Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы



жүктеу 193.28 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі193.28 Kb.
түріРегламент


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «___»_____________

№___ қаулысына

қосымша
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті


1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:

1) уәкілетті орган - Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

2) тұтынушы - жеке тұлға;

3) ХҚКО АЖ - халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі;

4) УО АЖ - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.
2. Жалпы ережелер

2. Осы Регламент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың әрекетінің (өзара әрекетінің) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің тiзбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі -Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

7. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, №20а үйде орналасқан уәкілетті органнан (телефондар: 30-10-40, 30-10-39, жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған) немесе осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталықтан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында қарастырылған.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыдан сұраныс түскен мезгілден бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш тапсырады;

2) Орталық инспекторы құжаттарды тіркеп және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына жолдайды, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.

Орталықтан уәкілетті органға жолданған құжаттар пакетінің жөнелтілуі, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкодты сканердің көмегімен белгіленеді;

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО АЖ-де құжаттарды тіркейді, егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда қабылдаған құжаттарды жеке тұлғалар өтініштерінің есебін жүргізу журналында тіркеп, басшының қарауына жолдайды;

4) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарап, жауапты орындаушыны анықтайды;

5) жауапты орындаушы Орталықтан немесе тұтынушыдан келген өтінішті қарап, дәлелді бас тарту туралы жауап жазады немесе хабарламаны ресімдейді де уәкілетті органының басшысына қол қоюға жолдайды;

6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды да, уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

7) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдап, ХҚКО АЖ-де, егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда жеке тұлғалар өтініштерінің есебін жүргізу журналында құжаттарды тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға табыстайды;

8) Орталық мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін уәкілетті органнан алғанда, келіп түскен құжаттарға штрихкодты сканердің көмегімен белгі соғады.

Орталық тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді жауапты ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның және Орталықтың бір маманы жүзеге асырады.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінінің сипаттамасы
13. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Уәкілетті органда құжаттар қабылдау уәкілетті органның кеңсе қызметкері арқылы қабылданады.

Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1) уәкілетті органда – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2) Орталықта:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

     сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

     қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

     орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның басшылығы;

4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

5) уәкілетті органның кеңсе қызметкері.

16. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ реттілігін және әкімшілік әрекеттердің (рәсімдерді) сипаттамасының мәтіндік кестесі осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әкімшілік әрекеттер мен ҚФБ логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметтерді көресететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуге уәкілетті органның басшысы және Орталықтың басшысы (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жауапты болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапты болады.


Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу мемлекеттік қызметінің регламентіне

1-қосымша
Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша халыққа қызмет көрсету

орталықтарының тізімі






Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекен - жайы



Байланыс
телефоны

1

Оңтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



(7252) 30-06-79 қабылдау бөлмесі

(7252) 21-09-00

(701) 743-85-68


2

Шымкент қаласының №1 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



(7252) 30-06-79 қабылдау бөлмесі

(7252) 21-09-00

(701) 889-63-90


3

Шымкент қаласының №2 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



8-7252- 30-08-38

8-777-7393363



4

Шымкент қаласының №3 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Оспанов көшесі, №61 үй



8-7252-30-0135

8-701-777-57-96



5

Шымкент қаласының №4 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Сайрам көшесі, нөмірсіз үй



8-7252-48-1338

8-701-922-87-07



6

Шымкент қаласының №5 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Республика даңғылы, №15 үй

8-7252-56-49-42

8-701-738-23-76



7

Арыс қалалық бөлімі

Арыс қаласы,

Еркөбек көшесі, нөмірсіз үй



8-72540-23-118

8-702-258-8338



8

Бәйдібек аудандық бөлімі

Бәйдібек ауданы,

Шаян ауылы,

Мыңбұлақ көшесі, нөмірсіз үй


8-72548-22-502

8-775-609-4737



9

Кентау қалалық бөлімі

Кентау қаласы,

Абылай хан көшесі, №10 үй



8-72536-336-34

8-701-556-80-80



10

Қазығұрт аудандық бөлімі

Қазығұрт ауданы,

Қазығұрт ауылы,

Қонаев көшесі, нөмірсіз үй


8-72539-22-950

8-701-731-9145



11

Мақтарал аудандық бөлімі

Мақтарал ауданы,

Жетісай қаласы,

Жайшыбеков көшесі, нөмірсіз үй


8-72534-61-343

8-701-226-9370



12

Отырар аудандық бөлімі

Отырар ауданы,

Шәуілдір ауылы,

Жібек жолы даңғылы, нөмірсіз үй


8-72530-22-670

8-701-666-24-76



13

Ордабасы аудандық бөлімі

Ордабасы ауданы,

Темірлан ауылы,

Қажымұқан көшесі, нөмірсіз үй


8-72544-21-106

8-705-550-39-97



14

Түркістан қалалық бөлімі

Түркістан қаласы,

Т.Мыңбасы көшесі, нөмірсіз үй



8-72546-43-329

8-702-958-59-04



15

Төлеби аудандық бөлімі

Төлеби ауданы,

Леңгір қаласы,

Төлеби көшесі, нөмірсіз үй


8-72537-27-021

8-701-789-7877



16

Түлкібас аудандық бөлімі

Түлкібас ауданы,

Т.Рысқұлов ауылы,

Т.Рысқұлов көшесі, №189 үй


8-72532-31-629

8-702-595-65-07



17

Сайрам аудандық бөлімі

Сайрам ауданы,

Ақсукент ауылы,

Қыстаубаев көшесі, нөмірсіз үй


8-72533-41679

8-72533-41630

8-702-277-3300


18

Созақ аудандық бөлімі

Шолаққорған ауылы,

Қожанов көшесі, нөмірсіз үй



8-72531-77-071

8-72531-77-072

8-701-555-51-43


19

Сарыағаш аудандық бөлімі

Сарыағаш ауданы,

Сарыағаш қаласы,

Шораұлы көшесі, нөмірсіз үй


8-72547-61-123

8-702-712-2477



20

Абай ауылдық бөлімі

Абай ауылы,

Ә.Жылқышиев көшесі, нөмірсіз үй



8-72538-52-709

8-701-736-41-15



21

Шардара аудандық бөлімі

Шардара ауданы,

Шардара қаласы,

Шардара тұйығы, нөмірсіз үй


8-72535-21-583

8-705-545-9848


Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу мемлекеттік қызметінің регламентіне

2-қосымша

1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)


Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



Құжат қабылдау

Журналға қол қою, құжат жинау

Тізілімді жасап құжатты жөнелту

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және қол хат беру

Жинақтау бөліміне құжат жинау

Уәкілетті органға құжат жіберу

Орындау мерзімдері

30 минут

Күніне 3 рет

Күніне екі реттен кем емес

Келесі нөмір

2

3

4

әрекет












Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

4

5

6


ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



құжат қабылдау және тіркеу

Хат-хабар алмасып, жұмысшы органның жауапты орындаушысын тағайындау

Құжаттардың толықтығын тексеріп, дәлелді бас тарту немесе хабарлама беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Басшының алдына бұрыштама қоюға құжаттарды жолдау

Бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жолдау

Құжаттарды басшыға тапсыру

Орындау мерзімдері

1 сағат

1 сағат

Жиырма күннен кем емес

Келесі нөмір

5

6

7



Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

7

8

9


ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Орталықтың инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



Хат-хабарламалармен танысу

Хабарламаларды мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу кітабына тіркеу, дәлелді бас тарту немесе хабарлама беру немесе орталыққа беру

Дәлелді бас тарту немесе хабарлама беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Құжатқа қол қою

Орталыққа өткізу, хабарлама беру немесе дәлелді бас тарту

Хабарлама немесе дәлелді бас тартқаны жөнінде қол хат беру

Орындау мерзімдері

30 минут

Жұмыс күн ішінде

Жұмыс күн ішінде

Келесі нөмір

8

9


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.




КФБ 1-топ
Орталық инспекторы

КФБ 2-топ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

КФБ 3-топ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет

Құжат қабылдау,

қолхат беру, арызды тіркеу, уәкілетті органға жіберу


№ 2-әрекет

Арызды орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау, тіркеу арызды уәкілетті органның басшысына жіберу



№ 3-әрекет

Жауапты орындаушыны тағайындап, бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Арызды қарау. Хабарлама дайындау



№ 5-әрекет

Хабарламаға қол қою






№ 6-әрекет

Хабарламаны мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу кітабына тіркеу









№ 7-әрекет

Хабарламаны беру немесе орталыққа жіберу






№ 8-әрекет

Хабарламаны орталықта тұтынушыға беру








3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс.





КФБ 1-топ
орталық маманы

КФБ 2-топ
Уәкілетті органның жауапты маманы

КФБ 3-топ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет

Құжат қабылдау,

қолхат беру, арызды тіркеу, уәкілетті органға құжаттарды жіберу


№ 2-әрекет

Арызды орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына жолдау



№ 3-әрекет

жауапты орындаушыны тағайындап, бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Арызды қарау. Дәлелді бас тартуды дайындау



№ 5-әрекет

Дәлелді бас тартуға қол қою






№ 6-әрекет

Дәлелді бас тартуды орталыққа немесе тұтынушыға беру






№ 7-әрекет

Дәлелді бас тартуды орталықта тұтынушыға беру








Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу мемлекеттік қызметінің регламентіне

3-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар






Уәкілетті органның қызметкері ХҚКО АЖ-де белгілеп (егер өзінің ақпарттық жүйесінде болмаған жағдайда) және келіп түскен құжаттарды тіркеп басшының қарауына ұсынады.

(1 жұмыс күні ішінде)




Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдап, тіркеп жинақтау бөліміне жолдайды. Жинақтау бөлімнің инспекторы уәкілетті органға жолдайды.

Құжаттардың Орталықтан уәкілетті органға жіберілуі ХҚКО АЖ-де тіркеледі

(бір жұмыс күні ішінде)


Басшы бұрыштама қойып, орындаушыға жолдайды

(1 сағат)





Жауапты қызметкер шешімді хабарламаны дайындайды

және дәлелді бас тартуды ресімдейді

(8 жұмыс күні ішінде)


Тұтынушы




Сканермен штрихкод арқылы ХҚКО АЖ-де орталыққа келіп түскен құжаттар белгіленеді.

Орталық тұтынушыға хабарлама береді немесе дәлелді бас тарқаны жөнінде хабарлайлы.

(бір жұмыс күні ішінде)

Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нәтижесін Орталыққа жолдайды, ХҚКО АЖ-де белгілеп (егер өзінің ақпарттық жүйесінде болмаған жағдайда) немесе уәкілетті органға келген тұтынушыға беріледі

(бір жұмыс күні ішінде)








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет