ОқУ-Әдістемелік кешен семей 2015 Кіріспе



бет6/8
Дата14.03.2018
өлшемі1.64 Mb.
#21013
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

Отбасының пайда болуы.

Отбасының құрылымы қандай?

Отбасылық жүріс – тұрыстың типтері қандай?

Отбасы белгілерін көрсет.

Отбасындағы қатынас қалай жүзеге асады?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.


  1. Дәріс №13 Мәдениет әлеуметтануы.

Мақсаты: студенттерді мәдениет әлеуметтануымен таныстыру. Оларды мәдениет ұғымының жан-жақтылығымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1.      Мәдениет ұғымының түсінігі.

2.      Мәдениет және әлеуметтану.

3.      Мәдениет түрлері

4.      Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері.

Дәріс тезистері:

 «Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

1.      Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника, құрылымдар, т.б

2.      Рухани  - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б.

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегенмен, олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, т.б жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби(мамандық), эстетикалық, т.б мәдениеттілігі туралы әңгіме қозғайды;Үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, құқықтық жауапкершілігімен ұштастырды.

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып, бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбиенің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың,,өндірістің тигізер ықпалы қамтылмаған, қоғамды ғылыми басқаруға, демократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама тигізетін әсері туралы да, ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтын естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынадай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.

1.      Мәдениет – адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы.

2.      Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге,ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.

3.      К.Маркс айтқандай, мәдениет адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

Сонымен, мәдениет дегеніміз,жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі.Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениеті, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті,т.б түрінде  көрініп отырады.

Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер олардың арасындағы байланыс – қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз күш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құрылады:



Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты.

Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.

Біздің әлеуметтік дүние танымымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негіздерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с ара жігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің белгілі бір құндылығын қалыптастырады. Бұл жөнінде жүргізілген әлеуметтану зерттеулеріне сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады,ал, адамгершілік қасиеттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілділік қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар: мейірбандық, қайырымдылық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі – тұлға болып өзгереді.

 Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуында екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда.Екінші бағыт, ел-жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологиялық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келмейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды болдырмау үшін жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғыртып дамыту, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.

Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім,ғылым,этикалық және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды.

Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне басқа көңіл аударады. Бұл мәселелерді мәдениет теориясы зерттемейді.

 Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.

Жоғарыда көрсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлеуметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатынын көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:

Адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;

Адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді. Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,т.б) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады.

Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі  мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген іс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

Мәдени әлеуметтану қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр,адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.

Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.

Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға да, денешынықтыру мекемелеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал, оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.

Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл – адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар.Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.

Осы таңбаларды,символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.

Мәдениеттің екінші элементі – ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандыратын құбылыс, процестердің т.б қасиеттерін айтамыз.

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізінде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады.  Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму,өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арман, мұрат, т.б толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді.Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің т.б бағдарламасы болып саналады.

Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде.

Олардың басты бағыттары мыналар:

Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу (оның ішінде еңбек, еңбек процесі, өндірісті басқару және әр түрлі еңбекшілер тобының мәдени-техникалық дәрежелерінің көтерілу жағдайлары); тұрмыстық-материалдық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің  территориясын мекендейтін халықтардың экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың өндірістегі мәдени қатынастарын т.с.с кеңінен зерттеу.

Мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып)саласында: қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту,адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси белсенділігін арттыру,т.б (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты.)

Экономикалық мәдениет саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.

Мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (территориялық бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей, кітапхана, т.б) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі мәдени қызметін (оқу, мамандандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл – селолардың, облыстардың, жалпы республиканың мәдени дамуының әлеуметтік және болжам жоспарларын зерттеу, т.б жатады.



Бақылау сұрақтары:

Мәдениет ұғымының түсінігі

Мәдениеттің түрлері

Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет

Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
Дәріс №14 Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы

Мақсаты: Студенттерге Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын рөлін, маңыздылығын, қызметтерін түсіндіру

Дәріс жоспары:

1. Коммуникация ұғымы

2. Мемлекет дамуындағы БАҚ атқаратын қызметтері

3. БАҚ басқа әлеуметтік салалардан артықшылығы



Дәріс тезистері:

      Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланыстырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация тек көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..

      Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда  әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.

    БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ,  қоғамның  позитивті және негативті  жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ.  БКҚ негізгі функциялары –



     Тәуелсіз  Қазақстаның даму үдерісіндегі саяси жүйесін бұқаралық ақпарат құралдары институтынсыз елестету мүмкін емес. БАҚ аса маңызды, көпсалалы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық функцияларды атқаратын демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық институт ретінде түзілуде. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ кең ауқымды функцияға ие болғандықтан, қоғамда БАҚ араласпайтын сала жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді. БАҚ-тар әлемдегі демократиялық институттардың әртүрлі, көпсалалы функцияларын дерлік толығымен атқаруда. БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі пікір, талдаулар бар. Ғылыми әдебиетте,  жалпы, оның жиырмаға жуық функциясы көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық-саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес. Өйткені, БАҚ «қоғамның демократиялық дамуының аса маңызды құралы» болып табылады. Демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарына кең құқықтық өріс ашылып, заңмен тыйым салынбағанның бәрімен шұғылдануына ерік берілді. Ендеше, Қазақстанның жан-жақты жаңару кезеңіндегі саяси жүйедегі БАҚ-тың орны туралы қандай қорытындылар жасауға болады? БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде көпсалалы, көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орнын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық институт. Билік БАҚ-ты қоғамдық пікірді білдіруші өзінің демократиялық-ақпараттық әріптесі ретінде қабылдаса, БАҚ әр деңгейдегі билік институттарын халық өкілеттік берген, ел мен ұлт мүддесін жүзеге асырушы, мемлекет мүддесін қуаттайтын әріптесі ретінде қабылдауы тиіс. Ол үшін БАҚ пен билік арасында «келісім архитектурасы» қалыптасуы керек. Бұл іске қойылар басты талаптар: шыншылдық, ашықтық, ақпараттық, жаңашылдық, әлеуметтік, жауапкершілік  және қоғамдық пікірге деген құрмет.   
– Сіз жоғарыда БАҚ-ты көпсалалы, көпқырлы қоғамның барлық саласына араласа алатын демократиялық-қоғамдық институт дедіңіз. Билік неге БАҚ-қа өз құзыретін жүргізгісі келеді?  
– Мемлекеттік органдардың немесе шенеуніктердің бұқаралық ақпарат құралдарын толық мемлекеттік билік бақылауына алғысы келетіні де, ал, бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әрине, толық тәуелсіздікте болуды аңсайтындары да бар. Әділетіне келсек, бұның екеуі де бүгінгі күнгі қоғамдық ахуалда үрдіске сай келмейтін мақсаттар. Масс-медиа өкілдерінің шексіз тәуелсіздік немесе еркіндік туралы пайым-тұжырымдары да, сайып келгенде, негізсіз. Себебі – кез келген ақпарат құралының құрылтайшысы, иесі бар. Олардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан саяси мүдде-мақсаттары бар. Бұл – басы ашық мәселе. Елбасы Н.Назарбаев журналистермен кездесуінде: «Мемлекеттік емес БАҚ-тар қожайындарының қатты қыспағына түсіп отыр. Әлгілер өздерінің талас-тартысына енді журналистерді тартады. Айналып келгенде журналистер әлгі қалталы байлардың айтқанымен жүріп, солардың сойылын соғатын аманат-адамдарға айналды», – деген болатын. Жалпы, қай елде де болсын, мемлекеттік билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынастар қашанда қайшыласып, бүкіл қоғамның назарын өзіне аударып отыратыны белгілі. Мемлекеттік билік органдары журналистерге құрметпен қарағанның орнына, шекесінен шертіп отырғанды ұнатады. Жұмыс беруші тарапынан қандай қысым көрсе де, журналистің негізгі ұстанымы мемлекеттік, ұлттық мүдделер болып, өзінің азаматтық келбетін сақтауы керек. Бүгінде БАҚ еліміздегі бүкіл саяси биліктің жария, ашық қызмет жасауының басты механизмдерінің біріне айналды және БАҚ-тың бұл мәселедегі ықпалы күн сайын артуда. Бұл артықшылықтарын олардың өздері де сезеді. Кейде БАҚ-тың билік органдарына қысым көрсетіп, үстемдік жасағысы келетін ауанын да байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ қоғамда болып жатқан процестерге әлеуметтік бақылау жасап, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығара да алады екен. Халық БАҚ-қа сенеді. АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, жұрт президент пен конгреске қарағанда телевизия мен баспасөзді лайықты көреді. ҚР Конституциясына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына сәйкес, ақпарат құралдары меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардан заң жүзінде тыйым салынбаған барлық ақпаратын алуға және таратуға құқылы. Бұл үшін мемлекеттік органдар, олардың басшылары ақпарат құралдарына жаңаша көзқараспен қарап, бұрынғы машықтарынан арылуы керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген мемлекеттік органдардың басшыларының ақпарат құралдары өкілдерімен сөйлесу, дидарласу мәдениеті төмен. Олардың көбі журналисті  қоғамдық әріптес, мемлекет мүддесін жақтаушы деп емес, қайта сол саладан тек кемшілік, тұздығы ащы, көлеңкелі фактілер іздеуші субъект деп қарайды. Мемлекеттік биліктің әр деңгейіндегі басшылар журналистерді өздерінің ақпараттық әріптестеріне айналдырып, олардың қоғамдық беделіне нұқсан келуіне жол бермеулері тиіс. Шенеуніктер БАҚ-тың тез, шапшаңдығын ескере отырып, оның еркін әрі уақытылы ақпарат алуына мүмкіндік жасауы керек. Ол үшін келешекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанында БАҚ пен жоғары саяси мектеп тыңдаушылары арасында арнайы курстар өткізіп, шенеуніктерге Қазақстанның саяси өміріндегі БАҚ-тың  маңызы мен рөлін, бағыттары мен ерекшеліктерін түсіндіру керек.         
Саяси жүйенің бір құрамдас бөлігі ретінде БАҚ, ең алдымен, азаматтық қоғам институты, ол – билік институты емес. Оны тікелей коммерциялық құрылым деп те қарауға болмайды, оның басты функциялары – қоғамды интеграциялау, ұйымдық, ақпараттық – әлеуметтендірушілік қызмет атқару. БАҚ қоғамда болып жатқан маңызды үрдіс – құбылыстармен, азаматтарды толғандырып жүрген проблемалармен билікті ақпараттандырып отыруы керек. Саясаттану теориясындағы саяси институттардың міндеті мен функциялары тұрғысынан қарасақ, БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде мынадай: ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеуметтендіру, танымдық, білім берушіліқ, қоғамдық мүддені қалыптастырушылық сияқты аса маңызды функцияларды атқарады. Ақпараттық жүйенің мемлекеттік шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз мемлекетінің бақылауынан және оның заң жүйесінің ықпалынан шығып та кетіп жататыны болады. БАҚ-ты «биліктің төртінші тармағы» деп атау конституциялық нормаларға сай  келмейді. Себебі – еліміздің Конституциясында билік тармақтары анық көрсетілген. БАҚ-ты ақпараттық, тәрбиелік, қоғамдық бақылау, инновациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт ретінде қарастыру керек. БАҚ-тың заңсыз жолмен сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметіне араласуына болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – биліктің беделінде емес, өз беделінің билігі мен күшінде. Дәл қазіргі жаһандану заманында ақпаратты ауыздықтап ұстау мүмкін емес. Ақпарат мемлекеттік биліктің шеңберінен шығып та кетіп жатады. Ақпараттар тасқынының күшеюі – Парламенттің әлі де айрықша көңіл бөліп, заңнаманы жетілдіруін қажет етеді. Бүгінде БАҚ-тың  маңызының артқандығы сондай, оларды мемлекеттің толық бақылауына алу мүмкін емес. Және, сонымен қатар, оны жекеменшік капиталдың қолына беру де дұрыс емес. Журналист ақиқат пен шындықтың бірден-бір қорғаушысы, әділдіктің эталоны екенін ұмытпауы тиіс. Журналистің жазған жан айқайларына, өткір пайымдауларына, пікірлеріне, тіпті ашыну, өзімшілдігіне де құрметпен қарау керек. Өйткені, журналист өз мүддесі үшін емес, мемлекет, ұлт мүддесі үшін шырылдайтынын естен шығармаған жөн.  Мемлекеттік билік жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара түсіністік пен шынайы әріптестік үнемі дамып, нығайып, одан жиналған күш-жігер еліміздің ақпаратқа қол жетімділік қоғам мен мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамуының маңызды элементі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуде нақты жетістіктерге қол жеткізді.  Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік басқару органдарынан ақпарат алуын реттейтін заңдар  қабылданғанымен, ақпаратқа қол жеткізу құқығын толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін проблемалар да жоқ емес. Бұл жағдайдағы басты себептердің бірі  ақпаратқа қол жетімділік мәселелерінің жан-жақты әрі прогрессивті түрде құқықтық регламенттелмеуі, қолданыстағы ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, тиімсіз құқық қолдану практикасы, бюрократия мен сөз бұйра, азаматтардың өз құқықтары туралы хабарсыздығы, ақпарат көздеріне цензура болып табылады. Сайып келгенде бұл мәселелер азаматтардың ақпарат алу құқықтарын іске асыруын қиындата түседі.  

«Қазақстан  Республикасында ақпаратқа қол жетімділік  туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар  әзірлеу  үшін Қазақстандағы ақпаратқа қол жетімділіктің жай-күйі бойынша сараптамалық баға алу.   



Қойылатын мәселелер

  1. Мемлекеттік органдардан ақпаратқа қол жетімділік

  2. Мемлекеттік органдардың жабықтығы/ашықтығы 

  3. Ақпаратқа еркін қол жеткізу конституциялық  құқықтарының сақталуы 

  4. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы заң қабылдау қажеттігі 

  5. Ашық түрде қол жеткізуге болатын ақпарат

  6. Жабық болуға тиіс ақпарат

  7. Ақпарат ұсыну тәсілдері

  8. Ақпарат ұсынуға жауапты тұлғалар 

  9. Ақпараттың пайдаланылуына жауапты тұлғалар 

  10. Қоғамның қатысуы

  11. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң кімге қолданылуы тиіс 

  12. Ақпарат ұсынудың ақылы /тегін болуы

  13. Мемлекеттің ақпаратқа қолжетімділікті  реттеу жөніндегі функциялары 

  14. БАҚ рөлі

  15. ҮЕҰ рөлі

  16. Азаматтар туралы ақпараты бар дерекқорға қолжетімділік. Бірыңғай ақпараттық жүйе 

  17. Қоғамдық маңызы бар ақпарат 

  18. Ақпаратты қорғау

  19. Электрондық үкімет

  20. Осал топтардың мүдделері

  21. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде жаңа технологияларды пайдалану  


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет