Отбасым менің бақытым



Дата17.02.2018
өлшемі31.96 Kb.
#16877

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық.


Тақырыбы: "Отбасым менің бақытым"!
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,сурет салу,құрастыру,дәстүрден тыс әдіс.

Мақсаты:Балаларға туыстық қарым-қатынасты үйрету. Зеректікке,жылдамдыққа,тапқырлыққа баулуу. Ата-әже, әке-ана, аға-әпке,іні-сіңіл,қарындас сөздерін анық айтып,мағнасын түсіну. Суретке қарап өз отбасы мүшелерін таныстыру.


Шаттық шеңбері:
Кел балалар тұрайық,
Әдемі шеңбер құрайық.
Уық болып иіліп,
Кереге болып керіліп,
Қазақ үйді құрайық.
Т:Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі ауа райы қандай?
-Шуақты.
-Көңіл күйлерің қалай?
-Тамаша.
-Олай болса тамаша көңіл күй мен бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастайық.
Балалар, бізге тәтті тамақ әзірлеп,қарнымызды тойдыратын кім? -Анамыз.
-Таңертең жұмысқа кетіп,кешке келетін,бізге әдемі ойыншықтар алып келетін кім? -Әкеміз.
-Тәтті тоқаштар,кәмпит беретін, жылы байпақ тоқып беретін кім? -Әжеміз.
-Бізбен серуендейтін,бірге ойнайтын,ертегі айтатын кім? -Атамыз.
-Ойыншықтар мен ойнайтын,мүлде тыным таппайтын кім? -Кішкентай бауырымыз.
Жарайсыңдар. Біз өз отбасымыздағы адамдар жайлы айттық. Қараңдаршы,бізге сиқырлы теледидар не көрсетеді екен тамашалайықшы. (слайд арқалы әрбір тәрбиеленушінің отбасы мүшелерінің суреттері көрсетіледі.)
-Бұл кім екен мен танымай тұрғаным?
Мансұр: -Бұл менің отбасым. Әкем,анам,әжем,атам. (атам ауланы қарлардан тазалап жатыр, әжем бөпені ұйықтатып жатыр)
-Мына суретте кім бар екен,қараңдаршы.
Әмина: -мынау менің анам,ол ас әзірлеп жатыр. Ал,мынау менің әжем маған байпақ тоқып жатыр.
(осылайша балалар өз отбасылары жайлы әңгімелеп береді. )
Өте тамаша. Кім әже,ана,әке туралы тақпақ біледі? Айтып беріңдерші.
Жанасыл:
Әкешім,әкетайым,
Жақсы көремін мен сізді.
Құрметтеп мәңгі өтемін,
Мәпелеген өзімді.
Айару Қ:
Таудай менің талабым,
Айна мен ақ тарағын.
Алып беріп партпадан,
Тәте көңілін табамын.
Әмина:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейрімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Эмир:
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, Ана-нұр.
Тамаша. Балалар келіңдер бізге қымбат болған,отбасымыздағы жандарды сиқырлы сөздер мен атайықшы.
Ана-анашым,анажаным,ақ анам,қамқорым,
Әке-әкетай,әкетайым,панам,асқар тауым,қорғаным,
Әже-асыл әжем,әжетайым, мейрімдім,
Ата-аташым, ататайым,
Аға-ағатай,қорғаным,
Әпке-әпкетайым, жанашырым.
Жарайсыңдар,балалар. Енді бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:

Мынау-менің отбасым.

Танысыңдар,достарым.

Мынау-әкем,бұл шешем,

Інім,әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!


(балалар іс-әрекет пен көрсетеді)

Дидактикалық оиын:
Балалар келіңдер ойын ойнайық. «Санамақ» ойыны.

Сан санайық мүдірмей.

-Бір үйде біз нешеуміз?

Бар ма қане талапкер

Кел санайық екеуміз

Ал,келе ғой мүдірмей

Бас бармағым-әкем

10-ға дейін санап бер

Балалы үйрек –анам

Ойланайық бір мезет

Ортан терек –ағам

Абайлайық,қарайық

Шылдыр шүмек-мен

Санды енді тізбелеп

Кішкене бөбек-сен

Кері карай санайық

10-нан төмен бөгелмей

Бір үйде біз нешеуміз?

Бере алады кім санап.

Бір үйде біз бесеуміз


(іс-әрекет пен жасайды)
Балалар,бізді тағы бір тосын сый күтіп тұр. Бізге дауысты xабарлама келіпті. Тыңдайықшы кім жіберіпті екен. (дауысты xабарламада үш-төрт ата-ананың әдемі тілектері, ертегілері тыңдалады)
Шахназар:- Бұл менің анамның дауысы. Мен таныдым.
Айару Қ:- Мынау менің анашымның дауысы.
Жарайсыңдар,балалар. Сендер аналарыңның дауыстарын адаспай тез таптыңдар, қандай зерек едіңдер.
Балалар, Ана деген сондай керемет сөз иә?! Анамызды неге теңесек болады.
-Күнге, гүлге.
-Неге?
- Өйткені күн бізге жылуын береді, арайлы шуағын,нұрын,сәулесін шашады. Аналарымыз да сондай мейрімді,алақаны ыстық,жүрегі мейрімге толы.
-Ал,гүл әдемі, сұлу, қашан да жұпар иісін шашып тұрады. Аналарымыз да осылай айналасындағы жақындарына сүйкімді күлкісін сыйлап, жадырап жүреді.
Олай болса балалар шығармашылық орталығына барып шуақ шашқан күнді жасайық. Балалар үш үстелге бөлініп: күннің шуағын,күннің көзін жасайды.
Қорытынды:
Әке-білек, саусағы балалары,
Қантамыр мен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойы мен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады,- демекші. Әке-анамыз,бауырларымыз біздің тірегіміз,байлығымыз,барымыз. Ағаш тамыры мен мықты болса,адам отбасы мен мықты. Балалардың бақыты отбасымыз аман болсын.
.
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет