Алматыда 26 қаңтарда таңертең "Райымбек" станциясында ақпараттық желі істен шығуына байланысты метро жұмысында ақау болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cурет Метрополитен бекеттері порталынан

Осыған байланысты метродағы пойыздар қолмен басқару режиміне ауыстырылған.

"Барлық станцияларда қозғалыс аралығы уақытша ұлғайтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Қазір метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді. Алаңдауға негіз жоқ", – деп хабарлады "Метрополитен Алматы" КМК.

  • Төтенше жағдайлар департаменті Алматыдағы жер сілкінісінің қашан тоқтайтынын нақты білмейді

  • Жер сілкінісі кезінде жер үй шын мәнінде қауіпсіз бе – Маман жауап берді

Бұдан кейін мамандар тез арада ақауларды жоюмен айналысып, қысқа мерзімде пойыздардың қозғалыс аралығын қалпына келтірген. Метрополитен өкілдері “қолайсыздықтар үшін” кешірім сұрады. 

Еске салсақ, Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғаны туралы хабарлаған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.