Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанына қатысты деректерді мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Антикордың айтуынша, бұрынғы шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

"Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды. Ол коммерциялық ұйымның мүддесін көздеп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру туралы келісім жасасуға көмектескен", –  деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Тілеукеновтің айтуынша, ол форумды өткізуге арналған сметалық бағаны екі есе көп етіп көрсеткен. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты.

"Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа екі ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп толықтырды Антикордың ресми өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны хабарланды. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.