Жергілікті жол және көлік департаменті американдық электр ұшақтарын өндіретін компаниямен орнатқан келісімге сәйкес Дубайда әуе таксиі 2026 жылдың басында қызмет көрсете бастайды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: newatlas.com

Әуе таксиін іске қосу мақсатында Араб Әмірлігі “Joby Aviation” компаниясымен ынтымақтастық келісімге қол қойды. Компанияның негізін қалаушы Джобен Бевирттің айтуынша, Біріккен Араб Әмірлігінің билігі компанияны тиісті инфрақұрылыммен, нормативтік саясатпен және дұрыс сипаттамасы бар ұшақтармен қамтамасыз етті.

  • Автобустар жүрмейді: Оралда көктайғақтың кесірінен тұрғындар жұмысқа жете алмаған
  • Алматыда жол ақысын төлемей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдер сотталды

“Соңғы онжылдықта БАӘ қарқынды дамып келеді. Дубай қаласы да есігін әлемге айқара ашты. Бұл ел мен қаланың серпінді жұмыс істейтін өршіл адамдарды тартатынына көз жеткіздік. Мемлекет басындағы адамдардың венчурлік капиталды инвестициялауға және тартуға деген ұмтылысы – көптеген елге үлгі боларлық әрекет”, – дейді компания басшысы Джобен Бевирт. 

Әуе таксиінің максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым. Сәйкесінше мұндай такси Дубай әуежайы мен Палм-Джумейра арасындағы 30-45 минуттық жолды 10 минутқа дейін қысқартады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.