«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 123.84 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі123.84 Kb.


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 орта мектебі» ММ

Ғылыми-зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан»

Бағыты: Өлкетану



Орындаған: Амиркулов Айдос


№18 ОМ 3 «А» сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: Кенжеханова Бакытгуль
№18 ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Қостанай 2013ж.
Мазмұны:


  1. Кіріспе. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі.................................... 3 бет



  1. Негізгі бөлім. Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан.

2.1. Қызғалдақ гүлінің таралуы, көбеюі..................................................6 бет


2.2. Қызғалдақ гүлдерінің дәрілік қасиеті..............................................14 бет



  1. Қорытынды бөлім. ................................................................................17бет

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................19бет


1

Зерттеудің мақсаты:

Туған өлкеде өсетін қызғалдақ гүлінің Отаны-Қазақстан екенін мектеп оқушыларына жеткізу және дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Зерттеудің міндеттері:


  • Туған өлкеде өсетін өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу.

  • Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу.

  • Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.




2

Кіріспе

Қазақстан табиғаты өсімдіктерге бай. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін алыс-жақын шетелдердің Қазақстанды мойындауы, оның тарихына терең үңілуге, қайта қарауға жол ашты. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туризм саласын дамыту мәселесін алға ұсынғаны белгілі.

Тарихы терең, табиғаты тамаша көрікті жерге келіп, демалып, бой сергітіп, ой жиып, тың деректермен танысқысы келетін туристерге, табиғат жанашырларына қолайлы жағдай жасауға жаңа бір мүмкіндік туғандай болғаны рас. Қазақстан аты аталғанда бойда қан ойнап, өткенің мен бүгінің санаңа саңылау салып өткендей болады. Бұл сөз қазақ баласының өз ұлты мен туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігінен болар. Осы Отанымның тарихы тұңғиық терең сырларға толы, өсімдіктер дүниесі туралы бір төбе ой қозғауға болады.

Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің он бес мыңдай(15 000) түрі бар. Оның ішінде балдырлардың екі мыңнан

(2 000)астам, қыналардың алты жүзге(600) жуық, мүктектестердің бес жүзге(500) жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің алты мыңнан астам(6000) және саңырауқұлақтардың бес мыңдай (5 000) түрі кездеседі.

Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер жеті жүз отыздан(730) асады.Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.

Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер.

Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і эндемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы


3

алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.

Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің 4,7%-на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған, соған қарамастан соңғы жылдары Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр. Орманды шаруашылық салаларында пайдалануға байланысты өнеркәсіптік, қорғаныштық, шипажайлық, қорықтық және т.б. да мәні бар деп жеке топтарға бөледі. Орманның эстетикалық мәні де бар.

Елімізде ерекше қорғалатын 2 мемлекеттік ("Ертіс орманы" және "Семей орманы") резерват бар. Бұлардан басқа ормандар, қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, қорықшалар, дендрологиялық және ботаникалық бақтар, сондай-ақ табиғат ескерткіштері де қатаң қорғалады.

Еліміздегі орманның көпшілігі солтүстік өңірлер мен оңтүстік және оңтүстік шығыс алқаптардағы таулы аймақтарда өседі. Табиғаттағы және адам өміріндегі орманның маңызын "орман — ел дәулеті, жер сәулеті" нақылынан байқауға болады.

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды.

Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше.

4

Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.



5
2.1. Қызғалдақ гүлінің таралуы, көбеюі

Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі.

Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді.

Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.

Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі.

Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары



9

саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Қызғалдақтардың көбісі тұқым арқылы көбейеді. Жабайы күйінде 12-15 жылда ғана гүлдейді, ал мәдени түрлері 3-4 жылда гүлдейді. Егер оларды жұлып алмасаң, олар он шақты жылға дейін белгілі бір уақыт аралығында гүлдеп тұрады. Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық.

Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды.

Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғандарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың

Шренк қызғалдағы -1873 жылы Эдуард Людвигович Регель (1815-1892) зерттеп, 1840-1843 жылдары Солтүстік және Шығыс Қазақстанның табиғатын зерттеген, Петербург ботаникалық бағының қызметкері Александр Иванович Шренктің (1816-1876) құрметіне атаған.
Островский қызғалдағы-1884 жылы Эдуард Людвигович Регель (1815-1892) зерттеп, қағазға түсірген.
Регель қызғалдағы – 1887 ж. көрнекті ғалым-ботаник Андрей Николаевич Краснов (1862-1914) зерттеп, Петербург ботаникалық бағының директоры Эдуард Людвигович Регельдің (1815-1892) құрметіне, оның атын берген.
Колпаковский қызғалдағы – 1877 жылы Э.Л.Регель суреттеп, Жетісу губернаторы Герасим Алексеевич Колпаковскийдің атымен атаған.

2.2. Қызғалдақ гүлдерінің дәрілік қасиеті

«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып Қызғалдақ гүлдерінің емдік қасиеттерін зерттеу басталды. Ес білген әр бала бері оқыған - түйгенінің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастайды.

Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.
Қазақ халқы ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым.

Сонымен бірге Алматы қаласындағы дәріхана қызметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін іздестірілді. Өз бөлімшенің дәрігері, терапевт Жаксыбаева Баглан апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім.


Зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.

40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.


Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ.

Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.


«Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Қазақстанда өсетін қызғалдақ гүлін молайтып, шет елдерден дәрі алдырғанша, табиғи жолмен емделген пайдалы сияқты.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Алматы ауданы маңындағы жерлерде өсетін көптеген дәрілік қызғалдақ өсімдіктері бар. Оларға: Геснер, кауфман қызғалдағы жатады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ләззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай - ақ, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, Геснер қызғалдағы ата заманнан «өмір дәрумені» аталған, сонымен қатар дәрумендер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында

қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Қызғалдақ гүлдерінің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады.

Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі осы гүл. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру.

Қорытынды
Үлкен-кіші, жас-кәрі демей әркім ісімен де, сөзімен де ел Тәуелсіздігінің тойына мерейлі баруды көздейді. Оған мүмкіндік те бар, жағдай да жасалған. Егемендіктің, еркіндіктің, тәуелсіздіктің ғасырлар бойы бабалар аңсаған арманымен астасып жатқанына қуанамыз. Халқымыздың қамын ойлаған небір батырлар мен билер еркіндік жайлы, егемен ел жайлы сөз қозғағанда тұнықтың бастауынан нәр алған тамаша ойлардың Тәуелсіздік таңына ұласқанына тәуба дейміз. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елдің болашағы. Ал, болашақ үшін тер төгу, еңбек ету бұл шын мәнінде де бақыт десек, бұл жолдағы үлгілі істеріміз өркен жая береріне еш күмән болмаса керек.

«Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей жүргізілгеніне бір жылдан асты. Сынып жетекші мен ата ананың көмектесуінің арқасында көптеген іс-шаралар атқарылды.


Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып, жасалған жұмыс нәтижелерін біріктіре отырып, жұмысымның нәтижесін көруге тырыстым. Зерттеу барысында қызғалдақты өз көзіммен көруге ұмтылдым. Отбасыммен Торғайға қыдырып келе жатқанда, жазық далада қызғалдақ гүлдері жайнап өсіп тұр екен. Бұл өсімдік туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кезде ауырғанда қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттелді.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Осы өсімдікті пайдалана

отырып, мектеп жасындағы балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді деген ой түйдім. Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойылды:


- Мектеп оқушыларына өз туған жерінің өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеті бар өсімдіктерді арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білсе.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Дүниетану кітабы. К.Жүнісова, 2-сынып, Алматы, 2009 жыл.




  1. Жаратылыстану кітабы. Б.Ш.Әбдіманапов, 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010 жыл.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет