ОқУ-Әдістемелік кешені семей 2015 Алғы сөз



жүктеу 1.12 Mb.
бет4/4
Дата19.09.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4

Тақырыбы: Ветеринариялық препараттардың ресімделуі
Жоспар:

  1. Ветеринариялық препараттарды қолдануға фармакогнозиялық негіздемелік құқықтық сипаттама.

  2. Ветеринариялық препараттарға қатысты нормативті құжаттар

3 "Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен
биологиялық препараттар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар"
техникалық регламентi
КІРІСПЕ
«Ветеринариялық фармакогнозия» пәні – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік қасиеті бар затты зерттейтін ілім. Фармакогнозия (грек. pharmakon дәрі /лекарство/ және gnosis ілім, дәріні дайындайтын зат туралы фармацевтика бөлімінің ғылымы болып табылады. Жалпы орыс тіліне шет тілі сөздігінен енген, Чуданов А.Н., 1910 ж. Сонымен қатар фармакогнозия жануар және өсімдік текті шикі заттың дәрілік қасиетін, ботаникалық, зоологиялық және химиялық көзқараста жан-жақты қарастыратын ілім. Яғни шикі заттағы фармакологиялық белсенді заттарды анықтаудың әдістерін құрастыратын фармация бөлімі. Мысалы - өсімдіктер мен өсімдік текті (фитопрепарат) дәрілік шикі заттардың ботаникалық фармако-биологиялық және ветеринариялық мақсаттағы сипаттамасын түсінуге, олардың формаларын істеп көрсетудің ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға қолданудағы дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады.

Сондай-ақ, өсімдік және жануар текті дәрілік шикі затпен оның кейбір біріншілік өнімдерін оқытатын фармация бөлімі.

Пәннің оқытылуы негізінен –терапиялық қағида негізі бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың ветеринариялық-медициналық мақсаттағы пайдалану классификациясымен таныстыра отырып, сол дәрілік заттарды ветеринариялық практикада қолданылу ықтималдығын да қарастыруды көздейді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы терапевтикалық білім беретін пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

Жалпы бұл ғылым дәрілік шикі заттың сыртқы белгілерін оқуға, фармацевтикалық өңдеу, дәрілік препаратты қолдану және әсерін зерттеу біртіндеп қалыптасқан, әсіресе Парацельс заманынан бастау алған., XVІ ғ.

Фармакогност ұйғарымы негізінде дайындалынатын дәрілік препаратты ( жануарлар өнімі және шикі заттары мен бөліктері, тұнба, тұндырма, қайнатпа және экстрактілер т.б) аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру болып табылады.
Ветеринариялық мақсатта пайдаланылатын препараттар және басқада дәрілік немесе диагностикалық мақсаттағы заттар келесідей заңнамалық нормативтік құжат негізінде жүзеге асырылады.

Бұнда: "Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 21, 202-құжат

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫСЫ
Осы қаулы негізінде келесідей түсініктер мен негіздемеліктер қарастырылады:

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың айналымы оны өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды, сатуды, қолдануды, (пайдалануды), жоюды қоса алғанда, мiндеттi түрде ветеринариялық қадағалауға жатады.

Осы Техникалық регламент ветеринарияда пайдаланылатын, мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге әкелiнетiн дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың тәжiрибелiк үлгiлерiне, сондай-ақ генетикалық түрлендiрiлген өсiмдiк немесе басқа шикiзаттан дайындалған препараттарға қолданылмайды.

1. биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсiру, жануарлар мен өсiмдiктер (аллергендер) биологиялық тiндерiнен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгiзу, эмбриондардағы тiрi агенттердi немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрiлiк препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегi бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негiзiнде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;

2. гомеопатикалық дәрiлiк заттар - өсiмдiктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерiн қамтитын, дәстүрлi емес емдеу әдiстерi кезiнде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бiр немесе көп компоненттi дәрiлiк заттар;

3. диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйiн диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдердi, олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн және басқа да биологиялық объектiлердi индикациялау мен бiрдейлендiруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

4. дәрiлiк препарат - белгiлi бiр дәрiлiк нысандағы дәрiлiк зат;

4.1 балк - дәрiлiк зат өнiмi - түпкi ораудан басқа, дәрiлiк препаратты дайындаудың технологиялық процесiнiң барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрiлiк зат;

5. дәрiлiк заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйi мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсендi заттарды қамтитын құралдар: дәрiлiк зат, дәрiлiк субстанция, табиғи тектес дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро - балк өнiмдерi, дәрiлiк препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның iшiнде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;

-дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жою - қолдануға және (немесе) одан әрi қайта өңдеуге жарамсыз дәрiлiк заттарға оның пайдаланылуы мен оған адам мен жануарлардың жақындауын болдырмайтындай әсер ету;

      - дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың айналымы - қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды әзiрлеушiден және (немесе) өндiрушiден тұтынушыға жеткiзу процесiнде жүзеге асырылатын қызмет;

      - тiркеу деректерi - жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тiркеудiң орындылығы (орынсыздығы) туралы шешiм қабылдауға қажеттi белгiленген құрылым мен мазмұндағы құжаттар мен материалдардың кешенi;

      - қайта шығарылған дәрiлiк зат (генерик) - құрамы мен сапа көрсеткiштерi, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi бойынша түпнұсқалы дәрiлiк затқа ұқсас және түпнұсқалы дәрiлiк затқа арналған қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн айналымға келiп түскен дәрiлiк зат;

      - контаминация - жануарлардан алынған өнiмдердiң қауiпсiздiгi мен сапасына әсер ететiн биологиялық, химиялық агенттермен немесе бөгде заттармен ластануы;



жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды тiркеу - Тiркеу куәлiгiн берумен және жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты Жануарларға арналған ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзумен аяқталатын, жануарларға арналған дәрiлiк заттарды тiркеу деректерiнде қамтылған оның қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы, сондай-ақ оны өндiру және сапасын бақылау шарттары туралы деректердi бағалау мен ресми бекiту жолымен айналымға жiберу рәсiмi;

      - жалған дәрiлiк зат - құрамы, қасиеттерi және басқа да сипаттамалары бойынша дайындаушының түпнұсқасына немесе қайта шығарылған дәрiлiк затқа (генерикке) сәйкес келмейтiн, жасанды заттаңбамен қасақана жарақталған дәрiлiк зат;

      - штамм - түрдiң басқа өкiлдерiнен ерекшеленетiн және ұзақ сақтау мерзiмi бойы өз сипаттамасын сақтайтын белгiлi бiр көзден бөлiнген микроорганизмнiң таза дақылы.

Жануарлар үшiн шығарылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi үшiн қысталаң болып табылатын өндiрiстiк операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылау мен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын бөлiмше тиiстi түрде растауға тиiс. Әрбiр технологиялық учаске үшiн өндiрiс регламентiне сәйкес тиiстi тазалық сыныбы белгiленуi тиiс.

-Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығару кезiнде үй-жайлардан шығатын бүкiл ауаның тиiстi түрде өңделуiн және жұқпалы агенттердiң болмауын қамтамасыз ету қажет. Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргiзiлуге тиiс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргiзiлетiн үй-жайлар дайындық операциялары жүргiзiлетiн үй-жайларға қатысты келеңсiз қысымы болуға тиiс. Стерильдi жұмысқа арналған үй-жайлардың неғұрлым жоғары қысым деңгейi болуы тиiс.



Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығаруда (дайындауда) пайдаланылатын шикiзаттың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      Химиялық, фармакологиялық құралдар, дәрiлiк өсiмдiктер, минералдан алынған шикiзат, күрделi субстанциялар, биологиялық тiндер, ферменттер, жануарлар, жануарлар мен өсiмдiктерден алынған, микробиологиялық синтез өнiмдерi және басқа да қосылыстар дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды дайындауға арналған шикiзат болып табылады, оларға қойылатын талаптар Техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда анықталған.

      - Дәрiлiк фитошикiзатты дайындау сатысында мiндеттi радиациялық бақылау жүргiзiледi. Дәрiлiк өсiмдiктердi сұрыптау, технологиясында көзделген оларды өңдеу және зертханалық бақылау өңезденудiң, улы өсiмдiктердiң және олардың зақымданған бөлiктерiнiң (қаракүйе, шала, жорғалайтын ақ мия, түрлi-түстi вязель, қырықжапырақты софора және басқалар) болуына жол бермейдi.

      - Сүт - шикiзат, сүт сарысуы, казеин, ет, бауыр, паренхиматозды органдар, қан, эндокриндi шикiзат және шикiзат ретiнде биологиялық препараттар алуға арналған жануарлардың басқа да тiндерi мен органдары денi сау жануарлардан алынуы тиiс.

      - Дрожь, ашытқылар, ферменттер (пепсин, панкреатин, трипсин және басқалары), пробиотикалық дәндер қауiпсiздiгiн оларды дайындаушылар қамтамасыз етедi, ал олардан дайындалған өндiрiстiк ашытқылар, стерильдi ерiтiндiлер, микроорганизмдердi өсiруге арналған қоректiк орталар қауiпсiздiгiн - дайындау және бақылау үй-жайларына, жабдықтарына, технологиялық процестерiне қойылатын техникалық талаптар кешенiмен және арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақтаумен қамтамасыз етiледi.

      - Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.

      - Жануарларға арналған дәрiлiк заттар мен битопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын барлық заттар, орау материалдарының сәйкестiк сертификаттары болуы тиiс.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және келiсiлетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Техникалық регламенттiң қолданылу аясына жататын дәрiлiк заттарды шығару процесi Техникалық регламентте белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.

      Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығару өзiне шикiзат, көмекшi, орайтын және таңбалайтын материалдарды сатып алудан бастап түпкi өнiмдi дайындауға, оны таңбалауды және орауға дейiнгi бүкiл технологиялық процестi қамтиды.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өндiрушiлер олардың өндiрiсiн оның қауiпсiздiгiн өндiрiстiк үй-жайлардың iшiнде және одан тыс қамтамасыз ететiндей етiп ұйымдастыруы және ықтимал қауiптi заттарды, микроорганизмдердi (токсиндердi), олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларын, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын материалдар мен заттардың қоршаған ортаға шығарылуына жол бермеу үшiн алдын алатын iс-қимылдарды көздеуi тиiс.

      Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.

      Микроорганизмдер, оның iшiнде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрiлiк заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиiс.

      Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс.

Ветеринариялық дәрiханаларда дәрiлiк заттарды дайындау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындау Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлiк заттар негiзiнде жекелеген жануарлар үшiн ветеринариялық дәрiгерлердiң рецептерi бойынша ветеринариялық дәрiханада жүзеге асырылады.

      Ветеринариялық дәрiханада жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындау кезiнде есiрткi заттары, психотроптық, күшi әсер ететiн және улы заттар пайдаланылмайды.

      Ветеринариялық дәрiханаларда биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi.

      Ветеринариялық дәрiханада осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындауды қамтамасыз ететiн қажеттi үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиiс.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды шығару кезiнде пайдаланылатын өлшеуiш аспаптар мен жабдықтарда бүкiл пайдалану уақыты iшiнде сақталатын техникалық паспорттары болуы тиiс. Оларды калибрлеу (салыстырып тексеру) кезеңi белгiленуi, құжатталуы және жоспарлы тәртiппен жүргiзiлуi тиiс.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындаудың барлық процестерi нақты регламенттелуi және нормативтiк құжаттардың, нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн бақылау нәтижелерi журналдарда тiркеледi. Барлық журналдар тiгiлуi, ондағы беттер нөмiрленуi, басшының қолымен және дәрiхананың мөрiмен куәландырылуы тиiс.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарға арналған мiндеттi ақпаратқа қосымша мыналарды:

      1) мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн;

      2) "ветеринариялық мақсаттар үшiн" деген жазуды;

      3) дәрiлiк зат талаптарына сәйкес келетiн нормативтiк құжаттың атауы мен нөмiрiн көрсетедi.

      Гомеопатикалық ретiнде тiркелген дәрiлiк заттарда "Гомеопатикалық" деген жазуы болады.

      Өсiмдiк шикiзатынан алынған дәрiлiк заттарда "Өнiм радиациялық бақылаудан өткен" деген жазуы болады.

      Стерильдi дәрiлiк заттардың "Стерильдi" деген жазуы болады. Инъекциялық дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар үшiн егу тәсiлiн көрсету керек: "қан тамырдан", "бұлшық етке", "терi астына". Егер инъекциялық дәрiлiк зат барлық тәсiлмен салына алатын болса, онда "инъекция үшiн" деп көрсетiледi.

      "Балк-өнiм" дәрiлiк заттарын өлшеп орау кезiнде орамда қосымша өндiрушi ұйымның атауын және оның мекен-жайын және өлшеп орауды жүзеге асыратын өндiрушi ұйымның атауын, оның мекен-жайын және "өлшеп оралған" деген жазуды көрсетедi. Өлшеп оралған дәрiлiк зат сериясының нөмiрiн өлшеп орауды жүзеге асырған кәсiпорын бередi. Дайындау күнi мен жарамдылық мерзiмi "балк-өнiмдi" дайындау күнiнен бастап есептеледi.

Жануарларға арналған дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды қолдану қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды қолдану кезiнде мынадай тәуекелдерге байланысты негiзгi қауiпсiздiк талаптарын назарға алу қажет:

      1) жануарлардың қырылуына әкеп соқтыратын асқынулардың туындауы;

      2) дәрiлiк заттардың сапасына немесе дұрыс тағайындалмауына (диагнозына) байланысты тиiмсiздiгi.

      Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн жануарларда, сондай-ақ байланыста болатын жануарларда, мал шаруашылығы өнiмiн қолданған адамдарда және қоршаған ортада асқынулардың болуын анықтайтын негiзгi факторлар: жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi мен қолданылу тиiмдiлiгi оларды ұтымды тағайындаумен қамтамасыз етiледi. Тағайындау кезiнде аурудың диагнозын, жануардың түрi мен жасын, қолда бар дәрiлiк нысандарды, мөлшерлеменi, қолдану ретiн және емдеу курсының ұзақтығын, жаңа реакциялардың дамуын болдырмау жөнiндегi ықтимал шараларды және жануарларға арналған басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесуiн ескеру керек.

      Дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқамада көрсетiлген талаптарға сәйкес дәрiлiк затты, биологиялық препаратты қолданғаннан кейiн жануарларды сою алдында ұстау және мал шаруашылығы өнiмiн пайдалану мерзiмiн сақтау керек.

      Жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты кез келген қолдану жануарларға арналған дәрiлiк заттың атауын (заттаңбада жазылған), серия нөмiрiн, мөлшерiн, салу жолын; жануарларға арналған дәрiлiк затты қабылдаған жануарды (ларды) сәйкестендiрудi; дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындау себептерiн және дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындаған және қолданған адамның (дардың) қолдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары үшiн сою алдында ұстау және (немесе) мал шаруашылығы өнiмiн пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, құжатталуы тиiс.

      Қабылданған және босатылған жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды құжатты түрде есепке алу жүргiзiлуi тиiс.

Ветеринариялық препараттарды жою қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      Жарамдылық мерзiмi өткен және жасанды, зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жануарлар үшiн қауiптi деп танылған ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар жойылуға тиiс.

      Одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдағанға дейiн дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар уақытша айналымнан алынады және олар қол жетпейтiн орындарда сақталады.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды жою нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жануарларға арналған дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жоюды тиiстi рұқсаты бар кәсiпорындар арнайы жабдықталған алаңқайларда, полигондар мен үй-жайларда осы Техникалық регламенттiң талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес жүргiзедi.

      Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жою рәсiмi адамдардың, жануарлардың қауiпсiздiгiне әсер етпеуi және қоршаған ортаны ластамауы тиiс.

      Жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп тудыратын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiндегi iс-шаралар тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.
Жануар текті және олардың өмірі барысындағы өнімдік – дәрілік препараттармен танысып өткенбіз. Осығын *абығын /а*ыман орай дәрісіміздің барысында : Апис немесе ару уының және Кататерен сияқты гомеопатиялық дәрілік заттар қасиеттерімен танысамыз.

Препаратты дайындау үшін ара тұтастай немесе араның улы көпіршігінің қантты ұнтағы алынады. (порошок из ядовитых пузырков пчел в сочетании с сахаром).

Апистың негізгі әсері араның шаққан кезіндегі қыздырып, (жалящими) ауырсынуымен түсіндіріледі. Гомопатиялық дәрілік зат ретінде тінді ісіндіреді, отек тканей, қызартады, ісік пайда болады, көзде ауырсыну, ерін ісіуі сияқты жағымсыз құбылыстар туындайды.

Апис негізінен – көп мөлшерде ми және жұлын қабығын зақымдайды. Шөліркеуді сезбей дененің күюі (сухого жара, без чувства жажды) медицина саласында ангинаны емдеуде жақсы көмектеседі, тыныс алу жүйесін емдеуде, шемен және плевритте, буын ауруында, синовитте және мененгитте қолданылады.

Пчелы – апис – ара. Аралар ұясы (жанұясы) роями, 20000 және одан да көп болады. Онда аналық анасы, шамалы мөлшерде аталықтары трутней, және көп мөлшерде жұмысшы аралар болады бұлар, жетілмей қалған аналық аралар болып табылады.

Ара балының маңыздылығын біз білеміз, \\\\\\\

Пчелиное маточное молоко Las apis жабысқақ түрдегі (желеобразная масса) сүт тстес, бозғылт түрде болады. Құрамында: 10 % белоктық зат, 10-17% қант, 5,5% май, және 1% артық минеральды тұздар, жыныс гормоны, витамин, Е, жыныс қызметін арттыратын В1, В2, В6, РР1, Д витаминдері, қан тамырларын кеңейтетін пантотен, және фоли қышқылдары, биотин, ацетилхолин,, бұлар гипертоникалық және гипотоникалық ауруларда емдік әсер етеді. (артериалдық қысым реттеледі)

Дәрілік зат АПИЛАК аналық араның құрғақ сүті, (секрет аллотрофических желез рабочих пчел) тері зақымдануында қолданылады. Ара шаруашылығының өнімдері тек қана адам үшін ғана пайдалы емес. Көптеген құстар және сүт қоректілер табиғи биотопта оны пайдалану инстинкті бар. Бізге танымалы сұр аю (бурые медведы) жабайы аралар мекенінен балды алып кетуі белгілі. Сондай ақ, басқа жануарлардың да тұтынуы туралы деректер бар. Сондықтан да бұны ветеринариялық медицинада қолдану осы бағытта болады.

Үй құстары әсіресе тауық тұқымдастар тауық азығына прополис қосқанын бірден аңғарады, әсіресе тозаңын (прежде всего пыльцы).

Ара балзамы және оның өсімдік гомологы (растительный гомолог) тауық, етінің сапасын жақсартады. Сонымен қатар етінің сапасын жақсартады. Сонымен қатар өнімділікті , жұмыртқалау артады, және жұмыртқа скорлупасының сапасы жақсарады.

СОНЫМЕН қатар холестерол азайып, каротин жоғарайды,.

Торай, тайыншаларды бордақылауда рационға пыльцаны қосу жақсы нәтиже береді. Оны балықтарды азықтандыруда да пайдаланылады. Ал басқадай жануарлар төлдерін дамуына, жетілуіне өте жақсы пайдалы, стрестік жағдайға төзімділікті арттырады. Шығын азаяды, салмақ қосу артып, метаболизм бұзылуын реттеу нәтижелі болады.

Прополиспен емдеу бактериалдық инфекцияны шектейді. Мысалы: синтетикалық антибиотикті шамалы мөлшерде жануар азығына аурудан сақтандыру үшін қосады.

Мысалы: Еуропа елдері жыл сайын құс шаруашылығында стандартты емдеу үшін он мың тонна антибиотик қолданып келеді. Осы себепті де бұны табиғи өні мен ауысытыру өзекті мәселе болып табылады.

Ара уын ветеринариялық мақсатта пайдалану АПИОТЕРАПИЯ иттерді емдеуде жиі қолданылуда. Жалпы ара уы ветеиринарияда, бұрыннан белгілі көз зақымдануында, артқы табан аяқ буынының ауырсыну белгілерін басу үшін қолданылады.

Апитоксин ара уының экстарктысы болып табылады, оның антисептикалық иммунстимулдеуші және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Ара уы қасаң қабық роговицы тіні регенерациясын жақсартып, ауырсынуды басады.

Америкада күзетте пайдаланатын иттерді қарқынды жаттықтыру салдарынан артық табан ьуындарының ауырсынуы жиі туындауында қолдану ұсынылған. Яғни анестетикалық әсері жоғары деп бағалауға болады.

Ара уы, немесе апитоксин (лат апис ара, грек, токсикон яд, у ) өте улы зат. Ара уы табиғаты жағынан жылан уына ұқсас, (гадюка, кобра, гюрза). Сол себепті де аралардың қаптап жаппай шағуынан кейде құспен дала хайуандары өліп кетеді.

Кейінгі кеде белгілі болған мәлімет бойынша кірпәкшешенге ара уының ешқандай әсер етпейтіні анықталған. Осы себепті оның қан сары суын ара уының зардабын қайтару үшін емдік мақсатта пайдалануға болады.

Ересек адамды ек жүз, үш жүз рет шағу (ужалений) организмнің қатты улануын туыдырады ал, бес жүзшағудан өмлім туындайды.

Ара уының емдік қасиеттер көп мөлшерде организм үшін зиян, шамалы мөлшерде пайдалы болып табылады. Көптеген елдерде халықтық ем ретінде кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланылып келеді. Тарихтан белгілі Иван Грозныйды подаградан араға шақтыру арқылы емдеген. (лечили отподагры пчелиными ужалениями).

Мысалы: омарташылар ара шағуы салдарынан ревматизммен ауырмайды.

Кантарен жұмсақ қауіпсіз препарат. Негізінен несеп жыныс жүйесі ауруларында қолданылады.

Препарат гомеопатиялық препаратқа жатады. Бұл дәстүрлі ветеринариялық практикада кеңінен қолданылуда.



Қолданылуы: несеп тас ауруы, уретрит, уремия, нефроз, нефрит, вагинит, цистит, несеп бөлу кезіндегі ауырсынуда, бүйректің бактериалды инфекциясында қолд. Жалпы гломерулонефрит, пиелонефритте қолданылуы танымал.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет