Иранда хиджаб киюден бас тартқан Роя Хешмати есімді әйелді құқық қорғау органдары ұрып-соққан. Бұл көптеген ирандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Iranntl cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкім сәрсенбіде орындалды.

"Бұл қамшы бір әйелдің денесіне ғана соққы салмады, ол еркін өмір сүргісі келетіндердің бәрін соқты. Жетер дегенде қою керек. Қоғамды жиіркендірмеңдер", – деді белгілі саяси және әлеуметтік шолушы Аббас Абди.

Хиджаб кимегені үшін жаза 1980-90-жылдары өте кең таралып, соңғы екі онжылдықта сирек қолданылған.

Жақында ғана парламент қабылдаған хиджаб туралы заңда дүре соғу жазасы алынып тасталды. Соған қарамастан олар Хешматиді соққыға жыққан. Алайда осыдан соққының тепкісінде қалса да, ол мәжбүрлеп хиджаб киюден бас тартты. Оның батылдығы халИран халқын тәнті етті.

Сот билігі Хешматидің "Ираннан тыс ұйымдасқан топпен" байланысы болып, хиджаб кию ережелеріне ашық түрде қарсы шыққаны үшін ақша алды деген айыппен сотталып, оған қамшымен дүре соғу жазасы қарастырылғанын айтты. Айтуларынша, ол өзгелерді осы әрекетімен хиджабқа қарсы шығуға үгіттеген. Мәлімдемеде оның әрекетіне байланысты 74 дүре соғу үкімі күшінде қалды, себебі оның қылмысы қоғамдық пәктік пен имандылыққа нұқсан келтіру ретінде қарастырылды.

Кейбір саясаткер әйелдер, соның ішінде он жыл бойы өз қалауымен хиджаб киетін танымал диссидент Захра Рахнавард пен реформалар майданы мен исламдық Иранның халықтық бірлік партиясын басқаратын Азар Мансури әйелді ұрып-соғуға қарсылық білдірді. 

"Билік басындағылар! Сіз Роя Хешматидің денесін соққы салдыңыздар, бірақ оның ар-ождан биік және ол сіздердің бұл әрекеттеріңізге мысқылмен күледі. Мен сіздердің басқару әдістеріңізді жек көремін ", – деді Захра Рахнавард.

Ол 2011 жылдан бері күйеуі Мир Хоссейн Мусавимен бірге Иранның үкіметіне қарсы "Жасылдар қозғалысының" көшбасшысы ретінде үй қамақта отыр. Ал Мансури Хешматидің хиджаб кимегені үшін дүре соққан жағдай туралы үнсіз қалғандар мұсылман емес екенін айтты.

Хиджабты міндеттеуді ашық сынаған 23 жастағы Хешмати сәуір айында қарапайым қызыл жейде пен қара юбка киіп, көшеде орамалсыз келе жатқан суретін жариялаған соң үй қамаққа алынды.

Тегерандық Хешмати "көпшілік алдына діни киімсіз шықты" деген айыппен он бір тәулікке қамауға алынды. Кейін оған "режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді", "қоғамдық әдеп пен тәртіпті бұзды" және "әлеуметтік желілерде әдепсіз контент жасап, адамдарды азғындыққа шақырды" деген айыптар тағылды.

Ол бастапқыда он үш жылға бас бостандығынан айырылды, шамамен 25 доллар (11 280 теңге) айыппұл және 74 соққы жазасы берілді. Апелляциялық сот бас бостандығынан айыру үкімін жойды, бірақ жаза мен айыппұл санкциясын өзгертпеді.

Ол ортағасырлық азаптау камерасына ұқсас шағын бөлмеде оны дүре соққан уақытта "Тұр, тұр, әйелдер үшін" , өмір үшін, бостандық үшін" деп сыбырлағанын айтады.

Ол сот залына орамалсыз кірген. Соған қарамастан  сот қызметкерлері оның шашын жабуға тырысқан.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.