Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика акдемиясы



Дата07.03.2018
өлшемі118.98 Kb.
#20241



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика акдемиясы

«№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пән «Медицина тарихы»
Мамандығы 5В110400 - «Медициналық – профилактикалық іс»
КурсСеместр 1


2014 ж.

Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Хаттама № «____» ___________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор м.а.: Жақсыбергенов А.М.


  1. Тақырыбы. Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихын зерттеу көздері. Алғашқы қауымдағы қоғамдық емшілік.


2.Мақсаты. Студенттердің медицина тарихы, оның зерттеу көздері және алғашқы қауымдағы қоғамдық емшілік туралы білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері.

МЕДИЦИНА - (лат. «medico» емдеймін, жазамын)-медицина ғылымының жүйеленген, арнайы адам баласының денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған ғылым.














  1. Алғашқы қауым дәуірі (біздің эрамыздың IV-I мың жылдықтарға дейін

  2. Құл иеленуші қоғам дәуірі (IV мың жылдықтан б.э.д.476 жылы)

  3. Орта ғасырлар-феодалдық дәуір (476-1640жж)

  4. Капиталистік дәуір (1640-1917гг)

  5. Жаңа дәуір (1917 жылдан, коммунистік дәуірге, социалистік дәуірге өту кезеңі)





  1. Материалдық-археологиялық қазбалар (адам қаңқасының сүйектері, медициналық түрлі аспаптар).

  2. Жазбаша деректер.

  3. Этнографиялық деректер.

  4. Ауызша (фольклорлық) деректер.

  5. Лингвистикалық, жазба әдебиеттер.

  6. Ескерткіштерге таңба болып салынған деректер.

  7. Фото, киноқұжаттар, фоноқұжаттар.

Құл иеленуші мемлекеттердің алғашқы даму сатысында, халық медицинасы көп жылдарға дейін негізгі ем болған алғашқы қауым дәуірінің соңғы мезгілінде емдеу әрекеттерімен негізінде әйелдер шұғылданса, құл иеленуші дәуірде біртіндеп бұл іс елдегі тәжірибелі, әсіресе, діни адамдардың қолына көше бастаған. Бертін келе медицина мамандығы басқа мамандықтардан бөлініп өз алдына емші-кәсіби мамандар шұғылданатын, жеке мамандыққа айналған. Бұл жаңа мамандар халық арасында жақсы бағаланып, үстем таптарда бұлардың қажет мамандар екенін мойындаған.
4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (10 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.

қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Медицина тарихы нені зерттейді?

    2. Медицина тарихының қандай зерттеу көздерін білесіз?

    3. Медицина тарихының қандай кезеңдерін білесіз?




  1. Тақырыбы. Ежелгі Шығыс медицинасы.


2.Мақсаты Студенттердің Ежелгі Шығыс медицина тарихы, оның зерттеу көздері туралы білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері



  • Папирустар (Эберст, Эдвин, Смит, Хирсттің медицинаға мазмұнды папирустары);



  • Гуморальды көзқарас

Адам организмі, дүниенің негізгі 4 түрлі құрамы (су, жер ауа, от) тұрақты қалыпты түрде қосылған соктардан тұрады.

  • Пневматеорилық көзқарас

(Адам ауруытыныс жүйесі мен асқазан жүйесі арқылы көзге көрінбейтін майда жәндіктердің еніп, ішкі ағзаларды бұзып; ауруға шалдықтыратын ұғым.)

Көне Қытайдағы емдеу әдістері

Чжень-Цзю терапиясы:


  • ине шаншу

  • күйдіру

  • қарама-қарсы емдеу (ыстық-суық немесе керісінше)

1. Жай адамдарды тегін емдейтін, эпидемияға қарсы жұмыс жүргізетін қоғамдық емшілер.

2. Қаражатты адамдарды үйінде ақымен жанұялық емшілер.

3. Сауда саттық жасап жүрген адамдармен бірге жүріп емдейтін емшілер.

4. Әскерді –соғыста жараланған адамдарды емдейтін әскери емшілер.

Гиппократ

Өмір сүру жылдары: 460-372 б.э.д.

Отаны - Кос қаласы

Әкесі- дәрігер Гераклид, анасы Фенарета

Асклепийдің Полидарий деген баласының

18-ші ұрпағы.

Гиппократ еңбектері: «Дәрігер анты», медициналық деректердің шығармасы «Гиппократтың жинағы», еңбектер «Ауалар, сулар және аймақтар», «Эпидемиялар», «Болжамдар», «Афоризмдер», «Сынықтар», «Бастың жаралары туралы».


1. Патшалық кезең (б.д.д.VII-VI ғғ).

2. Республика кезеңі (б.д.д. 510-31жылдар)

3. Империя кезеңі (б.д.д. 31 жылдан) жаңа дәуірдің 476ж

ТЕРМ – мұражай тектес салынған, денешынықтыру бөлмелері, кітапхана, сұхбаттасу орындары, ыстық, салқын бөлмелері бар монша

АСКЛЕПИОНДАР – храмдар жанынан емдеу жүргізетін орын.

ЯТРЕЙ- жекеменшік емшілердің үйінде, ем көрсету үшін бөлінген бөлме.


4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (7 слайд ұсынылады).
Қазақ тілінде:

Негізгі:

Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Ежелгі дәуір медицинасының сипаты қандай?

    2. Ежелгі Египет медицинасының сипаты қандай?

    3. Ежелгі Үндістан медицинасының даму тарихы қандай?

    4. Ежелгі Қытай медицинасының даму тарихы және оны зерттеу көздері қандай?




  1. Тақырыбы. Ортағасырлық медицина. (Араб Халифаты және Қазақстан)


2.Мақсаты Студенттердің Ортағасырлық медицина тарихы, оның зерттеу көздері туралы білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері
АБУ БАКР ар-РАЗИ

(Разес)

Өмір сүру жылдары: 865-925

Отаны : персі Рея қаласы

Разес еңбектері: «Медицинаны жалпылай қамтитын» (25 томдық еңбегі) «Медицининалық кітап» (10 томдық)

«Шешек ауруы мен қызылша туралы»



Разестің жеткен табыстары: Бағдадта бірінші аурухананасын, медицина мектебін ашты. Әл-Рази арнайы хирургиялық жабдықтар енгізген, жараны емдеуде, байлауда мақтаны қолданған. Жұтқыншақта тұрып қалған заттарды ала салатын аспаптарды ойлап құрастырған. Шешек пен қызылшаны ажыратып, емдеу жолдарын көрсеткен.Осы ауруларға қарсы егу жолдарын жасаған.
АБУ- АЛИ ИБН СИНА (АВИЦЕННА)

Өмір сүру жылдары: 980-1037

Отаны: Бұқара қаласының

жанындағы Афшана елді мекені



Авиценнаның еңбектері: Дәрігерлік ғылымының каноны», «Медицина қағидалары», (5 томнан)


Дәрігерлік ғылымының каноны

  1. бөлімі: медицина туралы жалпы ғылым. Анатомиядан мәлімет, жалпы аурулар туралы, пайда болу жолдары.

  2. бөлімі: қарапайым жай дәрілерді даярлау жолдары, олардың адамға әсері туралы.

  3. бөлімі: әртүрлі жеке аурулар туралы, оларды емдеу тәсілдері.

  4. бөлімі: хирургия туралы және адамның денесінің температурасының өзгерулері туралы.

  5. бөлімі: құрамы мол дәрі-дәрмектер туралы. Улар мен қарсы қолданылатын дәрілер туралы.


4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (10 слайд ұсынылады).
Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Византиялық империяның дәрiгерлiк iсiнiң дамуындағы қандай ерекшелiктi бiлесiз?

  2. Монастырь ауруханалары қалай пайда болды және қалай дамыды?

  3. Араб Халифатының VII-XII ғғ емшілік қалай сипатталады?




  1. Тақырыбы: Жаңа заман медицинасы. Батыс Еуропа және Ресей.


2.Мақсаты: Студенттердің Жаңа заман, Батыс Еуропа және Ресей медицинасы туралы білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері

Социализм дәуіріндегі медицина.

Социализм дәуіріндегі тарих кезеңдері
1-ші кезең Қазан Революциясы жеңгеннен бастап 1917 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін (1941ж)

2-ші кезең Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945жж)

3-ші кезең соғыстан кейін елді қалпына келтіру кезеңі (1945-1965жж)

4-ші кезең 1965 жылдан 1992 жылға дейін бейбіт өмір сүрген кезең
Денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылық принциптеріне негізделеді:

  • -Мемлекеттік сипат

  • -профилактикалық бағыт

  • -Тегін медициналық көмек

  • -Барлық адамдарға бірдей қол жететін 1917 ж. қазан айынан бастап 26 жұлдызында денсаулық қорғау жүйесінің алғашқы мемлекеттік басқару мекемесі құрылды. Басшысы болып М.И.Барсуков тағайындалды. Бұл алғашқы медициналық санитарлық бөлім Петроград кеңесінің әскери-революциялық комитеттерінің жанынан ашылған.

1918 жылы қаңтар айында Советтер Халық Комиссариатының декретімен кеңестік дәрігерлер коллегиясы құрылды. Құрамына А.Н. Винокуров(төраға), А.И. Артеменко, М.И. Барсуков., Е.П. Первухин т.б. 1918 жылы наурыз айында дәрігерлік коллегиялар Кеңесі Петроградтан Мәскеуге ауысып келді, оның құрамына жаңа мүшелер енгізілді. Олар: Н.А. Семашко, З.П. Соловьев, И.Р. Русаков т.б.

Н.А. Семашко (1874-1949 жж)

Денсаулық сақтау Халық комиссариатын 1918-1930 ж.ж. аралығында басқарды. 1922 ж. бастап Мәскеу университетінің (1930 ж.Мәскеу медицина университеті, 1990 ж. И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина академиясы) медицина факультетінде алғашқы әлеуметтік гигиена кафедрасын 27 жыл бойы басқарған. 1927-1936 жж. Н.А. Семашко үлкен медициналық энциклопедияның редакторы болған. 1945-49 жж. Педагогика ғылымдар Академиясының мектеп гигиенасы институтының директоры, ал 1945 ж. осы академиясының академигі болып сайланған.Н.А. Семашконың басшылығымен ССРО-ның медициналық ғылыми академиясының медицина тарихы және денсаулық сақтауды ұйымдастыру институты құрылды.

1920 жылы РСФСР Денсаулық Халық комиссариатының ұсынысымен Мемлекеттік Халық денсаулығын сақтау институты ашылды. XX ғ. бірінші жартысында Ресейде және ССРО-да медициналық ғылым мен денсаулық сақтау ісі қалыптасты. XX ғ. жиырмасыншы жылдары диспансерлеудің теориялық негіздері бекітілді.Ауруды алдын алу жұмысын жүргізу үшін арнайы мекемелер-санитарлық эпидемиологиялық станциялар құрылды.1935 ж. Совет Одағының барлық денсаулық сақтау мекемелерін біріктіру үшін ССРО денсаулық сақтау Халық Комиссиараты құрылды, кейін ол Денсаулық Сақтау министрлігі деп аталды.Жұқпалы ауруларды профилактикалық бағытта іске асыру қысқа мерзімде жоюға мүнкіншілік берді.Мысалы, 1923 ж. қарай тырысқақ ауруы, 1936 ж. шешек және оба ауруы жойылды. Сондықтанда Совет елінде Ұлы Отан соғысы кезінде жұқпалы аурулар халық арасында көп тарап, эпидемияға айналған жоқ.



1845-ж. Министрлер комитетінің шешімі бойынша ішкі ордада тұрақты дәрігер қызметі белгіленді, 15 орындық аурухана ашылды;

1863-ж. Қазақ арасында шешекке қарсы шаралардың алғаш ұйымдастырылып, жергілікті халықтан фельдшер мен шешекке қарсы егу жүргізетін мамандар даярланды;

1867-1868жж. Қазақстан тарихында алғашқы рет уездерде медициналық қызмет көрсету үшін дәрігерлердің, фельдшерлердің әйел босандыратын мамандардың қызметі белгіленді; Омбыдағы орталық фельдшер мектебінде қазақстарда фельдшер мамандығына оқыту басталды;
4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.



6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Кiм өсiмдiк будандарға тәжiрибе жасады?

    2. Тұқым қуалаудың хромосомдық теориясын кiм жасады?

    3. Анатомия, биология, гистология және эмбриология қалай дамыды?




  1. Тақырыбы. Қазақстанның XX ғ. медицинасы. Тәуелсіз Қазақстан медицинасы.


2.Мақсаты: ХХ ғасырдағы және Тәуелсіз Қазақстанның медицина тарихы туралы студенттердің білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері.

Алматы медицина институтының алғашқы ректоры Санжар Жаффарулы (Сейітжаппар) Асфендияров (1889-1938) болды, ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа заманның алғашқы қатарындағы көрнекті қазақ ғалымы.

Өзінің мамандығы дәрігер бола тұра Қазақстан тарихына қатысты орасан зор мәлімет жинаған.

Талантты зерттеуші ғалым 37-ші жылдың қанды шеңгеліне ілінген. 1989-ші жылы қаңтардың 11 жұлдызында Үкіметтің арнайы қаулысымен Алматы медицина институтына С.Ж.Асфендияров аты берілді. Институттың 66 алғашқы түлектері 1936 жылы оқу бітірді, олардың ішінен кейін белгілі денсаулық сақтау басшылары және ғалымдар шықты. (Ибраев К.И., Мусабаев Х.М., Утегенова К.Д., Шуваков Х.Н. және т.б.) 1936-1940 жылдары 534, ал Ұлы отан соғысы жылдары екі мыңға жуық дәрігерлер дайындалды. Олардың көпшілігі әскердің алғы шегіне, тылдағы госпитальдар және басқа да медициналық орындарда жұмыс істеді. 1996ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында Қазақ мемлекеттік медицина университеті, ал 2001 жылы Қазақ Ұлттық медицина университеті деген статус берілді.



Бұл ғылымның дамуы 1932 жылы Қазақ эпидемиология, микробиология ғылыми зерттеу институтының және Қазақ медицина институтында кафедраның ашылуымен байланысты. Кафедраның негізін қалаушы әрі бірінші меңгерушісі профессор П.Ф.Беляков болды. Ол кездегі ғылыми зерттеулер практикалық денсаулық саласының сұранысына қарай кафедра қызметкерлері ішек инфекциясы ауруларын анықтау, олардан сақтану және емдеу жолдарына байланысты жүргізілді.



Қазақстанда клиникалық медицинаның дамуы медициналық - биологиялық ғылымдарының жетістіктерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар совет дәуірінде ССРО ғалымдарының осы саладағы табыстары зор әсер етті, себебі 1920-1930 жылдары медициналық кадрлар дайындай және ғылыми жұмыстарға жетекшілік жүргізу Ресейдің жоғарғы оқу орындарында және ғылыми зерттеу институттарында жүргізілді.

1977 жылы жүрек және қан тамырлары ауруларын күрделі түрде зерттеу және алдын алу шараларын жүргізу мақсатымен кардиология ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды. Институттың негізгі мақсаты Республикада кардиология және ішкі аурулар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың ұйымдастыру шылық - әдістемелік, диагностикалық - кеңес беру және емдеу мәселелерін дамыту болды.

Хирургия ғылыми орталығының даму тарихы мен келешегі туралы мақаласында академик М.Ә.Әлиев осы ғылыми орталықтың ұйымдастырылуын және ғылыми жетістіктерін толық талдаған: “Қазақ клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институты 1945ж. Мамыр айында Қазақ ССР ҒА құрамында ұйымдастырылды, оған тікелей белсенді қызмет атқарғандар Қазақ ғылым академиясының президенті, академик К.И.Сатпаев пен академик А.Н.Сызғанов болды.


4.Иллюстрациялы материалдар: презентация (12 слайд ұсынылады).
Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Қазақ ССР- ның денсаулық сақтаудағы ең алғашқы наркомы кім болған?

  2. Қазақстанның қандай ғалым-медиктерін білесіз?

  3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
    2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты және міндеттері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет