Ответы на вопросы жителей во время прямого эфира с участием акима г. Уральск М. Мукаевым



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата12.10.2018
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5

Ответы на вопросы жителей во время прямого эфира с участием акима г.Уральск М.Мукаевым:





ФИО:

Адрес и контактный телефон:

Вопрос:

Ответ:




Асхат Айтқалиев

Қала тұрғыны

1993 жылдан бері 2-топ мүгедегімін Пәтер кезегіне тұрғаныма екі жыл болды мүгедек ретінде. Енді маған үй қай уақытта беріледі екен?

Қайсағалиев А.

Нуртазиев М.



Азамат Асхат Айтқалиев – жеке тұрғын үй алу үшін кезекте жоқ екендігін хабарлаймыз.




Айтбаев Абай

Қала тұрғыны

2004 жылы жердің кезегіне тұрдық. Кезегіміз қозғалар емес, Өзім зейнеткермін. Қашан тиесілі жерді ала аламыз?

Нұржанов М.

Бисимбалиев А.



Айтбаев Абай жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте жоқ.



Меркулова Надежда

Қала тұрғыны

Өткен жылы Депо көпірінің құрылысы басталды, енді қашан аяқталады?

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.



ДЕПО көпірінің құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.



Саид Галиев

Қала тұрғыны

Жәңгірханнан бастап Пугачеваға дейін жылдамдық шектеу белгісін 80 қылуға болмай ма? Өйткені қазір Зашаған ауданындағы құрылыс қарқынына байланысты, көлік кептелісі өте көп.

Нұржанов М.

Джардемов М.



Аталған сұрақ бойынша Орал қ. ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөліміне хат жолданды.



Құрақов Ғұбайдолла

Қала тұрғыны

87013866604



Катерина ауданы жағындамыз. Біраз көшеге тас жол салды, Ақбұлақ көшесінің жартысы мен Бөкеев көшесі қалып қойды. Осы көшелердің жолдарына жөндеу жасалып, ең болмаса ескі асфальт төсейтіндей жағдай болса қуанар едік.

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.



Жол-құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде бірінші кезекте қаланың орталық магистральды көшелері, қоғамдық көліктің қозғалысы жүзеге асырылатын көшелері, әлеуметтік нысандар орналасқан көшелері (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.) сондай-ақ көлік ағыны қарқынды болатын көшелер қамтылады.

Сонымен қатар, қаржыландыру сұрағы оң шешімін тапқан жағдайда, жол жөндеу жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлаймыз.





Әсия Бақтыбаева

Қала тұрғыны

Строитель 34 тұрғыны осы көпқабатты үйдің астынан сыра ішетін 24 сағат жұмыс жасайтын сырахана ашылды. Осы мәселемен қала әкіміне хат жаздық. Тыныштығымызды кетірді осы сыраханаға келетіндер.

Қайсағалиев А.

Джазыкбаев И.

Джардемов М.


2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 437-бабына сәйкес жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiру және түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу әкімшілік шара қолдануға алып келеді. Баяндалғанға байланысты Сіз полиция органдарына жүгінуге құқылысыз. Орал қаласы әкімдігі өз құзыреті шегінде аталған сырахана иесімен профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.



Ахметов Серік

Қала тұрғыны


6 шағын ауданының тұрғыны Жаз мезгілі сайын ыссы су айырып тастайды. Осы мәселе қашан шешіледі? 2 жыл басталғалы су жоқ.

Закарин Р.

Нұртазиев М.

Байменов М.


Қазіргі таңда «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасымен «Жайықжылуқуат» АҚ қала аумағындағы 2 нысан бойынша жылу магистральдерін қайта құру жұмыстарын жүзеге асыруда. Аталған құрылыс монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады.



Бисенгалиева

Гульсим


Казбековна

Қала тұрғыны

87784485739



Достық 196/2 үйде кей кездері канализация иісі шықпайд, ал жылдың 10 айында сасық иіс шығып тұрады. Подвалды тұрғындар боп тазарттық. Бірақ мүмкін емес қаланың хақ ортасындағы үйдің айналасы сасиды да жатады. Қашан дұрысталады?

2 сұрағы 2007 жылы жер кезегіне тұрдым. Ол жер қашан беріледі?



Закарин Р.

Нұртазиев М.

Нұржанов М.

Бисимбалиев А.



Сіздің өтінішіңіз «Батыс Су Арнасы» ЖШС мамандарымен орынға шығып тексерілетін болады.

10960 18.10.2007

Б-537

Азаматша Г.К. Бисенгалиеваның 2007 жылы 18 қазандағы №Б-537 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 10960.



Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз.






Мадина Есеғалиева

Круглоозерный ауылының тұрғыны

Круглоозерный ауылына балалар алаңы керек. Қашан болар екен?

Нұржанов М.

Нұршинов К.

Нұртазиев М.

Мүлкай М.

Нурмуханбетов А.


2017 жылы Круглоозерный кентінде орналасқан саябақты абаттандыру барысында балалар алаңы орнатылған болатын. Биылғы жылы абаттандыру жұмыстары өз жалғасын таппақ. Саябақты абаттандыру жоспарына сай көп функциялы балалар алаңын орнату мүмкіндігі қарастырылуда.




Ұштап Бекмамбетова

Қала тұрғыны

Қаланың орталығындамыз Дәулеткерей көшесінің жайық бетіне қарай жолда еш жағдай жоқ. Жолдың жағдайы нашар. Көшеде жарық жоқ, жаңбыр болса балшық, балаларға қиын.

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.

Нұртазиев М.


Орал қаласы Дәулеткерей, Кердері, Ғ.Қараш, Н. Савичев көшелерін күрделі жөндеу нысанының ЖСҚ дайын, бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмыстар ағымдағы жылы басталатын болады. Қазіргі таңда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен қаланың орталық көшелерін кешенді жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтау жоспарланып жатырғанын хабарлаймыз.






Қала тұрғыны

Арман шағын ауданындағы Шанин, академик Қажым Жұмалиев көшесіне тас қашан төселеді? Ылғи зейнеткерлер тұрады. Жаңбыр кезінде қиналамыз. Брусиловский көшесіне дейін жету қиын

Закарин Р.

Зачаган әкімі

Мұхамбеткалиев Қ.


«БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Жақыпов көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін Қ.Жұмалиев көшесінің жолын қайта құру», нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.



Әсет Тілесов

Қала тұрғыны

87023044434




2-ші жұмысшылар ауданындағы Көкшетау көшесінің құрылысы қашан бітеді?

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.




«БҚО Орал қаласы Гостелло көшесінен Штыбы көшесіне дейін Кокчетавская көшесін күрделі жөндеу» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары сараптамаға сәйкес 10 ай, алайда мердігер мекеме қыркүйек айында жұмыстарды аяқтауға жоспарлап отыр.




Асылбек Мырзағалиев

Қала тұрғыны 87754124030

Сарытау ауылының көшелері қашан жөнделеді?

Закарин Р.

Зачаган әкімі

Мұхамбеткалиев Қ.


«БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Сарытау шағынауданының жолдарын қайта құру» жобалары жасақталған, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жоба аясында Айтқұлов, Ақын Сара, Шайхиев, Қабдолов, Мөңкеұлы, Сұлтан бейбарыс (Ақын Сара көшесінен Мөңкеұлы көш.дейін) және Күлтегін көшелерін жөндеу көзделген.

Аталған жобалар 2018-2020 ж.ж. жолдарды жөндеу жоспарына енгізілген, бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жүзеге асырылатын болады.





Ғаббасова Күлаш

272107

Старый аэропорт ауданы, Евразиский көшесі мен Малина көшесіне 37 мектепке дейін қашан асфальт төселеді?

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.




Малина көшесін жөндеу жұмыстары 2018 жылдың жұмыс жоспарына, жобалық-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты енгізілмеген. Алдағы жылдары қаражат қарастырылған жағдайда жобалық-сметалық құжаттама жасау жоспарына енгізілетін болады.



Амантай Хайруллин зейнеткер

533136

ЗКАТУауданы Бурин көшесіне асфальт қашан болады екен?

Закарин Р.

Зачаган әкімі

Мұхамбеткалиев Қ.


Аталған көше жолын жөндеуге ЖСҚ жасақталмаған, қажетті қаражат бөлінген жағдайда абаттандыру жоспарына еңгізілетін болады.



Светлана Сагаденова

87479913345

Кезекпен үй алдым арендаға өзім мүгедекпін, егер өмірден өтіп кетсем бұл үй балаларыма қала ма?

Қайсағалиев А.

Нұртазиев М.




Сіз қала әкімдігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы №147 қаулысы бойынша 1 және 2 топтағы мүгедектердің тізіміне алынғансыз. Бүгінгі таңда кезек тәртібіне сәйкес мекенжайы: Орал қаласы, Көктем шағынауданы, М. Мөңкеұлы көшесі, 85/6-үй, 63-пәтер берілген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 22-бабына сәйкес 1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      Меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келiсiмде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөнiндегi шығындарға қатысуға мiндеттi.
      2. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.
      3. Меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады.




Асқар Кенжеғалиев

87058124618

Қаламыздағы 80 жылдық тарихы бар Дина Нұрпейісова атындағы нөмірі балалар саз мектебін Республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп-интернат кешені етіп құру жұмыстарын қолға аламын деп айтқансыз.Мектептің қазіргі материялдық техникалық жағдайы нашар.Қазіргі ғимараты 45 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген.Осы мәселе туралы не айтар едіңіз?

Нұржанов М.

Төремұратова Ж.

Мүлкай М.


Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі қарастырылуда.



Рима Бақытқызы

87053284848

Біз Ғұмар Қараш 33/1 үй тұрғындарымыз.Үйіміз 1883 жылы салынған.Апатты жағдайдағы үй ретінде танылып өткен жылы мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша ескісі сүріліп орнына жаңа үй салынады деп жкх қызметкерлері келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді.Одан кейін былтыр күзде ауламызға өзіңіз келіп осы мәселені өзіңіз айтқан едіңіз.Бірақ әлі күнге ешқандай жұмыс басталған жоқ.Сол жұмыс қашан басталады?Тұрғындар 100 пайыз келісіп отыр.

Қайсағалиев А.

Нұртазиев М.



Қазіргі таңда, апатты және ескі үйлерді Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бұзып, орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жұмыстары қарқынды дамуда. Ғ.Қараш көшесі, №33/1 үйді Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасына қосу үшін пәтер иелерінің 100 пайыздық келесімімен қоса, тұрғын үй құрылысына инвестор қажет. Сіздің мекен-жайыңыз бойынша, қала әкімдігімен аталған бағдарламаны жүзеге асыруға мердігер ұйымдармен келіссөз жүргізілуде екенін хабарлаймыз.



Сапар Тасжанов

87771800432

Балауса шағын ауданындағы Разлова көшесінде 6-7 маршурт жүреді.Осы көшеге асфальт қашан болады екен?

Закарин Р.

Зачаган әкімі

Мұхамбеткалиев Қ.


Зачаган кенті, Балауса шағынауданының БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Балауса шағынауданының №6, 7 автобус маршруттары жүретін автокөлік жолдарын қиыршықтас-мастикалық асфальтобетон жабынын төсеумен қайта құру нысанының ЖСҚ дайын, бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатырғандығын қаперіңізге салады.



Майгүл Қайыржанова

87016360474

Чагано-Набережная 82 көшесіндегі көпқабатты үйде жеделсаты жасамайды.Осы мәселені қалай шешуге болады?

Қайсағалиев А.

Нұртазиев М.



Бүгінгі таңда көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жүргізуге 2011-2020 жж.» арналған бағдарламасын бекіту қаулысы қабылданды. Қала бойынша тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Аталған бағдарлама арқылы жөндеу жүргізу үшін тұрғындардың көпшілігінің келісімі қажет болады және қандай жөндеу жұмыстарын жүргізуді тұрғындар шешеді. Бағдарламаға сәйкес қайтарым негізінде үйді күрделі жөндеуге қажетті қаражат бөлініп, арнайы белгіленген мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын үйлерді жөндеудің көрсетілген тетіктерін іске асыруда табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Оларға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсаған шығындарын және қаражат жинақтауға арналған жарнаны төлеу үшін тұрғын үй көмегі берілетін болады. Сонымен қатар, 2018 жылдың 22 ақпан айында Бөлім мамандары мен «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС өкілдерімен ТҮКШ Жаңғырту бағдарламасы бойынша Чагано-Набережная көшесі, 82 мекенжай тұрғындарымен жиналыс өткізілгенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда жиналыс қорытындысы өз нәтижесін таппады.





Жансая Шапанова

87056215212

Құс фабрикасы ауданына мектеп салына ма?Асфальт жол боладыма екен?

Нұржанов М.

Закарин Р.

Зачаган әкімі

Төремұратов Ж.

Мұхамбеткалиев Қ.


Зачаган кенті аумағында орналасқан «Зачаганский» баубақша серіктестігінің негізгі мақсаты бағбандықпен айналасуға немесе саяжай құрылысына арналған жер телімдері. Баубақша серіктестігіндегі жер телімдерінің негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге және оны пайдалануға берілген болғандықтан бюджеттен саяжайлар қауымдастығының көше жолдары, мектеп, құрылысына және абаттандыру жұмыстарына қаражат бөлінбейтіндігін хабарлайды.

Меловые горки ауылындағы №18 НМ-ке оқушылардың сыйымдылығын арттыру мақсатында қосымша ғимарат құрылысы қажеттілігі туралы өтінім берілді.





Бекболат Имандосов

87758368461

Юбелейни ауданындағы үйлерге ыстық су қашан беріледі?

Закарин Р.

Нұртазиев М.

Байменов М.


Қазіргі таңда «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасымен «Жайықжылуқуат» АҚ қала аумағындағы 2 нысан бойынша жылу магистральдерін қайта құру жұмыстарын жүзеге асыруда. Аталған құрылыс монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады.



Маржан Медетбекова

517173

Көктем шағын аудан Мөңкеұлы 83 мекенжайындағы көпқабатты үй 2015 жылы пайдалануға берілді.Содан бері жертөледе су толып тұрады.Осы мәселені шешуге ықпал етсеңіз?

Қайсағалиев А.

Мүлкай М.

Нұртазиев М.


Көктем, күз мезгілінде су жылу трассасының лотоктары арқылы жүріп жертөлені басқан болатын. Осыған орай, лотоктарды нақыштау (зачекание) жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер жойылды.



Шынар Салихова

87775654486

Деркөл ПДП 8 ауданына қашан жол салынады екен?

Закарин Р.

Мұхамбеткалиев Қ.



Ағымдағы жылы «Деркөл ауылындағы ТЖЖ (2 кезек) ішкіорам жолдарының және еріген суларды әкету құрылысы (түзету)» жобалық-сметалық құжаттамасы жасалғандығын хабарлаймыз. Жоба аясында аталған шағынауданда 48-көше жөнделіп және су жүретін арықтармен жаяу жүргінші жолы салынатындығы қарастырылған. Жобаны бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарланған және жұмыс көлемінің ауқымдылығына және қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты, бір уақытта жөндеуді қажет ететін барлық учаскелерді камту мүмкін еместігін қаперіңізге салады.

Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> Жоба Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
user upload -> №251 (25221) 13 тамыз сәрсенбі 2008 жыл
user upload -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл
user upload -> Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"
user upload -> Бағалы ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлеріне мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
user upload -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
user upload -> Ќазаќстан Республикасыныњ
user upload -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет