Оқу іс-әркетінің тақырыбы: б дыбысы мен әрпі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты



жүктеу 29.32 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі29.32 Kb.

Оқу іс-әркетінің тақырыбы:Б дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Б дыбысымен танысу, сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорларын молайту.Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету.Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:балық,бұғы,балапан,бала,бағдаршам,қобыз,бұршақ,арба,

әліппе,текшелер.



Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?

-Қыс.Қаңтар айы.

-Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілінің қаңтар айы екен.

-Аптаның қай күні?

-Жарайсыңдар,балалар.Енді өткен дыбыстарды еске түсірейік.

-Балалар,енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Тарпаң,тарпаң,тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.

-Шешуі не екен балалар?

-Дұрыс айтасыңдар,бақа екен.

Педагог балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

-Бақа,бақа балпақ

Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ,

-Бақа,бақа,балпақ,

Бұтың неге талпақ?

-Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

-Өте жақсы айттыңдар,балалар,таныс емес қай дыбыс?

Дұрыс Б дыбысы екен.



ІІ.Негізгі бөлім

1.Педагог балаларға балықты,бұғыны,балапанды,баланы,бағдаршамды,қобызды, бұршақты және арбаны көрсетеді.Балалар педагог көрсеткен заттардың атын атайды.

-Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?

-Балық деген сөзде б дыбысы бар ма?

-Өте дұрыс бұл сөзде б дыбысы басында естіліп тұр.

-Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тигенін айтады.

-Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме екен?

-Жоқ,б дыбысын созып айтуға келмейді.

-Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен?Дауысты ма,әлде дауыссыз дыбыс па?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай текшемен белгілейміз?Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу.

-Балапан деген сөзді буынға бөлейік. Ба-ла-пан.

-Олай болса балапан сөзінде неше буын бар екен?

-Бала сөзін де тура осылай буынға бөлейік. Ба-ла.

-Олай болса б дыбысы сөздің басында,ортасында және соңында кездеседі екен.

-Міне,балалар,біз бүгін сендермен жаңа дыбыс,яғни дауыссыз б дыбысымен таныстық.



Дәптермен жұмыс.

а)Бөрік,барабан сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында келетін сөздер ойлатады.Дәптердегі буындарды сөздерді құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.



ә)Жазу жұмысы.

Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.Тор көздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.Тор көзді санап,суретті қайталап салады.Тор көздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды.Сөйлем құрайды.

б)Педагог тақтаға б-ның бас әрпі мен кіші әрпін жазып көрсетеді.

Балаларға ауада екі-үш рет жаздырады.Дәптерге б әріпін үлгі бойынша жазады.



Сергіту сәтін өткізу.

Бала-бала,балақан,

Кәне,қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балаларға б дыбысына сөз құратқызу.Мысалы,бесік,бор,бағдаршам,балмұздақ,балға, балта,т.б.



Б дыбысынан басталатын балалардың аттарын атату.Мысалы,Бек,Болат,Батырхан, Махаббат,Ақбота,т.б.

ІІІ.Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.
Каталог: uploads -> doc -> 02fe
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
02fe -> Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет