Отандық жұлдызды жұп Raim мен Ерке Есмахан Ақтөбедегі концертінде қызық оқиғаға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Еркеге көрермен арасынан кішкентай қыз шығып, ұстап жүрген сөмкесін берді. Өнер иесі жеке парақшасында тыңдарманына алғыс жаудырды. 

“Мына сіңілім сөмкесін сыйлап жатыр. Эмоциямен беріп жіберген жоқсың ба?! Өзіңе керек емес па?! Ұстап жүрген сөмкең болмасын. 12 миллион теңге тұратын сөмкем, жолда қалды. Рақмет, көп-көп. Анасы “енді қыз туыңыз” деп жатыр. Жұғысты болсын! Тілектер қабыл болсын!”, – деп айтты өнер жұлдызы. 

  • "Көптеген заң бұзушылықтар анықталды": Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүрілді

  • "Шынында, жантүршігерлік оқиға": Мәжіліс төрағасы Бишімбаевтың ісі президенттің бақылауында екенін айтты

Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіде тарап кететін өзі туралы қауесеттермен күресуді қойғанын сахнада айтып берді. 

“Менің әр сөзім желіге тарап кететін болып жүр. Жеке өмірімді әлі күнге дейін халық талқылайды. Бірақ мен ондай дүниелерге мән бермеуге тырысамын. Менің бойымда батыс қыздарына тән қайсарлық пен батылдық бар. Сол үшін де түрлі сынаққа сынбай жүремін. Менімен бірге болғандарыңызға алғыс”, – деп ризашылығын білдірді өнер иесі.  

Фото: Өнер иесінің stories-і

Еске салайық, әнші бренд сөмкесінің құнын айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.