Өткізе алатын еңселі ел екендігімізді сездіріп, халқымыздың рухын асқақтата түсті. Бұл пікірін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында елордадағы С



жүктеу 35.03 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі35.03 Kb.

http://www.inform.kz/kaz/article/2329044

06.12.2010 / 15:03

ЕҚЫҰ қызметінің қажеттілігіне күмән келтіріле бастаған уақытта Астана Саммиті оған жаңа дем, жаңа бағыт берді- Университет ректоры А. Бұлашев

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды отырысында: «Біз үшін бұл мыңжылдықтың алғашқы саммиті емес, мың жылда бір рет болатын тарихи жағдай. ...Мұндай шара бірлігімізді бекемдеп, тәуелсіздікті нығайтып, елдігімізді әйгілей түсері анық», - деген сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты және кең ауқымды алқалы жиынды жоғары деңгейде

өткізе алатын еңселі ел екендігімізді сездіріп, халқымыздың рухын асқақтата түсті. Бұл пікірін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев білдірді.

Оның пікірінше, он бір жыл бойы құрылтайын ұйымдастыра алмай жүрген Еуропалық кеуделі ұйымға қатысушы мемлекеттер бір мүшелден кейін Астанада бас қосуы - буыны қатая қоймағанымен өзінің игі бастамаларымен әлем назарына ілінген егемен елімізге және жаһандық деңгейде беделді тұлғаға айналған Президентімізге көрсетілген үлкен құрмет, зор сенім. Ал осы сынды жоғары деңгейдегі кездесулердің нәтижелі өтуі - Қазақ елінің экономикалық, дипломатиялық және саяси әлеуетіне күмәнмен қарап келгендердің күдіктері сейіле бастауына арқау болады.

«Бірнеше күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары төрткүл әлемге тәуелсіз елімізді әйгілеп, қазақтың кім екенін және оның қолынан не келетіндігін танытып жатты. Күнбатыстық белді ұйымның құрылтайын ашқан Елбасы Н.Назарбаев, бірқатар жаңа идеялар мен саяси бастамаларды жария етті. Айталық,  қауіпсіздікті «еуропалық» және «азиялық»  деп бөліп қараудың қазіргі кезде келмеске кеткендігін алға тартып, «мұхиттан мұхитқа дейін» тұжырымдамасын  ұсынды. Бұл дегеніміз, жағалауларын төрт мұхиттардың сулары шаятын елдер шеңберінде ортақ қауіпсіздік белдеуін құруды білдіреді. Яғни, Астана Саммиті Ұйым тарихында бірінші рет қауіпсіздік мәселелерін Еуразия шекарасынан шығаруды көтерді. Расында да, бейбіт өмір құрлықтың бір бөлігінде сақталып, екінші жағында бүлік шығып жатса, мұндай қауіпсіздіктен не пайда?  Президенттің  бұл ойы жер шарынмекендеген бүкіл халықтың көңілінен шыққанына күмән келтірмеймін. Сонымен бірге, Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік терминінің Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезінде де жиі қолданыста болғанын, сонымен қатар Астана Декларациясынан да өз орынын тапқанын айта кеткен дұрыс», - деді ол.


   
Саммитте Қазақстан басшысы Н.Назарбаев Ұйым «себеттерін» тағы үшеуге арттыруды ұсынды. Саммит күндері Ұйымға қатысушы мемлекеттер өкілдерінің журналистерге берген сұхбаттарына сүйенсек, олар бұл ұсыныстарды ЕҚЫҰ-ға жаңа серпіліс беретін бастамалар ретінде қарастырады. Н.Назарбаев ұсынған - дінаралық келісім «себетінің» қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Және Астана Саммитінде бұл ұсынысты аталмыш мәселенің өзектілігін терең түсініп қана қоймай, нақты істермен дәлелдеп жүрген Н.Назарбаевтың көтергені орынды және заңды. Ұлтаралық және кофессияаралық келісім мен бейбітшілікті қоғамымыздың берік іргетасы мен тұғырына айналдыру мақсатында және тәжірибемізді өзге елдерге паш ету үшін бас қаламызда Әлемдік және дәстүрлік діндер басшыларының съездері, Қазақстан халқы Ассемблеясының сессиялары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. «Сөз жоқ,  дін өкілдерінің қазақстандық құрылтайлары толеранттылықтың құжатын даярлауда ЕҚЫҰ үшін таптырмас пікір алаңы бола алады», - дейді ректор.

«Елбасы Саммитте сондай-ақ әлемге қанат жайған қаржылық дағдарыс, жергілікті жанжалдар, жаһанды дүр сілкіндірген қақтығыстар мен апатты жағдайлар күтпеген оқиғалар санатынан табылып отырғанын баса айта келе, олардың алдын алу мақсатында Астана қаласында жаңа құрылым -  Қауіпсіздік институтын құру туралы ойын ортаға салды. Бұл бастама қолдау тауып жатса, Институт терең ғылыми зерттеулердің негізінде алдын ала болжамдар жасап, ұйымға енетін елдердің аумағында тосын оқиғаларды болдырмауға бағытталған шараларды ұсынып отырар еді. Кім біледі, егер де мұндай халықаралық құрылым осыдан бір он жылдай бұрын ұйымдастырылса, жаһандық қаржы дағдарысы да, қазіргі кездегі әлемнің әр жеріндегі «ыстық нүктелер» де болмас па еді? Аталмыш ұсыныстар төрағалығын тапсырғалы тұрған Қазақстанның болашақта да Еуропалық беделді ұйымның белсенді мүшесі ретінде әлем қауіпсіздігінің нығаюына өз үлесін  қосуға даяр екендігін делелдеп отыр. Қазақстан келер жылы да ЕҚЫҰ-ның төрағалығынан алшақтамай, ұйым басшылығының «үштігінде» жұмыстар атқарады», - деді А.Бұлашев.


 
А.Бұлашевтың пайымдауынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қызметінің қажеттілігіне күмән келтіріле бастаған уақытта Астана Саммиті оған жаңа дем, жаңа бағыт берді. «Қазақ дипломатиясы мен сарапшыларымыздың кәсібилігінің арқасында тарихи маңызы бар халықаралық заңнама мен дипломатияда Астана атауын айшықтап тұратын құжат қабылданып, Ұйым жұмысында жаңа кезеңінің басталғандығы әлемге паш етілді. Елбасы Саммиттің жабылауында: «Біз үшін бұл мыңжылдықтың алғашқы саммиті емес, мың жылда бір рет болатын тарихи жағдай... Мұндай шараның бірлігімізді бекемдеп, тәуелсіздікті нығайтып, елдігімізді әйгілей түсері анық», - деген сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты, әрі кең ауқымды алқалы жиынды жоғары деңгейде өткізе алатын еңселі ел екендігімізді сездіріп, халқымыздың рухын асқақтата түсті», - деп түйіндеді ойын.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет