Таеквондодан лицензиялық турнирде сынға түсетін қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Ертең Қытайдың Тайань қаласында олимпиада жолдамасын сарапқа салатын Азия құрлығының соңғы іріктеу турнирі басталады. Қазақстандық таеквондошылар ішінен шаршы алаңға бірінші болып 80 келідегі Батырхан Төлеуғали көтеріледі. Жеребе тарту кезінде В тобына түскен отандасымыз алғашқы жекпе-жегін үндістандық Акшай Худаға қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда Индонезия мен Сауд Арабиялық спортшылар жұбының жеңімпазымен шығады.
Қазақстан атынан лицензиялық турнирге қатысатын таеквондошылар белгілі болды
Айта кетейік, Төлеуғалидің салмағында небәрі 9 спортшы сынға түсіп жатыр. Олардың тек екеуі, яғни финалға шыққандары Париж олимпиадасының жолдамасын еншілейді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.