамын зерттеу. тр. ВНИИК; 1973, 21 том бет 193-197

2. Алимджанов Қ т.б. – Құйрықты қой қозыларының қан құрамындағы жалпы белок және оның бөліктері. Кітап: жас ғалымдардың үй жануарларының генетикамен сұрыптау тәсілдері жайында өткен үшінші конференциясы. Ленинград, 1973, 327-329 бет.

3. Боякарев Н.Г. т.б. - Әр жастағы қара көл қозыларының қан құрамындағы белок пен оның бөліктерінің жыл мезгілдерінде өзгеруі. Кітап ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы мен мрофологиясы, Самарқанд 1979, 62-65 бет.


УДК 541.128.66
ҚАРАКӨЛ СҰР ТҮСТЕРІНІҢ ЕЛТІРІЛЕРІНІҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖӘНЕ РЕҢДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Маханов Қ., Шулембаева Н.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті.

Қазақстан, Шымкент қаласы
Сұр қаракөл игерілерінің эстетикалық сұлулығы мен сапасын анықтайтын елтірілік негізгі белгілердің қатарына олардың реңдерінің анықтығы мен біркелкілігі жатады. Бұл белгілердің өте қанық жағдайында сұр қаракөл барлық уақытта үлкен сұраныста, себебі ондай игерілерден біркелкі, әсем киімдер тігуге болады, ал реңінің анықтығы мен біркелкілігі төмен болған кезде киім ала-құла болып көзге нашар көрінеді.

Реңінің анықтығы көбінесе бұйра пішіні мен түріне, шаштың түп негізіндегі қою бояу мен ұшындағы ақшыл немесе сары бояудың арасындағы контрасты өтуіне байланысты.

Қаракөл қойының жүні негізінен үш бөліктен тұрады: Қылшық, аралық талшықтар және түбіт жүн. Қылшық талшықтардың ұзына бойына жақсы жетілген өзегі болады. Кейде өзегінде үзігі де кездеседі. Өзек диаметрі талшық диаметрінің үштен біріне тең. Қара, сұр және қоңыр талшықтардың өзегінде бояу (пигмент) болады, ал ақ талшықтарда ол болмайды. Аралық талшықтар қылшықтан қысқалау және жіңішкелеу. Олардың жуандығы 30-50 микронға жетеді. Өзегі үзік-үзік. Түбіт талшықтар әрі қысқа, әрі жіңішке болады (5 микроннан 30 микронға дейін) оның көлденең қимасы домалақ, өзегі болмайды.

Сұр қойларын зерттеген ғалымдар Н.С.Гигинейшвили мен А.К.Лебедов платина реңді қозылардың жүн ұшындағы ақшыл бояуы ұлғайған сайын рең анықтығы мен біркелкілігі төмендей бастады деп хабарлайды.

В.С.Жилякова жұмысында бұхар сұры қаракөл қойларын жүнінің ақшыл ұшының дәрежесіне қарай біркелкі жұптастырған кезде жақсы нәтижелер алынып, қозылардың 70% -нан жоғарысы қажетті орта немесе үлкен ақшыл ұшты болып түсті.

Қаракөл қойының жүн өнімділігі бойынша әр түрлі болуы, құрамының, өсіңкілігінің, майлылығы мен майысқақтық ерекшеліктері көптеген назарын өздеріне аудара бастаған. Осы бағыттағы ізденіс жұмыстарын Попова Н.В, Валиев Р.Г, Арипов У.Х, және басқа ғалымдар жүргізген [1].

Жүн өнімінің сипаты тері құрылысы мен олардың даму деңгейіне байланысты болады. Ол қойдың дене бітімі, конститутциялық типі, елтірілік типі, түсі және де басқа белгілерге байланысты өзгеріп тұрады.

Жұмсақтығы мен қоюлығы жүн талшығының жұмсақтығын сұқ саусақпен және басбармақпен сипау арқылы біледі. Мұндайда барлық қаракөл елтірісі талшығының жұмсақтығы біркелкі болмайды; біреулерінде ол өте жұмсақ, екіншісінде қатқыл немесе құрғақ болады. Тіпті қаракөл елтірісінің бұйра формасы мен басқа да тауарлық қасиеттері ойдағыдай бола тұрса да талшығының жұмсақтығы жеткіліксіз болса елтірі құны кемиді.

Талшықтың жұмсақтығы, оның тауарлық типіне ұзындығы мен жіңішкелігіне байланысты. Қысқа және жуандаған талщықтар қатқыл, әрі құрғақ болады. Талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі орташа болса (бұл жазық және жартылай шеңберлі толқындау бұйраға тән), ол неғұрлым жұмсақ болады.

Сонымен, жазық және жакет тауарлық типтеріне көбінесе өте жұмсақ және жұмсақ талшық, кавказдық типке – ептеген қатқылдық және құрғақтық тән.

Кейде созымдылығы мен жылтырлығынан айырылған талшықтарда қажетті жұмсақтық болмайды. Талшық диаметрі бойынша біршама жуандауы, бірақ қысқа немесе ұзын болуы мүмкін. Бірінші жағдайда талшық жұмсақ, екіншісінде – қатқылдау сезіледі. Жүн қою өскенде қалыпты жұмсақ талшық қатқыл, ал сирек болғанда шамалы жұмсақ сияқты болады. Демек, жұмсақтықты анықтағанда талшықтың қоюлығы мен ұзындығының айрықша мәні бар.

Талшықты ылғалдылықта жұмсақтығын бағалағанда ерекше мән бар. Қалыпты ылғалдылығы жоғары (28-30%) болғанда осы талшық шамалы жұмсақ, ал ылғалдылығы төмендегенде (12-14%) қатқыл сияқты болады.

Бөгде қоспалардың: шайырдың, төл шуы қалыңдығының, бөгде заттардың немесе ашудастың болуы талшықтың жұмсақтығын анықтауды қиындата түседі.

Қалыпты жұмсақтықта – талшықтың жіңішкелігі мен ұзындығы орташа, созымдылығы, серпімділігі және жылтырлығы қалыпты болады.

Өте жұмсақтықта – талшықтың жұмсақтығы біркелкі, созымдылығы мен серпімділігі өте жоғары, жылтырлығы өте күшті болады.

Майда жұмсақтықта немесе шамалы жұмсақтықта – талшықтың жіңішкелігі сәл жуандаған, созымдылығы әлсіреген, серпімділігі мен жылтырлығы жеткіліксіз болады.

Практикада жүн талшығын өте жұмсақ, шамалы жұмсақ, қатқыл және құрғақ деп бөлу қабылданған. Талшық жұмсақтығының бұл категориясын оңай анықтауға болады.

Жұртқа мәлім, талшықтың жұмсақтығы оның жылтырына тікелей байланысты. Мұның өзі екі белгінің де айқындық дәрежесін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Қаракөл елтірісі талшығындағы қара бояу, оның қыртыс және өзек қабатында пигментті түйіршіктің болуынан. Қара түстің басым болуы талшықта меланиннің шоғырлануынан. Түсі мен реңі әр түрлі қозыларда меланин біркелкі емес, ал шығу тегі гетерогенді қара қозыларға қарағанда гомогенді қозыларда ол көбірек. Мәселен, шығу тегі гомогендік қозы жүні талшығындағы пигмент күшті жылтырлықта 14,6 % меланин болады; ал осындай қозының талшығы талшығы қалыпты жылтырлықта болғанда 13,5 % ; қозы жүнінің талшығы слғын қара пигментте, құрғақ және күйген талшықта – 12,5 %, гетерогенді қара қаракөл қозыларда 10,6 %, екі ата-енесі де сұрдан туған қара қозы да (рецессивті қара) – 10,4 % меланин болады.

Тегі гомогенді қара қозыда пигмент талшықтың ұзына бойына орналасқан. Пигмент түйіршігінің негізгі бөлігі қабыршақты және қыртыс қабаттарда орналасқан. Қыртыс қабатына қарағанда, өзек қабатында олар сирек.

Демек, қара пигменттің қоюлығы талшық пигментіндегі меланин мөлшеріне байланысты. Ол көп болғанда қара бояудың қалыңдығын қамтамасыз етеді.

Қаракөл шаруашылығында талшықтағы қара бояудың қоюлығына ерекше мән береді. Қаракөл қозысын бонитировкалағанда немесе қаракөл елтірісін бағалағанда жазбаларға міндетті түрде талшықтың пигменттелу дәрежесін көрсетеді.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, талшықтың пигменттелу дәрежесі оның жұмсақтығы мен жылтырлығына байланысты. Қаракөл елтірісінің айқын жұмсақтығы мен күшті жылтырлығы, әдетте онда қою қара пигменттің болғанын аңғартады: ал елтіріде жұмсақтық жеткіліксіз (қатқыл, құрғақ, болбыр талшықтар) және жылтырлығы әлсіз (шыны тәрізді, көмескі) болса, онда талшық пигменті шамалы болады.

Бұйра типі әр түрлі қозыларда пигменттелуі түрліше келеді. Егер жакет тобындағы елтірі талшығының пигменттелуін 100 % деп алсақ, жазық қаркөлде ол 120 % , кавказдық топта 82 % және қабырғалы топта шамамен 75 %. Елтірінің барлық аумағындағы талшықтың пигменттелуі біркелкі емес: жамбастан басқа қарай ол көбейіп, бауырынан бүйіріне қарай азая түседі.

Талшықтың пигменттелуінің оның жұмсақтығымен жылтырлығына байланыстылығын негізге ала отырып, оны анықтау үшін арнайы эталонды пайдалануға болады.

Қою қара пигменттелу өте жұмсақ немесе жұмсақ, күшті немесе қалыпты жылтырлықтағы талшықтарда болады.

Қара пигменттелу жұмсақтығы қалыпты немесе жұмсақтығы шамалы, жылтырлығы қалыпты талшықтарға тән.

Жеткіліксіз пигменттелу шамалы жұмсақ, қатқыл, құрғақ, болбыр және де көмескі немесе шыны тәрізді жылтыры бар елтірілерде кездеседі.

Талшықтың жалтырлығы мен жібектілігі: Талшықтың жұмсақтығы секілді жалтырлығы да қаракөлде маңызды элемент болып саналады. Елтірінің барлық сапасы бірдей болған жағдайда ең алдымен талшықтың жылтырлығына баға береді.

Талшықтың жылтырлығы оның морфологиялық құрылысына атап айтқанда, оның қабыршақты қабатының құрылысына, формасы мен мөлшеріне, сондай-ақ бұйрадағы талшықтардың бүгілу бұрышына байланысты.

Талшықтың жылтырлығын былайша бөледі; қалыпты, күшті, шыны тәрізді, жеткіліксіз, көмескі. Осылардың әрқайсысы қаракөлдің тауарлық типтерінде кездеседі. Жакет тобындағы қозыларджа негізінен талшықтың қалыпты жылтырлығы (87,8 %), жазық тобында – күшті жылтырлық (84,0 %) және қалыпты (13,3%), қабырғалы тобында – қалыпты жылтырлық (75,4 %), кавказдық топта – қалыпты (62,1%) және жеткіліксіз жылтырлық (18,4 %) болатындығы анықталған.

Жакет тобындағы елтірілерде қалыпты және күшті жылтырлық, кавказдық топта – қалыпты және күшті, әрі көмескі жылтырлық, қабырғалы топта – қалыпты және көмескі, ішінара шыны тәрізді, жазық топта – қалыпты және күшті жылтырлық кездеседі.

Қаракөл қозысы жүн талшығының жылтырлығын органолептикалық жолмен анықтайды, сондықтан елтіріні осы белгілері бойынша бағалағанда ауытқу шамалы болады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, талшықтың жұмсақтығы жылтырлығына тікелей байланысты болғандықтан, елтіріні осы белгісі бойынша бағалау жеңілдей түседі.

Талшықтың күшті және қалыпты жылтырлығы күшті және қалыпты жұмсақтыққа ұштасады (талшықтың жіңішкелігі біркелкі, қоюлығы қалыпты және бұйрасы тығыз болғанда).

Талшық жұмсақ немесе қатқыл, жіңішке немесе жуан, жіңішкелігі әркелкі, қоюлығы жеткіліксіз, бұйралығы болбыр болған жағдайда талшықтың жылтырлығы жеткіліксіз келеді.

Шыны тәрізді жылтырлықта талшық бетінде кәдімгі сынған әйнек үгіндісі секілді сықыр сезіледі. Талшық жуандығының әркелкілігі оның қатқылдығына ұшыратады. Мұндайда талшық қою, бұйрасы тығыз немесе керісінше болуы мүмкін.

Көмескі жылтырлық көбінесе тым жіңішкерген немесе тым жуандаған құрғақ не формасы бұзылған, сондай – ақ бұйрасы ақаулы елтірілерде байқалады.

Талшықтың жібектілігі бұл белгі сұр қозыларда қара әріптесіне қарағанда жақсы дамыған болып шықты. Мысалы: қойларда жұптастырған кезде орта есеппен (19,0 ± 1,8)% күшті жібекті сұр қозы алынды. Бұл көрсеткіш қара қозыдағы цифрдан 6,5% жоғары, бірақ жібекті жүні бар төл саны бойынша қара қозы алда тұр.

Сұр мен қара қозылар жібектігі бойынша «сұр х қара будан» жұптастыруларына бір деңгейде тұрғанымен, жібектігі жеткіліксіз төл саны бойынша қара түстісі 8,8 %- ға алдпа тұр.

Осы мәселелер В.М.Юдин, М.И.Котов [2] және басқалар бұрынырақ хабарлап кеткен нәтижелерді тағы да дәлелдеп отыр, яғни сұр мен қара түсті қойларды шағылыстырған кезде қозы жүнінің қалыңдығы жібектілігі мен жалтырақтығы жақсара түседі.

Айтып өткендей, ағарған ұштың ұзындығына қарай сұр түстің анықтығы айқындалады, дегенмен барлық қозылардың туылған кездегі пигментация қатынасы әр түрлі. Сондықтан әрбір реңнің ашылу деңгейі аталған белгіге байланысты, ал сирень реңіне жүннің ашық ұшы 6/10 ұзындыққа шейін барса, күміс реңде 3/10 қатынас қалыптасқан алтын реңдегі қозылардың үштен бірінде 2/10 қатынас бар.

Бұйраның тығыздығы немесе серпінділігі дегеніміз, олардың әдеттегі формасына сай қалыпты тығыз құрылысы, механикалық жолмен бұзған кезде ол өзінің бастапқы қалпына келіп, сол күйін сақтай алады.

Бұйраның тығыздығының үш түрін ажыратады: серпінді бұйра – мұндай бұйралар өзінің формасын өзгертпейді; орташа – мұндай бұйралар формасын бірсыпыра өзгертеді де, қалпына онша тез келе қоймайды; әлсіз (болбыр) бұйралар – формасын күрт өзгертіп, қалпына нашар келеді.

Бұйраның тығыздығы елтірінің маңызды қасиеті болып табылады. Егер тығыздығы жақсы болса, жазық бұйралы сорттан басқа елтірілер мұнан жоғары баға ала алмайды

Жүннің жібектілігі қалыпты болған жағдайда бұйралардың оңды типінің тығыздығы жоғары болады. Өте бизы және қылшық жүннің серпінділігі нашар келеді. Түк ақауы бар бұйралар (қылшық немесе құрғақ) қаттылығы арқылы ғана өзінің формасын жақсы сақтайтын болса, онда мұндай тығыздық елтірінің артықшылығы емес, ол осы типтерге тән ақаулардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Түстердің тұқым куалауы ғылыми заңдылықтарымен тұжырымдалғандай, іс жүзінде қаракөл шаруашылығында кеңінен пайдаланылып келеді. Себебі терілердің қүндылығы олардың түр-түсіне де негізделген, ал қойлардың түр-түсінің өзіндік биологиялық ерекшелігімен қатар, шаруашылық бағамы да әртүрлі. Осыған байланысты түрлі-түсті мал басын алуда әртүрлі әдістер пайдалана отырып, оларды әрі қарай жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылады.

Атап көрсету керек, біркелкі жастағы қаракөл тұқымында жеке даму дәрежесі тұқым қуалау мен сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады.

Кейбіреулерінде елтірінің дамуы баяу болып - мысалы жоғарғы сортты қаракөлшеде бұйра түзілуі кейіннен дамиды, ал кейбірінде елтірінің жетілуі тезірек жүріп, қаракөлше терісі тез пайда болады. Ал негізгі бөлігінде елтірінің дамуы орташа жағдайда болады.

Қазіргі уақытта «Асылдандыру ісіндегі қозыларды бонитировкалау ережелері» [3] қаракөл қойларын елтірі түріне қарай бес топқа бөледі: жакеттік (бұйралары жартылай шеңберлі), жазық (бұйралар тегіс), кабырғагүлді (қабырға бұйралар), қаракөлше (жал бұйралар), кавказдық (біршама өсіңкі бұйралар) түрімен, пішінімен, биологиялық ерекшелігімен, жатырда даму ұзақтығымен ерекшеленеді.

Б.Н.Васин буаздық мерзімінің тұқым қуалайтындығын анықтай отырып мынадай қорытынды жасады: өздерінде жатырда даму ұзақтығы әртүрлі болған ата-аналарды іріктеп алғанда, өз кезінде олардың да буаздық мерзімі) ұзақтығы әртүрлі болған. Яғни, өздері ертерек дүниеге келген қойларда қозылардың ерте дүниеге келуі 35,7%, орташа ұзақтықта дүниеге келген ата-аналарда орташа буаздық ұзақтығы байқалған - 56,6%, ал өздері кеш дүниеге келген ата-аналардағы буаздық мерзімінің созылуы 70%.


Пайдаланған әдебиеттер

1 Омбаев А.М. Селекция и генофонд каракульских овец. -Алматы, 2003. -221 с.

2 Дарвин Ч. Происхождение видов. -М., 1937. -230 с.

3 Кулешов П.И. Влияние питания на откорм животного тела и на характер продуктивности.–М.,1949.-30 с.

4 Кулешов П.И. Научные и практические основы подбора племенныхживотных в овцеводстве. –М., 1960. –С.34.

Резюме

В статье приведены влияние разного уровня белкового питания в сыворотке крови животных.



ӘӨЖ 582.947. 27 (321)
КҮЙІС ҚАЙТАРАТЫН МАЛДАРДЫҢ АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ МЕС ҚАРЫНЫНДАҒЫ МИКРОРГАНИЗМДЕРДІҢ АС ҚОРЫТУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ.
б.ғ.к., доцент Утебеков Қ.И., магистр Исламова Г.Б., Түзел А.Қ.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент,Қазақстан


Тірі ағза бір қалыпты, тұрақты ұзақ жыл өмір сүруі үшін, ондағы жасушалар мен ұлпалардың өсуі және жаңаруы үшін, ағзалардың морфогенезінде және физиологиялық функцияларының қалыптасуы үшін тірі ағзаға органикалық және бейорганикалық заттар әрдайым қажетті деңгейде түсіп тұруы керек. Бұл заттарды өсімдіктер мен жануарлар қорек арқылы қабылдайды және олар сол организмнің энергия көзі мен зат алмасу процесіне қатысады. Қоректің заттардың кұрамында нәруыздар, көмірсулар, майлар, витаминдер, гармондар, су және суда еритін минералды тұздар болады. Аталған қоректік заттар азық құрамында болады және олар ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездесетіндіктен ас қорыту жүйесінде қан мен лимфа арқылы ағзаға тарағанымен, жасушалар мен ұлпаларға тікелей сіңе алмайды. Олардың сіңуі үшін арнайы химиялық, биологиялық және физикалық өңдеуден өтіп, қарапайым және суда еритін қосылыстар түріне міндетті түрде айналу қажет.

Мысалы: азық құрамындағы нәруыздар біртіндеп амин қышқылдарына, майлар май қышқылдары мен глицеринге, ал көмірсулар жүзім қанты не болмасы басқа моносахридтерге айналғанда ғана олар денеге қан арқылы тарап, жасушалар мен ұлпаларға сіңе алады. Бұл процестердің барлығы ас қорыту мүшелерінде жүретін процесстер, бұл процесті астың қорытылуы деп аталады. Ал барлық қорытылатын заттар, яғни амин қышқылдары, глицерин мен май қышқылдары, жүзім қанты ас қорыту трактысының кілегейлі қабаты арқылы қан мен лимфаға сіңе алады, және сол арқылы жасушалар мен ұлпаларға өтеді.

Нақты айтатын болсақ, ас қорыту - деп сыртқы ортадан ағзаға қабылданған қоректік заттардың күрделі қосылыстары денеге жеңіл және оңай сіңетін қарапайым қосылыстарға ыдырауын айтады.

Күрделі молекулалы қосылыстардың қарапайым қосылыстарға айналу үшін ас немесе қорктік заттар химиялық, физикалық (механикалық) және биологиялық процесті өңдеуден өтуі керек деп жоғарыда айтылды, ал енді осы прцестерге қысқаша түсінік берейік.

Механикалық процесті өңдеуден - шайнау аппараты, яғни тіс, жақ арқылы, ауыз қуысында өтеді. Ауыз куысында шайналып, ұнтақталған азық, ас қорыту мүшелерінің кейінгі бөліктерінде ондағы ет қабығының жиырылуы немесе созылуы әсерінен шайқалып, араласып отырады.

Химиялық процесті өңдеу - ас қорыту процесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Мұнда қарын ішек жолы сөлінің құрамындағы сілтілер мен қышқылдар арқылы азықты ыдырату арқылы қорыту процесіне дайындайды да, ал ағзадағы ферменттер қоректік заттардың ағзадағы химиялық өзгерістерін жылдамдатады.

Биологиялық процесті өңдеу – бұл өте күрделі процес. Ас қорыту жолында микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен ірі молекулалы қоректік заттар ұсақ молекулаларға (мономерлі) ыдырайды, яғни микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен ірі молекулалы қоректік азық алғашқы өңдеуден өтеді. Микроорганизмдер әсіресе қарындағы ас қорыту процестерінде арасан зор роль атқарады. Кейбір өсімдіктерде (мақтада, кенепте, жоңышқада) азық ретіндегі түрлерінің құрамында клетчатка көп мөлшерде болады. Ал жануарлардың, әсіресе күйіс қайтаратын малдардың аc қорыту сөлінің құрамында осы клетчаткаға әсер ететін ферменттер болмайды. Сондықтан целлюлозалық клетчатка тек микроорганизмдер есебінен және солардың әсерінен қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдердің әрекетінен ақуыз ыдырап және шіріп, майлар тотығып, көмірсулар ашиды.

Ал мес қарындағы организмдердің түрі, саны, қабылдаған азықтың құрамына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар мес қарында микроорганизмдердің тіршілігі үшін жағдай, өсіп көбеюіне қажетті жағдайлар жасалған. Осыған байланысты қарапайым инфузориялар, бактериялар, саңырауқұлақтар мес қарында жүретін биохимиялық процестерге әсері өте жоғары.

Күйіс қайтаратын малдардың ас қорыту жүйесі мес қарынындағы микрорганизмдердің ас қорытудағы қызметін анықтап, биохимиялық прцестерді зерттеу арқылы үй жануарларынан жоғары сапалы өнім алу үшін қоректік заттармен қамтамасыз етілді. Микроорганизмдердегі белоктардың түзілуін камтамасыз ету, қоректік заттардың сапасын арттыру.

Күйіс қайыратын малдың қарнын мекендейтін инфузориялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ірі қара қарнында олардың 60 түрі, қойларда — 30, бұғы мен ешкіде 20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікті инфузориялар маңызды орын алады. Олардың саны малды пішен және тамыр-түйнекті өсімдіктерден тұратын рационмен азықтандырғанда көбейеді. Малды клетчатка мен белоктарға бай азықтармеи жемдегенде қарында инфузориялардың ірі түрлері ал, рацион құрамында крахмал молайса, инфузориялардың кіші түрлері дамиды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Алиев А.А. и др. "Изменение числа бактерий и инфузорий по камерам


преджелудков жвачных".-В.кн.материалыЗ-ей всесоюзной конференц. По физиологии и биохим. Основом. Повышения продуктивности с.х.животных. Москва Колос 1966. вып.2. ст.30-32.

2.Базанова Н.У., Ташенов К.Т., "Значение микроорганизмов в питании


жвачных животных" - науч. Труд. Инст. Физиологии академии наук . Алм. 1959 том 2. ст.20-29

3.Т.У. Измайлов "Мал физиологиясы" 1987 жыл.

4.Л.И. Катречко, О.В. Бахмут " Количественные изменения микрофлоры рубца животных при скармливаний кормосмесей с различным содержанием трявяной муки", - В кн: Физиология и биохимия сельско-хозяйственных животных. Кишенев 1973 вып. - 23, ст. 48 - 50
Резюме

В статье рассматриваются значение микроорганизмов в питании жвачных животных, и изменение числа бактерий и инфузорий по камерам преджелудков жвачных.



ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
т.ғ.к.,доцент Амандиков М.А. Иф-111 тобының студенті Ахметова Н.С.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


Кілттік сөздер: электрондық оқулық, мультимедиялық жүйе, гиперсілтеме, кванттық принцип, мотивация.

Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.

Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.

Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.[1]

Электронды оқулықтың кейбiр бөлiктерiне тоқталайық.

Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.

Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды – 25%, ал егер аудио-визуальды–65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар арқылы естуге болады.

Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады.

Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.

Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек – компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.

Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.

Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.

Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.

1.Теоретикалық негiз;

2.Теория бойынша бақылау жұмысы;

Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.

Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте ақтау керек.

Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек. Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер мен графикалық салуларды орындайды, және кез келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды. Жинақтау принципi: Электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек.

Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi.

-негiзiн таңдау;

-қайта жасау құқығы туралы автормен келiсiм жүргiзу;

-модульдi тарау бойынша тесттi қайта жасау немесе құрылуы;

-электрондық формада гипермәтiндi қолдану;

-компьютерлiк қолдау құру;

-мультимедиялық жаулау үшiн материалдар теру;

-дыбыстық тасымалдау құру;

-визуальдау үшiн материал даярлау.

Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.

Оқу процесiн негiзгi факторлармен қарқындандыру электрондық оқулықтың көмегiмен жасалады:

-жоғары мақсаттық бағыттау;

-мотивацияны күшейту;

-оқу мазмұнының ақпаратты көлемiн жоғарылату;

-оқу-танымдық қызметiн үйренудiң активтiлiгi;

-оқу қызметiнiң қарқындылығын жоғарылату;

-электрондық оқулықпен жұмыс iстеу тиiмдi, тек қойылатын талаптар орындалса:

-жылдам байланыс;

-керектi анықтамалық-ақпаратты iздеу жылдам жүргiзiлсе;

-көрiнiстiк мысалдар мен моделдер;

-бақылау.

Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни, пайдаланушылардың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi.

Мультимедия 4 типтi әртүрлi мәлiметтердi бiр арнаға байланыстырады:

Мәтiн , бейнелер, қозғалатын бейнелер, дыбыс, әуен.

Электрондық оқулықтың ерекшелiгi құрылымы мен гипермәтiндiк құжатында. Гипермәтiн – бұл құжат басқа құжаттарға сiлтеме берiп, тек жай ғана тышқанның көмегiмен секiрiп өте алады. Сiлтеменiң орнына мәтiн, сурет, түймелер және басқа да объектiлердi бере алады. Электрондық оқулық интегралдық дайындықты бередi, бiрнеше курстық бөлiмдерге немесе әртүрлi тәртiптерге де қабылдаулардың тұтастығын қамтамасыз етедi. Қатынастың да маңызды байланысын анықтау дифференциялды және индивидуалды оқуға сәйкес келуiн өзiнiң жеке оқытатын картасы негiзiнде қамтамасыз етуi мүмкiн. Электрондық оқулықтың оқу жүйесiнде ұйымдастырылған мақсатынан нәтижесiне дейiн көрсетiледi. Қазiргi жағдайда электрондық оқулықты компьютерлiк жүйеде оқыту ұйымдастырылып отыр. Байқап отырғанымыздай, электрондық оқулық, оқулыққа арналған жалпы дидактикалық талаптарға сай құрылады. Сондықтан электрондық оқулық құрылымы дәстүрлi оқулыққа ұқсас болады.[2]

Қазіргі уақытта электрондық WЕВ оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқынын оқыту барысында жаңа технологиялық әдістер кең көлемде қолданылуды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясының барлығы білім алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай әртүрлі технологияны пайдаланып білім алушылардың білім деңгейлерін бақылауға болады.Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады. Оқушылар үшін электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе. Электрондық оқулықтармен оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар. Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады. Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн - өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.

Электрондық оқулықтың тиiмдiлiгi мынада:

Оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс iстейдi; оқушы бiлiмi компьютерлiк жүйе арқылы бағаланады; иллюстрациялық әдiс көп қолданылады; қисынды ойлау жүйесiнiң дамуына түрткi болады; берiлген тапсырмаға деген қызығушылығы артады.

Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:

-тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді(интереактивті қасиеті)

-қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.

-гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады.

-әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықты мынандай жағдайларға қолдануға болады:

-теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

-сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда мүмкіндік көмектеседі;

-сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген. Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді.

Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі. [3]

Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындық сапасын арттыруға және оқу – танымдық үрдісі ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерде өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет