Танымал актриса, тележүргізуші Әсел Асқар жеке өмірі туралы сыр шертіп, оқырманын қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Жақында әнші екінші мәрте тұрмыс құрғанымен, көп ұзамай ажырасқан еді. Айтуынша, 1 жыл 3 айдан бері жалғызбасты ана көрінеді. 

“Екінші рет сәтсіз неке болғасын, қорқып та жүрмін. Бірақ жігіттермен танысуға қарсы емеспін. Сұрағандарға жеке нөмерімді де беремін. Бірақ әлі өзімнің адамымды кездестірмедім. Егер ол адам менікі болса, өзі-ақ тауып алады. Арқа сүйер адамым табылғанда бірінші сіздерге айтамын. Жақсы жігіт көп”, – деп жауап берді актриса. 

  • "3 тәулік бойы ауырды": Сәкен Майғазиев сырқаттанып қалған жұбайын ел алдында еркелетті

  • "Жақсы көретінімді кейін айтамын": Фариза Төреәлі тірлігін ертеңге қалдыратын адамдарға кеңес берді

Сонымен қатар өнер иесі әңгіме барысында көңілі түсіп жүрген екі азаматты сипаттап берді. 

“Қазір екі жігіт ұнап жүр. Біреуі өте сыпайы әрі бай. Екіншісі, талантты жан. Оның өнеріне ғашықпын. Бірақ ол отбасылы ер адам, балалары бар", – деп сырын жасырмады желі жұлдызы.  

  Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Еске салайық, актриса ата-анасының бөлек тұратынын айтқанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.