Заң жобасына сәйкес, банктер жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәжіліс отырысында депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Бұл ретте тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі болған кезде азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге, сондай-ақ тоқсан күннен астам мерзімі өткен қазіргі кредиттеріне сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бірақ 90 күннен астам мерзімі өткен берешек болған жағдайда, төлем картасы бойынша 75 АЕК – 276 900 теңгеден аспайтын сомада несие лимитін пайдаланған жағдайда, бұл тыйым тұтынушылық несиені алуға қолданылмайды.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енді жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік несие беруге тыйым салынады.

Бұған дейін мерзімі тоқсан күннен өткен берешегі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынғаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.