Психолог Елена Митрохина тұңғыш баланың інісі немесе сіңлісі болғанын қалайтынын немесе қаламайтынын сұраған абзал дейді. Маман баланы отбасына тағы бір адамның қосылуына қалай дайындау керегін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Әдетте, ерлі-зайыптылар қаржылық және эмоционалдық аспектілерді ескере отырып жүктілікті өзара жоспарлайды. Ал тұңғыш балаларының бұған қатысты ойы мен көзқарасы назардан тыс қалып жатады. 

Отбасының тағы бір адаммен толығуын балалар әр түрлі қабылдайды. Маманның айтуынша, балаңыздан отбасындағы мұндай өзгерістере қалай қарайтынын және қалай қабылдайтынын білу үшін осы туралы сөйлесіп көрген дұрыс. 

  • Шымкентте ер адам өгей қызын жылдар бойы ұрып келген
  • Кентауда заңсыз жұмыс істеген тәрбиешінің көмекшісі оқушыларды қорлап, қысым көрсеткен

Тұңғышыңыз жаңа өмірге, өзгерістерге бейімделіп кету үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Балаңызбен ашық әрі шынайы сөйлесіңіз. Інісі немесе қарындасы дүниеге   келгенде оның өмірінде қандай өзгерістер болатынын айтып, түсіндіріңіз. 
  • Балаңыз көп нәрсені түсіне бермейтіндей жаста болса, отбасындағы бірлік пен түсіністікті жоғалтып алмайтындай жағдай жасаңыз. Болашақтағы жоспарыңызбен бөлісіп, сүйіспеншілікке бөлеңіз. 
  • Балаңызға оның өзі де, сөзі де маңызды екенін көрсетуге тырысыңыз. Болашақ сәбидің бөлмесін дайындау барысында балаңыздың ойын сұрап, түрлі ойыншық пен қажетті заттарды таңдауға мүмкіндік жасаңыз. Сонда бала ата-анасының өзімен санасатынын, өзінің отбасындағы рөлінің маңыздылығын түсінеді.
  • Балаңыздың басқа балалармен араласуына жағдай жасаңыз. Осылайша оған інісінің не қарындасының келуін қабылдау әрі өзгерістерге бейімделу жеңіл болады. 
  • Бөпеңізге есім таңдауда балаңыздың көмектесуін сұраңыз. Бұл да баланың бойындағы жауапкершілік сезімінің тууына сеп болады. 
  • Жаңа туған сәбиге күтім керек. Сондай ақ уақытыңыздың көп бөлігін де бөпеге арнауға тура келеді. Алайда тұңғышыңыз туралы ұмытып кетпеңіз. Оған деген махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз артпаса, кемімейтінін түсіндіруге тырысыңыз.

Ең басты ескеретін дүниелердің бірі – ешқашан балаларыңызды бірбірімен салыстырмаңыз. Әр бала өзінше ерекше екенін есте сақтағаны дұрыс.

Бұған дейін баласын ұрып-соғып тәрбиелейтін ата-аналарға қандай жаза қолданылатыны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.