Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата08.02.2018
өлшемі0.6 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу
Пән: физиология

Пән коды: FIZ-1215

Мамандық: 5В110100 «Мейіргер ісі»

Курсы және оқу семестрі: I курс, ІІ семестр

Кредит 2

2014 жылы
Әдістемелік өндеу кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

_____ _____________ 2014 ж. Хаттама №


Каф. меңгерушісі _____________ доцент Жолымбекова Л.Д.

Кредит №1

Әдістемелік өндеу №1

1. Тақырыбы: Физиология курсына кіріспе. Физиология медицинаның ғылыми негізі, адам денсаулығын жəне жұмысқа қабілеттілігін бағалау.

Физиология дамуының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері. Қоздырғыш құрылымдардың функциялық ерекшеліктері.



2. Мақсаты: пәнмен, мақсатымен, міндеттерімен және физиологияның заманауи даму кезеңдерінің ерекшеліктерімен танысу.

3. Оқыту мақсаты: тірі организмнің қызметтерінің іске асыруын, реттелуін және өзара байланысын, олардың қоршаған ортаға бейімделуі механизмін ашу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Физиология пәні және міндеттері.

  2. Физиология медицинаның ғылыми негізі ретінде.

  3. Физиология медицинаның ғылыми негізі, адам денсаулығын жəне жұмысқа қабілеттілігін бағалау.

  4. Әр түрлі жадайларда адамның өмірі мен әрекеттерін қамтамасыз етудегі физиологияның ролі.

  5. Физиологияның қазіргі таңдағы даму кезеңдерінің ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері – оқулықтармен және оқу құралымен жұмыс істеу.

6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау.

Сұрақтар

1. Физиология пәні нені оқытады?

2. Физиология пән ретінде өз алдына қандай міндеттерді қояды?

3. Физиология мен медицинаның байланысы қандай?

4. Физиологияның дамуының заманауи кезеңініңерекшеліктері қандай?

5. Адам денсаулығының жағдайын қалай бағалауға болады?

6. Денсаулықтың физиологиялық негізі қандай?

7. Денсаулықты сақтау мен алдын-алу шараларының қандай негізгі әдістерін атауға болады?

8. Адамның жұмысқа қабілеттілігі неге байланысты?

9. Қозғыштық дегеніміз не?

10.Қозғыштықтың функционалдық ерекшеліктері мен құрылымы қандай?
Әдістемелік өндеу №2.

1. Тақырыбы: Физиологияда қолданылатын зерттеу əдістері. Тітіркенгіштік. Қозғыштық. Бұлшықеттердің физиологиялық қасиеттері. Ми бағанасының статикалық және статокинетикалық рефлекстері.

2. Мақсаты: қозғыш тіндердің негізгі түрлерімен танысу, түсініктерді: қозғыштық, қозу, тітіркендіру табалдырығы және функционалдық лабильділікті түсінуі, әртүрлі бұлшықет түрлерін және олардың физиологиялық қасиеттерін оқып білу, бұлшықеттердің жиырылуын анықтауды үйрену және олардың физиологиялық ерекшеліктерін ажырату.

3. Оқыту мақсаты: бақаның жүйке-бұлшықет препаратын дайындау, бұлшықеттің жиырылуын зерттеу әдістерін меңгеру электростимулятормен және электромиографпен жұмыс істеуді үйрену, бұлшықеттердің жиырылу түрлері мен тәртібін оқып үйрену, жиырылудың түрлерін салу және осы үдерістің механизмін түсіндіре алу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Биологиялық мембрананың негізгі физиологиялық жағдайы.

2. Биопотенциал кезіндегі натрий, калий, хлор концентрациясы градиентінің мәні.

3. Қозғыш тіндерді зерттеу әдістері.

4. Тыныштық потенциалы.

5. Әрекет потенциалы.

6. Қозу үрдісінің әртүрлі кезеңдеріндегі қозудың өзгеруі.

7. Бұлшықет тіндерінің түрлері.

8. Көлденең жолақты бұлшықеттердің қызметі мен қасиеттері.

9. Бұлшықеттің жиырылу түрлері.

10. Бірізді жиырылу.

11. Біріктірілген жиырылу (жайпақ және тісті тетанус).

12. Бұлшықет жиырылуының механизмі.

13. Бұлшықеттің жиырылу тәртібі.

14. Баяу солуға бұлшықеттің реакциясы.

15. Бұлшықеттердің жұмысы мен күші.

16. Бұлшықеттердің қажуы.

17. Бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылу үдерісінің ерекшеліктері.

18. Ми бағанасының статикалық және статокинетикалық рефлекстері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері – аспаппен жұмыс істеу және зерттеу нәтижелерін талқылау.

Лабораториялық жұмыс №1.

Жүйке-ет препаратын жасау әдісі.

Құрал-жабдықтар: препарат жасайтын жиынтық, салқынқандыларға арналған Рингер ерітіндісі, дәке, эфир. Жұмыс бақамен жүргізіледі.

Жұмысты орындау. Қимылы тоқтатылған бақаны сол қолымен артқы сирақтарынан ұстап тік тұрғызса, оның белі мен сегізкөзі арасындағы буыны бүгіледі. Осы буыннан 1,5-2,0 см жоғары жерден бақа денесін көлденең кесіп, ішкі мүшелерімен бірге алып тастайды. Сол қолымен бақаны жотасынан ұстап тұрып, оның терісін сүлгі арқылы сыдырып алып тастайды да, препаратты крі аударып жіберіп, құйымшақтан тіліп жібереді.Содан кейін бақаны шатынан екі айырып үлкен қайшымен оның жотасын бойлай қақ ортасынан тіледі де, екі сирағын екі жаққа тартып қақ айырады. Екі сирақтың екеуінен де жүке – ет препаратын жасауға болады. Ол үш шонданай жүйкесінің астын ала кіші қайшынының ұшын өткізіп жібереді де, жүйке шығатын жерде аздаған омыртқа кесіндісін сау қалдырады, қалғанын кесіп алып тастайды. Шонданай жүйкесін ұршық буынға дейін абайлап рей отырып, айналадағы басқа өрімдерден тазартады. Екі қолдың бас бармақтарымен санның артқы жағында орналасқан жартылай жарғақ және қос басты еттердің арасын ашып сол жерде жатқан шонданай жүйкесін тауып алады. Омыртқа қалдыған іскекпен көтеріп тұрып, жүйке тұсына дейін босатады. Ол үш жүйке діңімен жалғасқан жүйке талшықтарын кіші қайшымен абайлап отайды. Жүйкенің өзін тілмей бүтін күйінде тізеден сәл жоғары жерден тіліп жібереді де сан еттерін сүйегімен бірге кесіп тастайды. Ахил сіңірінің астына қайшы ұшын өткізеді де, балтыр етін жілігімен бірге ажыратып алады. Содан соң сіңірін тіліп жіберіп тізесінен төменгі асық жілікті кесіп алып тастайды. Мұның нәтижесінде жүйке-ет препараты дайын болады.

Оның құрамы: балтыр еті, тізе буыны және омыртқа бөлігімен жалғасқан шонданай жүйкесі. Тізе буыны препаратты миографқа бекіту үшін қалдырады. Препарат кеуіп кетпеу үшін оған физиологиялық ерітінді тамызып отыру керек. Содан кейін оны миографқа бекітеді.

Тізе буынының қабынан миографтың үстіңгі қармағына іледі де, ахил тарамысын жазғыштың ілгегіне бекітеді.

Шонданай жүйкесіне жалғасқан омыртқа кесіндісін миографқа бекітілген тығын кесіндісінің үстіне салады.

Жұмыс нәтижесін көрсету.
Лабораториялық жұмыс №2.

Графикалық әдістердің тіркеуін сиппаттау.

Тіркеуге арналған электродтар тітіркендіргіш электродтардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Олардың параметрлері зерттеу мақсатына тәуелді, конструкциясы, электрлік үрдістерді тіркеуге арналған (электромиографтардың, электроэнцефалографтардың, электрокардиограф-тардың) т.б. сәйкес приборлардың сипаттамасында түсіндіріледі.

Электрлік емес өлшемдеріді тіркеу үшін арнайы өлшегіш құралдарды (датчик) қолданылады. Арнайы өлшегіш құрал (датчик) деп өлшегіш немесе бақылайтын өлшемін сигналға айналдыратын аспапты айтамыз. Арнайы өлшегіш құрал (датчик) классикалық вариантта механикалық ығысуларды тіркеу үшін (қаңқа және бұлшықеттер жиырылуы, тамырлардағы қан тербелісі көкірек қуысының қозғалысы т.б.) қажет. Бұл приборлар ішінде негізгі құралдарға механикалық тегершік (рычаг) тікелей зерттелуші объектпен жалғастырылған. Миограф, Энгельман тегершікшесі немесе пневмокамера (капсула Марея) арқылы тікелей емес жалғастырылған. Бұл түрдегі арнайы құрал тегіршікшесімен жазғыш аспабы бар және кимограф барабанында (сур. 3.) жазуды жүзеге асырады.



Сурет 1. Бақа жүрегінің жиырылуын графикалық тіркеуге арналған құрылғы.
а — кимограф; 6 —Энгельман тегіршікшесі

в —уақыт белгілейтін электромагниттік аспаб


Лабораториялық жұмыс №3.

Электромиография.

Электрлі миография-ет қозған кезде пайда болған электрпотенциалдарын жазып алу үшін қолданылатын әдіс. Бұл әдіс еттің ауру-саулығын және қимыл аппаратын тексеруге арналған.

Қойылған мақсатқа қарай электр миограммасын қозғалмай сылқ түсіп жатқан адамнан, ет еркін жиырлған немес жұмыс жасаған кездерде жазып алуға болады.Электромиограф құрамына корек денгейін күшейтетін блоктар, динамик, екі осциллоскоп және биопотанциалды фотосуреттер түсіретін құрал кіреді. Ет биопотенциалдарын қабылдау үшін теріге тақалатын электродтар пайдаланылады. Электродтары зерттейтін еттін үстіне салады да, жабысқак таңғышпен, немесе манжетамен таңып тастайды. Электр потенциалдарын еттің шағын нүктесінен қабылдау қорек болса, инеге ұқсас электродтар пайдаланылады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Электрмиографы, салмағы әр түрлі жүктер /І,3,5 кг/, теріге салатын элекродтар, спирт, мақта, жабысқақ, таңғыш.

Жұмысты орындау: Бір студентті орындақа отырғызады да, оның иығындағы қос басты ет биопотенциалдарын тіркеуге кіріседі. Ол үшін ет үстіндегі теріні спиртке малынған мақтамен сүртіп, жібереді де, сол жерге физиологиялық ерітіндіге малынған екі салфетка жапсырады. Салфетка үстінен электодтар салады да, оны манжеткамен таңып тастайды. Қасына жермен байланыстыратын электродтар қояды. Аспапты электр торабына қосып, бірер минут жылытады. Зерттелуші еттің босаңсыған, жиырлған және жүк көтерген кездерде пайда болатын электр потенциалдарын аспап экранынан көруге болады. Сол потенциалдар пайда болған кезде шығатын дыбысты динамик арқылы естуге болады. Ауыр жүк көтерген кезде потенциалдар биіктігі амплитутасы әлде қайда жоғары болатыны байқалады.
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Қозғыш ұлпаларға ... жатады.



    1. жүйке,бұлшық ет, без

    2. жүйке, шеміршек, дәнекер

    3. бұлшык ет, эпителий, глиальды

    4. без,сүйек, коллагенді талшықтар,

    5. сіңірлі,бұлшық ет, сүйек

2. Жылықандылардың жүйке, бұлшық ет, синапсының лабильділігі:

жүйке бұлшық ет синапс



  1. 1000 300 100 имп/сек.

В. 500 300 50 имп/сек.

С. 600 200 1000 имп/сек.

Д. 400 100 70 имп/сек.

Е. 1000 100 200 имп/сек.

3. Ұлпаның аккомодациясы ... дамиды.


  1. қандай да болмасын күшi бар тiтiркендiргiштiң күшiнiң баяу жоғарлауында

  2. тiтiркендiргiштiң күшiнiң баяу жоғарлауы және ұзақ әсерi

  3. табалдырықтан жоғары күшi бар тiтiркендiргiштiң күшiнiң ырғақты әсерi

  4. синусоидты тоқ кезiнде электр тогының тiк бұрышты әсерi

  5. тiк бұрышты электр тогының күштi әсерiнен

4. Егер бұлшықет жасушасында натрий концентрациясы жоғарыласа, мембраналық потенциал ... .

    1. шекаралык мөлшерге дейін тым төмендейді

    2. жойылуға дейін төмендейді

    3. өзгеріссіз

    4. шекаралык мөлшерге дейін тым жоғарылайды

    5. фазалык өзгерістер

5. Мембраналык потенциал ... түзіледі.

    1. Na және К иондарына мембрана өткізгіштігінің бірдей болмауынан

    2. мебрананың өткізгіштігі болмауынан

    3. Cl және Mg иондарының өткізгіштігінен

    4. мембрананың Cа және Na иондарына өткізгіштігінен

    5. мембрананың Cl және Ca иондарына өткізгіштігінен

6. Егер бұлшықет жасушасында калий концентрациясы жоғарыласа, мембраналық потенциал ... .

А. жойылуға дейін төмендейді

В. өзгермейді

С. шекаралык мөлшерге дейін тым жоғарлайды

Д. фазалық өзгерістер байқалып, төмендейді

Е. жылдам ауытқулары байқалады

7. Қаңқа бұлшықеттері ... жиырылуға қабiлеттi.

А. тетаникалық

В. тоникалық

С. бірізді

Д. фазалық

Е. спастикалық

8. Тегiс бұлшықеттер ... жиырылуға қабiлеттi.

А. тоникалық+

В. тетаникалық

С. бірізді

Д. фазалық

Е. спастикалық

9. ... лабильділігі жоғары, рефрактерлігі төмен.

А. Жүйке талшықтарының

В. Жүйке орталығының

С. Синапстың

Д. Қаңқа бұлшық еттерінің

Е. Тегіс бұлшықеттерінің

10. Тегiс бұлшықеттердiң физиологиялык касиеттерiне ... жатады.


  1. қозушылық, өткiзгiштiк, автоматия

  2. жиырылудың үлкен жылдамдығы, тез шаршағыштық, автоматия

  3. қозудың тез таралу жылдамдығы, өткiзгiштiк

  4. жеке дара жиырылуға қабiлетсiздiк, әсемдiк

  5. автоматияға ие және ОЖЖ бағынбау

11. Жүйке жүйесінің адекватты тітіркендіргіштеріне әсер ететін факторлар:

А. электрлік, медиаторлық

В. электрлік, осмостық

С. термиялық, химиялық

Д. осмостық, электрлік

Е. магниттік


Әдістемелік өңдеу №3.

1. Тақырыбы: Ас қорыту аппаратының қызметтері. Ас қорыту: түрлері. Ас қорытудың реттелу принциптері мен механизмі. Ауыз қуысында, асқазанда астың қорытылуы. Сілекейдің бөлінуі және реттелуі. Асқазанда ас қорыту.

2. Мақсаты: ас қорыту аппаратының қызметтерін, ас қорытудың реттелу принциптері мен механизмін, сілекейдің, асқазан сөлінің құрамын және қасиеттерін, сонымен қатар гидролиздегі және қоректік заттардың сіңірілуіндегі әртүрлі асқорытудың рөлін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты: ауыз қуысындағы, асқазандағы тағамның физикалық және химиялық өңдеу ерекшеліктерін үйрену, асқазан сөлінің ферменттік құрамын зерттеу, ауыз қуысындағы рецепцияның мәнін анықтау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ас қорыту жүйесінің бөлімдері.

2. АІЖ қызметтері;

3. Асқорытылу туралы түсінік;

4. Асқорытылудың түрлері;

5. Сілекей бездерінің жіктемесі;

6. Сілекейдің құрамы мен қызметі.

7. Сілекей бөлінудің реттелуі.

8. Жұтқыншақ және өңеш қызметтерінің ерекшеліктері;

9. Асқазанның пилорикалық және кардиалды бөлімдерінің морфофункцио налдық ерекшеліктері;

10. Қарын бездері. Қарын сөлдерінің құрамы мен қасиеттері.

11. Асқазан сөлінің түзілуі мен бөлінуінің реттелуі.

12. Асқазандағы сіңірілудің реттелуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері – клиникалық-физиологиялық

әдістерді игеру.



Лабораториялық жұмыс №1.

Негізгі дәмнің белгілерін ажырату.

(тілдің дәм сезу картасы)

Жұмыстың мақсаты: Тілдің дәм сезу түрлерін анықтау.

Жұмысқа қажетті заттар: Қант, тұз, лимон, бұрыш.

Жұмысты орындау: Тілдің әр аумағының (ұшы, түбірі, бүйірі) сезімталдығы тітіркендіргіштерге әртүрлі. Тәттіге – тілдің ұшы, қышқылға – бүйірі және түбірі, ащыға – түбірі, тұздыға – ұшы және бүйірі сезімтал келеді.




Тәтті

Тұзды

Қышқыл

Ащы

Тіл бетіндегі рецепторлардың біркелкі орналаспауына байланысты тілдің әртүрлі аймағы шырышты қабатының тітіркендіргіштерге жауап беруі де біркелкі емес.

Лабораториялық жұмыс №2.

Қарын шырынының /сөлінің/ ферменттік қасиеттерін зерттеу

Адамның қарны тәулігіне 2-2,5 л сөл шығарады. Сөл құрамында қышқыл сілті тепе-теңдігін /рН/ қалыптастырып отыратын тұзқышқылымен белок /ақзат/ ыдырататын ферменттер/ пепсин, гастрикспи, камезин/ болады. Қарын сөлінің белок ыдырату қабілетінің шамамен 95-% пепсинмен гастриксинге байланысты. Мұнымен қатар қарын сөлінің құрамында май ыдырататын липаза деген фермент бар.

Жұмыс төрт пробиркада атқарылады.

№1 пробиркаға 2 мл қарын сөлі,

№2 пробиркаға 2 мл қайнатылған қарын сөлі.

№3 пробиркаға рН сілтілі реакцияға айналғанша /қызыл лакмус қағаз көкшіл болғанша/ сонда /NaНCO3/ ерітіндісі қосылған 2 мл қарын сөлі

№ 4 пробиркаға 2 мл 0,5%-тіік тұз қышқылы құйылады. Төрт пробирканың төртеуіне де 0,1-0,3 г фибрин қосып, температурасын 38° ұстайтын термостатқа қойылады 30-40 минуттан соң пробиркаларды термостаттан алады да, ішіндегі фибринде қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазып алыңыздар.


Пробирка №

Пробирка ішіндегі заттар

Фибриннің қалпы

Фибриннің өзгеру себептері

№1

2мл үйқы безінің сөлі + фибрин







№2

2 мл үйқы безінің сөлі / қайнаған/ + фибрин







№3

2 мл үйқы безінің сөлі +NaНCO3 ерітіндісі + фибрин







№4

2мл үйқы безінің сөлі +0,5%НСl + фибрин









6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .



  1. көбейедi

  2. азаяды

  3. өзгермейдi

  4. екi кезектi

  5. азаяды,сонан кейiн көбейедi

2. ... ең ұзақ уақыт асқазан сөлiн бөледi.

  1. Нан

  2. Ет

  3. Сүт

  4. Сай

  5. Жемiс-жидектер

3. ... сiлекей бездерi көбiнесе ұйыма сұйық секрет бөледi.

  1. Шықшыт

  2. Жақасты

  3. Тiласты

  4. Ұсақ ішкі

  5. Ірі сыртқы

4. Адамнан таза сiлекейдi ... алуға болады.

  1. Лешли-Красногорский капсуласының көмегiмен

  2. электрогастрография әдiсiмен

  3. Абель бойынша вивидиффузия әдiсiмен

  4. Лондон бойынша ангиостомия әдiсiмен

  5. рентгенологиялық әдiсiмен

5. Асқазандағы сөл бөлiнудi ... күшейтедi.

  1. энтерогастрин

  2. гастрон

  3. секретин

  4. вилликинин

  5. энтерогастрон

6. Ақуыздарды ыдыратуға қатыспайтын ферменттерге ... жатады.

  1. амилаза

  2. пепсин

  3. трипсин

  4. химотрипсин

  5. гастриксин

7. Шайнау қозғалыстарды тiркейтiн ... әдiсі.

  1. мастикоциография

  2. баллонографиялық

  3. электромиография

  4. гнатодинамометрия

  5. электрогастрография

Әдістемелік өңдеу №4.

1. Тақырыбы: Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері, оның бөлінуі. Ұйқы безі сөлінің реттелуі. Ас қорытуда бауырдың рөлі. Өттің бөлінуі мен шығарылуы. Ішекте сөлдің бөлінуі. Сіңірілуі, оның механизмі. Сіңірілудің реттелуі..

2. Мақсаты: өттің, ұйқы безінің, ішектің сөлдерінің құрамы мен қасиеттерін және қоректік заттардың гидролизі мен сіңірілуіндегі олардың ролін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты: ішектердегі тағамның физикалық және химиялық өңдеу ерекшеліктерін оқып үйрену, ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамын зерттеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Аш ішектің бөлімдері.

2. Аш ішектің қызметтері.

3. Аш ішектегі асқорытылу.

4. Ұйқы безі. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті.

5. Асқорыту үрдісіндегі бауырдың рөлі.

6. Өт. Құрамы, қасиеттері, қызметі.

7. Өт бөліну, оның реттелуі.

8. Ішектік секреция.

9. Тоқ ішектегі ас қорытылу.

10. Сіңірілу механизмі, оның реттелуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері – клиникалық-физиологиялық әдістерді игеру.

Лабораториялық жұмыс №1.

Ұйқы безі сөлінің қорыту қасиеттерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: табиғи ұйқы безі сөлі, фибрин немесе бақаның бұлшық еті (қайнатылғаны дұрыс), 0,5% хлорсутекті қышқыл, 0,5% натрий бикарбонатының ерітіндісі, су моншасы немесе термостат, спиртовка, прбирка орнатылған штатив, пинцет, стеклограф, лакмусты қағаз.

Жұмысты орындау. Төрт пробиркаға номер қою керек. №1,2,3 пробиркаларға 2 мл-ден асқазан сөлін, №4 – 2мл 0,5% хлорсутекті қышқыл құяды. №2 пробиркадағы сұйықтықты спиртовкада қайнатамыз, №3 пробиркаға натрий бикарбонатын әлсіз сілтілі реакцияға айналғанша (лакмусты қағаз көгілдір түске боялғанға дейін) қосады. Барлық пробиркаларға бірдей мөлшерде фибрин (0,1-0,3 г) салады және су моншасына немесе 38 С температурада термостатқа орналастырады. 30 мин. кейін пробиркаларды шығарады және сұйықтықтың қалай өзгергенін анықтайды.

Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді.




Пробирка №

Пробирка ішіндегі заттар

Фибрин

бастапқы


Фибриннің құрылымы

№1

2мл үйқы безінің сөлі + фибрин







№2

2 мл ұйқы безінің сөлі/ қайнаған/ + фибрин







№3

2 мл үйқы безінің сөлі +NaНCO3 ерітіндісі + фибрин







№4

2мл үйқы безінің сөлі +0,5%НСl + фибрин








6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. ... ең ұзақ уақыт ұйқы безі сөлiн бөледi.



  1. Нан

  2. Ет

  3. Сүт

  4. Сай

  5. Жемiс-жидектер

2. ұйқы безі сөлін бөлiнудi ... күшейтедi.

  1. энтерогастрин

  2. гастрон

  3. секретин

  4. вилликинин

  5. энтерогастрон

3. Панкреатикалық сөлдiң рН ортасы ...тең.

  1. 7,8-8,4

  2. 1,5-2,0

  3. 3,5-4,0

  4. 4,5-6,0

  5. 6,5-7,5

4. Ұйқы безiнен таза сөлі... арқылы бөлiп алады.

  1. ұйқы бездiң өзегiне фистула қою

  2. Тири-Велла фистуласының көмегi

  3. 12-елi iшектiң фистуласы

  4. 12-елi iшекке канюля еңгiзу

  5. Лешли-Красногорский капсуласы

5. Ақуыздарды ыдыратуға қатыспайтын ферментке ... жатады.

  1. амилаза

  2. пепсин

  3. трипсин

  4. химотрипсин

  5. гастриксин

6. Асқорыту жүйесiндегi сiңiрiлудi зерттеушi әдiс – бұл ... фистуласы.

  1. Экка-Павловтың

  2. Соловьев-Бакурадзе

  3. Басовтың

  4. Павлов-Глинский

  5. Робинсон



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет