«Отбасылыќ альбом кейіпкері»



жүктеу 67.37 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі67.37 Kb.

«Отбасылық альбом кейіпкері»

Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып, әр отбасының жадында ұмытылмас із қалтырып, жеке өмірлеріне әсер етті.

9 мамыр күні мерекесі жүректі ерекше мақтаныш және мұн сезіммен толықтырады. Бұл күннің қарсанында, Ұлы Отан соғысының қатысушылары не үшін, кім үшін өмірлерін паш етті екенін білгіміз келеді.

Осы кезде, сол сұрапыл жылдары ұрыстарға қатысқан адамдардың саны сиреп барады. Жас ұрпаққа әңгімелеп, ақ пен қараны ажырататын адамдар аз.

Мен осы жұмысымды нағашы атама арнап, қарапайым тегі иесі - Оспанов Халель туралы жазғым келеді. [Фото-1 Оспанов Халел Оспанұлы].

Атамның суретін көріп, атам туралы сұрай отыра, нағашы әжем Оспанова Халида апамнан ол өмірінде қандай адам болғанын, нені ұнататынын білдім. Бірақ атамның өзі туралы, соғыс туралы айтуды ұнатпайтынын айтты. Әжемнің үйінде әкесінен қалған ескірген қағаз парақтарын таптық. Әжеммен бірге ашып оқысақ, соғыс кезінде жазған өлең-хаттары екенін білдік. Хаттар арасында атамның өз қолымен 1972 жылы жазылған өмірбаяны да табылды.

Кейін анаммен бірге Павлодар облысының мұрағатынан нағашы атамның жеке іс-құжаттарын таптық. [Фото №2] Оларды қолыма ұстағанда жүрегім ерекше сезімге толықты. Ондай тарихи мұра әрбір отбасылық мұрағатына тиесілі емес екенін түсіндім. Барлық хаттар өлеңмен жазылған-ды. [фото№3,4,5,6] Өмірінің қауіпқа толы кезеңдерінде өз еліне, анасына, туғандарына жылы лебізбен, құрметпен, ерекше сағыныш сезіммен жазғаны таңғалдырады. Хаттарды зерттеу жеке отбасының тарихы арқылы сол заман адамдардың рухани беріктігін көруге болатынын растайды.

Менің осы қарапайым адамның өміріндегі қиын шақтағы ой- толғанысын «Бір құжаттың тарихы» атты зерттеу жұмысы арқылы жеткізгім келді.

Сол заман адамдарының ойы мен арманын, қоғамдық жұмысындағы белсенділігін, соғыстан кейінгі қиыншылыққа толы өмірлеріне төзімділігін көруге тырыстым.

Соғыстан келген хаттар 1942-1946 жылдары жазылғанын анықтадым. Хаттар атамның үлкен қызы Халида , менің нағашы әжемнің қолында сақталыпты. Барлығы он екі хат және өз қолымен жазылған өмірбаяны.

Сарғайған қағаздар арасында он екі өлең-хатын алғашқы жолымен немесе жазылған аттарымен реттедік.
Өлеңдер тақырыптарында Отанға деген сүйіспеншілік, анасына арналған жылы лебіз арнаулары,сағыныш өлеңдері,туысқандары мен құрбыларымен сұхбаттасу. Кейіпкерлері өзі және «айбынды жауынгерлер», «Қызыл Тулы әскер». Өзін ол «жас құлынмын», «жас жүрек» деп атайды.

Отанға, коммунистік партияға адалдығын, рухани беріктігін келесі өлең жолдарынан көрдім:



Аттанып мен барамын ұзақ жолға,

Сыр бермес берік қару біздің қолда

Кек үшін, бақыт үшін, намыс үшін,

«Уралар» біз шығарамыз қарсы жауға.

Атақты біздің полк Қызыл тулы

Немісті Рославльдан қойдай құды.

Айбынды батыр біздің жауынгерлер,

Мылтығын жауға қарсы жаңа ұсынды.

Снаряд біздің атқан тура басты,

Жөн табалмай немістер жаман састы,

Қорыққандығы жауыздың осы емес пе

Пушка, мылтық қаруын тастай қашты.

Жауынгерлер қайраттанып алға бас,

Құртамыз Отан жауын ежелгі қас!

Жіберме тірі оларды жер бетінен

Қанжарларды, қас дұшпанды табанға бас.

Таймаймыз бұйрық берсе командамыз,

Автомат, гранатты қолға аламыз.

Сұм жауыз тіреспек боп, қарсы шықса,

Соққы беру ісіне біз дайынбыз.

Жауына алмастан соққы берер

Жасасын даңқты біздің Қызыл әскер.

Отанның ең бірінші бас маршалы,

Жасасын көсеміз- Сталин ер!

1943 жылы


Өлең жазу шеберлігі туған жерге арнау өлеңдерінде анық байқалды.

Осы кезде ол өз елін «Гүлістандай құлпырған қайран елім», «Сай-сайлы өзегі көп», «көк майса», «кілемдей көкпеңбек» эпитеттер мен теңеулерін қолданып отыр.



«Туған жер болады «Бес Теректі»,

Табылар бір өзіңнен не керекті.

Көлі бар Ертістен ағып жатқан,

Сай-сайлы өзегі көп қалың шөпті.

Құлпырған гүлістандай қайран елім,

Ойласаң сарқырайды менің белім.

Ел жұртым осы күнде еске түсіп,

Елжіреп отырғаны менің көңілім.»


«Елге, жерге сәлем»

«Кілемдей көкпеңбек боп жердің жүзі,

Нұр қосады оған тағы күннің көзі.

Жер бетін шығатын түрлі жемістердің

Шіркін-ай болып қалыпты шығар кезі.

Көк майса «Қызыл шырпы» жерім қайда,

Сылдыр су ағады ғой ода сайда.

Жаздың орта шенінде гүлдер жайнап,

Тұр ғой үнсіз «Шарбақты» жайлауымда»

«Ақ қағаз қарындаш қолға алайын...» 1944 жылы


Келесі бір өлең жолдарын біз «Соғыс кезіндегі шындық» деп атадық, өйткені бұл өлеңдерінде жауынгердің жауға деген ыза, ашу сезімі дәл қолданған метафора сөздерімен жазылған. Жаудың мінез-қылықтарын байқап қалып, қолданыстарын аямайды. Сөйтіп «оңбаған фашист», «сұм жауыз»,«теріспек»,«қойлар», «қас», «дұшпан», «қанжарлар» деп атайды.

Қат жазам елде жүрген туғандарға

Жан бөлек тілек бірге бауырларға.

Аттарын атап жазу маған қиын

Тегістей сәлем айтқын сұрағанға.

Аман- сау жүрсіз бе Кәрібай інім

Есен бе кіндік кескен өскен елім.

Сағынып мен отырмын туғандарды

Көремін қай уақытта қайран елім.

Қат келді бүгінгі күн жақынымнан

Жаны ашыр жылы бірге жан досымнан

Соққы бере оңбаған фашист сұмға

Жүріп жатыр көңілді есен аман.


Маусым 1944 жылы


Одан басқа өлеңдерінде бұрыңғы қазақ салты бойынша туысқанының өліміне жоқтау өлеңін жазған:

Қайтейін! Жазбаған мен орын талмас

Аға жан істін жөнін таба болмас





Әнес жоқ айырылдық біздер бауырыңыздан.

Иманы ана өмірде болсын жолдас.

Құдайя кездестірді мұндай күнге

Алыста жүрген де өте күйме

Бауыр жоқ алыс жолға сапар шекті.

Көрінбес бұл жалғанда көзімізге.

Жан аға ренжіме бұл сөзіме

Қабырғам сынбаса да сөгілді

Сұн ажал ініңізді алып кетті.

Болмайды алла ісіне шек келтіруге. «Амандық хат»



Шығармалардың көпшілігі анаға арналып, анасын «қамқор ана», «ғарып Ана», «пана», «асқар тау» деген метафора сөздерімен атайды. Анадан аяушылықпен үмітін үзбеуін сұрайды: «Тілегін қабыл болса біз қайтармыз, Шұрқырап тай-құлындай табысармыз», «Жүдеме ақылменен ойлап қара», «Жауынгер Қызыл әскер жауды жекті. Қуанып масарайда жатармыз.», «Тілеуқор тілек тілеңіз деп,Сөз айттым осы қатта ескі жаңа.», «Ана-жан бізді ойлап қайырмаңыз».

«Әскерде соғыста жазылған хат» 1942 қазан айы



Хат жаздым қалам алып анамызға

Қарлыға, Қайнел атты анамызға.

Туған жер, еркін өскен елімменен

Сәлемді мен жолдаймын туғандарға.

Анажан мені ойлап қайғылаңба,

Қазірде сап-сау келген адам бар ма?

Аман-сау жалғызымды сақтай гөр деп, тапсырғын жалғызыңды бір Аллаға

Тілегін қабыл болса біз қайтармыз,

Шұрқырап тай-құлындай табысармыз.

Жауынгер Қызыл әскер жауды жекті.

Қуанып масарайда жатармыз.

Ей, Ана сәлем айтқын туыстарға

Құрбылас бірге өскен жолдастарға.

Ескерсін есіне алып сәлем жазсын.

Мен сонда ризамын құрдастарға.

Бұрында сөз бар екін сабыр деген,

Тілегін сабыр етсең қабыл деген.

Сондықтан да отырмын сабыр етіп,

Жас құлының әрбір түрлі ойға түскен.

Осымен қош болыңыз ғарып Ана,

Жүдеме ақылменен ойлап қара,

Аман-сау туған елге қайтқанымнан

Болсын деп мен отырмын Алла пана.


Барлық хаттарды мен көшіріп басып жаздым. Оспанов Халельдің өлеңдерін жазылған кезеңдері бойынша жүйеледім. Он екі хаттың:

«Анаға арнаулары»- 5; «Туған жерге сағынышы»-3; «Туысқандарға сәлемі»-4.

Ізденіс барысындағы кездесулер жүрегімде ерекше бұрын сезілмеген мақтаныш пен аянышты ұялатты. Атамның туған жеңгесі Қорлан апай өз қолынан шай ішкізіп, атам турашылдығын, намысқорлығын, еңбекқорлығын әңгімелегенде, өзім сол заманда болғанымдай сезіндім. сол заман адамдарының беріктігіне таңғалып отырдым. Қарт әже дастарқан жайып, ақжарқын көңілмен жүздесіп, өткен–кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, маған ризашылығын білдіргенде, өзі де біршама жасарғандай болды.

9 мамыр- біздің отбасымыз үшін ерекше күн, Оспанов Халел атамызға, соғыс ардагерлерге тағзым етіп, еске алу күні. Отбасылық альбомнан суретіңізге қарап : «Өміріңіз біз үшін үлгі болып, адамның қарапайымдылығы мен ұлылығының бейнесі » дегім келеді. Менің ойымша, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу, соғыс ардагерлерін еске алу, бейбітшілік өмірімізге арнаған ерліктерін ұмытпау- ұрпақтардың борышы.



фото №1 Оспанов Халел Оспанұлы



фото№ 2 Есенгужинов Нұржан Маратұлы



фото №3-6 өлең-хаттары


Каталог: uploads -> doc -> 1052
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1052 -> №36 қазақ орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет