Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы



жүктеу 348.93 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі348.93 Kb.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы

Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Тұрысбек Наздана Нұрболқызы

Жетекшісі биология пәні мұғалімі Мырзамұратова Мағира Әуелбекқызы

Зерттеу жұмысының тақырыбы:Өсімдік зиянкестеріне қарсы биолабораторияда бунақденелерді көбейту және тиімді пайдалану


А н н о т а ц и я

Бұл  тақырыпты алудағы басты себебіміз Оңтүстік Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және мақта кеміргіш қоңыр көбелектері аса қауіпті болып саналады. Олар облысымыздың онтүстік және онтүстік - шығыс аймақтарында бау - бақша, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Энтомофагтар өсімдік дамуының негізгі факторларын өзгертіп, зиянкестер адаптацияланған жағдайды өзгертеді, соның есебінен олардың тигізетін зиянды әсерін азайтып, пайдалы жәндіктерінің өсіп - өніуіне жағдай туғызады. Нәтижеде өсімдіктердің жылдам өсіп дамуына жағдай туады, өз кезегінде ол өсімдіктің артуына септігін тигізеді. Бұл жадай химиялық өңдеу жұмыстарын азайтуға әсер етеді.



Зерттеу  мақсаты: Табиғата жиі кездесетін энтомофагтардың биологиялық ерекшілігін зерттеу. Зиянкестердің тигізетін әсерін алдын алудағы қолданатын жергілікті энтомофагтардың мүмкіндігін бағалау.

Ауылшаруашылық дақылдарына аса зияны жоқ кейбір жанама зиянкес­тердің табиғи жаулары (энтомофагтар) қырылған соң, зиянкестердің саны көбейіп, негізгі зиянкестердің қатарына кіреді де, оларға қарсы бірнеше дүркін химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Соның салдарынан бір мау­сым ішінде бірнеше ұрпақ беретін бунақ денелілер мен кенелерге удың тигізетін әсері төмендеп, төзімділігі күшейеді.

Пестицидтерді жиі қолдану қоршаған ортаны, алынған өнімді ластап, халықтың денсаулығына әсерін ти­гізеді, сонымен қатар, өсім­діктер мен жануар­лар әлемі құрамының нашарлауына әке­леді. Осы аталған жағдайларға бай­­­ланысты ба­лама әдістемелер – экологиялық өсімдік қор­ғау, биологиялық егіншілік, биоло­гиялық өсімдік қорғау, уды қолданбау технологиясына жүгінуге тура келеді.
А н н о т а ц и я
Основное причины выбора темы является на Юге Казахстане большой вред преносить в сельскомхозятве грызущие вреденосных насекомых.Эта группа вредных бабочек в частности грызущие хлопковые совки являются наиболее опасными. Они находятся на юге и юго-восточных регионах, может серьезно повредить ряд технических культур. В результате применение биологические методы барьбы будут созданы условия для быстрого роста и развития растений, в свою очередь, будет способствовать росту растений. Это позволит снизить химическую обработку.

Цель исследования: характер специфического характера общей энтомофагов биологических исследований. Для предотвращения воздействия вредных организмов с целью оценки возможности использования местных энтомофагов. Применение местных энтомофагов нет никакого вреда и некоторые побочных эффектов.

   Загрязняющие продукты от частого использования пестицидов в окружающей среде влияют на здоровье населения, но и приводит к ухудшению состояния флоры и фауны. В этих обстоятельствах альтернативные методы защиты растений экологического, биологического сельского хозяйства, биологической защиты растении.
A n n o t a t i o n
The main reasons for choosing the topic is in the south of Kazakhstan in great harm prenosit selskomhozyatve gnawing vredenosnyh nasekomyh.Eta harmful group of butterflies in particular gnawing cotton bollworm are the most dangerous. They are on the south and south-eastern regions, can cause serious damage to a number of industrial crops. As a result of the use of biological methods barby will be created conditions for the rapid growth and development of plants, in turn, will contribute to the growth of plants. This will reduce the chemical treatment.

Objective: the nature of the specific nature of the general entomophags biological research. To prevent exposure to harmful organisms in order to assess the possibility of using local entomophags. The use of local entomophags no harm and some side effects.

   Polluting products from frequent use of pesticides in the environment affect the health of the population, but also leads to deterioration of the flora and fauna. In these circumstances, alternative methods of plant protection environmental, biological agriculture, biological plant protection.

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
І ЭНТОМОФАГТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
I.1 Энтомофагтардың морфологиясы және олардың тіршілігі
II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.

II.1 Мақтарал өңірінде жиі кездесетін энтомофагтар

II.2 Биолабораторияда энтомофагтарды (бунақденелер) өсіру әдістемесі

II.3 Энтомофагтарды өсімдік зиянкестеріне қарсы тиімді пайдалану


III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Оңтүстік Қазақстанда 200 - ден астам әр түрлі ауруларды тудыратын  организмдер - бунақденелер, кенелер, омыртқасыз жануарлар және бірнеше ондаған микроорганизмдер ауылшаруашылық дақылдарында өсіп дамиды. Сонымен бірге 50 - ден астам зиянкестермен қоректенетін жыртқыш бунақденелер тіршілік етеді.

Мырзашөл өңірінде аталған зиянкестің көптеп кездесетінімен ерекшеленіп тұрады.  Мырзашөл өңірінің ауа-райы жағдайы зиянкестің өмір сүру жағдайына қолайлы, себебі бұл жерде қыс айларының жылы келуі мен және көктем айларында (наурыз, сәуір) жауын шашының мол болуымен байланысты. Мақта шаруашылығындағы зиянкестердің ең негізгілері қатарына мақта көбелегі (Heliothis armigera Hbr) жатады. Ол негізінен мақта алқаптарында және басқа да ауылшаруашылық өнімдері далаларында өте көп мөлшерде таралу жағдайы кездеседі. Мәліметтерге қарағанда оның зиянкестік тәсірі, кейбір жылдары өңірде  26-28 %, ал кейбір ұжымдарда 60-70 % — тан жоғарыны құрайды.

Қазақстанда дақыл зиянкестерінің энтомофагтары 1955—1960 жылдардан бастап қана зерттеле бастады. Сондықтан көптеген зиянкестердің энтомофагтарының түр - құрамы, олардың биологиялык ерекшеліктері және зияикестердің жаппай өніп - өсуін тежеудегі немесе олардың сан мөлшерін азайтудағы ролі туралы мәліметтер жоқ болған жағдайдың өзінде өте жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және мақта кеміргіш қоңыр көбелектері аса қауіпті болып саналады. Олар облысымыздың онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарында бау - бақша, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан да көп қоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда кеміргіш қоныр көбелектердің энтомофагтары толығырақ зерттелген.

Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны  кәдімгі трихограмма.Трихограмма туысына жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ қанаттылар (Нуmепорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар - өте ұсақ, ұзьндығы бір миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзьн және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, еркектерінікі үш буынды.

   ТМД - да қазіргі  кезде дақылдар  зиянкестерінің  10 түріне қарсы   биологиялық күресте трихогрммалардың үш түрі және 15 шақты түр аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір - бірінен фрагмаларының түсі, пішіні, жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын-қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен мінез-құлықтары арқылы ажыратуға болады.

Қазақстанның мақта егетін аудандарында мақта өнімі солардың зиянынан жыл сайын орта есеппен 10проценттей кей жерлерде 30-40 процентке дейін төмендеп кетеді. Сондықтан мақтаның зиянды жәндіктері мен ауруларына қарсы пәрменді күрес жүргізудің қоза өнімін артыруда және сақтауда айрықша маңызы бар.

Мақта өсімдігіне зиянын тигізетін жәндіктердің түрі көп. Енді солардың басты-бастыларына жеке-жеке тоқтала кетейік. Өйткені бұл жәндіктердің оларға қарсы күрес шараларын білудің зор маңызы бар.

Зерттеудің мәселесі: Менің осы ғылыми  жобаны алу себебім: энтомоф - агтар өсімдік дамуының негізгі факторларын өзгертіп, зиянкестер адаптацияланған жағдайды өзгертеді, соның есебінен олардың тигізетін зиянды әсерін азайтып, пайдалы жәндіктерінің өсіп - өніуіне жағдай туғызады. Нәтижеде өсімдіктердің жылдам өсіп дамуына жағдай туады, өз кезегінде ол өсімдіктің артуына септігін тигізеді. Бұл жағдай химиялық өңдеу жұмыстарын азайтуға әсер етеді. Соңғы жылдарда ауылшаруашылық дақылдарының (қозаның) өнімділігін арттыру, алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен агробиологиялық шаралардың нәтижелі жұмыстары, жергілікті энтомофагтардың биологиясын және оларды пайдалану, іс-жүзінде зерттеу қажеттілігін тудырды.

Биология: Энтомология



Кіші ғылыми жұмысының мақсаты:

1. Оңтүстік Қазақстанда жиі кездесетін энтомофагтардың биологиялық ерекшілігін зерттеу.

2.Зиянкестердің тигізетін әсерін алдын алудағы қолданатын жергілікті энтомофагтардың мүмкіндігін бағалау.
І ЭНТОМОФАГТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
I.1 Энтомофагтардың морфологиясы және олардың тіршілігі
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу шараларының жүйесіндегі биологиялық тәсіл зиянкестерге қарсы олардың табиғи жауларын - паразиттері мен жыртқыштарын пайдалануға негізделген. Пайдалы жәндіктердің бұл тобын бір сөзбен энтомофагтар деп атайды.

Паразиттер басқа жәндіктердің ішкі мүшелерінде немесе солардың аралықтарында ұлпаларды жеп немесе клетка шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организмін тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланады және паразитизм кезінде олармен тығыз түрде биологиялық байланыста болады. Паразиттер мен жыртқыштардың, арасындағы негізгі айырмашылық - жыртқыш өз кұрбанын тікелей өлтіреді, ал паразит иесінің есебінде қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретіп барып, өз даму кезенінің соңғы сатысында ғана өлтіреді. Кейде паразиттік йесі өлмей тірі қалады.

Жеті нүктелі «қан қызы» немесе «ел қайда көшеді» деп аталатын жыртқыш қоныз өсімдік биттерін ал жыртқыш барылдақ қоныздардың бір түрі қызыл денелі барылдақ қоныз (Саlоsоmа sусоphаntа L) жібек көбелектің (Рогthеtгіа dіsраг L.) жас гусеницаларын бірден жеп кояды (5). Ал жарғақ қанатты паразит - апантелес капуста ақ көбелегінде мүлде өзгеше түрде паразиттік тіршілік етеді. Бұл паразиттің ұрғашылары өзінің жұмыртқаларын 20 - 60 данадан топтап көбелектің бір - екі жастағы жұлдызқұрттардың денесіне салады. Жұмыртқалардан шыққан паразиттің личинкалары жұлдызқұрттын ішіне еніп, ішкі мүшелері мен қоректенеді. Бірақ бұдан жұлдызқұрттар қоректенуін және түлеу процесін тоқтатпай 5 жасқа дейін дамиды да тек паразиттер денесінен шығып кеткеннен кейін ғана өледі [1].

Эндопаразиттер иесінің денесіне әр түрлі жолдармен енеді. Жарғақ қанатты паразиттердің еркін тіршілік ететін ұрғашылары жұмыртқа салғыш аппараттарының көмегімен иесінің жұмыртқаларын, личинкаларын, қуыршақтарын немесе ересектерінің денесін тесіп, соған өздерінің. жұмыртқаларын салады. Осындай тәсілмен трихограммалар және теленоминдер көптеген насекомдардың жұмыртқаларын, псевдафикус комсток сымырының ұрғашылары мен личинкаларын, ал пимпла деп аталатын паразит алма жемірінің қуыршақтарын залалдайды.

Жарғақ қанатты эндопаразиттердің кейбіреулерінің, мысалы, габробраконаның ұрғашылары ұн көбелегі гусеницасының денесін жансыздандырады да, соның қасына өздерінің жұмыртқаларын орналастырады. Одан соң жұмыртқадан шыққан личинкалар өздері-ақ жұлдызқұртардың денесіне еніп, паразиттік тіршілік ете бастайды.

Әсіресе паразит шыбындар өздерінің жұмыртқаларын алуан түрлі жолдармен салады. Мысалы, компсилюра деп аталатын шыбын жұмыртқаларын парсыз жібек көбелектің гусеницаларының іш қуысына салады. Ал астық сұр көбелегінің паразиті блефарипода жұмыртқаларын иесінің жұлдызқұрттары қоректенетін өсімдік жапырақтарына орналастырады.Сонда жұлдызқұрттар жапырақтармен қоректенгенде жұмыртқаларды да жұтады. Одан соң олардан личинкалар шығып, гусеницаның ішек қуысынан дене қуысына өтеді.

Жарғақ қанатты эндопаразиттердің көпшілігі иесінің ішкі қуысында (немесе жұмыртқасының ішінде) қуыршақтанып, ересек насекомға айналады да одан соң оның тері қабын (немесе жұмыртқа қабығын) кеміріп, тесіп сыртқа шығады. Ал эндопаразиттердің біраз түрлерінің личинкалары, мысалы, капуста ак көбелегінің паразиті апантелес қоректенуін және дамуын тоқтатқан соң иесінің тері қабын бұзып, сыртқа шығады да, соның маңайында қуыршаққа айналады. Личиика ішінен шыққан соң паразиттің иесі өліп қалады.

Энтомофагтар өздерінің иелерін залалдауға мамандану дәрежесіне байланысты монофагтар, полифагтар және олиғофагтар болып үш түрлі биологиялық топтарға бөлінеді. Монофагтар бір немесе екі түрге жататын насекомдарды, полифагтар насекомдардың әр түрлі отрядтарының өкілдерін, ал олигофагтар бір түқымдасқа жататын бірнеше түрлерді залалдайды.

Энтомофагтардың иелеріне мамандалу дәрежесі мына төмендегі жағдайларға тәуелді болады:

1) негізгі иесінің даму цикліне энтомофагтың даму цикілінің үйлесімді болып келуі;

2) энтомофаг пен оның иесінің сырткы орта жағдайларына қоятын талаптарының ұқсас болуы;

3) энтомофагтың иесінің организмінде тіршілік етуге бейімделуі

Энтомофагтардың тиімділігі (нәтижелі болуы) негізінен олардың, ие-насекомдарды залалдауға мамандалу дәрежесіне байланысты. Мысалы, алма ағашының аса қауіпті зиянкесі қан битінің өте жақсы мамандалғаи паразиті афелинус иесінің өсіп-өнуін басқа факторлардың көмегінсіз-ақ тежей алады. Энтомофагтардың ішінде олигофагтарда зиянкес насекомдардың сан мөлшерінің көбейіп кетуіне жол бермей, олардың қаулап өсіп-өнуін тежей алады. 1954 жылы Воронеж қорығында паразит насекомдар жапырақты орман ағаштарының қауіпті зиянкесі жібек көбелектің жаппай өсіп-өнуін дер кезінде тежеген болатын. Солардың ішінде негізгі роль атқарғандар жарғақ қанаттылардан-апантелестер, ал паразит-шыбындардан орман форецерасы мен қалқанша блефарипода болды. 1958—1960 жылдары Қазақстанның солтүстік бөлімінде дәнді дақылдардың, әсіресе бидайдьң, басты зиянкесі астық сұр кебелегінің жаппай өсіп-өнуін тежеуде де басты рольді энтомофагтар атқарды. Олардың ішінде ең негізгілері мыналар еді: жарғақ қанаттылар отрядынан менискус, қосқанаттылар отрядынан изомера мен тахина. 1947 - 1949 жылдары Краснодар елкесінің оңтүстігінде кокцинеллида тұқымдасына жататын жыртқыш қоңыз хилокорус - Калифорния қалқаншасының 90-95 процентін жойғаны мәлім. Энтомофагтардың осындай айтылған пайдалы әрекеттері туралы көптеген мысалдар келтіруге болады[2].

Дақылдардың зиянкестерімен күресу әрбір жеке биологиялық топқа тән шараларды қолдана отырып, энто мофагтардың пайдалы әрекеттерін (тиімділігін) жоғары көтеруге болады. Ол шаралар табиғатта энтомофагтардың, өсіп-өніп көбеюіне кедергі жасайды.

Зиянкестерге қарсы биологиялық күрес тәсілін ұйымдастыруда энтомофагтарды әр түрлі жолдармен пайдалануға болады. Солардың. ішінде ең біріншісі - зиянкестердің жаппай өсіп-өнуін басқа факторлардың көмегінсіз өздері-ақ тежей алатын тар көлемді мамандалған энтомофагтарды (монофагтарды) олар кездеспейтін немесе әлі олардың саны жеткіліксіз жерлерге апарып жіберу. Осы мақсат үшін жерсіндіру (акклиматизация) және ареал ішінде тарату тәсілдері — қолданылады.

Фенологиясы (даму мерзімдері) негізгі иесінің фенологиясына үйлес келмейтін көп қоректі энтомофагтарды (полифагтарды) пайдалануда оларды бір рет қана таратьш қоныстандыру жеткіліксіз. Сондықтан оларды арнаулы лабораторияларда (биолабораторияларда) жаппай қолдан әсіреді, одан соң. оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерге немесе бақтарға, кезеңдеріне және сан мөлшерінің әр кезде әр қилы болуына байланысты паразиттердің практикалық маңызы әр түрлі болады. Зиянкестің сан мөлшерінің динамикасындағы паразиттердің ролі туралы айқын түсінік алу үшін оның паразиттермен залалдану дәрежесін тексеру кезіндегі проба алу жұмыстары зиянкестің сан мөлшерін, плантацияларға апарып, таратьш жібереді. Бұл тәсілді маусымдық колонизациялау деп атайды [3].

Олигофагтардың нәтижелігін олардың бірнеше түрлерін қатар пайдалану немесе энтомофагтар үшіл қолайлы, ал зиянкестер үшін қолайсыз жағдайлар жасау аркылы жоғары көтеруге болады. Ол үшін агротехникалық және мәдени-шаруашылық шараларды іске асыру сонымен қатар химиялық күресті знтомофагтардың сан мәлшеріне және олардың пайдалы әрекеттеріне айтарлықтай зияны тимейтіндей дәрежеде үйлестіре жүргізу керек. Ондай үйлестіруді мына төменде көрсетілген шараларды орындау арқылы қамтамасыз етуге болады, күресу тәсілдерін бірінен соң бірін кезектестіру - биологиялык күресу тәсілін қолдану арқылы зиянкестің негізгі қорын жою немесе энтомофагтарға онша айтарлықтай зияны тимейтін кезде улы химикаттарды қолдана отырып, алдын ала зиянкестің сан мөлшерін азайту;

зиянкестер кездесетін учаскелерді жаппай тұтас уламай, біраз бөлігін қалдыру;

сөйтіп, улы химнкаттар шашылмаған учаскелерде энтомофагтардың шоғырлануына мүмкіндік туғызу;

энтомофагтар үшін зиянсыз улы химикаттарды немесе олардың онша қауіпті емес формаларын пайдалану.

Ауыл шаруашылығы зиянкестернің энтомофагтарын зерттеуде мынадай міндеттер койылады: зерттелетін зиянкестің паразиттері мен жыртқыштарының түр құрамын анықтау және олардың биологиялык ерекшеліктерін білу, знянкестің сан мөлшерін азайтудағы энтомофагтардың жеке түрлерінің тиімділігін анықтау.

Энтомофагтардың түр құрамын және олардың биологиялық ерекшеліктерін арнаулы стационарлық учаскелерде немесе маршрутты тексеру кездерінде жүйелі түрде бақылау және сынау арқылы зерттеледі. Бақылаудың нәгижелері күнделік журналға жазылады.

Энтомофагтардың жеке түрлерінің ролін зерттеу олардың ішінен практикада пайдалану үшін ең агрессивтік және перспективалы түрлерді бөліп алуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар бұл зерттеу зиянкестердің сан мөлшерін алдын ала болжауға және химиялық күресті реттеп дифференциалды түрде жүргізуге мүмкіншілік береді. Әр түрлі географиялық аймақтарда зиянды насекомдар мен кенелердің өсіп-өну динамикасындағы паразиттердің ролін дұрыс бағалау тек зерттеу жұмыстарын бірыңғай тәсілмен жүргізгенде ғана мүмкін болады.

Егістік жерлерде, огородтарда, бау-бақшаларда зерттеу жұмыстарын жүргізгенде паразиттердің тиімділігі әртүрлі учаскелерде түрліше болуы мүмкін және ол бірқатар факторларға, яғни ландшафт ерекшеліктеріне, ор-ман алқаптары мен басқа қолдан отырғызылған ағаш тектес өсімдіктердің болуы болмауына, ағаш бұта және шөп тектес өсімдіктердің түр құрамына, сол аймаққа көбірек таралған ауыспалы егістің схемасына, егістік жерлердің құрылымына, алғы дақылдарға, өсімдік қорғау жүйесіндегі химиялық шаралардың көлеміне және басқа жағдайларға байланысты [4].

Энтофагтардың өсіп - өну қарқыны мекендеген станцияларында шеп тектес гүлді өсімдіктермен бұталардың және әр түрлі ағаш тектес өсімдіктердің болуына тығыз байланысты. Бұл жағдай оларды ұрғашыларының жұмыртқалары пісіп жетілер кезде көмірсу қоректермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ондай жерлерді дақылдарға зиян келтірмейтін көптеғен насекомдар мекендейді. Негізгі иесі жоқ кездерде энтомофагтар солардың есебінде тіршілік етеді. Мұндай жерлерде энтомофагтардын қыстап шығуына қолайлы жағдайлар, яғни әр түрлі паналар мен микроклимат болады. Сондықтан энтомофагтардыд түр - кұрамын және олардың тиімділігін зерттеу жұмыстары экологиялық және агрошаруашылық жағдайларының ерекшеліктері жағынан бір - біріне ұқсамайтын әр түрлі учаскелерде жүргізілуі керек, Мысалы, қыраттар мен ойпаттарда, орман - тоғайларға жақын және олардан кашықтау учаскелерде, улы химикаттар шашылған және химиялық шаралар қолданылмаған учаскелерде және т. б.

Кеміргіш қоңыр көбелектердің энтомофаггары. Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің (подгрызающие совки) практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және жабайы көбелектер аса қауіпті болып саналады. Олар республиканың онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарында бау-бақша, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан да көп қоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда кеміргіш қоныр көбелектердің энтомофагтары толығырақ зерттелген.

Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны кәдімгі трихограмма. Трихограмма туысына жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс жәие орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразнттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ қанаттылар (Нуmеnорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар — өте ұсақ, ұзындығы бір миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзын және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, еркектерінікі үш буынды.

ТМД-да қазіргі кезде дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсы биологиялық күресте трихогрмалардың үш түрі және 15 шақты түр аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір-бірінен фрагмаларының түсі, пішіні, жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын - қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен мінезқұлықтары арқылы ажыратуға болады.

Трихограммалардың ішіндегі ең негізгі түрі - кәдімгі трихограмма. Ол тым көп коректі және өте кең таралған паразит. Оның иелерінің жалпы саны 80 түрден асады. Бірақ ең көп ұнататыны қоңыр көбелектер (Noctuidae).

II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.
II.1 Мақтарал өңірінде жиі кездесетін энтомофагтар
Энтомофагтың дамуы мен тигізетін пайдасына байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары Мақтаарал ауданыңда орналасқан биофабрика базасында алып барылды. Энтомофагтардың тигізетін әсерін оның құрттармен олардың зияны тиген өсімдіктерді есепке алу және олардың мақта өсімдігіне әсерін бақылау жолымен алып барылады.

Паразиттерді бақылау және олардың кеміргіш көбелектерді залалдау дәрежесін есепке алу жұмыстары мақта алқаптарында жүргізілді. Көбелектер ұшып шықпастан бұрын есепке алу жұмысы екі рет жүргізілді. Бірінші рет көктемде ауа - райы жылыған соң, жұлдыз құрттар қуыршақтанбай тұрғанда және екінші рет жұлдызқұрттардың жаппай қуыршақтанған кезінде.

Көбелектердің кейінгі ұрпақтарының жұлдызқұрттарын есепке алуға олар жаппай шыққан кезде кірістік. Есептеу жұмыстары 7 –10 күнде бір рет жүргізілді. Тексерілген мақта алқабы шахмат ретімен 20 проба алынды. Олар 5 –10 см тереңдікке дейін қазылып, ұқыпты түрде тексерілді.

Паразиттермен залалдануын анализдеу үшін пробада кездескен тірі және өлі гусеницалар мен қуыршақтардың және де шаншарлар мен шыбындардың пілләсі жиналды.

Трихограмма туысына жататын түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ қанаттылар (Нуmепорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар - өте ұсақ, ұзьңдығы бір миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзьн және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, аталықтарында үш буынды. ТМД-да қазіргі кезде дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсы биологиялық күресте трнхогрмалардың үш түрі және 15 шақты түр аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір-бірінен фрагмаларының түсі, пішіні, жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын-қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен мінезқұлықтары арқылы ажыратуға болады. Трихограммалардың ішіндегі ең негізгі түрі - кәдімгі трихограмма. Ол тым көп коректі және өте кең таралған паразит. Оның иелерінің жалпы саны 80 түрден асады. Бірақ ең көп ұнататыны қоңыр көбелектер (Noctuidae) [5].

Кәдімгі трихограмма ТМД - ның орталык және оңтүстік европалық бөлімінде және Орталық, Азия мен Қазақстанда таралған. Мұның өзі бұл түрдің әр түрлі климатты аймақтарда бейімделгіш екендігін көрсетеді. Оның бұл жағымды қасиеті әр түрлі экологиялық жағдайларға бейімделген түр аралық формаларының молдығымен дәлелденеді (сурет 1).



Сурет 1. Кәдімгі трихограмма


Трихограмма өздерінің жұмыртқаларын басқа насекомдардың жұмыртқаларының ішіне салады. Сөйтіп, оның ересек фазасына дейінгі дамуы иесінің жұмыртқасының ішінде өтеді. Көбелектің бір жұмыртқасының ішінде паразиттің 2-4 дернәсілі бірден жетіле алады. Дамудың төртінші-алтыншы күндерінде залалданған жұмыртқалар меруерттей кұлпырып тұратын қара түске айналады. Осы белгі арқылы көбелектің, трихограммамен залалданған жұмыртқаларын сауларынан оңай ажыратуға болады.

Ересек трихограммалар еркін тіршілік етіп, углеводты қоректер және шық тамшыларын сорып қоректенеді. Трихограмма 17-ден 30°-ке дейінгі температура мен 55-тен 95%-ке дейінгі ауа дымқылдығында өніп-өсіп, дами алады.

Трихограмма жұмыртқадан жаппай шығып болғаи соң құтыларды егін даласына жеткізеді. Шығару жұмысын таң ертеңгі немесе ыстық болмайтын кешкі (кеш алды) сағаттарда ұйымдастырған жөн. Егін даласы бойынша біркелкі тарату үшін трихограмманы бір гектар жердің, кем дегенде 50 нүктесінен шығарады. Ол үшін паразиттерді шығарушы жұмысшылар бір-бірінен 20 метр қашықтықта егін даласы бойынша жүріп отырады да, 10 метр жүрген сайын тоқтап, трихограммалар бар жапырақты кұтыдан пинцеттің көмегімен ептеп алып, өсімдіктің үстіне қояды.

Трихограмманы шығару методикасы мен техникасын бұлжытпай дұрыс орындау бұл істің айтарлықтай жақсы нәтиже беруінің негізгі кепілі болып саналады [6].

Күздік көбелектің гусеницалары мен куыршағын паразиттердің 100 шақты түрлері залалдайды. Олардың ішінде едәуір роль атқаратындары—шаншарлар.

Мақта зиянкестерінің көбейіп кетуін тәртіпке келтіруші 50 ден астам табиғи энтомофагалар бар. Олардың ең негізгі түрлері : қанқыз, алтын көз, жыртқыш трипстер, жыртқыш қандала, афидиелар және броконидалар.

Жеті нүктелі қанқыз. Денесі домалық, қанат асты қызыл. Қанатының астана 7-і қара дағы бар. Жұмыртқасы ашық сары жалпақ тәрізді, ұзындығы 3 мм. Аналық қанқыздар бір-біріне қалың және топтастырып 50 данаға дейін жұмыртқа қояды. Дернәсілі тоқ қоңыр болып, бүйірінде қызыл, ақ, қара дақтары бар. Тауларда қыстайды. Жоңышқаларда наурыз-сәуір айларында пайда болады(сурет 2).

Сурет 2. Жеті нүктелі қанқыз


Мақта алқабына май (мамыр) айының бірінші он күндігінде ұшып келеді. Аналық қанқызджыр өмір сүру дәуірінде барлығы болып 600-700 жұмыртқа қоюы мүмкін. Қуыршағы еркін болып жапырақтарға оңай жабысады. Иммага және дернәсілі өсімдік биті, трипстар, өрмекшікенелер және топырақтың астыңғы астыңғы қабатында тіршілік ететін мақта көбелегінің жұмыртқасы және майда дернәсілдерімен қоректенеді. Шұқып тесу дәрежесі жоғары. Дернәсілі 1-тәулікте 50-60, иммагасы 100 ден артық өсімдік битімен қоректенеді. Бір қанқыз өмір сүру дәуірінде 3000 нан астам зианкестерді қырып тастайды. Мырзашөл өңірінде жеті нүктелі қанқыздар маусым ішінде 2-ұрпақ береді. Шілде-тамыз айларынан бастап қыстап шығу үшін тауларға ұшып кетеді [7].

Алтынкөз (chrusopidae) тор қанаттылар отрядының тұқымдасына қарайтын жыртқыш жәндіктер. Олардың дернәсілдері және кейбір түрлерінің еркектері де өсімдік биттерімен, өрмекші кенелерімен қоректенеді. Сондықтан “алтин көздер” табиғатта өсімдік биттерін жаппай қаулап өсіп-өнуін тежеп отыратын негізгі биотикалық факторлардың бірінен саналады. Ересектерінен жалпы түсі ақшыл жасыл немесе көк жасыл, көздері алтын тәрізді құлпырып тұады. Көлемдері бірдей, екі жұп қанаттары болады. Дернәсілдер ұршық пішінді, сопақша, өте жылдам қозғалады. Ересек жәндіктердің ұзындығы 10-20 мм. Олар әртүрлі өсімдіктердің гүл шырынымен қоректенеді. Кәдімгі алтынкөз (chrusopa carnes steph)денесі сегменттерге бөлінген, үш жұп аяғы бар(сурет 4).



.
Сурет 3. Алтынкөз (chrusopidae)
Дернәсілдері оралған жапырақтың астында, жапырақта қыстап шығады. Сәуірдің 1-2 он күндігі мен мамырдың бірінші он күндігінде ұшып кетеді. Ұрғашылары 350-500 ге дейін жұмыртқа салады. Ересектерінің бір жұбы он күн ішінде биттердің 785 дарасын (особь), ал бір дернәсілі өзінің даму кезеңінде 950 дараны жеп құртады. Дернәсілі көбеюдіңі ең сонғы күнінде қуыршақтануға қолайлы жерді іздейді. Әдетте олар көбінесе ағаштың оралған жапырақтарында қуыршаққа айналады. Қуыршақтың даму 8-9 күнге созылады. Жыртқыш алтынкөз жылына төрт рет ұрпақ беріп көбейеді [19].

Габробракон мақта көбелегі азайтуда едәуір қызмет атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр күйесі, мақта сабағының күйесі, дейірмен көбелегі сияқты зиянкес жәндіктермен қоректенеді (сурет 11).



Сурет 4. Ересек габробракон
Габробраконның тұқымының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны собақты болып келеді. ұрықтанған ұрғашы габробракандар аралап қалған жапырақтарда, ағаш қабықтарының астында тағы сол сияқты қуыстарда қыстайды. Жұлды құрттың денесіне жұмыртқасын саларда оны өлтіріп тастайды. Бір ұрпағының жамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде 12-16 күнге созылады. Паразит гоброброкон ерте көктемнен бастап түрлі мәдени өсімдіктердің зянкестері, мақта көбелегімен күздік көбелек дернәсілдеріне үлкен зиян келтіреді.

Гобробраконның бірінші шығу кезеңі жоңышқа көбелегінің, гамма көбелегінің даму кезеңдеріне сай болады және сәуір айының I-II он күндігіне сәйкес келеді. Ол кезде ертелі капустада, редиска, қызылшада, жоңышқа т.б. түрлі арам шөптерде зиянды күзгі көбелектің дамуы байқалады. Бұл көбелектер мақта көбелегінен 25-30 күн бұрын өніп шығады. Зианкестердің бұлай әр кезеңдерде өсіп дамуына қарсы габроброкандардың үлесі орасан зор [8].

Жұмыртқасын алдынан қозғалыстан тоқталған орта және үлкен жастағы көбелек дернәсілдердің ішкі денесіне қояды және әр біріне 2-12 ден жұмыртқа орналастырады (Сурет 5).


Сурет 5. Көсек құртына өз жұмыртқасын салып жатқан габробракон.
Көбелек дернәсілінің қалдықтарының жақын жерде қуыршаққа айналады. Мақта алқабында шілде, тамыз айларында, қызанақта қазан айына дейін дамиды. Жетілген бунақденелер даладағы өсімдік қалдықтарында қыстап шығады. Қазан айында қыстауға кетеді. Қыстаудан наурыз, сәуір айларынан бастап ұшып шығады. Көктемде қосымша гүлді өсімдіктер шырынымен қоректенеді. Мақта алқабында пайда болғанға дейін жоңышқа және қызанақта дамиды. Бір жылда 6-7 ұрпақ береді.

II.2 Биолабораторияда энтомофагтарды өсіру әдістемесі
Биофабрикалар мен биозертханаларда өсіріліп, жаз бойы мақта егістіктеріне үнемі босатылып отыратын биологиялық агенттерден (трихограмма, бракон, алтынкөз) басқа бұл егістіктерді энтомокарифагтердің өзге де 60 түрі мекендейді.

Трихограмманы лабораторияда қойма зиянкесі - дән күйесінің жұмыртқаларында өсіріп көбейтеді. Ситотроганы жыл бойы үздіксіз арпа және жүгері дәндерінде есіреді. Дән күйесінің өсімталдық дәрежесі жоғары болатын көбелектерін алу үшін астық дәндерін дұрыс сақтау және оларды залалдау ережесін бұлжытпай орындау керек.

Дән күйесін әр түрлі конструкциялы садоктарда тәрбиелейді. Ең қолайлысы 20 кг астық сиатын немесе көлемі 50x60x30 сантиметрлік астық сиятын садоктар. Садоктың негізгі қаңкасы ағаштан (қалыңдығы 10 мм тақтайдан) түбі фанерден немесе ағаштан, ал бүйір керегелерімен үстіңгі жағы капрон торымен керіліп жасалады. Алдыңғы керегеде көбелекті ұстау үшін қол сыятындай тесік (терезе) қалдырады да оған матадан жасалған жең қондырылады. Қойма зиянкестерінің басқа түрлерінен тазартылған арпа немесе жүгері дәндерін дән күйесімен залалдау үшін қалыңдығы 10 см етіп садоктың түбіне төгеді.

Залалдау алдында дәндердің дымқылдығы 15-16% болуы керек. Аса кеуіп кеткен (11 - 14%) дәнге көбелектің гусеницалары күшпен енеді де онда нашар дамиды. Бірақ тым ылғалды дәндерде (18%) астық кенелерінің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады және олар көгеріп кетеді. Ондай жағдайларда дәндерді араластырып желдету және лабораториядағы дымқылдықты азайту аркылы аздап кептіру керек. Дымқылдығы 15-16% дәндерді ажырату онша қиынға түспейді: ондай дән пышақпен кескенде желімденбейді және үгітілмейді де.

Залалдандыру үшін бір центнер астыққа дән күйесінің 100 грамм жұмыртқасы, яғни астықтың бір килограмына бір грамм немесе 50 мың жұмыртқа керек болады. Садоктарда көбелектердің ұшуының үзіліссіз бо-луын қамтамасыз ету үшін дәндерді аралығын 6-7 күн етіп, 2-3 рет залалдандырады. Жұмыртқаларды жұқа етіп қағаздан жасалған кюветтерге немесе бір парақ қағаз бетіне жайып салады да, дәндердің үстіне 5-6 жерге орналасырады. Лабораторияда ауаның температурасы 22-24°, ал дымқылдық 70% шамасындай болу керек. Осындай температурада жұмыртқалардан гусеницалар алтыншы және жетінші күндері шығады. Дән күйесінің жұмыртқадан бастап көбелек ұшып шыққанға дейінгі дамуы 35-40 күнге созылады. 25-26° температурада көбелектердің ұшуы 21-27 күннен соң-ақ байқалады. Бірақ бұл жағдайда олардың салатын жұмыртқаларының саны азаяды. Төменгі температурада (17-18°С) дән күйесінің дамуы 60 күнге дейін созылады және өсімталдығы кілт төмендейді [9].

Қажетті жағдайларды сақтағанда дән күйесінің бірінші ұрпағы ұсынылған дәндердің 60%-дан артығын, ал екінші ұрпақ оларды түгел дерлік залалдайды. Дән күйесінің ұшып шыкқан көбелектерін күн сайын гофриленген (кеңірдектенген) қағаздың, немесе көбелек сорғыштың көмегімен жннап тұрады. Көбелектер қалтарыс қараңғы жерлерді ұнатады. Сондықтан олар гофриленген қағаздың астыңғы жақ қатпарларының арасына кіріп шоғырланады. Одан соң қағазды ептеп түтікше түріне келтіріп орап, садоктан алады да диаметрі 30 сантиметр үш аяқты воронка арқылы контейнерге сілкиді. Ал «көбелек сорғыш» ретінде реостатты және сүзгіші бар шаң сорғышты пайдаланады.

Жұмыртқаларды жинау үшін контейнердің түбіне тығыз қағаз немесе полиэтилен үлпегін төгеді. Жұмыртқаларды олардан тез аршып алуга болады. Көбелектердің өсімталдығын көтеру үшін оларды 10 процентті қант ерітіндісі немесе витаминді қант пен (итмұрын жемісінің С витамині) қоректендіріледі. Бұл ерітінділерді контейнердің жоғарғы жағындағы дәкеге оқтын-оқтын бүркіп тұрады.

Жұмыртқаларды күн сайын таңертең жұмсақ жаққыштың немесе поролон губканың көмегімен дәкеден және қағаз бетінен жинап алады. Көбелектер жұмыртқалауын тоқтатқан соң (контейнерге тиегеннен бес күннен соң) контейнерді тазалап ыстық сумен жуады, ал көбелектерді өлтіреді.

Бракондарды жаппай өндіру технологиясы: Биофабрикаларда бракондарды жаппай өсіру механикалық тізбек жабдықтарының жиынтығымен техникалық сипаттамасына және пайдалану жөніндегі нұсқауына сай іске асырылады.

Бракон зертханалық ие ретінде үлкен балауыз көбелегі (Galleria melonella L.) пайдаланылып өсіріледі. Оларды өсіру мынандай кезеңдерден тұрады: ие өсіру, тоғышар өсіру және сол тоғышарды сақтау.

Үлкен балауыз көбелегінің жұлдызқұрттарын өсіру үшін құрамына 700 г жүгері ұны, 350 г бидай ұны, 300 г қант, 70 г маргарин, 350 г сүт, 30 г ашытқы, 260 г кептірілген жеміс, 100 г мерва кіретін қоректік орта пайдаланылады. Осы өнімдерден қоректік орта үгілмелі қоспа алу үшін әлсін-әлсін араластыра отырып, қызу шкафында әзірленеді. Дайын қоспа салқындатылады. Мерва мен кептірілген жеміс бөлек стерильденеді. Кептірілген жеміс, мерва және ұн қоспасы араластырылып, үш литрлік банкаларға 100–150 г қоспадан, сондай-ақ бесінші-алтыншы жастағы жұлдызқұрттан 100 данадан салады. Банкалардың аузы матамен жабылады да, үлкен балауыз көбелегін өсіретін қондырғыға қойылады. Компьютер мониторына 32°С температуралық тәртіп және 70% салыстырмалы ылғалдылық беріледі. 10–15 күннен соң банкаларда көбелектер пайда болады. Көбелектер ұшып шыққан банкаларға жұмыртқа салатын тетік қойылады. Ол тетік өзара бір-бірімен қосылған ағаш планкадан тұрады. Әрбір екі-үш күн сайын оның орнына жаңасы, яғни тазасы қойылады. Планкадан алмас жүзімен үлкен балауыз көбелегінің жұмыртқалары мұқият алынады да бір граммнан дозаланады. Үш литрлік таза банкаға 100 граммнан стерильденген мерва және 1 граммнан жұмыртқа салынып, аузы матамен жабылады да үлкен балауыз көбелегін өсіру үшін екінші қондырғыға қойылады. Температуралық және ылғалдылық тәртібі беріледі. Жұлдыз­құрттар екінші және үшінші жасқа жеткенде әрбір жәндікханаға 5 банкадан немесе бір қондырғыға 25 банка аударып салынады. Бірте-бірте жеті шкафтың бәрі осылай етіледі.

Жәндікханалар қалың қара матамен жабылады, қажетіне қарай (аптасына 2–3 рет) жұлдызқұрттар қоректік қоспамен қосымша қоректен­діріледі. Апта сайын матаның бетінен ересек жұлдызқұрттар жиналып алынады. №1 шкафқа салынғаннан кейін 10–15 күннен соң жұлдызқұрттарды жастары бойынша бөлуге арналған қондырғыда жұлдызқұрттарды қоректік ортадан бөлектей бастайды. Жұлдызқұрттар қоректік ортамен қоса жыра­шыққа салынып, бөлгішке тікесінен тік қойылады да есіктері жабылады, температуралық тәртіп (режим) қосылады. Температураның әсерімен жұл­дыз­құрттар қоректік ортаны тастап, қондырғының бөлігіне түседі де, осында жастары бойынша бөлінеді. Ересек жастағы жұлдызқұрттар браконмен залалдануға, кіші жастағылары №2 шкафқа одан әрі өсіру үшін жөнелтіледі [10].

Жиналған ересек жұлдызқұрттар банкаларға 250 данадан салынады. Ал ол банкаға қағаз кеңірдектеуге арналған қондырғыда алдын ала кеңір­дектелген қағаз салып жіберіледі. Банкалардың аузына мата жайылады да, қоңыр мата жауып тасталады. Сөйтіп ол жұлдызқұрт піллә тоқығанша солай қалдырылады.

Бракон таза банкаларға салынып, жинауға арналған қондырғыға қойы­лады, олар 100 данадан балмен қосымша қоректендіріледі. Қуыршақтанған жұлдызқұртты кассеталар браконы бар банкаларға ауыстырылады да, банкалардың аузы мата қақпақпен жабылады да, бракон өсіруге арналған қондырғыға орналастырылады. Компьютер мониторына температуралық тәртіп, фотокезең тәртібі мен ылғал тәртібі қойылады. Бірте-бірте бәрі шкафтарға қойылады. Залалданғаннан кейін 10 күннен соң бракондар ұша бастайды. Бракондардың бір бөлігі ұдайы өндіруге қалдырылады, ал негізгі бөлігі танапқа шығару үшін пайдаланылады.

Алтынкөздерді жаппай өндіру технологиясы: Алтынкөздерді биофабрикаларда жаппай өсіру техникалық сипатта­масы мен пайдалану жөніндегі нұсқауына сай механикаландырылған тізбек­тің жабдықтар жиынтығымен іске асырылады.

Алтынкөз дернәсілдері үшін толыққанды табиғи жем орнына жұмырт­қа, дән көбелегінің биофабрика трихограмма өндіру кезінде жаппай көбейте­тін, өлген имагосы – ситотрогасы жүреді.

Төменде алтынкөзді жаппай өсірудің, негізінде энтомофагтарды қо­лайлы гидротермиялық жағдайда ұстау, дернәсілдерді ситотрога жұмыртқа­ларымен қоректендіру және ересек бунақденелілерді балмен және сыра ашытқысының автолизатымен қосымша қоректендіру жатқан, кейбір үдеріс­терінің сипаттамалары берілген.

Алтынкөз өсіру технологиясы мынандай негізгі өндірістік үдерістерден тұрады:

1) Табиғи популяциясын жинау.

2)Жем дайындау.

3)Жәндікханаларда немесе банкаларда ересек бунақденелілер ұстау.

4)Алтынкөз жұмыртқаларын жинау.

5)Алтынкөз жұмыртқаларын инкубациялау.

6)Дернәсілдерді жеке дара өсіру.

7)Алтынкөз пілләларын түсіру және жинау.

8)Пілләларды банкаларға орналастыру.

9)Биоматериалдарды ұдайы өндіру.

10)Биоматериалдарды пайдаланғанға дейін сақтау.

Алтынкөздің аналық культурасын (себіндісін) алу. Зерханада өсіру биофабрикадан аналық материал алудан немесе оны тікелей табиғаттан жинаудан басталады. Алтынкөздерді ең жақсысы – ересек бунақденелілерді жарықпен аулағыштармен немесе бит өте мол танаптық дақылдардан қаққышпен қағу не болмаса ағашты өсімдіктерді қаққышқа қағу жолымен жаздың соңында аулау. Қыстауға түсер алдында ересек алтынкөздер қарашада қыстауға кеткенге дейін мекендейтін жеміс дақылдарында, бақтар мен саябақтарда, ағаштар мен бұталарда кездеседі. Қазақ айының екінші жартысында жиналған ересек алтынкөздер бірден диапаузаға кетуге айна­лып, өз реңін қарқынды жасылдан күңгірт жасылға дейін ауыстыра бастайды, ал содан соң температура төмендеген сайын денелерінде қоңыр-қызыл дақтары бар сары-жасыл тартады.

Алтынкөз өндірудің технологиялық үдерісі. Алтынкөздердің имагола­ры үш литрлік банкаға 150 данадан немесе арнайы жәндікханаға 3,5 мың имагодан салынады. Банкалар немесе жәндікханалар реттелетін фотокезеңді термостатталған бөлме сөрелеріне немесе климаттық шкафқа қойылады. Алтынкөздерді ұстайтын орынды да дұрыс температура 24–26°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 65–70%. Алтынкөз күн сайын балмен және сыра ашытқысының автолизатымен қосымша қоректендіріледі. Банкаларға қоңыр мақта-матаның бір жолақ қиығы салынады. Алтынкөздерді банкаларда өсіргенде үстіне салынған жұмыртқасымен әлгі қиықтар күнара алынады да, орнына басқа тазасы салынып қойылады. Алтынкөз имаголары бар банкалар 4–5 күнде бір рет тазасымен алмастырылады. Өйткені банка қабырғаларына салынған жұмыртқадан шыққан дернәсілдер каннибализммен айналысып, жаңа салынған жұмыртқаларды жей бастайды.



II.3 Энтомофагтарды өсімдік зиянкестеріне қарсы тиімді пайдалану
Трихограммаларды ұстау және сақтауға арналған қолайлы жағдайлар: трихограммалар өздерiн ұстау жағдайларына байланысты сапалық көрсеткіштерін оңай өзгертетін бунақденелілерге жатады. Талап етілетін гигротермиялық жағдайларды сақтамау, күзгі - қысқы кезеңдерде диапаузалық дамудың міндеттілігі, имаголарды қосымша қоректендіру, табиғи иелер арқылы пассаж жасау және басқа өсіру технологиясы жағдайлары трихограм­малардың сапалық көрсеткіштері мен тіршілікке деген қабілетті­лігінің нашарлауына әкеп соғады.

Ауыспалы температурада ұстау. Трихограммалар өсіруге арналған қолайлы жағдай ретінде 25°С температура және 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығы белгіленген. Алайда тұрақты жағдайда өсіру әсерінен трихограммалардың сапалық және сандық көрсеткіштері өзгеріп, тоғы­шардың нағыз экологиялық үйлесімді популяциясы қалыптасады. Трихо­грамманың “нәзіктенуі” танаптарға шығарғанда жұмыртқа жегілер әлсіреп, күн мен түн температурасының ауыспалы температурасын нашар көтереді, соның салдарынан биологиялық күрес тиімділігі қатты төмендейді. Бұл қиындықты тоғышарларды табиғи жағдайға барынша жақын жағдайда ұстау жолымен шешуге болады. Биофабрикалардың трихограмма цехтарында күндізгі температураны 25–30°С, түнгі температураны 16°С шамасында ұстау қажет. Кондиционерлермен және биоклимат камераларымен жара­қатандырылған жетілдірілген биофабрикалар салу гигротермиялық жағ­дайларды және трихограмма цехында жарық күн ұзақтығын автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді. Бұл трихограммаларды тек танапқа шығарар алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл зертханада өсіру кезінде дұрыс ұстауға мүмкіндік жасайды.

Аналықтар өсімталдығы мен тіршілік ұзақтығын көмірсутекті қосымша қоректендіру жолымен көтеру. Ересек аналық трихограммаларды көмірсутекті қорекпен қоректендіру олардың өсімталдығын 1,5–2 есе көтеріп, ал тіршілігінің ұзақтығын 10–15 күн ұзартады. Бұл аналықтардың потенциалды өсімталдығын анағұрлым толық іске асыруға мүмкіндік береді. Тоғышарларды зертханада өсіру кезінде, сондай-ақ имаго кезеңінде танапқа жіберер алдында қосымша қоректендіру үшін 20 пайыздық қант шәрбеті пайдаланылады. Ол жәндікханалардың үстіңгі мата қақпағына қойылған мақта немесе поролон тампондармен беріледі. Таңертең қант шәрбеті берілсе, кешке су беру керек.

Трихограммаларды сақтау, диапаузаға жіберу және реактивациялау. Белсенді трихограммаларды қуыршақтанар алдында және қуыршақтану кезеңінде қысқа мерзімде сақтау 3°С температурада және ауаның 80% ылғалдылығында танапқа шығарар алдында 1 айға дейінгі мерзімде іс жүзіне асырылады. Осы көрсетілген жағдайларда 20 күн сақтағаннан кейін жұмыртқа жегілерінің шығыны (өлім-жітімі) артады.

Бракондарды ұстау және сақтауға арналған жағдайлар: браконның аса үйлесімділігі тоғышарға 35°С тұрақты температура және 30–50% ауа ылғалдылығын ұстауға мүмкіндік береді. Бірақ аналықтарының барынша өсімталдығы үшін қолайлы жағдай 28–30°С ауа температурасы мен ауаның 60–70% салыстырмалы ылғалдылығы қолайлы жағдай болып табылады.

Бракондарды сақтау – оны жинақтау үдерісінің маңызды кезеңі. Одан әрі көбею үдерісіне қатыспайтын бракондарды табиғи жағдайға жақын жағдайда оларды танапқа шығарғанға дейін сақтау керек.

Бракондарды жасанды жағдайда диапауза жағдайында ғана, онда да табиғаттағыдай күйде, бунақденілердің табиғатта күзде ақуызды-көмірсуте­гіндік қорекпен қоректене отырып оған дайындалып жатқанын ескеріп, ұзақ сақтауға болады. Жаңадан ұшып шыққан тоғышарларды диапаузаға оларды 7 күн 8 сағаттық фотокезеңде, күндізгі және түнгі ауыспалы температурада ұстап, сыра ашытқысы автолизатын қоса отырып, қант шәрбетімен қоректендіргенде ғана енгізу керек. Бұдан кейін кеңірдекті қағазы бар шыны банкадағы тоғышарлар температурасы 5°С және ауа ылғалдылығы 70% орынға ұзақ сақтауға қойылады. Бунақденелілер қант шәрбетімен әлсін-әлсін қоректендіріліп тұрады. Ол үшін екі аптада бір рет 2–3 сағат тоңазытқыштан алынып, жарық бөлмеге қойылады. Тек ұрықтанған аналықтар ғана сақталады, аналықтардың бәрі іс жүзінде өліп қалады.

Бракондарды жинақтау мақсатымен жазғы кезеңде сақтау оларды тоңазытқышта 7°С-ге дейінгі температурада және ауаның 70% салыстырмалы ылғалдылығында имаго кезеңінде қосымша қоректендіре отырып 30 күнге дейін және қуыршақ кезеңінде 15 күнге дейін ұстағанда ғана мүмкін. Қосымша қоректендірмей қысқа мерзімге 10 күнге дейін ғана сақтауға болады. Өйткені 15-күні аналықтардың 75 пайызы өлім-жітімге ұшырайды.

Алтынкөздерді ұстауға және сақтауға арналған қолайлы жағдайлар: алтынкөздердің әдеттегі жұмыртқалары, екінші-үшінші жастағы дернәсілдері және қуыршақ алдындағылар температура 20–30°С және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 50–80% кезде қалыпты дамиды. Бірінші жастағы дернәсілдер үшін 25°С температура және 80% ылғалдылық, имаго­лар үшін 20°С және ауаның 80% ылғалдылығы дұрыс.

Зертханалық жағдайда алтынкөздерді әрқайсысы белгілі бір сақтау ұзақтығымен ерекшеленетін барлық кезеңінде сақтауға болады. Анағұрлым қолайлысы – сақтау мерзімі 6 айға дейінгі, жұмыртқаларын сақтау мерзімі 10 күнге дейінгі, ал дернәсілдері мен қуыршақалдындағыларын сақтау мерзімі 20 күн диапаузадағы имаголар. Биоматериалдарды сақтау үшін тұрмыстық тоңазытқыштар, тоңазытқыш камералары пайдаланылады. Алтынкөздің жұмыртқалары, дернәсілдері және қуыршақтары 4–8°С температурада және ауаның 50–90% салыстырмалы ылғалдылығында сақталады.

Алтынкөздерді табысты қолдану үшін энтомофагтардыедәуір алаңға шығару қажет болған кезде жеткілікті жыртқыш қоры болатындай етіп орналастыру керек. Ол үшін алтынкөздерді оның дамуының түрлі кезеңінде сақтау тәсілдемесі ұсынылады.



Жұмыртқаларды сақтау. Алтынкөздердің жұмыртқаларын сақтауға қолайлы температура 50°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы –80–90%. Сақтауға жаңа салынған жұмыртқалар ғана жарамды. Эмбриондық даму кезеңіне байланысты жұмыртқалардың сақтау үдерісінде тірі қалу дәрежесі өзгереді. Ұзақтығы 20 күннен аспайтын сақтау ғана қабылдауға тұрарлық. Бұл кезеңде эмбриондардың 76–96 пайызы тіршілігін сақтайды. Бұдан артық сақтаудың еш мәні жоқ. Өйткені бұл уақытта жұмыртқаның көп бөлігі тіршілікке бейімділігін жояды. Мәселен, 30–35 күн бойы сақталған жұмыртқаның 35–50% эмбрионы өледі.

Дернәсілдерді сақтау. Жұмыртқалары сияқты алтынкөздің дернәсілдері де ұзақ сақтауға жарамайды. 6–8°С төменгі температурада олар 30–40 күн бойы сақталады. Бұл мақсат үшін бірінші жастағы дернәсілдер жарамды. Екінші және үшінші жастағы дернәсілдерді сақтау 20 күннен аспауға тиіс. Одан әрі сақталғанда олардың тіршілікке қабілеттілігі төмендейді.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келе, ауылшаруашылық дақылдарынан жыл сайын мол әрі сапалы өнім алу жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне және фитосанитарлық жағдайына байланысты. Зиянкестерге қарсы күрес шаралары кешенді жүйеде жүргізілуі қажет.

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден кешенді қорғау шараларының ішінде, тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де басты орынды химиялық тәсіл алады. Егіншіліктің озық жүйесін жүргізу де бүгінгі таңда химияландырумен байланыс­ты. Химиялық тәсілді ауылшаруашылық дақылдарының барлығына дерлік, оларды зақымдайтын зиянкестерге қарсы бүрку, тозаңдату, тұқымды дәрілеу арқылы қолданғандықтан, сөзсіз тиімділігі өте жоғары, қолдануға қолайлы және нәти­жесі тез арада көрінеді. Өңдеу өткеннен кейін бірнеше сағаттан соң және 1–3 күн аралығында зиянкестердің жойылуы 100 пайызға жетеді. Сондықтан да фермерлер химиялық препараттарды қолданғанды жөн көреді.

Химиялық күрес тәсілінің елеулі кемшіліктері де аз емес. Химиялық препа­рат­пен өңдеу жүргізілген кезде зиянкес­тер­­мен қоса пайдалы организмдерге де (энтомофагтар) әсерін тигізеді. Соның салдарынан тез арада зиянкестердің сан мөлшерінің өсуіне әкеледі де, өңдеу жұмысын бірнеше рет қайталауға тура келеді.

Ауылшаруашылық дақылдарына аса зияны жоқ кейбір жанама зиянкес­тердің табиғи жаулары (энтомофагтар) қырылған соң, зиянкестердің саны көбейіп, негізгі зиянкестердің қатарына кіреді де, оларға қарсы бірнеше дүркін химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Соның салдарынан бір мау­сым ішінде бірнеше ұрпақ беретін бунақ денелілер мен кенелерге удың тигізетін әсері төмендеп, төзімділігі күшейеді.

Пестицидтерді жиі қолдану қоршаған ортаны, алынған өнімді ластап, халықтың денсаулығына әсерін ти­гізеді, сонымен қатар, өсім­діктер мен жануар­лар әлемі құрамының нашарлауына әке­леді. Осы аталған жағдайларға бай­­­ланысты ба­лама әдістемелер – экологиялық өсімдік қор­ғау, биологиялық егіншілік, биоло­гиялық өсімдік қорғау, уды қолданбау технологиясына жүгінуге тура келеді.

Біздің елімізде биологиялық әдісті өсімдік қорғау саласында қолдану керек пе? Сөзсіз, өсімдіктерді биологиялық әдіспен қолдануды, әсіресе, оңтүстік өңірлерде дамыту керек. Бұл аймақтарда бау-бақша, жүзім, картоп, техникалық егін шаруашылықтары өте жақсы дамыған.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, - Алматы: Қайнар, 2000 ж. 36-47 б.

2 Аяпов К. Жеміс және жидек шаруашылығы. - Алматы: Қайнар,1993. 253 б.

3 Уалиева К.К. Бау – бақша зиянкестері. – Алматы: Қайнар, 1976 ж. 87-91б.

4 Әшірбаев Н.Ж., Рябина Г.Н., Богарников А.П. Қазақстанның Оңтүстігімен, Оңтүстік - шығысындағы қозаның аурулары мен зиянкес жәндіктері. – Алматы: Қайнар, 1999 ж. 6-28 б.

5 Карбозова Р. Д. Фитопатология. Оқу құралы.–Алматы: Қайнар, 2002 ж. 23б.

6 Болғанбаев Е., Серғазиев А.Т. Мақта түсімін арттырудың жолдары. - Алматы: 1975 ж. Қайнар, 74-121 б.

7 Изатулаева Р.И., Хайрушев Е.К. Картоп және көкініс аурулары мен зиянкестері Алматы: Қайнар, 1986 ж. 66-71б.

8 Қадырбаев Х., Төлебаев А., Әлімбаев Р. Зиянкес кеміргіштер және оларға қарсы крес. - Алматы: Қайнар, 1970 ж,

9 Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық тәсілдері. – Алматы: Қайнар, 1970 ж. 49-60 б.

10 Сағитов А. О., Исенова Г. Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө. С., Қалмақбаев Т.Ж. Өсімдікті химиялық қорғау. – Алматы: Қайнар, 2013.

11 Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. – Алматы: Нур – Принт, 2010 ж.



12 Ашықбаев Н., Есіркепов У. Өсімдік қорғау. – Астана: Фолиант, 2010 ж.
Каталог: 2016
2016 -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
2016 -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
2016 -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
2016 -> 2016 жылғы 18 қараша №706 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2016 -> Силлабус (syllabus) – студенттерді оќыту баєдарламасы
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> Саламатты Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет