Отчет по организации и проведению воспитательной работы в университете за 2011/2012 учебный год



жүктеу 1.47 Mb.
бет8/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.47 Mb.
түріОтчет
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Тәрбие жұмысы және әлеуметтік

мәселелер жөніндегі проректор Т.М.Даришева

Университет Жас ғалымдар кеңесінің жұмысы жөнінде ақпарат
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жас ғалымдар кеңесі 2003 жылы құрылды. Алғашқы төрағасы «Тарих» мамандығының түлегі Д.Базаров 2003-2005 жылдары, одан соң «Физика» магистрі Н.Қ.Жакиев 2005-2010 жылдары жетекшілік етсе, С.М.Гиззатов 2010 жылдан басшылық қызмет атқарып келеді.

Жалпы жас ғалымдар кеңесі қоғамдық бастамашыл ұйым болып есептеледі. Оның жұмыс бағыты төмендегідей:



  • Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамыту саясатын жүзеге асыруға үлес қосу;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін жақсы нәтижелерге жеткізіп, елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды гранттар, арнаулы шәкіртақыларды, ақшалай сыйлықтарды, және номинацияларды тағайындауда үміткерлер ретінде ұсыну;

  • дарынды жас ғалымдардың шығармашылық жұмыстарының (қолданбалы зерттеулер, жобалар және т.б.) ілгері дамуына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

  • ғылыми-зерттеу және ақпараттық-іздену, кеңес беру, дәріс оқу және баспа қызметтерін ұйымдастыру;

  • студенттер, магистранттар және аспиранттар қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар, форумдар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, түрлі деңгейдегі сайыстар, турнирлер және олимпиадалар өткізу;



Жас ғалымдар кеңесінің елеулі жетістіктері:

  1. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры өткізген Республикалық Ең үздік жас ғалымдар кеңесі конкурсында жеңімпаз атанып, оған 750 000 теңге грант бөлінді.

  2. 2010 жылдың сәуір айында Халықаралық Tempus-Perseus жобасы бойынша 5000€ көлемінде оргтехникаға қаржы бөлініп, арнайы кабинет жасақталды. Бұл беделді халықаралық жобаға бірнеше Еуропа және Орта Азияның ЖОО-сы қатысады. Ал Қазақстаннан бұл жобаға 5 ЖОО қатысады: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы технологиялық университеті, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Қарағанды экономикалық университеті және М. Өтемісов атындағы БҚМУ. Жобаның мақсаты «зерттеу-ғылым-өндіріс» ұстанымы бойынша – қоғамдық пайдалы университеттер құру болып табылады.

  3. 2003-2012 жыл аралығында Жас ғалымдар кеңесі «Нұр Отан» ХДП, «Жас отан» ЖҚ, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» ҚҚ, «БҚО Жастар қауымдастығы» ЗТБ, «БҚО Азаматтық альянсы»ЗТБ, «Жас ғалымдар Ассоциациясы» ЗТБ, «Экологиялық ұйымдар Ассоциациясы» ЗТБ және өзгелерімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылды.

  4. Жыл сайын дәстүрлі түрде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Технопарк «Алгоритммен» бірлесіп «Жас ғалым» атты инновациялық жобалар байқауын өткізіп келеді.


Жас ғалымдар кеңесінің атқарушы орган мүшелері келесі құрамда бекітілді:

Кеңес төрағасы: С.М.Ғиззатов

Төраға орынбасары: Э.Ж.Имашев

Жаратылыстану-математика факультеті бойынша: С.А. Кажиахметов

Педагогика факультеті бойынша: О.Ерниязов

Экономика және басқару институты бойынша: Л.И.Мергалиева

Филология факультеті бойынша: Р.Б.Сұлтанғалиева

Мәдениет және өнер факультеті бойынша: С.С.Гусманов

Студенттік ғылыми қоғам төрағасы: С.Стаханова

Кеңес хатшысы: М.А. Молдағалиева


Байқаулар, конкурстар

Ғылыми зерттеулер және ізденістер нәтижесі жас ғалымдарымыздың түрлі байқауларға қатысуынан да байқалады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» байқауында экономика ғылымдарының докторы Л.Мерғалиева – үздік оқытушы атанды. ҚР Тұңғыш Президенті қорының байқауына С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова қатысып, 500 мың теңге көлеміндегі грантты ұтып алды. Сондай-ақ С.Гиззатов облыстық «Жыл үздігі-2011» байқауында «Жас ғалым» номинациясының І орын иегері атанды.


Келесі кестеде соңғы үш жылдағы салыстырмалы көрсеткіштер келтірілген:



Байқау атауы

2009

2010

2011

1

Мемлекеттік шәкіртақы иегерлері

жарияланбады

Л.Мерғалиева

Р.Сұлтанғалиева

2 жылға


жарияланбады

2

ҚР тұңғыш Президенті қорындағы байқаулар

Үздік Жас ғалымдар кеңесі - І орын

750 мың теңге



әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі –Д.Габдуллаев, М.Мухамбетов, Н.Жүсіпқали – грант 400 мың теңге

әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі – С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова – грант 500 мың теңге

3

Облыстық деңгейде жыл қорытындылау шарасы

«Жас ғалым» номинациясы –

Л. Мерғалиева


«Жас ғалым» номинациясы - Р.Сұлтанғалиева - І орын


«Жас ғалым» номинациясы –

С.Гиззатов – І орын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті жариялаған 2011 жылы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар конкурсына М.Өтемісов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының еңбектері конкурстың келесі кезеңіне сәтті өтті. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М.Әуезов атындағы сыйлыққа Л.Мергалиеваның «Государственная собственность в условиях глобализации экономики на материалах Республики Казахстан» атты монографиясы ұсынылды. Аталған жұмыстар алғашқы сатылардан сәтті өтіп, соңғы мемлекеттік комиссияға жеткізілді. Мұның өзі – университет жас ғалымдарының табысты жұмыстарының нәтижесі.

2011 жыл - Қазақстан Республикасындағы ғалымдар үшін маңызды жыл, өйткені 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы қабылданып, осы Заңның 23 бабына сәйкес «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өту» болып отыр. Аталған талапты орындау мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ және университеттің белгілі 35 профессор-оқытушылары мен ғалымдары ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі куәлігін алып, аккредиттелді. Олар:



  1. Имангалиев А.С.

  2. Рысбеков Т.З.

  3. Тасмагамбетов А.С.

  4. Мұқтар Ә.Қ.

  5. Мұханбетжанова А.М.

  6. Бахишева С.М.

  7. Мендалиева Д.К.

  8. Дарбаева Т.Е.

  9. Қайсағалиева Г.С.

  10. Кунашева З.Х.

  11. Кульжумиева А.А.

  12. Мергалиева Л.И.

  13. Серикова Л.С.

  14. Мұқамбетқалиева Р.К.

  15. Донскова Г.А.

  16. Абулкасова Д.Б.

  17. Утаубаева А.У.

  18. Ниязбекова А.Б.

  19. Мамыров А.Ы.

  20. Амельченко В.И.

  21. Қыдыршаев А.С.

  22. Мұқанбетова Ш.Т.

  23. Терещенко Т.А.

  24. Галимов М.А.

  25. Кадисова Г.Н.

  26. Завадская Л.Н.

  27. Гиззатов С.М.

  28. Мүтиев З.Ж.

  29. Айткалиева К.Д.

  30. Бабенко О.А.

  31. Нұрғалиева А.М.

  32. Журасова А.Ш.

  33. Сұлтанғалиева Р.Б.

  34. Ахметова У.Т.

  35. Медешова А.Б.

Бұлардың ішінде жас ғалымдардан Л.И.Мергалиеваны, Р.Б.Сұлтанғалиеваны, С.М.Гиззатовты байқаймыз.

Бұл куәлік университетке, ғалымдарға мемлекет, министрлік жариялайтын барлық ғылыми-техникалық бағыттағы конкурстарға қатысу құқығын береді.

2011 жылы университет ПОҚ өз зерттеулерін қорытындылап, 2 кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты, Д.М. Жарылгапованың педагогика ғылымдарының кандидаты және А.Б. Тлесованың экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бақылау комитетінің қолдауына ие болды.

2011 жылы кандидаттық диссертация қорғағандар:

1. 2011 жылдың 13 қазанда Имашев Эдуард Жүсіпұлы «Тенденции и приоритеты пространственного развития Западно-Казахстанской области» тақырыбында 25.00.24 «Экономикалық, әлеуметтік, саяси және рекреациялық география» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы, Пермь қаласының Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі: г.ғ.д., проф. Р.Г. Сафиуллин.

Егер өткен жылдармен салыстырар болсақ, оны төмендегі кестеден көруге болады.





2009 жылы қорғағандар

2010 жылы қорғағандар

2011 жылы қорғағандар

1

Л.И.Мерғалиева

С.М. Ғиззатов

Э.Ж. Имашев (РФ)

2

А.С. Иргалиев

М.Қ. Әжіғалиев

Д.М. Жарылгапова (қайта аттестатталды)

3

Р. Сұлтанғалиева

М.Ғ. Дюсенғалиева




4

Д.М. Жарылғапова (РФ)

Ж.Қ. Мұханғалиева




5




Ж.К. Тастаева




6




А.Г. Муханбетчина



Есепті 2011 жылы университетіміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жаңа талаптар 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заң және ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР БжҒМ-нің бұйрықтарына байланысты. Алдымен 2011 жылы 18 ақпанда қабылданған «Ғылым туралы» Заң ғылымды дамытуда жаңа өзгерістерге жол ашты. Қабылданған заңмен еліміздегі ғылымды қаржыландыру, ғылымға жаңа маман кадрлар дайындау мәселелері түпкілікті өзгерді.

Міне, жаңа заң мен қаулыларға сәйкес БжҒМ жоғары оқу орындарына тікелей қатысты төмендегідей бұйрықтар қабылдады.

- Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы»

- Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы»

- Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығы».

Соңғы бұйрық негізінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен жас ғалымдардан Р.Б.Сұлтанғалиева қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды.

Университетте 21 ғылым докторы және 137 ғылым кандидаты жұмыс жасайды. Штаттық оқытушылар саны - 365.

Университет 24 магистратура мамандығы бойынша лицензияға ие. Бүгінгі таңда БҚМУ магистратурасында 120 магистрант білім алады. Оның ішінде 1 курста – 89, 2 курста – 31 магистрант. Мемлекеттік тапсырыста – 97, ақылы негізде – 23 магистрант оқиды.

Университеттің Жас ғалымдар кеңесінің жобаларға қатысуы



Жыл

Жас ғалымдар кеңесіне бөлінген гранттар мен жобалар

Барлығы

2008

Облыстық ішкі саясат басқармасы- 1 050 мың тг.

1 050 000 тг..

2009

Облыстық ішкі саясат басқармасы -2 244 мың тг.

Облыстық тілдер дамыту басқармасы-1900 мың тг.

Облыстық табиғат ресурстарын реттеу басқармасы-150 мың тг.


4 294 000 тг.

2010

Облыстық ішкі саясат басқармасы-1 384 мың тг.

Облыстық табиғат ресурстарын реттеу басқармасы-200 мың

ҚР тұңғыш Президенті қоры-400 мың тг.

Қала әкімшілігі-200 мың тг.



2 184 000 тг.

2011

Облыстық ішкі саясат басқармасы-1200 мың тг.

Қала әкімшілігі-500 мың тг.

ҚР тұңғыш Президенті қоры-500 мың тг.


2 200 000 тг.

2011 жылдың 26-27 мамырында Орал қаласында «Тәуелсіз Қазақстан жастар көзімен» атты халықаралық жас ғалымдар форумы болып өтті. Форум Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі құрметіне өткізілді. Сонымен қатар, аталмыш форумның басты мақсаты - болып жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету, халықаралық ғылыми әріптестікті дамыту, Жас ғалымдар кеңесі жүйесін жетілдіру.

Форумға Ресей Федерациясы Астрахань, Волгоград облыстарының, Қазақстан Республикасының Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жас ғалымдары қатысты. 2011 жылдың 26 мамырында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен форумның ашылу салтанатында қатысушыларды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К.Сүлеймен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс проректоры Ә.Қ.Мұқтар, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының консулы А.А.Новиков құттықтады.

Форумға арнайы келген қонақтар арасында Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Әлем экономикасы» кафедрасының доценті Е.Н.Ковалева, Волгоград мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясының Студенттік ғылыми қоғам төрайымы М.Ж.Утепбергенова, Батыс Қазақстан аймағынан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, философия ғылымдарының кандидаты Г.Е.Тоқсанбаева, Ақтөбе облысы Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Л.Серікжан, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі А.Султанова, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Н.Жолымбетова, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Құқық факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты М.Габдуалиев және өзгелері болды.



Вестник Маслихата, № 22-2.06.2011 г.


Орал қалалық мәслихат жаршысы, 20 маусым 2011 жыл


Егемен Қазақстан, 1 маусым 2011 жыл





Алғыс хаттың эскизі

«Тәуелсіз Қазақстан жастар көзімен» атты халықаралық жас ғалымдар форумының ашылу сәті (БҚО әкімінің орынбасары С.К.Сүлеймен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың проректоры Ә.Қ.Мұқтар, РФ Орал қаласындағы консулы А.А. Новиков)

«Тәуелсіз Қазақстан жастар көзімен» атты халықаралық жас ғалымдар форумына қатысушы қонақтар

2011 жылдың 19 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жас ғалымдар кеңесі және Қазақ филологиясы кафедрасы бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның негізгі бағыттарына Қазақстанды мекендеуші түрлі этностар тілдерінің дамуы; тіл саясаты және оны жүзеге асыру жолдары; мемлекеттік тіл және көрнекі жарнама; қазіргі қазақ терминологиясы; ономастика мәселері; ұлт және өзге ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары; ересек аудиториялардағы қазақ тілін оқыту әдістемесі; тіл мәдениеті және қазақ тілі стилистикасы мәселелері; мемлекеттік тілде іс жүргізу және аударма мәселелері жатты. Ал конференцияның негізгі мақсаты Елбасының тапсырмасымен қолға алынған тілдің үш тұғырлығы саясаты мен мемлекеттік тіл және оның қолданыс аясын кеңейту болатын.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Сүлеймен, Астана қаласынан Е.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.Ж.Құрман, Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.А.Мұсаев пен осы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ш.Баймұқанов, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Т.Х.Рысқалиев, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Б.Сабыр, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Ж.С.Ихсанова, Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Ж.Ж.Ерназаров, «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Б.Ө.Жексенғалиев, сонымен қатар облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнаулы орта және жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен студенттер қауымы, жалпы тіл жанашырлары қатысты.

Сонымен қатар конференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасады:


  1. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – тіл саясатының басты бағыты

  2. Тіл саясаты және қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелері

  3. Қазақстандағы тілдерді оқытудың тиімді әдістемелері мен инновациялық технологиялары.

2011 жылдың 28 қазанында БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі және «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып, оқушылар, студенттер және жас ғалымдар арасында облыстық «Жас ғалым-2011» инновациялық жобалар байқауын өткізді.

Конкурстың мақсаты - дарынды жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін қосуға жұмылдырып, олар ұсынған жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндіктер жасау. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қала газеттеріне байқау туралы хабарландыру жарияланып, барлық мектептер, орта және жоғары оқу орындарына плакаттар таратылды. 25-қазанға дейінгі аралықта жарияланған конкурсқа: ІТ технологиялар және инженерлік – конструкторлық жобалар, экология және биотехнологиялық жоба, әлеуметтік маңызды жоба бағыттары бойынша 108 жоба тапсырылды, олардың 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, сәйкес сертификат алып, өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды.

Байқаудың ашылу салтанаты мен бірінші кезеңде іріктелген инновациялық жобалардың презентациясы 2011 жылдың 28 қазанында «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратында ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесін ұйымдастыру, қатысушыларды тіркеу, материалдар тарату жұмыстарынан басталды. «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.М.Гиззатов байқауды салтанатты түрде ашқаннан кейін Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Қамешұлы Төрегелдиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиев, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушы Арман Мәлікұлы Есекенов, ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқығы комитеті жанындағы Ұлттық интеллектуалдық меншік инстиутының батыс аймақтық өкілі Қарлығаш Қабышева байқауға қатысушыларды біліктілік мерекесімен құттықтай отырып, жүлделі орындарға ие болуға шын тілектестіктерін білдірді. Президиум құрамына: Ж.С.Сырым, Э.А.Мадирова, Р.Р.Ашенова, П.А.Проскурин енді.

Секциялық жұмыстардың экология және биотехнология жоба бағыты «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратының №2 мәжіліс залдарында өтсе, әлеуметтік маңызды жобалар бағыты БҚМУ-дың №1 ғимараты №126 дәрісханада және ІТ технологиялар бағыты БҚМУ-дың №8 ғимараты 209 мәжіліс залында өтті. Инновациялық жобаны әр автор ауызша баяндама түрінде Power Point сүйемелдеуімен таныстырды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2011 жылдың 28 қазанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында өтті. Жобалар келесі жүлделер бойынша марапатталды:

1. Оқушылардың үздік инновациялық жобасы;

2. Студенттердің үздік инновациялық жобасы;

3. Жас ғалымдардың (29-ға дейін) үздік жобасы.

Атап айтсақ: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 1 жас ғалым, 15 студент, БҚИТУ-дан 20 жас ғалым, 22 студент, БҚИТУ колледж 7 жас ғалым, БҚИТУ колледж 1 студент, КазУИТС-дан 2 студент, Ж.Досмұхаммедов ат. педагогикалық колледж 4 студент, «Қазақ-түрік лицейі» 1 оқушы, №42 «Ақниет» гимназия 2 оқушы, №33 мектеп 2 оқушы, №8 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп 1 оқушы, Халықаралық ғылыми-білім Aptech 3 оқушы қатысты.

Байқау комиссиясының мүшелері: Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Төрегелдиев Мұратқали Қамешұлы және «Технопарк «Алгоритм» ЖШС технологиялық бизнес инкубациялау бөлімінің басшысы Проскурин Павел Александрович, техника ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті - Жазықбаева Ғалия Мұратқызы, «БҚО жастар қауымдастығының» ЗТБ-нің маманы - Ашенова Ранида Рафхатқызы, «Батыс Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты - Гиззатов Саялбек Махамбетұлы байрақты бәсекеде білімділігімен, біліктілігімен жүзден жүйрік шыққан, жаңашылдыққа жаны құмар жалынды жастарды жеңістерімен құттықтай отырып, 30 жеңімпаз жас ғалымдарды I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық қатысушыларға аннотациялар жинағын үлестіріп, байқауға қатысқандығын дәлелдейтін сертификаттарды табыс етті. Байқау қорытындылары қала газеттерінің редакцияларына таратылды. Конкурс қорытындысы бойынша 36 жобаның авторлары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар алғыс хат иеленді.



Орал өңірі – 03.11.2011, №126 (19580)

Приуралье – 05.11.2011, №127 (23309)

Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде «Студенттік заң клиникасы және Батыс Қазақстан облысындағы құқықтық сауаттылық» жобасымен 500 мың теңгенің грантын ұтып алды. Аталмыш жоба М.Өтемісов атындағы БҚМУ Заң клиникасының жұмысын жандандырып, халыққа әлеуметтік тұрғыдан жәрдемдесті.

2011 жылы 26 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Батыс Қазақстан облысының Жастар қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі» облыстық байқауында Тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Гиззатов «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері атанды.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет