Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтуде. Тыңдалымда әйелін өлтірді деген күдіктегі Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден

Сотта Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсінетінін, алайда мұны мойындамайтынын жеткізді. Сот тыңдалымы алқабилер мен журналисттердің қатысуымен өтуде. 

Бишімбаевтың адвокаты қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі Назкен Құсайынованың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық істе бұзушылықтар анықталған. Ол қылмыстық істе 16 том бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

  • "Әперген қымбат сыйлықтарын міндет қылған": Прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні нақты не болғанын айтып берді

  • "Мынау сен емессің бе?": Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені айтылды


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.