Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама



жүктеу 0.96 Mb.
бет6/6
Дата04.03.2018
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6

4. Отбасы, этнопедагогика тәрбиесі

7-12.09 аралығында отбасы күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларды мектеп психологі ұйымдастырды. Отбасы күні мерекесі 2 бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімде бастауыш сыныптар оқушыларының ата-аналарымен ұйымдастырылды. Бұл мерекеде ата-аналар балаларымен бірге топтарға бөлініп, ойын сабаққа қатысты. Отбасы Ахметовтар отбасы 4-сынып оқушысы Дариғаның ата-аналары, 1-сыныптан Айткеновтар отбасы, 2-сыныптан Бейсеновтар отбасы, 3-сыныптан Есентаевтар отбасы қатысты. Ойын –сабақ бірінші отбасылардың танысуынан басталды, әр топ өз отбасымүшелерін таныстырлы. Таныстыру әртүрлі формада тақпақ түрінде, қара сөзбен таныстыру, өлең шумақтарымен және сурет түрінде берілді.

Екінші топтық жұмыс менің отбасым құндылықтары болды. Әр отбасы өздері туралы суреттер салып, қорғады. Үшіншіден қызықты сұрақ-жауап тар үақыты болды. Әр отбасы өздеріне тиеселі сұрақтарға ойлана отырып жауап берді. Отбасы күні өте қыхықты және мазмұнды өтті.


14.10 «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысы коучинг түрінде топтарға бөлінді.

Әр топқа тапсырма беріледі: - ұстаз тобы - сынып жетекшінің міндеті, әке тобы - ата-ананың міндетті, ана тобы - бірлесіп жасалатын жұмыс түрлері, бала тобы - мектепке қандай ұсыныс бар – туралы постерге модельдерін салды. Сол моделдер арқылы мектептің қазіргі уақыттағы мәселелері, ата-анамлдар мен мектеп арасындағы қатынас, ата-анамен бала арасындағы қатынастар туралы әңгіме етіліп, өмірден мысалдар алынды. Ата-аналар өз ойларын ортаға іркілмей салып, ашық әңгімеге тартылды. Соңынан ата-аналар осы коучингтен алған әсерлерімен бөлісіп, рефлексия жазды.


5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

20.09. 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп үлескісіндегі өскен дақылдарды жинау жұмыстары атқарылды. Биылғы жылы мектеп үлескісінде щыққан картоп, қызылша, сәбіз өнімдерін жинап асханаға өткізілді.Оқушылармен бұл жұмысты биология пән мұғалімі ұйымдастырып, сыныптан тыс оқушыларды қоғамдық жұмысқа араластырды.

24.10. «Күз ханшайымы» атты мектепішілік іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараға 5-10-сынып оқушылары қатысты. Алдын ала дайындалған бағдарламаға бойынша қатысушы әр сыныптан күз ханшайымы таңдалып сынаққа түсуі керек. Және олар тек қана қатысып қоймай, бағдарлама бойынша өздерін таныстыру, өз өнерлері, білімдерін сынаққа түсәру керек болды. Күз ханшайымына 5-сыныптан Мұрат Ажар, 6-сыныптан Жеңіс Ризагүл,7-сыныптан Жанбек Ұлболсын, 8-сыныптан Балтабай Перизат, 9-сыныптан Балтабай Назира қатысты. Өз бақтарын сынау барысында «Күз ханшайымы» номинациясына лайық деп 5-сынып Оқушысы Мұрат оқ бойы озып шығып, ие болды.Күз ханшайымы кеші өте қызықты, мазмұнды өтті. Ұйымдастырушылар «Шұғыла» БҰ белсенділері жауааты болды.

18.11. « Мен мамандықты таңдаймын» атты 9-11 сынып оқушыларының арасында тренинг болып өтті. Бұл тренингте оқушы балаларға болашақта қандай мамандық иесі болуға болатыны жөнінде бағдар, бағыттар берілді.

Елімізде орналасқан көптеген жоғарғы оқу орындарымен арнайы орта білім беретін мекемелермен танысып, олардан қандай мамандық алып шығуға болтыны жайлы мәліметтер берілді.

8.12. Оқушылардың кәсіби қызығушылығымен бейімділігі тақырыбында әңгіме сағаты 8-11 сынып оқушыларының арасында болды. Бұл әңгіме сағатында психолог тестер алу барысында қай оқушының қандай мамандыққа бейім екендігі анықталып, сол мамандықтар туралы мәліметтер беріллі.



6. Полимәдениеттілік пен толеранттық тәрбиесі

5-7 сыныптар арасында 7-12.09 аралығында «Мен және менің отбасыммен бірге» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне Бижанов М.Ө. жауапты болды. Орта буын оқушылары өз отбасы мүшелірі және әртүрлі қызықты сәттерді бейнелеу барысында өз отбастарына деген сүіспеншіліктерін және ата-анамен байланыстарын жетілдіре түсткені байқалды.

28.11 «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» 1-4 сынып оқушыларының арасында әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Әңгіме сағатының барысында бастауыш сынып оқушыларының арасында үлкенге ілтифат көрсету, құрметтеу, кішіге қамқор болу, қорған болу барысындағы әңгімелер айтыла отырылып, әртүрлі тәрбиелік мәні бар мәтіндерден үзінділер келтіре отырып, оқушылардың пікірлерімен бөлісіп жұмыстар атқарды.




    1. «Тұңғыш президент-ел мақтанышы» тақырыбында суретте сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста оқушылар елбасына деген құрметтерін сурет арқылы бере отырып, өз елдерінің, көркейіп келе жатқан Астана қаласының ғимараттарын салып, өз өнерлерін көрсетті.



7. Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие

25.09 «Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында 5-9-сыныптар арасында шығармалар сайысы ұйымдастырылды. Бұл шығармада 8-сынып оқушылары Өтежан Алуа, Балтабай Перизаттың, 5-сынып оқушылары Мұрат Ажардың, Сызкен Аружанның шығармалары ерекше аталып өтті.

21-26.12. аралығында бастауыш сыныптар аралығында «Кел Жаңа жыл» атты суреттер сайысы болып өтті.Сайысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты. Суреттердің негізгі мазмұны қыс бейнесі, жаңа жыл мерекесін қарсы алу, аяз ата суреттерін бейнелеу болды. Суреттер сайысын ата-аналар комитетінің мүшелері сараптап әділ бағасын бере отырып І орынға Жайылған Ақарыс (4-сынып оқушысы) ІІ орынға Темірбек Меруерт (3-сынып), ІІІ орынға Кәлжан Ақерке (1-сынып) оқушылары ие болды

12.12 «Қазақтың ұлы ақыны-Абай» тақырыбында әдеби кеш 8-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастылды. Әдеби кеште оқушы балалар Абай өмірімен, оның шығармаларымен таныса отырып, өздерінің білетін шығармаларын, өлең жолдарын ортаға салды. Оқушы балаларға бұл кештің бергені мол болды.


8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты

Мектеп оқушыларымен ұстаздар арасында 8.09 «Денсаулық фестивалі» болып өтті. Бағдарлама бойынша оқушылар 100м,1000м-ге жүгіру және әртүрлі спорттық ойындар, оның ішінде тир ату, футбол ойындары, эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.

Жүгіру барысында бастауыш сыныптар арасында 5-сынып оқушысы Серікбай Расул, Мұратбек Ақарысбірінші орынды иеленді Ал қыздар арасында Мұратбек Гүлден, Сызкен Аружан, Думан Көгершін бірінші орындарды иеленді. Орта буын арасында Серік Ерхан 7-сынып оқушысы иеленсе , қыздар арасында Балтабай Перизат, Серік Гүлім иеленді. Жоғарығы сыныптар арасында бірінші орынды 11-сынып оқушысы Мұрат Тілек, екінші орынды Өтежан Санжар, Үшінші орынды Сейдахан Нұрсұлтан мен Жайылған Бекарыс иеленді. Жарыс соңы эстафеталық ойындармен жалғасты. Соңынан оқушылар мектеп спортзалына келіп тирмен ату нысанаға дәл тигізту жарысын өткізді. Құралайды көзге атқан мерген Серік Ерхан ерекше көзге түсіп, марапатталды.

Оқушылар соңынан екі командаға бөлініп, футбол ойынын ойнады.





27.10 «Нашақорлыққа жол жоқ» атты» 8-9 сыныптар арасында ашық әңгіме сағаты болып өтті. Оқушылар бұл әңгіме барысында нашақорлықтың адам ағзасына әкелер зияны туралы, зиянды әдеттерден аулақ жүру туралы сілтемелер алды. Сонымен қатар нашақор адамның ағзасындағы аурулар олардан жұғатын жұғатын аурулар туралы мектеп медбикесі Абжанова Р.Т. айтып, оқушыларға көптеген мәліметтер берді.


28.10 Мектепте «Жаз-2016» спорттық ойындар шахматтан, тоғызқұмалақтан, теннистен аймақтық сайыс болды. Оған Көрші елді мектептер, Коктерек НМ,Қызылегіс НМ, Кішітүкті НМ оқушылары қатысып, шахматтан Қызылегіс мектебі, теннистен Ортағаш мектебі бірінші орындарға ие болып аудандық жарысқа жолдама алды.

Қараша айының басынан бастап жоспарбойынша Ортағаш орта мектебінде АИТВ және ЖИТС-ң алдын алу айлығының жоспары құрылып, өз жұмысын бастады.

Жоспар бойынша ай бойына сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» атты сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, ағзаның дұрыс демалуы және жеке бас гигиеналарын сақтауды әдетке айналдыру туралы әңгімеле сағаттары болып өттті. Оқушыларға бұл тәрбие өте пайдалы және ұтымды болды.

Жоғары сыныптар оқушылар арсында «Зиянды әдеттен аулақ бол» атты шығармалар сайысы өтті. Бұл шығармада 8- сынып оқушысы Өтежан Алуаның шығармасы өте жақсы деп танылды.

9-11 сынып оқушылар арасында «Тағдырың өз қолыңда» атты ойын сабағы өткізілді. ОЙын сабақта оқушылар топтарға бөлініп, бірінші «Тағдыр» деген сөзге өз ойларын айтты. Оқушылар өз ойларын толық айтты. Келесі тапсырма әр бала өз тағдырына қандай өзгерістер енгізе алады, ол үшін олар қандай өмір таңдауы керек деген ойларды бөлісті. Оқушыларға уланған өмірлер, есірткіге салынған адамдардың тағдыры туралы бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар үшін бұл айлықтың маңызы өте зор.





І жарты жылдық оқу қорытындысы.

2016- 2017 оқу жылы

Мектепте І ж/ жылдықтың аяқталуына байланысты 2-11 сыныптар арасында 53 оқушы аттестацияланды. Аттестацияланбай қалған оқушылар жоқ. 53 оқушының барлығы дерлік оқу барысында үлгерушілер қатарын құрайды. І ж/ жылдық қорытындысы бойынша оқу сапасы – 67,9 пайызды құрайды.

Бастауыш сыныптар бойынша 1 сынгыпты қоспағанда 15 оқушы оқу бағдарламасын толық көлемде меңгерді. Оқу сапасы- 86,6 пайызға тең . Тоқсан қорытындысы барысында

,, үздік,, оқушы саны-1

,, екпінділер,, - 12

,,үлгеретіндер,,- 2.

Орта буын бойынша 5- 9 сыныптар аралығында 31 оқушы оқу бағдарламасын толық көлемде меңгерді. Оқу сапасы 61,2 пайызды құрайды.



,, үздік,, оқушы саны-2

,, екпінділер,, -17

,, үлгеретіндер,, - 12

Жоғары сыныптар бойынша 10-11 сыныптардың 7 оқушысы оқу бағдарламасын толығымен меңгеріп, аттестацияланды. Оқу сапасы-57,1 пайызды құрайды.

,, үздік,,-0

,, екпінді,,-4 ,, үлгеретіндер,,-3

Жалпы мектеп бойынша ,, үздіктер,, саны-3

,, екпінділер,, -33

,, үлгеретіндер,,- 17

Жалпы оқу сапасы- 67,9%

100 пайыз оқу сапасын көрсеткен 3,4сыныптар.

Сынып жетекшісі Нұрқанова Ш.Б, Жайылғанова Г.Қ.

Орта буында ең аз пайыздық көрсеткішпен аяқтаған- 10 сынып. С/ ж-



Жүсіпбекова Ш.Р.

Оқу қорытындысы педагогикалық отырыста тыңдалып, қаралды. Олқылықтырға байланысты арнайы үкім шығарылып, ІІІ тоқсан барысында жақсы нәтижелерге жету жолдары қаралды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет