Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсенбаев сейсмолог мамандығын жандандыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматылықтарды әбігерге салған жерасты дүмпулері осы салада шешілмеген бірқатар мәселе бар екенін көрсетті. Оның ішінде маман жетіспейтіні анықталды. 

Бүгін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті брифинг кезінде бірқатар сұраққа жауап берді. 

"Біз сейсмология мамандығын жаңғыртып жатырмыз. Бүгінде бұл салаға мамандардың қажет екені сезіледі. Себебі 2007-2008 жылғы түлектер өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Қазір Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің базасында кафедра құруға дайындалып жатырмыз”, — деді Дәулет Сәрсенбаев.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің Астанада зілзаланың неліктен сезілгені туралы сұрағына жауап беріп, қорқуға себеп жоқ екенін айтты. 

Сонымен қатар министр жер сілкінісіне қарамастан алматылық студенттердің сабағы неліктен тоқтатылмағынын түсіндірді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.