Отбасылық спорттық жарыстарға қатысудағы ата-аналар белсенділігін арттыру жолдары



жүктеу 43.85 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі43.85 Kb.

Отбасылық спорттық жарыстарға қатысудағы

ата-аналар белсенділігін арттыру жолдары

Сембаев Р.С.

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі
Қазіргі заманғы мектептің мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. Оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызуда тәрбиенің алатын орны ерекше.

Жаңашыл ұстазы Ш.Амонашвили өзінің ұстаздық қызметі нәтижелерін жинақтай келе «Баланы тәрбиелеуді оның ата-анасынан бастау керек» деген екен. Себебі, оның есептеуі бойынша оқушының барлық өмірінің тек 7% ғана мектептегі тәрбие үлесіне келеді екен. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек.  Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың басты ұстазы-ата-анасы. Бала-ата-ананы бейнелейтін айна. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – аға ұрпақ өкілдерінің басты мақсаты. Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға белгілі. Ата – ананың үйдегі іс – әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Осы жерде «Аға әдепті болса, іні әдепті, Әпке әдепті болса, сіңілі әдепті»,-деген халық мақалы ойға оралады.

Сондықтан, жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ата-анаға өздері өмірге әкелген әрбір баласы үшін қаншалық жауаптылығы Қазақстан Республикасында Заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» -деп көрсетілген. Демек, баланы өмірге бейімдеуде ата-ананың орны ерекше. Отбасынан дұрыс тәрбие ала алмаған адамды, ешқандай мұғалім тәрбиелей алмайды. Тәрбиелілік мектеп пен ата-ана, қоғамдық орта бірлесіп жұмыс істегенде үйлесімді болады. Баланың өмірге құштарлығы достарына, ұстазына, ата-анаға байланысты. Олардың күнделікті іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сырт көрінісі, сөйлеген сөзі, әдептілік т.б. қасиеттері бала санасына өз әсерін тигізетіні хақ.

Бала – ата-ананың ұрпағы ғана емес. Бала бір ұлттың келешегі. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген жеке тұлға етіп етіп тәрбиелеу қоғамның ең өзекті мәселесі. Отбасы мүшелерінің ынтымақтастығын жүзеге асыруда ана негізгі рөл атқарса, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жүзеге асыруда негізгі рөлді сынып жетекші атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру сынып жетекші қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді басты назарда ұстағанымыз жөн.

Отбасылық спорттық жарыстарға қатысуда ата-ананың орны бөлек. Ата-ана -бала тәрбиесі үшін жауапты тұлға. Бұл жұмысты ұйымдастыруда алдымен ата–ананың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру керек. Ол үшін алдымен отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары, мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет жинақтау. Отбасы мүшелерінің тәрбиелілік деңгейін анықтау. Бұларды жүзеге асыруда ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу жүріп жатқанын білмеуі тиіс. Зерттеу нәтижесі негізінде ата-анамен бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туады. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтап, сыныпта оқу-ағарту жұмыстарын өткізу, тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру, педагогикалық, психологиялық, медициналық, Заң туралы кеңестер беру, психологиялық жайлы ахуал тудырушы тренингтер өткізу керек. Балаға үй тапсырмасына ата-ана мен баланың біріккен шығармашылық жұмыс жасауын тапсыру арқылы ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысына біртіндеп тарту. Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке ата-аналардың қатысуы бала тәрбиесінде ықпалы күшті екендігін әңгіме арасында жеткізу. Үлгілі отбасыларды мысал ете отырып, жеке әңгімелер жүргізу, тақырыптық өнегелік кештер өткізу керек. Ата-аналарды мектептегі іс- шараларға, мектеп өміріне тарту мақсатында жиналыстарға әкелерінің келуіне ықпал етеміз. Оқушылардың ата-аналармен жағымды қарым-қатынасты реттеп алып барып, өздерінің қолдауымен спорттық шараларға, сайыстарға, ертеңгіліктерге қатысуға шақыру. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі ата-аналармен, қоғамдастықпен, мектептің ынтымақтастықта. Бала тәрбиесі мен дамуында басты рөл отбасында. Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, оны бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет.

Қорытындылай келе ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, оқу-тәрбие процесінде алған білімін өз өміріне пайдалана алатын, отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар, ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиеленеді. Ата-аналармен жұмыстың нәтижелі болуы ұстаздың таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Отбасылық спорттық жарыстарға ата-аналар қатыса отырып мектеппен ынтымақтастығы артады. Өз баласы жайлы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғалімдермен бірлесе отырып жауап таба алады. Ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі артады. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы жоғары деңгейде болса тәрбиелі, білімді, ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған, жаңа заманға сай жеке тұлға қалыптасады. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» дегендей, баланың болашағына толғанар аға ұрпақ, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ демекпін. 



Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Бастауыш мектеп» журналдары.

  2. «Сынып жетекшісі» журналдары.

  3. «Тәрбие құралы» журналдары.

  4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналдары.

Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> statiya
statiya -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
statiya -> Бала тілін дамытудағы әдебиеттің алатын орны
statiya -> Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
statiya -> Темиргалиев Дидар Тулеуұлы технология және сызу пәнінің мұғалімі Май ауданы білім беру бөлімі «Қосымша білім беру мекемесі»
statiya -> В обществе возрастает потребность в людях, обладающих нестандартным мышлением, способным внести новое содержание в социальную, культурную, производственную сферы жизни, умеющих ставить и решать новые задачи
statiya -> Басқару қызметіндегі коммуникация
statiya -> Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану
statiya -> Өнеге сағаты: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Білімділік мақсаты
statiya -> Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
statiya -> Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы Жай мұғалім хабарлайды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет