Қазақстанның үш облысында жол жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

20 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдың 4 учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында -1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы-Қайнар ауылы — 79 км.

(жаңбыр аралас қар, жел, тұман).

  • Петропавлда су құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды

Жетісу облысында — 1 учаске

"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. — Достық ст. — 100 км.

(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында — 2 учаске

"Орал-Тасқала-Ресей" 4-104 км, Орал қаласы- РФ шекарасы — 100 км.

(жел, боран).

"Самара-Шымкент" 195-246 км, Ресей-Орал  – 51 км.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.