Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



бет8/13
Дата07.03.2018
өлшемі1.88 Mb.
#20322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар?

2. Тағамдық заттардың бірлі жарым жеткіліксіздігінен дамитын аурулар?

3. Майлардың жетіспеушілігінен туындайтын аурулар?



11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
11- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға балалар мен жасөспірімдердің ағзасына қоршаған ортаның тигізетін әсерімен, таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы. Ол балалардың өсу кезіне, тәрбиеленуіне, өмір сүруіне қоршаған ортаның әсерін зерттеп, олардың денсаулығының жақсы болып, физикалық және рухани жағынан жақсы дамып, жетілуі үшін шаралар ұсынады.

Біздің елімізде жастардың денсаулығына, тәрбиесіне, білім алуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Балаларға қызмет ететін нысандарға мыналар жатады: балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, мектеп - интернаттар, кәсіби - техникалық училищелер, балаларға арналған спорт мектептері, пионерлер үйі және т.б.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы және дене дамуы

Балалалық кезді шартты түрде үш негізгі кезеңге бөледі: туылғаннан 3 жасқа дейін – сәбилік кезең, екіншісі – мектепке дейінгі кезең 3 - 7 жас аралығында, мектеп кезеңі 7 - 18 жасқа дейін. Олардың арасындағы шекара шартты түрде болғандықтан, бір кезеңнен екінші кезеңге өту байқаусыз жүреді.



Сәбилік кезең – сәбидің өмірге келіп, бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады. Сәбидің ағзасында жаңа қоршаған ортаға бейімделу механизмі жетіле бастайды, сондықтан олардың микроклиматқа және басқа да қоршаған орта факторларының әсеріне қорғаныс реакциясы дамымаған.

Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша (сүт асханасында дайындалған, балаларға сүт тағамдарын дайындайтын жерде дайындалған) тамақтармен қамтамасыз ету жатады.

Сәбилерді қоршаған ортаның теріс факторларынан және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қорғау керек. Бала жақсы өсіп, жетілуі үшін оны жүйелі тамақтандырып, жазғы күндері таза ауада, күннің көзінде көп серуендетіп, уақытылы ұйықтатып, ал күннің жылы кездерінде далада ұйықтатқан дұрыс.

Егер тұрғылықты жерде бұлтты күндер, жауынды күндер көп болатын болса, онда балада күн көзі жетіспеушілігі ауруы пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай балалар профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелерін қабылдағаны дұрыс. Егер сәбиге қосымша тамақ берілетін болса, берілетін тағамдардың және тағамды дайындайтын судың сапасы жақсы болу керек. Осы кезде баланы ауа және су процедураларын қолданып шынықтырған дұрыс және таза ауада ұйықтатқан өте пайдалы.

Өмірінің бірінші айының соңында сәбиге массаж жасау - баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады, ол баланың даму процесіне жақсы әсер етеді. Ал 4 айлық кезінде массажға қоса гимнастика да жасату қажет. Бұл кезде сәбиге дифтерия мен туберкулезге қарсы иммунизация жасалу керек.

Сәбилер күніне 5- 6 сағат таза ауада болу керек. Тамақтануы толық құнды, яғни қолданылатын тағамдар әр түрлі болу керек. Сәбилерге екі жастан бастап күніне 4 рет тамақ қабылдау керек. Сәбилердің ферментативтік және моторлы функциясының нашар жетілуіне байланысты, балаларға берілетін тағамдардың сапасы жоғары және жақсылап майдаланған болу керек. Осыған байланысты біздің елімізде сәбилерге тағам дайындайтын жерлерде технологиялық процестің сақталуына және өндірістің санитарлық жағдайына қатаң қадағалау жүргізіледі.

Балалар мекемелерінде: жұқпалы аурудың алдын алуда топтық оқшаулау, бөлмелерде ауаны жиі желдету, санитарлық ережелердің орындалуы маңызды орын алады. Сонымен қатар иммунизация

(ревакцинациялау), сол жердің жұмысшылары және балалары арасында ауруды немесе бактериотасымалдаушыны уақытылы анықтап, оны жекешелеу. Осы жаста балаларды гигиеналық тәрбиеге үйрету де маңызды болып саналады.



Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғары жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне қарағанда басым болады. Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап, сабаққа деген қабілеттілігі нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де, сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады, сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс. Баланың көру қабілеті бұл жаста жақсы жетілген, бірақ қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте сезімтал болады. Сондықтан балабақшада сурет сабақтары, еңбек сабақтары, жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болу керек. Бұл жастағы балалардың 80-85 % -ында көздің жақыннан нашар көретіндігі байқалады, сондықтан балалар қарайтын заттар баланың көзінен кемінде 35-40 см қашықтықта болу керек. Бұл жағдайлар орындалмаған кезде балаларда көздің ақилығы пайда болуы мүмкін. Сондықтан осы жастағы балаларды профилактикалық мақсатта көз дәрігері міндетті түрде тексеріп, көру қабілетінің мүкістігін ертерек анықтап, оны емдеу арқылы тоқтату керек.

Бұл жастағы балалардың омыртқа сүйектері майысқақ және тез өзгергіш. Бұл жастағы балалар жиі мойнын ішіне тартып жүреді, өйткені оларда бүгу бұлшық еттерінің тонусы жазу бұлшық еттерінің тонусына қарағанда күштірек болады. Егер бала партада дұрыс отырмаса, ондай балалардың омыртқа сүйегі тез қисаяды. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды партада дұыс отыруға тәрбиелеу керек. Ол баланың жақсы тыныс алуына, қан айналымының жақсы болуына және кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді.

Балалардың жүйке - бұлшық ет жүйесінің жақсы дамуына дене шынықтыру жаттығуларын жасау, оның ішінде әр түрлі қозғалатын ойындар ойнау жақсы әсер етеді. Бұл жастағы балаларға таза ауада көп серуендеу, таңертең гимнастика жасау, әр түрлі спорт түрімен айналысу гигиеналық көзқарастан өте бағалы болып саналады. Сәбилік кезеңге қарағанда мектеп алды кезеңде ағзада жылу алмасу процесі жақсы дамығандықтан денені шынықтыру процедураларын қарқынды қолдануға болады. Барлық дене шынықтыру процедураларын ашық аспан астында жүргізген өте пайдалы. Күннің жылы кездерінде далада ұйықтаған, су процедураларын кеңінен қолданған да пайдалы. Мектепке дейінгі балалар арасында жоғары тыныс алу жолдарының аурулары, жұқпалы аурулар және жарақаттар алдыңғы орын алады. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың арасында ревакцинация және дегельминтизация жүргізу маңызды орын алады.

Мектеп жасындағы кезең. 6 - 7 жастағы баланың ми ұлпасының құрылысы үлкен адамдардікіндей болады. Ішкі тежеу процесі күшейеді, бала зейін қойып тыңдауды, көңіл аударуды үйренеді және тәртіпке көне бастайды. Қимыл үйлесілімділігі жақсарады, жүйке - бұлшық ет аппаратының және қол сүйектері жақсы дамығандықтан, оларға жазуды үйретуге болады. Омыртқа сүйегі және арқа бұлшық еттері жақсы жетіліп, ыңғайлы жиһазда 20-25 минутқа дейін тіке отыра алады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, жақсы дамып - жетілген 6-7 жасар баланы мектепте оқытуға болатындығын көрсетеді. Соңғы кездері оқушыларды 11 жылдық оқыту енгізілген, ал келешекте 12 жылдық оқыту енгізілмекші. Ол оқушыларда абстрактивті ойлану және шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған. Жаңа жоспармен оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің қарқындылығына байланысты болады.

Бұл кезде оқу процесінің және мектеп жағдайының оқушылардың денсаулығына және физикалық жетілуіне теріс әсерін тигізбеуі үшін бірқатар шараларды орындау керек.

Оқушылар физикалық жағынан жақсы дамып – жетілу үшін таңертеңгі гимнастика ұйымдастыру, дене тәрбиесі сабақтарын өткізу, сабақ кезінде дене шынықтыру үзілістер жасау, спортпен шұғылдану, әр түрлі саяхаттар ұйымдастыру қажет. Дене қуысы жақсы жетілу үшін және омыртқа сүйектері түзу болу үшін әр түрлі көп қимылдайтын ойындар ойнату, волейбол, тыныс алуды жақсартатын гимнастикалар, коньки тебу, суда малту, теннис және шаңғымен жүру өте пайдалы.

6-12 жас арасындағы балаларда сүт тістері түсіп, тұрақты тістер шығады. Осы кезде балалардың ауыз қуысының жағдайын тіс дәрігерінің тексеруі тіс кариесінің алдын алуда (фторпрофилактика, ауыз қуысын баптау, тәттіні көп жеуге тыйым салу және т.б.) ерекше қажет.

Мектеп жасындағы балалардың дамуының маңызды сатысының бірі – ол жыныстық жетілу кезеңі. Қыздарда ол 10-11 жастан, ал ер балаларда 12-13 жастан басталады. Бұл кезеңде балаларда жыныстық және басқа да эндокриндік бездердің қарқынды дамып, гормондар зат алмасу процестеріне және қаңқаның сүйектерінің жетілуіне әсер етеді. Орталық жүйке жүйесінің қозуы артады, ал психикасы эмоционалды процестің тұрақсыздығымен ерекшеленеді – балалардың мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тез өкпелегіш және болмашы нәрсеге ашуланатын болады.

Жүрек - қантамыр жүйесінің жетілуі салмағының жетілуінен қалып қояды. Бұл анатомиялық ерекшелік және жүректің жоғары қозғыштығы жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер туындатып, жұмыс қабілетін нашарлатуы мүмкін. Жүректің жоғары қозғыштығы қоршаған ортаның теріс әсерінен (психикалық жарақат, жоғары жүктемелер) балаларда невроз ауруын туындатуы мүмкін.

Жасөспірімдердің жүйке - психикалық жүйесінің ерекшелігіне байланысты мұғалімдер және ата - аналар оларға ерекше көңіл аударып, олармен жайбарақат жағдайда сөйлесу керек.

Жоғары сынып оқушыларында жүйке - психикалық жүйесіне жүктеме көбейіп, көру қабілетіне күш түседі. Күн режимін дұрыс құру оқушыларды зорығудан қорғайды. Таза ауада көп болып, дене шынықтыруға, ырғақты гимнастикаларға жеткілікті уақыт бөлу керек. Көру қабілетін қорғау шаралары тек мектепте ғана емес, үйде де орындалу керек.

Қыздарда 12-13 жасында менструалдық цикл басталады. Бұл кезде олар дене шынықтыру сабақтарынан босатылады.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттеу

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық жетілуін қадағалау үшін оларға жылда медициналық тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде денсаулық жағдайына баға беру үшін қарапайым клиникалық әдістер (антропометриялық және физиометриялық ) қолданылады.

Антропометриялық әдіс кезінде баланың денесінің параметрлерін өлшейді: бойын, салмағын, дене қуысының шеңберін, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, арқаның және қолдың бұлшық еттерінің күшін, жетілу сатысын және әр түрлі аномалияларды, мысалы, омыртқаның қисаюы және түйетабандылықтың ерте белгілерін анықтайды. Ал физиометриялық әдіс кезінде кейбір функционалды пробалар жасап, жүрек - қан тамыр жүйесіне және басқа да жүйелердің жұмысына баға береді. Антропометриялық және физиометриялық көрсеткіштердің қорытындылары бойынша баланың физикалық жетілуіне объективті баға береді.

Белгілі бір балалар мекемесінде ( 150 адамнан кем емес жерде ) антропометриялық өлшеу жүргізіп, әр жас және жыныс үшін бойдың, салмақтың және басқа да көрсеткіштердің орташа мөлшерін анықтап, олардың физикалық жетілуіне баға береді. Ол көрсеткішті сол аймақтың орташа көрсеткіштерімен салыстырады. Әр баланы медициналық тексеруден кейін төмендегі топтардың біреуіне жатқызады:

1 - топ – сау балалар;

2 - топ – сау балалар, бірақ аурудан кейін функционалды өзгерістері бар, жедел аурулармен жиі ауыратын, көру қабілеті орташа дәрежеде бұзылған балалар;

3 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, физикалық жетіспеушіліктері бар, бірақ оқуға, өмір сүруге және еңбек етуге бейімделген балалар;

4 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, субкомпенсациялық жағдайда, өмір сүру және еңбек етуге бейімділігі жоқ балалар;

5 - топ - декомпенсация, яғни ағза қызметінің бұзылуы анықталған ауру балалар, 1 - және 2 - топтағы мүгедектер.

Балалардың денсаулықтарын жақсарту бойынша әр топқа жеке - жеке профилактикалық, емдік, сауықтыру жұмыстары және денсаулықты нығайту бойынша шаралар жоспары дайындалады.

Соңғы 100 жылдықта балалардың өсу және даму процесі жылдамырақ жүре бастады. Мұны акселерация деп атайды. Ол бір жағынан жақсы болса, балалардың жасына байланысты қимылдау мүмкіншілігі артады, екінші жағынан олардың арасында көру қабілетінің нашарлауы (миопия), жасөспірімдер гипертензиясы ауруы көбейіп отырғандығын көрсетеді. Осыған байланысты акселерация гигиеналық қамтамасыз ету бойынша бірсыпыра өзекті мәселелерді алға қойды.
Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі мен оқу тәрбие үрдістерінің гигиеналық негіздері

Балалардың күн тәртібінің негізгі элементіне мыналар жатады:



  • тамақ қабылдау;

  • денесін және терісін таза ұстау үшін жүргізілетін шаралар;

  • таза ауада болу;

  • әр түрлі ойындар және дене шынықтыру түрлерімен айналысу;

  • ұйқы ( күндізгі және түнгі);

  • оқу үрдістері ( мектепте және балабақашаларда);

  • үй жұмысын орындау;

  • қоғамдық жұмыстарға және үйдегі жұмыстарға белсенді араласу;

  • үйірмелерге қатысу.

Күн тәртібінің әр элементін орындау реті және ұзақтығы әр баланың жас ерекшелігіне, физикалық және жүйке - психикалық жүйесінің дамуына байланысты болады.

Дұрыс құрастырылған күн тіртібі баланың жұмыс қабілетін жоғарылатады, көңіл - күйінің жақсы болуына, денсаулығын нығайтуға, білім және тәрбие алуға жақсы жағдай жасайды. Күн тәртібі дұрыс құрылмаған жағдайда балаларда шаршау туындап, бала өзін нашар сезінеді, көңіл - күйі нашарлап, кейбір кездерде ағзада соматикалық жүйке - психикалық аурулар туындауы да мүмкін.

Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібі

Түнгі ұйқы 10 сағатқа жуық болуы керек, ал күндізгі ұйқы 2 сағат, ал жоғары топтарда 90 минут болу керек. Кіші топтарда (3-4 жастағы балалар) сурет, қол еңбегі, ән - күй, гимнастика сабақтарының ұзақтығы 10-15 минуттан көп емес, орта топтарда (4-5 жастағы балалар) сабақ ұзақтығы 15-20 минуттан болу керек.


Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібі

Күн тәртібінің элементі

Уақыт

Балаларды қабылдау, гимнастика

8.00

Таңғы ас

8.30

Сабақ ( біріншісі 20 минут, екіншісі 15 минут )

9.30

Таза ауада серуендеу, ойнау

10.30

Түскі ас

12.45

Күндізгі ұйқы

13.30

Ойнау

15.20

Бесіндік

16.00

Таза ауада серуендеу, ойнау

16.30

Кешкі ас

19.00

Балалардың үйлеріне қайтуы

20.00

Жоғары топтарда (5-6 жастағы балалар) бірінші сабақтың ұзақтығы 20-25 минут, ал кейінгілерінің ұзақтығы 15 минуттан көп болмауы керек.

Дайындық топтарында (6 - 7 жастағы балалар) екі сабақты қатар 30 минуттан өткізуге болады. Бұл топта жазуды, оңай математикалық есептер шығаруды үйретеді. Балалар күніне 4 рет тамақ қабылдау керек. Әр тамақ ішу арасындағы үзіліс 3 - 3,5 сағат болу керек. Мүмкіндігінше тәуліктік калория әр тамақ қабылдауға біркелкі бөлінгені дұрыс. Таза ауада кемінде 5 сағат уақыт болу керек.



Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібі

Мектеп жасындағы балалар үшін күн тәртібінің маңызды элементіне -оқу жатады, оқуға байланысты басқа режимдік кезеңдер анықталады. Оқу режимін құрастырған кезде оқушының жасы есепке алынады. Жасына байланысты мектептегі оқу жүктемесі, үйге берілетін тапсырмалар көлемі жайлап артады да, ұйқыға берілетін уақыт, таза ауада жүретін уақыт және тамақ қабылдау уақыты азаяды. Күн тәртібін жоспарлаған кезде баланың биологиялық ырғағы міндетті түрде ескерілу керек. Күні бойы балаларда жұмыс қабілеті екі рет жоғары деңгейде болады: 8 бен 12 және 16 мен 18 сағаттар арасында.

Мектепте оқу уақыты 8.30 - 9.00 - де басталады. Сабақ уақытының ұзақтығы 45 минут, ал 1 сыныптарда сабақ ұзақтығы 30-35 минут болу керек. Сабақ кезінде оймен атқаратын жұмыстар болса, балалар қатты шаршауы мүмкін және статикалық жұмыс, яғни үнемі отыратындықтан бұлшық еттері де ауыруы мүмкін. Шаршаудың екі түрі де төменгі сынып оқушыларында сабақ басталғаннан кейін 20-25 минуттан кейін пайда болады. Шаршағанның белгілеріне мыналар жатады: балалардың жыбырлап кетуі және сабаққа деген қызығушылықтың төмендеуі. Сондықтан сабақтың екінші жартысында сабақ түрін ауыстыру, мысалы, жазуды дауыстап оқумен алмастыру. Осы кезде дене шынықтыру үзілістерін жасаған да пайдалы.

Оқытушылардың педагогикалық және гигиеналық шараларды қолдануына қарамастан, соңғы тоқсанда оқушылардың жұмыс қабілеті төмендей бастайды.

Оқушылардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін және сыныптарды желдету үшін сабақ араларында қысқа және үлкен үзілістер қарастырылады. Қысқа үзілістер – 10 минуттан, ал үлкен үзілістер – 30 минуттан. Егер балалар үзілісті таза ауада жүгіріп, ойнап өткізсе, ол жақсы әсер береді.

Мектепте берілетін таңғы ас тәуліктік рационның калориясының 15 % - ын құрау керек. Ыстық таңғы ас дайындайтын асханасы жоқ мектептерде балаларға бір стақан ыстық сүт пен бутерброд берілу керек.

Сабақ арасындағы үзілістерге қарамастан оқушыларда оқу уақыты кезінде шаршау пайда болады. Жоғары сынып оқушыларында жұмыс қабілеті 2-3- сабақтарда ең жоғарғы деңгейге жетеді, ал 4 - сабақта үлкен үзілістен кейін және 1,5,6 - сабақтарда жұмыс қабілеті ең төменгі деңгейге жетеді. Төменгі сынып оқушыларында шаршау 4 - сабақта айқын көрінеді. Сондықтан төменгі сынып оқушылары үшін күнде сабақ 4 –ден артық болмау керек. Ал жоғары сыныптар үшін ол 5, 6 сабақтан көп болмау керек.

Арнайы жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша оқушының апта ішінде де жұмыс қабілетінің деңгейі біркелкі емес. Демалыстан кейін дүйсенбі күні жұмыс қабілеті орташа деңгейде болады. Ал сейсенбі және сәрсенбі күндері ол ең жоғары деңгейге жетеді. Бейсенбі және жұма күндері дүйсенбі күнге қарағанда төменірек болады. Сенбі күні ең төменгі деңгейге жетеді.

Апта бойы және күні бойы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруін сабақ кестесін құрастырғанда ескерген маңызды болып саналады.

Сабақ кезінде көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, сабақты эмоционалды түрде түсіндіру оқушылардың сабақты жақсы меңгеріп, сабақтың қызықты өтуіне әсер етеді.

Гигиенистердің, физиологтардың және педагогтардың ғылыми зерттеулері көрсеткендей, көптеген балалардың физикалық және ойлау қабілетінің дамуы балаларды 6 жастан мектепте оқытуға болатындығын дәлелдейді. Балаларды 6 жастан мектепке қабылдаған кезде әр баланың дамуы мен денсаулығына және олардың оқуға функционалдық дайындығына жеке- жеке баға береді. Оқу жоспары мен сабақ өткізу әдістері осы жастағы балалардың функционалдық мүмкіндіктеріне бейімделген болу керек және оқу тәртібі гигиеналық талаптарға сай болу керек. Мектепте оларға арналған бөлмелер кешені және олардың жасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүйелі тамақтануды ұйымдастыру мүмкіншіліктері болу керек. Егер мектептерде ондай жағдай жоқ болса, онда 6 жастан оқытуды балабақашаларда ұйымдастыруға болады. Балаларды 6 жастан оқыту кезінде олар жылына 32 апта оқу керек. Сабақ тек 1 ауысымда жүргізілу керек. Аптасына жүктеме мөлшері 20 сағат болу керек. Ал күніне 4 сабақ 35 минуттан. Әр сабақтың ортасында оқытушы дене шынықтыру үзілісін жасату керек. Әр сабақтың арасындағы үзіліс 15-20 минуттан болу керек. Әр сабақтың алдында гигиеналық гимнастика жасатқан жөн. Ауыр сабақтарды (орыс тілі, математика) 2 - сабаққа қою керек. 3 - сабаққа динамикалық компоненттері бар сабақтар: ән – күй, дене тәрбиесі және басқа да ашық ауада жүргізілетін сабақтарды қойған дұрыс.

Үй жұмысын орындау – сабақтардың жалғасы болып саналады. Оқытушылар үйге берілетін тапсырмалардың көлемін аптаның әр күнінен бірдей етіп бөлу керек. Күніне сабақ дайындауға жұмсалатын уақыт 1 - сынып оқушылары үшін 1 сағаттан, ал 9-10 - сынып оқушылары үшін 3-4 сағаттан аспау керек. Егер сабақ дайындау уақыты көрсетілген уақыттардан көп болған жағдайда баланың күн тәртібі бұзылады: таза ауада серуендеу, ұйқыға бөлінетін уақыт азаяды да, баланың жұмыс қабілеті нашарлайды, баланың ағзасында үнемі шаршау байқалады.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындау бойынша келесі тәртіпті ұсынуға болады. Мектептен үйге келгеннен кейін оқушы түскі ас қабылдайды, содан кейін 1,5 сағат шамасында таза ауада серуендейді. Ал 1-2 - сынып оқушылары үшін түскі астан кейін 1 сағат ұйықтап алып, содан кейін таза ауада дем алу ұсынылады.

Үй жұмысын орындау кезінде төменгі сынып оқушылары үшін әр 25-30 минуттан кейін үзіліс істеп тұрған тиімді, ал жоғары сынып оқушылары үшін ондай үзіліс әр 45 минутта болып тұрғаны дұрыс. Әр екі сағаттан кейін 20 минуттық үзіліс жасау керек.

Ұйқы балалар үшін негізгі физиологиялық механизм болып саналады, өйткені ол жұмыс қабілетін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Көп жылдық зерттеулерден кейін ұйқының ең төменгі ұзақтығы дені сау 7-9 жас арасындағы балалар үшін 10,5 сағат, 10 жаста – 10 сағат, 11-13 жаста 9 сағат, 14-17 жаста 8,5 сағат болып ұсынылды.

12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Ерте жастағы балалардың күн тәртібі?

2. Сәбилік кезең?

3. Мектеп жасындағы кезең?

4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттеу әдістері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет