Дәрістік сабақтар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және оны тану жолдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдарымен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттірі, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері - Ы.Алтынсарин, Л.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев т.б. еңбектерінің маңызы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев, Н.Оралбаева, Б.Кәтембаева, Б.Құлмағамбетова, М.Дүйсебаева, Ә.Исабаев, С.Қазыбаев т.б. ғалымдар еңбектерінің орны.
Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі ретінде. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінін ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.
Қазақ тілін оқытудың эмпирикалық және теориялық деңгейлері және олардың өзара сәйкестіктерін сақтау мәселесі. Қазақ тілі заңдылықтарын оқушының ойлауы мен тілін дамыту бағытында оқытылуының заңдылықтары.
Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Ереже мен оның құрылымы.
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мен дағдылар. Эмпирикалық әдістер мен тсориялық әдістерді қолдану дағдылары.
Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.
Оқушылардың жазба және ауызша тілі дамуындағы қазақ тілінің және барлық пәндердің алатын орны. Оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығына қойылатын бір/й талаптар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымына негізделетіңдігі. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік-құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Бұлардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу т.б.) Дидактакалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Қазақ тілін оқыту әдістері. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер. Топтастырылған ұғым жасауға үйрету әдістері. Тіл бірліктерінің ерекшеліктерін жалғастыра тану, негізгі белгілерін анықтау, дәлелдеу, форма мен мазмұнын байланыстылығын таньпу әдістері: формадан-мазмұға және мазмұннан-формаға қарай жүру әдістерінің маңызы. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таньпу әдістері.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүгізу ерекшеліктері: факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
Қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдарламасымен байланыстылығы.
Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы және олардағы теориялық және практикалық материалдың берілуінде сәйкестігінің сақталуы. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері. Теориялық материалдарының берілу логикасы. Лингвистикалық теориялық материалды оқу мақсатын сипаттаудың лингводидактикалық негіздері. Жаттығу мен түрлері; олоқулықтарда орналастыру желісі.
Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу- әдістемелік кешен және құрылымы. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа әдістемелік қосымша құралдар; мұғалімге арналған әдістемелік құрал диктанттар мен мазмұндамалар жинағы; тест жинағы; тіл теориясы оқушыларға арналған хрестоматиялар; түрлі сөздіктер; дидактикалық картинкалар кеспе қағаздар жинағы; қызықты грамматика материалдары; лингвистикалық танымдық есептер жинағы; сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырма жинағы т.б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикаға берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдер. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетиканы оқытумен байланысты орфоэпиялық және орфографиялық сөздік жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Фонетикалық диктанттар.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКЕСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінің жүйесінің құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және ара деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Берілген білім мазмұнының көлемі мен минимумы. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырулы тиіс машық-дағдылар.
ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны мектеп барысында ұлттық дүниетанымын ерекшеліктерін таныту.
Фразеологияның жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары. Фразеологияны оқьпуда көрнекі құралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен танымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Грамматиканы оқыту әдістемесі.Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқылатын грамматакалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістері. Грамматикадан берілетін эмпирикалық және теориялық білім мазмұны көлемін анықтау. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық, талдау ережелерін оқушыларға меңгерту әдістемесі. Оқушылардың әртүрлі іскерлік дағдыларын қалыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып-үйренудің аса зор роль атқаратындығы.Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері. Талдаудың түрі. Грамматикалық терминдер. Сұрақтар туралы мәселе.
МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Морфология - грамматика жүйесінің бір бөлігі екендігі. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық маңызы. Морфологияның жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің табиғатын терең қамтитын сала екендігі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы кемшіліктері мол екендігі, тілдік фактлердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор. Морфологияны теориялық деңгейде оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.Морфологияны оқытудың практикалық маңызы қазақ әдеби тілінің ұғымдарын оқушыларға меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес ұғымдарды меңгерту арқылы оқушының тілін байыту мүмкімдігімен басталады, сауатты жазудың ережелерін меңгертудің негізі болып табылады. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқьпудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.
СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтиксисі. Сойлем синтаксисінің құраушылары - жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.
Мектепте оқылатын синтакистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімділік пен лексикалық тіркесімдік ұғымы. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік таллау және оны жүргізу логикасы. Синтаксис тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары
СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөз тіркесінін коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінін сыртқы белгілерін менгерту – сөз тіркесінен эмпирикалық білім беру сатысы екендігі. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесінін байланысу тәсілдері, байланысу түрлері. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінле таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу-әдістемелік құралдар жүйесі.
ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемды оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
А. Байтұрсынұлы жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А. Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі.Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі.Құрмалас сөйлемнің құрылымдық- мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мәтінді оқыту әдістемесі.Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту.Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі.
Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланыс жолдары.
ОРФОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орфографияны оқытудың ғылыми – практикалық маңызы, міндеттері ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдісі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын колдану әдістері.
ПУНКТУАЦИЯНЫ МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдылардың қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамыту әдістемесі.Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарын мазмұндық- құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту – оқушылардың ойлауын дамытуда тығыз байланысты екендігі.
Тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту,оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі.
Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері жүйесі. Мазмұнмен шығарма жазу әдістемелері.Оқушылардың тілдік қарым – қатынас жасауда сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы.
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы. Осы бағытта жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөй ұғымдарын талдау. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стистикалык ұғымдар жүйесі және оларды меңгерту әдістемесі. Стилитикалык жаттығулар. Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру. Стильдік қате және оларды болдырмау жолдары.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» кітаптарын талдау. Т.Шонанұлының әдісмелік мұрасымен танысу . С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдау.
С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау. Қ.Жұбановтң әдістемелік еңбектерін талдау. Басымовтың әдістемелік мұрасын талдау. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасын талдау. С.Жиенбаевтың әдістемелік мұрасын талдау.
Қазақ тілінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мем түрлері. Қазақ тілі бағдарламаларының даму жолдары. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.
Қазақ тілі оқулықтары. Оқулық теориясы. Қазақ тілі оқулықтарының даму жанры. Оқулықтың ішкі құрылымдық - жүйелік мазмұнына талдау жасау. Жаңа буын оқулықтырмен танысу.
Оқу-әдістемелік кешен. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары. Қосымша оқу кұралдары және олардың қолданылу жолдары. Дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кеспе қағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.
Қазақ тілі сабақтары. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ сабақтарының құрылымы. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
Диктант жүргізу. Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар. Диктантты жүргізу әдістемесі. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.
Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау. Жинақтай қайталау. Күнделікті қайталау. Теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс-тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінен үйірме ұйымдастырудың маңызы. Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі.
|