Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының



жүктеу 404.09 Kb.
бет1/3
Дата30.04.2019
өлшемі404.09 Kb.
  1   2   3


Әкімдіктің

2009 жылғы

«___»____________________

№___ қаулысымен бекітілген




Қостанай облысы

әкімдігі қаржы басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Қостанай қаласы, 2009 жыл



Стратегиялық жоспардың мазмұны
1. Миссиясы мен пайымдауы

   


   2. Ағымдағы ахуалды талдау

   


   3. Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының стратегиялық

бағыттары, оның қызметінің мақсаттары мен міндеттері

   

   4. Қаржы басқармасының функцияналдық мүмкіндіктері мен ықтимал



қатерлері

   


   5. Нормативтік құқықтық актілері

   


   6. Бюджеттік бағдарламалар

1. Миссиясы мен пайымдауы
      Миссиясы - тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.

      Пайымдауы - облыстағы мемлекеттік саясаттың іске асуын қамтамасыз ететін қаржыны және коммуналдық меншікті басқаруды тиімді қызмет ететін жүйесі.


2. Ағымдағы ахуалды талдау
«Облыс бюджетінің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету», «Қызмет сапасын және оған қол жеткізуді арттыру» стратегиялық бағыттары бойынша

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму және фиcкалды саясатының бекітілген орташа мерзімді жоспарына сәйкес шығыс тиімділігін арттыру есебінен аймақтың қаржы мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен облыстың экономикалық өсуіне жәрдемдесу қажет.

Қазіргі уақытта қойылған міндеттерге жету үшін бюджеттің орындалуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын мақсатты және уақытылы игеруін, бюджетке түсетін түсімдерді толық және уақытылы есептеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін уақытылы жүргізу қажет.

Қаржы басқармасы бюджеттің толық және уақытылы орындалуы мақсатында жергілікті бюджеттің түсімдерін орындау және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалану мониторингін жүзеге асырады, бұдан басқа, Бюджет Кодексінің талаптарына, тиесілі нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен және олардың ведомствосына қарасты мемлекеттік мекемелерімен бюджет қаражатын пайдалану талданады.

Тоқсан бойынша және бір жылға бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша облыс әкімінің немесе әкімнің орынбасарларының басшылығымен аудан және қала әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшылары, Қазынашылық департаменті және Қостанай облысы бойынша Салық департаменті басшыларының қатысуымен облыс бюджетінің орындалу мәселесі жөнінде облыстық кеңейтілген кеңес өткізіледі.

Олардың нәтижелері бойынша бюджеттің орындалуын толық және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шараларға тиісті хаттамалық шешім қабылданады.

Қаржы басқармасы мемлекеттік басқару жүйесінде ең маңызды бөлім ретінде бюджеттің тиімді орындалуына және облыстық мемлекеттік активтерін сапалы басқаруға ықпал етеді.

Бюджеттің атқарылуы бөлігінде 2007-2008 жылғы кезеңдегі жағдайды талдай отырып:

1) 2008 жылда облыс бюджеті табыстар бойынша 100,6%-ға, немесе болжам кезінде 79 960 006 мың теңгеге орындалды, нақты 80 453 249,8 мың теңге түсті немесе болжамнан тыс 493 243,8 мың теңге түсті.

2007 жылы табыс 58 736 173 мың теңге жоспар кезінде 101,8%-ға орындалды, орындау 59 804 633,8 мың теңге құрады, қосымша 1 068 460 мың теңге түсті.

1 қаңтарда 2008 жылғы жағдай бойынша салық және жергілікті бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер бойынша беріс 319 432 мың теңге құрайды, 2008 жылдың ішінде 58 145 мың теңгеге қысқартылды және 01.01.09 жылғы жағдай бойынша 261 287 мың теңге құрайды.

2) 2008 жылғы облыс бюджетінің шығысы 82 млрд. 173,5 млн.теңге сомасына немесе 99,6 %-ға орындалды. 362,8 млн.теңге пайдаланылған жоқ, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша – 22,5 млн. теңге және тұрғын үй салуға несие беру бойынша – 31 млн.теңге.

2007 жылда шығыстар 98,4 %-ға орындалды. 1 009,6 млн. теңге пайдаланған жоқ, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша – 351,1 млн. теңге.

3) 2008 жылда кредиторлық берешек облыс бюджеті бойынша 43 850 мың теңге сомасында пайда болды, соның ішінде 39 037,6 мың теңге төлеу мерзімі толмаған берешек және 5 749 мың теңге орналасқан жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлердің Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша талап мерзімі өткен берешек. 2007 жылмен салыстырғанда негізінде ай сайын жалақы төлеу есебінен 371 731 мың теңгеге едәуір азаю бақыланады.

2008 жылда дебиторлық берешек 233 013,8 мың теңге құрады, оның 11 252,5 мың теңгесі талап мерзімі өткен берешек, сонымен қатар 2007 жылмен салыстырғанда 32 000,8 мың теңгеге өсу бақыланады.

Облыс бюджеті бойынша кестеленген осы талдау былайша көрінеді:




Р/с №

Көрсеткіші, өлшеу бірлігі

2007 жылы

2008 жылы

Ауытқуы (+ өсуі; - төмендеуі)

1.

Табыс бойынша орындау, %

101,8%

100,6%

-1,2

2.

Беріс, млн.теңге

319,4

261,3

-58,1

3.

Шығыс бойынша орындау, %

98,4

99,6

1,2

4.

Шығыс бойынша игермеу, млн.теңге

1 009,6

362,8

-646,8




соның ішінде, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша, млн.теңге

351,1 

22,5

-328,6

5.

Кредиторлық берешек, млн.теңге

415,6

43,8

-371,7

6.

Дебиторлық берешек, млн.теңге

201

233

32

Бюджетті орындау және бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізу кезінде Басқармада жиі кездесіп тұратын мына проблемаларды белгілеуге болады, оларды болдырмау стратегиялық бағыттарды іске асыруда көрсетіледі:

Жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбей бюджетті орындау;

Түсімдер бойынша жоспарды орындамау мүмкіндігіне байланысты және қолма-қол бақылау шотында ассигнованияның болмауына сәйкес жоспарланған нәтижелерді орындамау;

Кредиторлық берешектің және дебиторлық берешектің өсуі;

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және төменгі уәкілетті органдардың бюджетті орындау бойынша ең төменгі орындау тәртібі бюджеттік және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру бөлігінде, сондай-ақ белгіленген есептілікті уақытылы тапсыру, жоғары тұрған органға Басқармамен қалыптасқан және ұсынылған облыс бойынша есепті деректердің сапасын және мерзімін төмендету салдарынан.

Бұдан басқа бюджеттік бағдарламаны орындау бөлігінде мынадай проблемалар бар:

бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз іске асуына әкеліп соқтыратын бюджетті орындау кезінде (бюджеттік бағдарламаның іс-шаралары бойынша шешім қабылдаудан соңғы есеп айырысуға дейін) бюджеттік процедуралардың көп сатылығы және қиындығы;

бюджеттік бағдарламаны уақытылы орындау.
«Коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру» стратегиялық бағыты бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы және Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік активтермен басқарудың 2006 – 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті деңгейде мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді, ол бағдарламада мынадай нәтижелер көрсетілген, өзгеруін негізгі көрсеткіштердің серпінінде төмен көретін және келешекте шешімін талап ететін проблемалары анықталған Қостанай облысында коммуналдық мүлікті басқарудың ашық және анық жүйесін құру жөнінде нақты міндеттер қойылды.



Коммуналдық мүлікті ағымдағы тиімді басқару мақсатында шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктің тиімділігін және оны мақсатты пайдалануын тексеруді жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу), мүлікті баланстан балансқа беру және оны есептен шығару жөніндегі мәселені қарау мониторингі жөнінде тиісті жұмыс жүргізілуде.

Жалға беру, есептен шығару және беру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер кестелерде көрсетілген







01.01.2007 ж.

01.01.2008 ж.

01.01.2009 ж.

Жалгерлік шартының саны

1086

1154

1360

Үй-жайдың ауданы, мың ш.м.

70,162

70,513

61,435

Жалға беруден түскен түсімдер, мың теңге

60658,819

66253,400

70440,500

Берешектің болуы, (төлем) мың теңге

+1014,974

+328,468

+725,182

Жылдық орташа құны 1 ш.м. (айына теңге)

108,525

113,150

121,244

Жалға беруден түскен түсімдер бойынша жоспардың атқарылуы, %

142,8

118,3

119,7

Уәкілетті органдар жағынан берешекті өтеу бойынша жер жерлерде жалға беруге, соның ішінде өсімақы, айыппұл есептеу жолымен уақытылы шаралар қабылданады. Сонымен, 2007 жылда бюджетке 979 мың теңге сомасында және 2008 жылда 691 мың теңге сомасында өсімақы аударылды.








2006 жылда объектілердің саны

2007 жылда объектілердің саны

2008 жылда объектілердің саны

Есептен шығарылды

Тапсырылды

Есептен шығарылды

Тапсырылды

Есептен шығарылды

Тапсырылды

ММ

2352

496

163

341

171

471

МКК

26

9

13

6

15

6

МКҚК

53

32

23

29

20

29

Барлығы

2431

537

199

376

206

506

Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген объектілерді есептен шығаруға және беруге келісім бойынша жұмыс жүзеге асырылды. Сонымен, 2007-2008 жылдарда 1 054 бірлік есептен шығару бойынша және 2 221 бірлік беру бойынша объектілер қаралды.


Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табыс бөлігін мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық аударуды бақылаудың бюджетке аударуға тиесілі сомасы, мысалы 2006 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде толық көлемде есептелгенін көрсетеді.

Сонымен, 2006 жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша 2007 жылы Қостанай облысының бюджетіне 2 226,2 мың теңге түсті, 2007 жыл үшін 2008 жылы 8 890,6 мың теңге түсті, 2008 жыл үшін 2009 жылы 5 610,2 мың теңге түсті. 2007 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелердің өсуі белгіленеді, бірақ 2008 жылдың қорытындысы бойынша олардың төмендеуі оларға белгіленген тарифтердің шамалы өсуінде табиғи монополия кәсіпорындары үшін энергия жеткізушіге бағаның өсуіне тікелей байланысты.


Коммуналдық мүлікті оңтайландыру шеңберінде өткен үш жылға жекешелендірудің өсу қарқыны белгіленген. Жеке меншікке сатылған объектілердің негізгі түрлерін автокөлік құрайды (үш жылда сатылған объектілердің жалпы санынан 98 бірлік).

Пайдаланылмайтын объектілерді (ОШК) сенімгерлік басқаруға беру қарқыны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құруға дейін объектілерді (негізінде жылжымайтын) иеліктен айыруға мораторий салу себептері бойынша едәуір төмендеді.



2006 жылдан 2008 жылды қоса санағандағы кезеңде негізгі көрсеткіштер Қостанай облысында ОШК пайдаланылмайтын объектілерін жекешелендіру және беру жоспарында:


Р/с №


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

3 жылғы қорытынды

1.

ОШК беруге тиесілі объектілердің саны

дана

51

-

26

77

2.

ОШК беруге тиесілі объектілердің саны

дана

40

-

14

54

3.

Ұсынылған ОШК объектілерінің үлес салмағы

%

78

-

54

70

4.

Жекешелендіруге тиесілі объектілердің саны

дана

116

81

118

315

5.

Сатылған объектілердің саны

дана

39

45

64

148

6.

Сатылған объектілердің үлес салмағы

%

34

56

54

47

7

Объектілерді сату бағасы

мың теңге

20 468

70 067

39 915

130 450

8.

Жекешелендіруден түскен қаражат түсімдерінің көлемі

мың теңге

37 573

70 493

68 645

176 711

9.

Жекешелендіруден түскен қаражат түсімдерінің жоспарланған көлемі

мың теңге

30 722

19 292

52 382

102 396




10.

Жекешелендіруден түскен қаражат түсімдерінің үлес салмағы

%

122

365

131

172

11.

ОШК объектілерінің жекешелендіруге және беруге жұмсалған қаражат көлемі

мың теңге

2 974

1 635

1 970

6 579

12.

ОШК объектілерін жекешелендіру және беру үдерісін ұйымдастыруға 1000 теңге салымға бюджектке түсетін түсімдердің көлемі

теңге

12 632

43 115

34 845

26 860

13.

ОШК объектілерінің жекешелендіруін және беруін ұйымдастыруға жоспарланған қаражаттың көлемі

мың теңге

3 336

2 934

2 094

8 364

14.

ОШК объектілерінің жекешелендіруін және беруін ұйымдастыруға жоспарланған қаражатты игермеу

мың теңге

362

1299

124

1 785



Коммуналдық мүлікті есепке алу бойынша функцияларды жүзеге асыру шеңберінде мынадай нәтижелер пайда болды.



Ұйымдық-құқық нысаны

01.01.2007 жылға

01.01.2008 жылға

01.01.2009 жылға

саны

млн. теңге

саны

млн. теңге

саны

млн. теңге

ММ

47 587

12 355,1

72 025

19 419,7

85 986

27 694,1

МКК

19 332

4 489,6

20 644

6 846,2

21 926

8 219,6

МКҚК

11 301

2 721,1

36 217

5 846,5

51 311

7 965,1

Барлығы

78 220

19 565,8

128 886

32 112,5

159 223

43 878,8

Бұдан басқа, тұрақты мониторингте заңды тұлғалардың Бірыңғай тізілімінен әрекетсіз мемлекеттік заңды тұлғаларды шығарып тастау жұмысы жүргізілуде. Барлық мекемелер мен кәсіпорындарда тарату комиссиясы құрылды және олардың таратуын аяқтау жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.





Ұыймдық-құқтық нысан

01.01.2007 жылға

01.01.2008 жылға

01.01.2009 жылға

әрекет ететін

әрекетсіз

әрекет ететін

әрекетсіз

әрекет ететін

әрекетсіз

ММ

1573

119

1464

110

1455

51

МКК

80

45

84

34

82

7

МКҚК

204

23

226

38

245

16

Барлығы

1857

187

1774

182

1782

74

Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, коммуналдық мүлікті басқару жөнінде атқарылған жұмыс шеңберінде Басқармаға қатысты және төменде жазылған стратегиялық бағыттарды іске асыру жолымен өз шешімін табатын мынадай проблемаларды белгілеу керек:

одан әрі Басқармада бекіте отырып мүлікті қабылдау-тапсыру актісін ресімдеу бойынша қабылдаушы және тапсырушы жақтар жеке жағдайларда мерзімдерді сақтамау;

мемлекеттік кәсіпорындар таза табыс бөлігін уақытында аудармау және қазыналық кәсіпорындармен нақты алынған табыстың жоспарлыдан артуын мемлекеттік басқару органдары жағынан бақылаудың болмауы;

қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын қалыптастыру және оның орындалуын талдау бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік басқару органдарының нашар орындау тәртібі, Қаржы министрлігімен белгіленген мерзімде оларды нақтылау, Басқарма өткізетін облыс бойынша жиынтық деректерді талдау сапасының төмендеуі салдарынан;

коммуналдық мешіктің басқа ұйымының балансына оларды жалға беру және есептен шығару немесе бәсекелі ортаға беру үшін қаралатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында пайдаланылмайтын мүліктің болуы;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында тіркелмеген жылжымайтын мүліктің болуы;

баланс ұстаушылармен коммуналдық мүлік туралы мәліметтер жеткілікті сапалы қалыптаспайды, әсіресе техникалық сипаттар, кіру және шығу туралы мәліметтер, мүлікті тіркеу және пайдалану туралы мәліметтер бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет