6 ақпанда сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bort_01 Telegram-арнасынан

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойғанын айта кетейік. 

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.