Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



бет10/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.88 Mb.
#20322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мамандыққа байланысты ауру дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.

Мұндай аурулар екі топқа бөлінеді:



  1. Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулар. Мысалы, токсикалық заттар, діріл және т.б.

  2. Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес, сонымен қоса тұрмыстық, тұқым қуалаушылық немесе т.б. факторлар да болуы мүмкін. Мысалы, ағзада жаңа өсіндінің пайда болуы. Мұндай ауруларды мамандыққа байланысты ауру дейді, егер оның дамуына нашар ұйымдастырылған жұмыс жағдайы әсер етсе.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі: жүрек – қантамыр, онкологиялық және жүйке – психикалық аурулардың алдын алу. Мамандыққа байланысты аурулардың алдын алу, аурулардың этиологиялық факторларын жан-жақты зерттеуге негізделген.

Ғылым мен техниканың күннен күнге жетіліп, күрделене түсуі еңбек гигиенасының алдына жаңа міндеттерді жүктейді.

Соңғы жылдары адам ағзасына әсер ететін діріл, ультрадыбыс, электр және магнитті өріс, иондаушы сәулелер, лазерлі сәулелер және жаңа химиялық заттар қазіргі кезде мұқият зерттеліп жатыр.

Қазіргі кезде біздің елімізде қолданылатын заттар тек Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен ғана қолданылады.

Ғылыми негізделген гигиеналық нормативтердің үлкен маңызы бар. Өндірісте адам ағзасына әсер ететін физикалық және химиялық факторларға шектеулі рұқсат етілген деңгей (ШРЕД) және шектеулі рұқсат етілген концентрация белгілену керек (ШРЕК), ол мөлшер адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейді.

Жақсы жұмыс жағдайын, жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, қондырғылар мен құрал жабдықтарға, жұмыс орнына, басқару пультінің жұмысына, демалыстың мерзімді ұзақтығы және жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізетін физиологиялық негізделген талаптардың қажеттілігі.

Мұндай жағдайда еңбек гигиенасы – еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру - ЕҒНҰ ( НОТ ) деп аталатын кешенді мәселелерді шешуге белсенді араласады.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттары: гигиеналық, физиологиялық, психологиялық және эстетикалық.



Гигиеналық :

1) жұмысшылардың денсаулығына және жұмыс қабілетіне әсер

ететін өндірістік факторларды нормалау;

2) өндірістің зиянды факторларын жою немесе оны азайту арқылы

жұмыс жағдайын жақсарту.

Физиологиялық:


  1. жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды, машиналар мен қондырғыларды физиологиялық талаптарға сай орналастыру;

  2. физиологиялық негізделген жұмыс және демалыс режимін енгізу;

  3. физикалық ауыр дене еңбегін азайту, қимылдау белсенділігін

физиологиялық жағынан жеткілікті жұмыспен қамтатамсыз

ету ( гиподинамияның алдын алу үшін);



  1. миға, анализаторларға және эмоцияға күш түсетін еңбек

қауіптілігін азайту және бір сарынды жұмысты азайту.

Психологиялық:

  1. пульттердің, басқа да машиналардың, механизмдердің және жүйелердің жұмысын басқаратын заттар шығарған кезде психологиялық талаптарды ескеру (инженерлік психология);

  2. мамандықты таңдағанда әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  3. ұжымда жақсы микроклимат болу үшін шаралар кешенін дайындау және оны енгізу, еңбекке деген жоғары қызығушылық туындату және оның жақсы қортындыларына талпыну.

Эстетикалық:

  1. жұмыс орындарын өндірістік эстетика талаптарына сай безендіру, жақсы жарықтандыру, станоктардың, машиналардың құрал-жабдықтардың дұрыс орналасуы, түстерінің дұрыс таңдалуы

  2. машиналарды, құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, пульттерді және басқа да заттарды жаңадан шығарған кезде техникалық эстетика талаптарының сақталуы.

Негізгі өндірістік зияндылықтар. Мамандыққа байланысты аурулар және олармен күрес

Адам жұмыс кезінде өндірістің көптеген зиянды факторларының әсеріне душар болады: климат және мамандыққа байланысты факторлар.

Мамандыққа байланысты факторлар адамның жұмысқа деген қабілеттілігін төмендетеді, денсаулығына теріс әсерін тигізеді, мұны өндірістік зияндылықтар дейді. Оларға мыналар жатады:


    1. Жұмыс процесі дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда: жұмыс тәртібінің бұзылуы, жұмыс кезінде дененің ыңғайсыз жағдайда болуы, физикалық және жүйке – психикалық әсерлер және т.б.

    2. Өндірістік процестің ерекшелігіне байланысты туындайтын зияндылықтар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

  • микроклиматтық жағдайдың теріс әсері (қатты қызу, салқындау);

  • жоғарғы және төменгі атмосфералық қысымның әсері

( кессонды ауру және судың астында жүргізілетін жұмыстар);

  • шудың және дірілдің көп мөлшері;

  • әр түрлі электромагниттік өрістер (жылулық, көрінетін және ультракүлгін сәулелер, радиожиіліктегі диапозондар, ионды және т.б. сәулелер);

  • өндірістік улар;

  • өндірістік шаңдар;

  • патогенді микроорганизмдер (мал шаруашылығында– бруцеллалар, тері өңдеумен айналысатын өндірістерде – сібір жарасы және т.б.);

  • жарақаттану тудыратын механикалық факторлар,

3. Жалпы санитарлық еңбек жағдайының теріс әсері:

жарықтанудың жеткіліксіздігі, ауа жылдамдығының нормадан

тыс көп болуы, цехтардың дұрыс орналаспауы, себіл (душ) мен

асхананың болмауы.

Егер ауру өндірістік зияндылық әсерінен пайда болса және ол арнайы бекітілген тәртіппен расталса, ол ауру «мамандыққа байланысты ауру» деп аталады. Мысалы, мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамның бруцеллезбен ауруы, сауыншылардың қолының жүйке – бұлшық ет аппаратының ауруы, баспаханада жұмыс істейтіндердің қорғасынмен улануы және т.б.

Мамандыққа байланысты аурулардың тізімі заңды түрде бекітілген.

Мамандыққа байланысты аурудың алдын алуда және оны ерте анықтауда адамдардың жұмысқа түсер алдында өтетін медициналық тексерулер мен мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор.

Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы нұсқамасында өндірістік зиянды факторлар әсер ететін орында жұмыс істейтін адамдарды медициналық тексеруден өткізуге қатысатын дәрігер- мамандардың тізімі және денсаулығына байланысты жұмысқа қабылдауға қарсы көрсеткіштер берілген.

Егер өндірістік зияндылық қарқынын санитарлық нормаға дейін азайту мүмкіншілігі болмаса, онда басқа да қосымша қорғаныс құралдарын қолданған өте маңызды. Оларға газ тұтқыр (противогаз), респираторлар, қорғағыш көзілдіріктер, шуға қарсы аппараттар (противошумдар), әр түрлі арнайы киімдер және аяқ киімдер, қорғағыш сықпа майлар (пасталар) мен жағылмалар жатады.

Техникалық дамуға (прогреске), өнідірістің дамуына және еңбек гигиенасының жетістіктеріне байланысты қазіргі кезде көптеген өндірістік зияндылықтар толығымен жойылған, ал кейбіреулері жайлап жойылып, қазіргі кезде сирек кездесетін болды.



Адам ағзасының ауысымдағы жұмыс қабілеттілігі: біріншісі түске дейінгі, екіншісі түстен кейінгі уақыт.

Ең алдымен адамның жұмыс қабілеті жайлап көтеріледі (қалыптасу кезеңі), ең жоғары шамаға 1-1,5 сағаттан кейін жетеді, бұл деңгейдің ұзақтығы жұмыстың түріне байланысты болады, егер жұмыс жеңіл және жақсы ұйымдастырылған болса, ол деңгей ұзағырақ сақталады, бұл деңгейді жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуы дейді.

Егер түске дейін жұмыс қабілеті төмендесе (шаршау кезеңі), ол түскі демалыстан кейін қайта көтеріледі де жоғарыда айтылған максимумға қайта жетеді. Адам қатты шаршаса немесе түскі демалыс уақыты қысқартылған болса, бұл кезде түстен кейін адамның жұмыс қабілеті ең жоғары көрсеткішке жетпеуі де мүмкін. Жұмыс ауыр болған сайын, адамның жұмыс қабілеті жұмыстың соңына таман қатты нашарлайды (шаршау кезеңі).

Шаршау адамда ауыр жұмыс, күшті көп жұмсайтын жұмыс және ұзақ жұмыс жасау кезінде пайда болады. Ол уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуімен және шаршау сезімімен сипатталады.

Шаршау кезінде адам өзін нашар сезінеді, жұмысқа деген қызығушылық пен көңіл бөлу нашарлайды, қимыл үйлесілімділігі бұзылады, жүрегі қағады, тынысы тарылады, жұмыс жасап жатқан бұлшық еттер ауырлық сезінеді.

Шаршау – күрделі физиологиялық процесс, жоғары жүйке жүйесінен басталып, ағзаның барлық жүйесіне таралады.

Адам демалғаннан кейін шаршау қайтып, адамның жұмыс қабілеті қалпына келеді.

Адамның шаршау кезінде пайда болатын субьективті сезімі, ол адамның дем алу қажеттігіне берілетін белгі.

Еңбек режимінің жүйелілігі сақталмаған жағдайда және адам өзінің шаршағанына көңіл аудармаған кезде ағзада шаршау – зорығуға өтеді.



Зорығу – ағзада болатын патологиялық процесс болып саналады. Зорығу адам ауыр және ұзақ жұмыстан кейін жеткіліксіз дем алғанда және жұмыс қабілеті қайта қалпына келмеген жағдайда пайда болады. Зорығу кезінде орталық жүйке жүйесінде қатты қозу байқалады, соның салдарынан адам өзін нашар сезінеді, ашуланшақ болады, ұйқысы бұзылады.

Зорығу – неврозға алып келуі де мүмкін, жүрек – қан тамыр ауруларының, гипертония, асқазан жарасы ауруларының қозуына әкеліп соғады. Ағзада иммунитет төмендейді. Зорығуды жою үшін адам ұзақ уақыт дем алу керек, қажет жағдайда ем қабылдауы керек.

Зорығу еңбек процесі дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, жүйке – психика жүйесін зорықтыратын жұмыс кезінде, энергия көп жұмсалатын жұмыс кезінде, дене ыңғайсыз тұрып жұмыс жасаған кезде пайда болуы мүмкін. Ауырлығына байланысты еңбек түрі әр түрлі категорияға бөлінеді:

І – жеңіл, күш аз жоғалтады

ІІ – орташа, аз күш жоғалтуды талап етеді

ІІІ – ауыр, күш жоғалтуды көп талап етеді

ІV - өте ауыр, өте көп күш жоғалтады

Жұмыстың ауырлығын анықтау көрсеткіштеріне - энергия жұмсау, жүрек соғысының жиілігі, статикалық жүктеме мөлшері, жұмыс процесінің денеге ыңғайлылығы, (қанша рет еңкейеді, жүретін жолдың алыстығы және т.б.) жатады.

Еңбектің қауіптілігін анықтайтын көрсеткіштерге көңіл аудару дәрежесі (бір кезде қадағаланатын нысандардың саны) көру қабілетіне, есту қабілетінің қауіптілігі, оперативті есте сақтау қабілетінің көлемі) жатады.

Шаршау және зорығу. Олармен күрес. Еңбек процесін жүйелі ұйымдастыру

Шаршау мен зорығудың алдын алу үшін шаралар дайындау еңбек гигиенасының маңызды мақсаттарының бірі. Ой немесе дене еңбегі кезінде шаршағанда орталық жүйке жүйесінің жағдайы маңызды орын алады.

Қандай жұмыс болсын, егер жұмыс жақсы ұйымдастырылған болса: технологиясы жақсы ұйымдастырылған, жақсы көрсеткіштері үшін материалды марапаттаулар, жұмыс орнында тазалық пен тәртіп жақсы сақталса, техниканың бәрі жұмыс істеп тұрса, жұмыс орны өндірістік жағынан эстетикалық жақсы безендірілген, музыка немесе адамға жақсы әсер ететін факторлар болса, адамның жұмыс қабілеті ұзаққа дейін жоғары деңгейде сақталып, өндіріс қарқыны жақсы болады.

Адамның жұмыс қабілеті оның біліктілігіне, өндірістік дағдыларына және жаттығуларына байланысты. Жаттығу дегеніміз бір жұмысты көп рет және жүйелі қайталау арқылы бұлшық еттің жұмыс деңгейін көтеру және ағзаның шыдамдылығын жоғарылату. Жаттығу кезінде немесе жұмысты үйрену кезінде жылжу үйлесілімділігі, жүрек – қантамыр жүйесінің жұмысы, тыныс алу және басқа да физиологиялық жүйелердің жұмысы жақсарады. Жаттығудың маңызды принциптерінің бірі жаймен және жүйемен жұмысты күрделендіру, яғни өндірістік үйретуді ұйымдастыру кезінде оны ескерген дұрыс. Жоғарыда айтылғандардың бәрі біліктілігі жоғары және дұрыс өндірістік үйретулер шаршаудың алдын алу факторының бірі болып табылатындығын көрсетеді. Адам істейтін кез келген әрекет бұлшық еттің динамикалық және статикалық жұмысымен сипатталады. Бұлшық еттердің динамикалық жұмысы дегеніміз адамның денесінің кеңістікте жылжу кезіндегі бұлшық еттің жұмысы, мысалы жүкті қолмен көтеріп жылжыту. Бұлшық еттің статикалық жұмысы дегеніміз адамның денесі кеңістікте жылжымайды, мысалы, жүкті көтеріп тұру. Адамның жылжуы адамның аяғының бұлшық еттерінің динамикалық жұмысынан тұрады, ол адамның бір жерден екінші жерге жылжуына мүмкіндік береді. Дененің бұлшық еттерінің статикалық жұмысының әсерінен адамның денесінің тік күйде болуын қамтамасыз етеді. Бұлшық еттердің статикалық жұмысы адамдарды тез шаршатады. Сондықтан бұлшық еттердің статикалық жұмысын мүмкіндігінше азайту керек, әсіресе дененің ыңғайсыз жағдайда тұрып атқаратын жұмысын. Оны жою үшін құрал- жабдықтарды, станоктарды дұрыс орналастыру керек, жұмысты дұрыс ұйымдастырып, артық қимылды болдырмау керек.

Шаршаудың алдын алуда көп энергия жұмсалатын жұмыстардың (ағаш кесетіндер, жер қазатындар, жүк тасушылар және т.б.) өндірістік процесін автоматизациялау мен механизациялау маңызды орын алады.

Жұмыстың түрін ауыстырған кезде де шаршау азаяды, өйткені бұл кезде орталық жүйке жүйесінің бөліктері кезекпен жұмыс істейді. Әсіресе оймен атқаратын жұмысты дене еңбегіне алмастырған өте тиімді.

Оймен атқаратын жұмыстың жоғары деңгейде болуына жүйелілік жақсы әсер етеді. Сондықтан жұмыс жүйелі және белгілі бір тәртіппен атқарылатын болу керек. Жұмыстың әр түрі белгілі бір уақытта атқарылатын болу керек.

Ой еңбегі мен дене еңбегінде шаршаудың алдын алуда өндірісте жалпы гигиеналық жағдайлар жасау: оңтайлы микроклимат, таза ауа, жүйелі жарықтану, шудың болмауы және дұрыс тамақтану маңызды орын алады.

Шаршаудың алдын алудың тағы бір шарасы – ол жұмыс күнінің ұзақтығын шектеу. Жұмыс уақыты күніне 8 сағаттан көп болмауы керек, ал кейбір мамандықтарда: көмір өндіру және тау - кен жұмыстарында жұмыс уақыты 6 сағаттан аспауы керек. Шаршаудың алдын алуда жұмыс пен демалысты жүйелі ұйымдастыру да маңызды орын алады. Демалыстың екі түрі болады: пассивті ( ұйқы және тыныштық ) және активті немесе оны белсенді деп те атайды ( өндірістік жұмысқа қатысы жоқ әр түрлі іс - әрекеттер).

Жеңіл және орташа ауыр жұмыстан кейін белсенді демалыс шаршағанды тез және жақсы басады, ал ауыр дене жұмысынан кейін, шаршағанды тек пассивті дем алу арқылы ғана басуға болады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа демалыс былай бөлінеді: өндірісте және жұмыстан бос уақытта дем алу. Жұмыс уақытында, егер жұмыс ауыр болса, әр 1-2 сағаттан кейін 5-10 минут үзіліс жасалып тұру керек. Егер үзілістер ұзаққа созылып кетсе адамның жұмысқа қабілеті төмендейді. Егер үзіліс кезінде гимнастикалық жаттығулар жасалса, ол жұмыс қабілеттілігіне жақсы әсер етеді. Мұндай жаттығулар ашық аспан астында немесе жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізілу керек. Жұмыс қабілеттілігін жоғары деңгейде сақтау үшін, жұмыс барысында екі рет денешынықтыру үзілісін жасаған дұрыс: түскі үзіліске 2 сағат қалған кезде және түстен кейін жұмыс аяқталардан 2 сағат бұрын. Бұл жүйке орталығына, қан айналымына жақсы әсер етеді. Белсенді демалыстың қорытындыларына: адамның өзін- өзі жақсы сезінуі, шаршауды аз сезіну, көңіл - күйдің көтеріңкі болуы жатады. Үзіліс кезінде музыка қойып қойған да адамға жақсы әсер етеді. Арнайы дайындалған ырғақты музыка адамның жұмыс қабілетін жоғарылатады, әсіресе монотонды жұмыс істейтіндердің, мысалы, конвейерде. Біздің елімізде еңбек заңына сәйкес жұмыс күнінің ортасында түскі ас ішетін үзіліс қарастырылған, мұның өзі шаршаумен күресуде үлкен рөл атқарады. Түскі асқа бөлінетін үзіліс 1 сағаттан көп бомауы керек. Жұмыстың өндірісте жүйелі ұйымдастырылғанына және демалыстың дұрыс ұйымдастырылғанына баға беретін көрсеткішке еңбек қабілеттілігінің жоғары деңгейде ұзақ сақталуы жатады.

Қолданылатын барлық шараларға қарамастан, жұмыс күнінің соңында және апта соңында адамда шаршау байқалады. Мұндай шаршауды жою үшін күнделікті жұмыстан кейін және демалыс күндері жақсылап дем алудың маңызы зор.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Зиянды факторлар дегеніміз не?

2. Өндірістік ортаның физикалық факторлары?

3. Биологиялық факторлар?

4. Өндірістік ортаның химиялық факторлары?

11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
14- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Өндірістік ортаның физикалық факторлары (шу, діріл, электромагнитті сәлелену) зиянды әсерінің алдын алу. Иондық сәулелену.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға өндірістік ортаның физикалық факторлары (шу, діріл, электромагнитті сәлелену) зиянды әсерінің алдын алу. Иондық сәулеленудің алдын алу шараларымен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Өндірістік процестің көбі шумен байланысты. Шу дауыстың жиілігіне байланысты есту қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дауыс жиілігі жоғарылаған сайын, оның теріс әсері жоғарылай түседі.

Өндірістік шумен күрес қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып саналады. Еңбек гигиенасының алдына қойған мақсаты шудың қарқындылығын ең төменгі мөлшерге жеткізу. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сай оймен атқарылатын жұмыс бөлмесінде шудың мөлшері 50дБ, басқару бөлмелерінде – 60дБ, шу шығаратын қондырғылар орналасқан бөлмеде 80-85 дБ – дан көп болмауы керек. Одан басқа шудың әсер ету ұзақтығына және түріне байланысты өзгертулер қарастырылған.

Шумен күрес кезінде ең алдымен шудың шығу себебін анықтап, соны жою керек. Мысалы, технологиялық процесті өзгерту арқылы, ал кейбір жағдайларда шудың пайда болу себебі станоктардың босаған болттарынан, станоктың жұмысы реттелмеген жағдайда немесе бұзылған жерлері болғанда болуы мүмкін, ол кезде, ол станоктарды жөндеу керек.

Шуды азайту үшін шуды көп шығаратын цехтарды бөлек ғимаратта, басқа цехтардан шет жаққа орналастыру керек. Мұндай цехтардың қабырғалары шуды бәсеңдететін материалдардан тұрғызылу керек. Егер мүмкін болса, шу шығаратын станоктарды шуды бәсеңдететін арнайы кабиналарға орналастыру керек немесе оларды шуды бәсеңдететін материалдармен қаптайды, ол үшін ағаш немесе асбесс қолданылады. Кейбір жағдайларда қабырғаларды шуды бәсеңдететін материалдармен сылайды.

Машинамен жазатын бюроларда шуды азайту үшін қабырғаларын шүберек матриалдармен қаптайды – драптайды.



Жеке қорғаныс құралы ретінде шуға қарсы құралдар (противошумдар, антифондар) қолданылады. Олар ішкі және сыртқы шуға қарсы құралдар болып бөлінеді. Ішкі шуға қарсы құралдар - мақтадан жасалған шариктер, кейде оларға балауыз сіңдіріп қолдануға да болады, одан басқа арнайы резеңкеден жасалған қаптама қолданылады, оны сыртқы есту жолына қояды. Мұндай шуға қарсы құралдар адамдарда жағымсыз сезім тудырады, есту жолдарының беткі қабаттарын тітіркендіреді. Олар шудың мөлшерін 8-10 дБ – ға азайтады.

Сыртқы шуға қарсы құралдар гигиеналық жағынан тиімді болып саналады, оларға арнайы шуды азайту материалдарынан дайындалған құлақшалар (наушниктер) жатады. Бұлар шудың мөлшерін 20-25 дБ –ға азайтады. Жұмыс кезінде шуға қарсы құралдар 2-3 сағат қолданғанның өзі шудың зиянды әсерінен қорғанудың тиімді шарасы болып саналады.

Қарқындылығы 115 дБ және одан да көп шудан қорғану үшін шудан қорғайтын шлемдер кию керек.

Шудың зиянды әсерінің алдын алудың тағы да бір тиімді шарасы – ол жұмыс арасындағы үзіліс кезінде және түскі үзіліс кезінде тыныш жерде тынығып алу. Орта есту жолдарында патологиясы бар адамдар шулы цехқа жұмысқа тұрса, бұрынғы ауруы асқынады. Сондықтан орта есту жолдарында патологиясы бар адамдарға шулы цехтарда жұмыс істеуге тыйым салынады.

Егер қатты шулы цехтарда жұмыс істейтін адамдар арасында мерзімді медициналық тексеру кезінде есту қабілетінің нашарлауы байқалса, ол адамды шу шығармайтын цехтарға ауыстыру керек. Мынадай аурулармен ауыратын адамдарға шулы цехта жұмыс істеуге тыйым салынады: есту қабілетінің мүкістігі бар, гипертония, ас қазан жарасы, невроз және т.б.
Өндірістік діріл

Мынандай мамандықтарда адамдарға өндірістік діріл әсер етеді: дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтіндер – асфальт бұзатындар, пневматикалық құралдармен: бұрғылау, қол бұрғы (дрель), пневматикалық немесе булы балғалармен жұмыс істейтіндер, әр түрлі көлік жүргізушілер, трактор, комбайн және бульдозер жүргізушілері.

Дірілдің ағзаға әсері оның жиілігіне, тербеліс қозғалысының амплитудасына және жылдамдығына байланысты. Діріл ауруының алдын алу шарасы дұрыс ұйымдастырылмаса, ол ағзаның жүйке жүйесінде функционалдық және органикалық өзгерістер туындатады. Сонымен қатар діріл ауруының клиникалық белгілеріне біріктірілетін өзіне тән ерекше (спецификалық) өзгерістер де болады. Діріл ауруының бірнеше түрі болады: дірілдің жергілікті (локальді) түрі – діріл белгілі бір мүшеге әсер еткен кезде байқалады, мысалы, пневматикалық құралмен жұмыс істеген кезде қолға әсер етіп, ангионевроз ауруын туындатады. Ол кезде адамның саусағында сезу қабілеті нашарлайды (онемения), терісі боз болады, саусақтары ауырады. Ұратын балғамен жұмыс жасайтындардың тірек - қимыл аппараттары және жүйке – бұлшық ет аппараттары зақымдалады. Көбіне қол, білек, иық тірек - қимыл аппараттары зақымдалады. Рентгенография кезінде остеопороз және басқа да трофикалық өзгерістер байқалады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы (бастың ауыруы, ашуланшақтық, бас айналу, талып қалу және т.б.) және эндокринді жүйенің жұмысының бұзылуы байқалады. Дірілдің одан басқа ағзаға жалпы және аралас әсері болады. Жалпы діріл әсерінен орталық жүйке жұмысының бұзылуы байқалады. Ең алдымен мынадай белгілер байқалады: бастың ауыруы, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік. Содан кейін барып вегетативті криздер байқалады: аяқ астынан адамның мазасы қашады, әлсіздік, жүрек айну, суық тер басу, бастың, жүрек тұсының және іштің қатты ауыратындығы байқалады.Ондай адамдардың психикасының тұрақты еместігі – депрессия белгілері байқалады. Дірілдің аралас түрінде жоғарыда айтылған зақымданудың екі түрінің аралас әсерлері байқалады.

«Діріл ауруының» алдын алуға мына шаралар жатады:



  • діріл тудыратын машиналардың астына арнайы үлкен фундамент құю;

  • діріл шығаратын машиналар мен құралдардың дірілді аз шығаратын немесе діріл шығармайтын жаңа түрлерін ойлап шығару;

  • тракторларға және басқа да машиналарға пружинасы бар жұмсақ отырғыштар орнату;

  • қолмен жұмыс жасайтын пневматикалық құралдардың қазіргі талаптарға сай жаңа түрлерін ойлап шығару;

  • дірілді азайтатын немесе мүлдем болдырайтын әр түрлі заттар ойлап шығару;

  • діріл шығаратын құралдармен жұмыс істеу уақытын шектеу: Санитарлық ережелерге сай барлық жұмыс уақытының 2/3 бөлігінде ғана сол құралмен жұмыс істеу керек. Әр 1 сағат жұмыстан кейін 10-15 минуттық үзіліс жасалып тұру керек;

  • діріл әсер ететін құралдармен жүргізілетін жұмыстарды бригадалар атқарғаны дұрыс, олар жұмыс кезінде бірін – бірі ауыстырады;

  • жеке қорғаныс шараларына - екі қабатты қолғаптар кию ( қыста қолдарын суықтан сақтау үшін) және арнайы дірілді бәсеңдететін аяқ киімдер кию;

  • жұмыс соңында қолға жылы су (+37 ˚С) ванналарын қабылдап, содан кейін массаж жасау;

  • омыртқа тұсына желпуіш (веер) тәрізді себіл қабылдау;

  • ағзаның қорғаныш күшін арттыру үшін өндірістік гимнастикалар жасау;

  • қысқы уақытта профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелер қабылдау;

  • қосымша витаминдер қабылдау: 2 мг «В-1» витаминін , 5-10 мг «РР» витаминін, 50 мг «С» витаминін.

Діріл әсер ететін жұмысқа мынандай аурумен ауыратын адамдарды қабылдауға болмайды: вегетативті невроз, сүйек және буын ауруларымен ауыратындар, гипертония, есту қабілетінің мүкістігі бар адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет