Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



жүктеу 3.16 Mb.
бет5/19
Дата19.09.2017
өлшемі3.16 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


№ 2 дәріс.

Тақырыбы: Клиникалық биохимия зертханасынан алынатын деректер және оның іске асуының технологиясы.

Мақсаты: Клиникалық биохимия лабораториясынан алынатын деректерді үйрену және зерттеулердің нәтижелерін сараптап оларды талдау.

Дәрістің жоспары:

1. Зертханалық зерттеу әдістеріне шолу,

2. Зерттеулерде қолданатын әдістерге қысқа сипаттама,

3. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын мекемелер саласындағы

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1566 Қаулысы.

Қазіргі уақытта биохимиялық зерттеулер әлемінің дамыған елдерінің лабораторияларында кеңінен жүргізілуде. Медицинада қолданылатын биохимиялық зерттеу әдістерінің үлкен арсеналын пайдаланылады. Адам организмінде жүретін зат алмасуы әртүрлі әдістерді қолдану арқылы зерттелінеді. Мысалы, бүкіл ағза денгейінде заттардың теңгерімі зерттелінгенде, яғни ағзаға түскен заттардың мөлшері мен бөлініп шыққан оның ыдырау өнімдерінің мөлшері арасындағы қатынас анықталады. Осындай жолмен азот, көміртегі т.с.с. теңгерімі анықталады. Энергетикалық теңгерімді тәуліктік рацион құрамына кіретін қоректік заттардың энергетикалық құндылығы мен ағзаның осы уақыт аралығында энергияны жұмсау арасындағы қатынасты анықтау арқылы зерттейді. Изотоптық әдіс жеке заттардың алмасуын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде молекуласына радиоактивтік немесе ауыр изотоптарының атомдары енгізілген қосылыстар қолданылады. Ағзада осы изотоп бойынша зерттелетін заттың алмасуын зарттейді. Мысалы, 15N қолдану ұлпаларда белоктардың жоғары жылдамдықпен жаңаруын анықтауға мүмкіндік болады, 32Р мен 35S күкірт пен фосфордың алмасу үдірістерін зерттеуге көмектеседі. Биохимияның зерттеу әдістерінің арсеналындак физика-химиялық әдістер (ең алдымен жасушалардың жойылуынан сақтайтын электрондық микроскопия және жасушаны оны құрайтын құрамдас бөліктерге бөлуге мүмкіндік беретін дифференциалдық центрафугалау; заттарды олардың әртүрлі ерігіштігі, адсорбенттердегі адсорбциялығы және т.б. негізінде бөлу)ерекше орын алады Көптеген әдістер зерттелетін заттың физикалық-химиялық ерекшеліктеріне негізделген болады. Оған зерттелетін қосылыс сәйкес реактивпен боялуы өнім беретін түрлі-түсті реакциялар жатады. Мысалы, ақуыздар көк-күлгін түс беретін биуреттік реакция арқылы анықталады, ал мочевинаны – диаце-тилмонооксиммен анықталады. Соңғы жылдары энзиматикалық әдістер де қолданылуда, мысалы, холестеринді, триацилглицеридтерді, глюкозаны және т.с.с. анықталуда. Қазіргі кезде лабораторияларда қанның және зәрдің негізгі көрсеткіштерін анықтау үшін реактивтер жиынтығы қолданылады. Зерттеу әдістеріне сәйкес фотоэлектроколориметр, спектрофотометр, спектрофлюоро-метр, жалшынды фотометр, коагулометр сияқты құралдары қолданылады. Спектралды әдістер, мысалы, гемоглобинді анықтауда кеңінен қолданылады. Бұл әдісте әртүрлі жарық сәулелерін сіңіру спектрлерін беретін заттар бір-бірінен бөлінеді. Зертханаларда зерттеудің көптеген физикалық-химиялық әдістері: мысалы, молекулалардың бөлінуі үшін – хроматография және электрофорездің түрлері кеңінен пайдаланылады.

Электрофорез әдісі заряды бар заттардың молекулалары электр өрісінде әртүрлі жылдамдықпен қозғалатындығына негізделген. Бұл әдіс клиникада қан ақуыздарының фракцияларын бөліп алу үшін қолданады.

Хроматографиялық әдіс әртүрлі заттарды бөліп алу және анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістің негізі - әртүрлі қосылыстар белгілі бір заттарда (адсорбентте) адсорбциялану қасиеті бойынша ерекшеленіп, осыған байланысты бір-бірінен бөлінуі. Хроматография әдістерінің негізінде жылжымалы фазаға(сұйықтық, газ) орналастырылған және жылжымайтын фаза (қатты заттар немесе сұйықтық) бойына орын ауыстыратын молекулалар қоспаларының бөліну қағидаты жатады. Бөліну заттардың жылжымайтын фазаға әртүрлі адсорбциясы, бөлінетін молекулалардың әртүрлі зарядтары, олардың әртүрлі өлшемдері немесе жылжымайтын фазадағы әртүрлі ерігіштігі негізінде болады. Хроматография әдістерінің көптеген түрлері бар. Оларды кең пайдалануға көбінесе автоматтандырылған хроматографтарды жасау ықпал етті.

Заманауи лабораторияларда автоматтық анализаторлардан пайдаланылғанда есептеуіш техниканы кеңінен ендіру жасушада өтетін көптеген химиялық үдірістерді математикалық модельдеулер көмектеседі.

Клиникалық- биохимиялық лабораториялардан алынған деректер негізінде, аурулардың паталогиялық үдерістерінің дамуын болжайтын сараптамалық жүйелер құрылады, бұл дәрігердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Сонымен, биохимия әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, дәрігерлердің қолына науқастың күйін бағалауға және емдеудің дұрыс жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Клеткада метаболизмнің көптеген реакцияларында әртүрлі заттар түзіледі, олар ары қарай пайдалануға жарамсыз болып табылады және ағзадан шығарылуы қажет. Бұлар заттар алмасуының соңғы өнімдері деп аталады. Оларға көмірқышқыл газы, мочевина, зәр қышқылы, аммоний тұздар, креатинин, уробилин, стеркобилин, индикан және т. б. заттар жатады.

Адам ағзасының алмасуының соңғы өнімдері негізінен зәрмен шығарылады. Көмір қышқыл газы және су ағзадан өкпе арқылы шығарылады. Су мен минералды тұздар терлегенде тер арқылы жартылай шығарылады. Гемнің ыдырау өнімдері (билирубин, стеркобилин), холестерин және басқада стероидтар (жыныс гормондары), кейбір минералды заттар(кальций) ағзадан өттің құрамында шығарылады. Нәжісте өттің құрамында шығарылатын заттар, сонымен қатар тағамның қорытылмаған компоненттері, ішек бактериялары және олардың тіршілік әрекетінің өнімдері болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның ағзасынан шамамен 1000 СО2 , 2,0-2,5 л. су, 30 граммға жуық минералды тұздар шығарылады. Тәулігіне зәрмен шамамен 35-40 грамм органикалық төмен молекулалы құрамында азоты бар қосылыстар шығарылады.

Патологиялық жағдайларда соңғы өнімдердің шығарылуы артуы мүмкін, мысалы, қантты емес диабет кезінде судың шығарылуы, подагра кезінде зәр қышқылы, рахит кезінде кальций мен фосфаттар және т.б. шығарылуының артуы кездеседі. Кей жағдайларда ағзада заттар алмасуының соңғы өнімдерінің тежелуі орын алады, олардың қандағы және тканьдердегі концентрациясы артады. Мысалы, нефрит кезінде зәрмен судың және құра-мында азот бар соңғы метаболиттердің(мочевина, зәр қышқылы, аммоний тұздар т.б.) шығарылуы азаяды, бұл ағзаның улануына, уремияға әкеліп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет