Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



бет11/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.88 Mb.
#20322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Электрлік және магниттік өрістер

Электромагиттік өрістер әсері қазіргі кезде өндірістерде, медицинада және ғылымның әр саласында кеңінен қолданылып жүр.



Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістер радиобайланыста, радиолокацияда, теледидарда, физиоемдерде және әр түрлі ғылыми мақсатта қолданылады.

Ультра жоғары жиіліктегі сәулелену радиобайланыста, физиоемде жиі қолданылады. Жоғары жиіліктегі сәулелену темірді термиялық өңдеуден өткізген кезде, диэлектриктерді жоғары жиіліктегі электр өрісімен қыздыру кезінде ( ағаш кептіру, пластмасты қыздыру және оларды дәнекерлеу кезінде) қолданылады.

Электромагниттік өрістің жоғары жиілігімен және ультражоғары жиілігімен сәулелену жұмыс орнында экрандалмаған элементтердің генераторлық сәулелену кезінде (тербейтін құрылымдар, жоғары жиіліктегі трансформаторлар, тасымалдау желісі және т.б.). Генераторлардың экрандалмаған блоктары (магнетрондар, радиошамдар) және антенналар жоғары жиіліктегі сәулелену өрісінің негізгі көзі болып табылады.

Жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістің ұзақ әсерінен адам ағзасында орталық жүйке жүйесінде және жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер байқалады: жүректің соғуы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, зат алмасу процестері бұзылады. Клиникалық және эксперименталды бақылаулардың нәтижесінде сәулелену қарқындылығының шектеулі рұқсат етілген деңгейі белгіленген. Электромагниттік өрістің жоғары жиіліктегі мөлшері – 20 В/м, ал ультражоғары жиіліктегі сәулелену мөлшері – 5 В/м.

Электромагниттік өрістермен сәулеленудің адам ағзасына теріс әсерінің алдын алу мыналармен анықталады:



  • барлық өріс көздерін максималды түрде темір қаптамалармен немесе майда темір тормен толық бөлектеу;

  • физиоем бөлмелерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін сәулеленуден қорғау үшін сәуле бөліп шығаратын аппараттарды экрандайтын кабиналарға орнату, жұмыс кезінде жылжымалы және стационарлы экрандар қолдану, аппараттарды алыстан басқару;

  • сәулеленуден қорғау үшін темірленген матадан тігілген қорғағыш костюмдер кию керек;

  • темір торлардан дайындалған шлемдер қолдану;

  • жартылай маска тәріздес майда жез тордан дайындалған арнайы қорғағыш көзілдіріктер қолдану;

  • жұмыс бөлмелерінде электромагниттік өріс деңгейін үнемі анықтау және жұмысшылардың қауіпті аймаққа жоламауын қамтамасыз ету;

  • жұмысты ұйымдастыру кезінде электромагниттік өрістің жоғары мөлшері бар жерлерде жұмыс уақытын шектеу;

  • ондай жерлерде жұмыс жасайтындарға үнемі алдын ала және мерзімдік медициналық тексерудің жүргізіліп тұруы.


12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Өндірістік ортаның физикалық факторлары, және денсаулыққа әсері?

2. Шудың ағзаға тікелей және жанама әсері?

3. Дірілдің ағзаға әсері?

4. Діріл ауруының алдын алу шаралары?

11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
15- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: ММ гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға медициналық мекемелер гигиенасын. Медициналық мекемелердің жер теліміне, ғимараттарына, желдетілуіне, жарықтандыруына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Емдік мекемелер гигиенасы – гигиена ғылымының бір бөлігі, ол осы мекемелердің ауруды емдеуде тиімді жұмыс жасауы үшін және ауруханалық жұқпалы аурулардың алдын алу үшін санитарлық нормалар мен ережелер дайындайды.

Қазіргі кездегі ауруханалар профилактикалық, емдік, оқу және ғылыми қызмет атқаратын және әкімшілік - шаруашылық мақсаттағы нысандардан тұратын кешен болып саналады.

Емдік-профилактикалық мекемелердің жұмысы біздің елімізде ҚР СанЕменН – на «Емдік- профилактикалық мекемелердің құрылысы және құрамының санитарлық ережелеріне» сай жүргізіледі. Жекелеген кейбір талаптар Құрылыс нормалары мен ережелері «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу», «Қоғамдық ғимараттар және имараттар» және «Денсаулық сақтау мекемелерін жоспарлау туралы құжатта» да келтірілген. Ұсынылған санитарлық ережелер және басқа да құжаттар барлық салынған, қайта құрылған, жұмыс істеп жатқан ауруханалар, перзентхана және басқа да емдік стационарлар үшін қолданылады.

Жер учаскесін телімін және емдік- профилактикалық мекеменің құрылысы мен қайта жаңарту туралы барлық жобалар санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің келісімімен жүргізілу керек.

Емдік- профилактикалық мекеме бас жобаға сай елді мекеннің аумағында орналасады. Олардың орналасуы негізінен науқастардың медициналық көмекке жүгіну жиілігі мен ауруханада емделу уақытының ұзақтығына байланысты. Арнайы ауруханалар (психиатриялық, туберкулездік, онкологиялық т.б.) және қуаттылығы 1000 төсектен жоғары үлкен кешендер селитебті аймақта 1000м қашықтықта, қала сыртында мүмкіндігінше жасыл желегі мол ауданда орналастырылуы керек.

Жалпы соматикалық ауруханаларды да елді мекеннің шет жағында орналастырған дұрыс. Перзентханалар, емханалар, жедел медициналық көмек көрсететін ауруханалар және кеңес беретін мекемелер қызмет көрсететін

елдімекенге жақын орналастырылуы керек.

Емдік - профилатикалық мекеме салынатын жерді таңдаған кезде жердің санитарлық жағдайына және жел бағытына үлкен көңіл бөлінеді. Аурухана аумағы құрғақ, жақсы желдетілетін территорияда орналасу керек.

Аурухана мекемесін бұрын қоқыс төгілген, бейіт болған, мал өліктерін көмген, химиялық және органикалық ластанған, ассенизация алаңы болған жерлерге салуға тыйым салынады.

Аурухана учаскесі темір жол, аэропорт, ірі автомагистраль, трамвай жолдарынан және т.б. физикалық фактор көздерінен алыс орналастырылу керек.

Аумақ өлшемдері Құрылыс нормасы және «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу» нормативті құжатына сәйкес алынады. Емдік мекеменің аумағы көгалдандырылып, жасыл желек және көгалдар сол жердің көлемінің 60% - ын алып жатуы керек. Бір төсекке 25 м2 көгал қарастырылу керек. Ені үлкен ағаштарды стационар ғимаратынан 10 м қашықтықта егу керек. Аурухана аумағы биіктігі 1,5 м, ал психиатриялық ауруханада 2,5 м қоршаумен қоршалады.

Аурухана құрылысы кезінде орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас жүйе қолданылады. Орталықтандырылған жүйе соматикалық бейінді ( профильді) ауруханалар үшін қолданылады. Бұл құрылыс жүйесінде барлық емдік - диагностикалық бөлімдер бір ғимаратта, инженерлік коммуникация және маршруттар қысқартылған, құрылысы қымбат емес, бірақ жетіспеушілігіне санитарлық режимді сақтаудың қиындығы жатады. Ауруларды топтық оқшаулау үшін орталықтандырылған жүйе қолданылады, ол жұқпалы және туберкулездік ауруханалар үшін өте ыңғайлы. Бөлімдер әр ғимаратта орналасады, гигиеналық тұрғыдан қарағанда осындай құрылыс жүйесі ең дұрыс (тыныш, аумағы жақсы көгалдандырылған, демалуға ыңғайлы жағдай жасалған). Бірақ мұндай ауруханаларды салу қымбат және санитарлық талаптарға сай үлкен жер аумағын талап етеді. Көбіне қала жағдайында аурухана құрылысының аралас жүйесі қолданылады.

Аурухана қуаттылығы мен құрылысы қызмет көрсетілетін мекеннің негізгі стационарлық көмек түріне мұқтаждығына байланысты анықталады. Көп салалы ауруханалар бөлімшелік, аудандық, орталық аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, ведомстволық болып бөлінеді. Бөлек типтегі ауруханалар да болады, оларға: жедел медициналық көмек, балалар, қайта оңалту орталығы жатады.



Арнайы стационарларға: туберкулездік, жұқпалы ауру, онкологиялық, психиатриялық ауруханалар және перзентханалар жатады.

Емханаларды стационарлар құрамында немесе бөлек орналастыруға да болады. Арнайы және көп бейінді (профильді) емханалар өздігімен келуші ауруларға немесе үйлерінде жатқан ауруларға медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына тіркеу бөлімі, хирургиялық, терапиялық бөлімдер және арнайы бөлмелер: көз, неврологиялық, стоматологиялық және қосымша емдік-диагностикалық бөлмелер: рентгенологиялық, ем- шаралық, физиотерапиялық және т.б. кіреді.

Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа –тамшы инфекциясының таралуының алдын алу.

Ол үшін ғимаратты жүйелі жоспарлау, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Алдын алу шараларына күнделікті ылғалды жинаудан басқа, химиялық және физикалық әдістерді қолдана отырып залалсыздандыру, санитарлық тәртіпті қатаң сақтау жатады. Бұрынғы жылдары орталықтандырылған аурухананың негізгі ғимаратында стационардың барлық бөлімдері (жұқпалы аурудан басқа), емхана және барлық диагностикалық бөлімдер кіретін. Мұндай нұсқа оңтайлы емес және санитарлық қызмет тарапынан қолдау таппаған.

Мысалы, емхана және стационар әр түрлі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаториялық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады. Стационар мен емханасы біріккен ауруханалар гигиеналық ережелерді қанағаттандырмайды. Мұнда аурухана бөлімшесі мен ғимараттың өзінде де қалыпты режим бұзылады. Стационарлық және амбулаториялық аурулар диагностикалық бөлмелер мен аурухана бақтарында кездеседі.

Босанатын әйелдер, әйелдер кеңесіне келетін жүкті әйелдер, қызмет көрсететін адамдар және келушілердің оқшау графигін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты, жалпы ғимаратта ірі перзентхана бөлімін орналастыру көптеген қиындықтарға алып келеді. Мұндай шешімдердің тері-венерологиялық, балалар және радиологиялық бөлімдердің құрылысына да қатысы бар.

Сондықтан, жұқпалы аурулар бөлімдерінен басқа барлық бөлімдерді бір ғимаратта орналастыру, тек кіші ауруханалар үшін ғана тиімді. Сонымен қатар аурухана аумағында қызметі жағынан бір-бірімен байланысы жоқ ғимараттарды салуға болмайды.

Ритуалды аймақ, патологиялық - анатомиялық ғимарат палаталық ғимарат, қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеу керек. Ритуалды аймақ пен емдік ғимарат арасы 30 метрден кем болмауы керек. Радиологиялық және жұқпалы аурулар ғимаратының айналасына ені кемінде 5 метр қиып өтетін бұталар егілуі қажет.

Жұқпалы аурулар ауруханасының аумағы бір-бірінен жасыл желекпен бөлінген таза және лас аймақтарға бөлінеді. Лас аймақтан шығарда автокөлікті залалсыздандыратын алаң қарастырылу керек.

Аурухана аумағының құрылыс дәрежесінің гигиеналық маңызы бар, соның ішінде егер аурухана жалпы құрылыс алаңының 15 % - ын алатын болса тиімді болып саналады. Мұндай қадам табиғи факторларды сауықтыру үшін пайдалануға, қажет жағдайда аурухана құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірақ қала жағдайында, жер аумағы шектелгенде, ғимараттың қабаттылығын жоғарылатуға және ауруханалық кешендерін жоғарғы деңгейде тығыз орналастыру қажеттігі туындайды. 1950 жылдан бастап елімізде типтік ауруханалық кешендер кеңінен салына бастады. Типтік жоба бойынша аурухана ғимаратын салғанда қоршаған аумақты ғана емес, сонымен қатар жекелеген нысандардың ара қашықтығын ескере отырып құрылыс аумағын қызмет көрсету аймақтарына бөлу арқылы жергілікті жерге ұштастырады. Қарсы тұрған ғимарат қабырғасы мен палата терезесінің ара қашықтығы 24 метрден, ал палаталық ғимарат пен қызыл сызық және тұрғын үйлер ара қашықтығы 30 метрден кем болмауы керек.

Емдеу - профилактикалық мекемесінің аумағын жинау күнделікті жүргізілу керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерлік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға қақпағы жақсы жабылатын қоқыс салғыштар орнатылады. Контейнерлер ( қоқыс салғыштар) жүйелі түрде залалсыздандырылып тұру керек.

Бұл алаңдардың көлемі кемінде 40 м2 болу керек. Олардың палаталық және емдік-диагностикалық ғимараттан ара қашықтығы 25 метрден кем болмауы керек. Әр 700 м2 аумаққа бір қалдық салғыш қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі қажет. Денсаулық сақтау мекемесінің қалдықтар көлемі белгілі факторларға байланысты:

- медициналық мекеме бейініне байланысты ( жұқпалы ауру және туберкулездік емдеу - профилактикалық мекемесінің қалдықтарының көлемі жалпы бейіндегі стационарға қарағанда жоғары);

- медициналық мекеме құрылымына және көрсетілетін медициналық көмектің түріне байланысты (арнайы бөлімшелердегі қалдықтар жоғары);

- мекеменің қаржыландыру мүмкіндігіне (мысалы, бір реттік қолданыстағы құралдар).

Ресейдегі тәуліктік қалдық мөлшері 1 төсекке шаққанда 1979 жылы 0,55кг болған, содан бері норма қайта қарастырылмаған.

Санитарлық зандылықтарға сәйкес тері-венерологиялық, жұқпалы ауру, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтарын қоқыстар тастайтын жерге шығаруға болмайды. Оларды жою үшін әр түрлі ортақ жағу (өртеу) түрлері, химиялық залалсыздандыру немесе көму қолданылады. Көбінесе оларды өртеу қолданылады. Санитарлық қызметпен келісіліп қалдықтар пештерде емдеу- профилактикалық мекемесінің аумағында немесе басқа арнайы нысандарда жағылады. Тәулігіне 100 кг қалдық жаққанда пеш пен басқа да ғимараттар арасы 30 метрден кем болмауы керек. Аумақта пешті орналастырғанда желдің бағытын ескере отырып, көрсетілген ара қашықтықтар санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің талап етуімен ұзартылуы мүмкін.

«Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды инсоляциясымен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық мекемелердің бағытталуы бөлмелер мен аумақта үздіксіз 3 сағаттық инсоляцияны қамтамасыз етуі қажет. Операция және перзентхана бөлмелері солтүстік, солтүстік - шығыс, солтүстік - батысқа бағытталуы қажет. Палаталар оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығысқа бағытталуы қажет. Бөлмелер солтүстік ендіктен 55°С оңтүстікке қараған ауданда батыс, оңтүстік –батыс бағытқа бағытталған болса, күн сәулесінен қызып кету болмас үшін қорғаныс құрылғылары қажет болады: (жалюзи және т.б. қондырғылар).

Қабат саны жоғары және ыңғайлы қос коридорлы кешендер, блоктың жүйесі көп орындық ауруханалар құрылысы көбейгендіктен мұндағы палаталар әлемнің 4 жағына да бағытталады. Мұндай құрылыстың әр түрлі нұсқасы бар: Т- тәрізді, төртбұрышты, көпбұрышты, шеңберлі. Барлық корпустар эстетикалық және экономикалық жағынан бірдей болғанымен кейбір палаталарда инсоляция жағдайы қанағаттанарлықсыз болуы мүмкін.

Балалар ауруханасының аумағына ерекше талаптар қойылады, ол жерде балалардың таза ауада болуын және белсенді қозғалысын қамтамасыз ететін жобаны қарастырған дұрыс. Сондықтан мұндай мекемелердің жобалық шешімі бөлмелер мен аумақтың инсоляция нормасы мен серуендеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу үшін бөлімдер мен аумақтарда топтық оқшаулау қағидасы қарастырылады.



Ауруханалардың құрылымдық бөлімшелері

Қабылдау бөлімі балалар, акушерлік, жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық, туберкулездік, психиатриялық бөлімнің әрқайсысының өзінде болу керек. Басқа бөлімдерде қабылдау бөлімі жалпы және басты емдік ғимаратында немесе төсек саны көп ғимаратта орналастырылады. Барлық ауруханаларда аурулардың әр ағымына 1 қарау бөлмесі және 1 санитарлық өткізгіш болу керек. Балалар және жұқпалы ауруханаларға ауруларды қабылдау үшін қабылдау - қарау бокстары қарастырылады.

Акушерлік стационардағы қабылдау бөлімінде түсушілерді өңдеу 2 ағымда: физиологиялық бөлім және жүктілік патологиясы үшін – «таза», ал обсервациялық бөлім үшін – «лас» ағымда жүргізіледі. Ауруханаішілік инфекцияны алдын алу барлық бөлімдерде «таза» және «лас» ағымдарға бөлмелер қарастырылады.



Қабылдау - қарау боксы - балалар және жұқпалы аурулар ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі. Көп бейінді ауруханалардағы қарау бөлмесінің қызметін атқарады. Онда тамбур және шлюз (сыртқы тамбур ауруларға арналған, ішкі шлюз - қызметкерлерге), қарау бөлмесі, санитарлық түйін бар.

Санитарлық өткізгіштеауруханаға жатқызылған ауруларды гигиеналық өңдеу, жеке заттарын өткізу және ауруханалық киім беру қарастырылады. Аурудың палаталық бөлімге барар жолында жеке немесе қарау бөлмелерімен бірге орналастырылады.

Палаталық бөлім. Стационарлардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден (емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады.

Палаталық секция - оқшауланған палаталар кешені және бір емдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20-дан кем емес, 30-дан көп болмауы қажет.

Жұқпалы емес бөлімдердегі палаталар сиымдылығы 1 жастан үлкен балалар үшін және ересектер үшін 4 төсектен көп емес, ал 1 жасқа дейінгі балалар үшін 2 төсектен аспауы керек. 3 жастан үлкен балалар үшін тәулік бойғы және күндізгі уақытта аналардың болуын қарастырғанда 50%, қабырғаларда әйнектелген ойындылар қарастырылады.

Бөлімдерге киімдер мен медикаменттерді жеткізу кесте бойынша арнайы «таза» лифтпен, қалдықтарды шығару «лас» лифтпен жүргізіледі. Тамақ буфетке арнайы жеке лифтпен жеткізіледі. Бөлімге бір асхана қарастырылады.

Туберкулездік, тері-венералогиялық, психиатриялық, босанғаннан кейінгі бөлімдердегі асханадағы орын саны, төсек санының 70 % -на сәйкес, басқа бөлімдерде - 60% -ға сәйкес болуы керек.

Санитарлық түйін – жуынатын орын, ванна, дәретхана және санитарлық бөлмеден тұрады. Санитарлық бөлмеде ыдыстарды жуу және стерилизациялау, анализге арналған ыдыстарды сақтау, клеенкаларды жуу, лас киімді уақытша сақтау жүргізіледі. Инфекциялық емес бөлімдер терапиялық, хирургиялық және арнайы (офтальмологиялық, психиатриялық, наркологиялық, тері-венералогиялық және т.б.) болып бөлінеді.

Арнайы бөлімдердің жобасына ерекше талаптар қойылады (ортопедиялық және офтальмологиялық бөлімдердің палаталары мен коридорында тұтқалар орналастыру). Терапиялық бөлімдердің палаталық секциясында ерекшелік жоқ, хирургиялық бөлімнің құрамына қосымша таңу бөлмесі кіреді.

Хирургиялық бөлімнің негізгі құрылымдық бірлігі – операциялық блок. Оперблокқа кіру үшін қызметкерлерге санитарлық өткізгіш, ал аурулар үшін шлюз қолданылады. Оперблок 2 қиылыспайтын оқшауланған асептикалық және септикалық бөлімдерден тұрады және ішкі бөлмелер қатаң аймақтарға бөлінеді:(стерильді) таза аймақ және қатаң режимдегі аймақ.

Оперблокта тек бір асептикалық бөлім болады (кардиохирургия, нейрохирургия). Екі бөлім де болған жағдайда, септикалық бөлім асептикалықтан жоғары орналасады. Оперблок жанында операциядан кейінгі ауруларға арналған 1 операциялық бөлмеге 2 төсектен есептелген палата орналасады.

Ауруханадағы операциялық бөлменің саны - хирургиялық бейіндегі 70 төсекке 1 операциялық бөлме есебінен алынады.


Емдеу - профилактикалық мекемелерінің жылыландыруына, жарықтануына, желдетуіне, ауа алмасуына қойылатын талаптар

Микроклимат пен санитарлық - техникалық қондырғыларға қойылатын талаптар. Барлық ауруханалар, перзентханалар және басқа да стационарлар су құбырымен, канализациямен, орталықтандырылған ыстық сумен, жылумен, ауа алмасу жүйесімен жабдықталу керек. Ал керек жағдайда ауаның кондиционерленуін қамтамасыз етуі керек. Биіктігі екі қабат және одан да жоғары ғимараттар лифтпен, қоқыс құбыры және көтеретін қондырғылармен қаматамасыз етілуі керек. Ауруханалар мен стационарлардың ағынды суларын тазалау мен залалсыздандыру жалпы қалалық канализациялық тазалау қондырғыларында жүргізіледі. Жалпы қалалық қалдық суды тазалау стансасы жоқ болса, ауруханалардың қалдық сулары жергілікті канализациялық ғимаратта толық биологиялық тазалауға дейін жүргізіледі.

Емдеу-профилактикалық мекемесі орталықтандырылған жылы сумен қамтамасыз етіледі. Балаларға сүтті дайындау асханасында ғана бумен жылыту қолданылады. Жылу тасымалдаушы ретінде ауруханалар (психиатриялықтан басқа), стационарлар мен перзентханалар үшін 85°С-дағы, палаталар мен психиатриялық және наркологиялық ауруханалардың бөлмесі үшін 95 ° С –дағы су пайдаланылады.

Емдеу-профилактикалық мекемесі бөлмелеріндегі ауа температурасының көрсеткіштері мынандай: үлкендердің палаталары, қызметкерлер бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі +25°С, манипуляция және санитарлық өңдеу жүргізілетін бөлмелер + 25°С, зертханалық бөлмелер, емдік шынықтыру залдары +18 °С.

Жылытқыш аспаптар (радиаторлар) терезелер астында орналастырылып, оңай тазаланатын, оңай жуылатын болу керек. Жылытқыш сәулелік панельдер операциялық, реанимациялық, наркоздық, емізетін және жаңа туғандардың, бокстар, жартылай бокстар, психиатриялық палаталарда пайдаланылады.

Инфекциялық бөлімнен басқа емдік стационарлар, перзентхана ғимараты механикалық түрде іске қосылатын үрмелі-сормалы желдетумен қамтамасыз етілуі қажет. Бокстар, жартылай бокстар және палаталық секцияда дефлектор орналастырылған өздігімен іске қосылатын сормалы ауа алмасу қарастырылады. Ауа алмасу жүйесі үшін сыртқы ауаны территорияның таза аймағынан, жерден кемінде 1-2 м биіктіктен алады.

Операциялық бөлмеден басқа емдеу профилактикалық мекемелерінің барлық бөлмелерінде механикалық ауа алмасумен қоса фрамугалар, терезелер және ауа алмасу каналдары арқылы жүзеге асырылатын табиғи ауа алмасу да қолданылады. Ауа алмасу жүйесі «лас» аймақ пен «таза» аймақ, палаталар, бөлімдер мен қабаттар арасындағы ауа ағымына қосылып кетпеуін қадағалау қажет. Үрмелі ауа көлемі 1 палаталық төсекке шаққанда сағатына 80 м2 болу керек.

Стационарлардың ауа алмасу жүйесі және жобалық шешімдері операциялық блокқа емдік - профилактикалық мекеменің басқа бөлімдерінен ауа енбеуін қадағалау керек. Бұл үшін оперблокпен жақын бөлмелердің арасына ауаны соратын шлюздер орналастырылады. Сонымен қоса, операциялық бөлмеден және оған жақын орналасқан бөлмелерден ауа тек коридорға қарай ығысуы үшін операциялық бөлмеде ауаның жоғарғы қысымы туғызылады. Емдеу профилактикалық мекемесінің барлық коридорларында газ алмасу сағатына 0,5 көлемнен кем емес, сорып шығаруы басым, тиімді үрмелі-сормалы желдету қамтамасыз етілуі керек.

Емдеу- профилактикалық мекемелеріне берілетін ауа кәдімгі сүзгіден, ал операциялық, наркоздық, реанимациялық, босанар алдындағы, босанатын палаталарға берілетін ауа қосымша бактериоцидті сүзгіден өткізіледі. Бұл бөлмелер ауасының бактериалды ластануы Кротов аппаратының көмегімен есептелінеді, ол аурухана ішілік инфекциялармен қарсы күресуге ұсынылған шектік рұқсат етілген деңгейден аспауы керек.

Ауаның тазалық дәрежесі 4 көрсеткішпен анықталады: таза, қанағаттанарлық таза, әлсіз ластанған, күшті ластанған.

Сондықтан емдік - профилактикалық мекеменің ауа алмастыруының мақсаты – ауруханаішілік инфекция дамуын алдын алу үшін бақылаусыз ауа ағымының қозғалысын жою. Ол үшін ерекше сақтанатын бөлмелерде (операциялық, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталар) сормалыға қарағанда үрмелі басымырақ, ауаны алып келу тиімді шара болып табылады. Лас бөлмелерде (баспалдақты торлар, лифт шахталары, лас киімдер қоймасы және т.б.), керісінше сормалысы басымырақ, автономды үрмелі-сормалы желдету қолданылады.

Операциялық, наркоздық, операциядан кейінгі, реанимациялық, жедел терапия палаталарындағы салыстырмалы ылғалдылық 55 - 60%, ал басқа палаталарда 35-50 %. Жылдың жылы кезінде 30- 60%, суық кезінде 30-45 %. Ауаның қозғалыс жылдамдығы секундына 0,2 м-ден артық болмауы керек.

Аурухана бөлмелерінде және аумағында санитарлық талаптарға сай шу режиміне санитарлық бақылау жүргізілу қажет. Ол СанЕменН «Емдеу профилактикалық мекемелерінің бөлмелеріндегі шудың шектеулі рұқсат етілген деңгейіне қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер», ҚР СанЕменН «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлер салынып жатқан жерлердегі шудың шектеулі рұқсат етілген деңгейі», нормативті құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Шу көздеріне қойылатын талаптар сияқты медициналық техника бұйымдарына да санитарлық талаптар қойылады. Сондықтан емдеу профилактикалық мекемелерінің қондырғылары пайдаланатын бөлмелерде ғана қойылу керек. Тәулік бойына шу шығаратын медициналық техника бұйымдары тек 1 орындық палаталарға ғана қойылады. Қондырғы жүйелі түрде техникалық тексеруден өткізіледі.

Жарықтандыруға қойылатын талаптар. Аурухана, перзентхана және басқа да стационарлар бөлмелері табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етілу қажет. Екіншілік жарықпен немесе тек жасанды жарықпен жарықтандыру қоймаларда, палаталардағы санитарлық түйіндерде, клизмалық, жеке гигиена бөлмелері, себіл, операциялық, наркоздық және басқа бөлмелерде қарастырылады. Табиғи жарықтандырумен жобаланған операциялық бөлмелерді көкжиектің солтүстік румбаларына бағыттау қажет. (СБ, С, СШ).

Палаталық секцияның коридорлары терезелер немесе жарық қалталары арқылы табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етілуі керек. Жарықтың қалталары арасындағы қашықтық 24 метрден аспауы қажет. Инсоляция нормасы палаталар мен аумақта ультракүлгін сәулесінің 3 сағаттық үздіксіз әсерін қарастырады, ал туберкулездік және инфекция бөлімдерінде бұл нормативтен ауытқу болмауы керек.

Қазақстан аумағының басым бөлігі III климаттық ауданға жатады. Санитарлық заңдылыққа сәйкес 3 және 4 климаттық ауданда стационарлардың палаталары қызып кетпес үшін батысқа бағытталған, олардың жарық қабылдағыштары күннен қорғайтын заттармен қапталуы қажет (жалюздер т.б.).

Емдеу - профилактикалық мекемесінде жалпы және жергілікті жасанды жарықтандыру пайдаланылады. Жалпы жарықтандыру бөлменің жоғарғы аймағына, жергілікті жарықтандыру – жұмыс орнына беріледі. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық бөлмелерде қарастырылуы қажет. Төбеде орналасқан жалпы жарықтандыру шамдары, жарықты жалпы шашыратып түсіретін қондырғылармен қамтамасыз етілуі керек. Басқа қызмет аймақтары үшін жергілікті жарықтандыру қарастырылады.

Стационарлардағы жалпы жасанды жарықтандыру үшін люминисценттік шамдар, ал қыздыру шамдары негізінен жергілікті жарықтандыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, палаталарды жергілікті жарықтандыру үшін әр төсектің жанында еденнен 1,7 метр биіктікте орнатылған қабырғалық және аралас шамдар қолданылады (балалар мен психиатриялық бөлімдерден басқа). Балалар мен психиатриялық бөлімдердің палаталары тек төбелік шамдармен жарықтандырылады. Бұл бөлімдердің палаталарында жергілікті жарықтандыруға тыйым салынады. Дәрігерлік қарау бөлмелерінде науқасты қарау үшін үстелдік шамдар орнатылады.

Сонымен қатар әр палатада арнайы түнгі жарықтандыру шамдары қарастырылуы керек. Ол есік маңында еденнен 0,3 метр биіктікте, қабырғадағы ойындыда орнатылады.

Балалар мен психиатриялық бөлімдерде түнгі шамдар палата есігінің жоғарғы жағында, еденнен 2,2 метр биіктікте орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет