Оқу курстарының каталогы «Әлеуметтік жұмыс» 050905



жүктеу 2.45 Mb.
бет7/21
Дата13.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Дәрістер: Гендерлік жайлы түсінік, оның объектісі, негізгі әдіснамалық гендер аспектісі. Гендердің әдіснамалық теориясы. Әйелдердің қоғамдағы орны. Функционализм және дифференция теориясында жыныстық ролі. Гендер теориясы және гендерлік зерттеудің классикалық және бүгінгі күнгі ғылыми теориялық концепцияларының қалыптасу ерекшеліктері. Маскулендік және феминистік стереотипі. Феминология. Әйел және экономика. Әйел және саясат. Әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік статусы, орны. Әйел саясат пен мемлекеттік басқаруда. Гендерлік теңдікті қолдау. Гендерлік тәрбие нысанасы. Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясында әйел қызметі. Алты ғасыр бұрын өмір сүрген ғазиз аналарымыз – Домалақ ана.

Практикалық сабақтар: Гендерлік жайлы түсінік. Гендердің әдіснамалық теориясы. Әйелдердің қоғамдағы орны. Гендер теориясы және гендерлік зерттеудің классикалық және бүгінгі күнгі ғылыми теориялық концепцияларының қалыптасу ерекшеліктері. Маскулендік және феминистік стереотипі. Феминология. Әйел және экономика. Әйел және саясат. Әйел саясат пен мемлекеттік басқаруда. Гендерлік теңдікті қолдау. Гендерлік тәрбие нысанасы. Отбасы тәрбиесінің ұлттық психологиясындаәйел қызметі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер «Әйелдер мүддесін әлеуметтік қорғау» пәнін оқу барысында әйелдер мүддесін әлеуметтік қорғау, әйелдердің құқықтары, міндеттері, құқық қорғау органдарының қызметі және т.б. туралы білімдері қалыптасады. Білім деңгейі апта сайын кіріспе және аралық бақылау арқылы, қорытынды білім деңгейі жазбаша емтихан арқылы тексеріледі.

Пәннің аталуы

Жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі

Қысқартылған аталуы:

ЖМӘҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Саиткасимханова Д.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі:

Кәсіби пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқыту түрі / академиялық сағаттар саны

Дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, ОСӨЖ 45-сағат, СӨЖ – 45 сағат

Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері:

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтік педагогика, Балалық шақты әлеуметтік қорғау,Әлеуметтік психология т.б.

Білім берудің мақсаттары / құзіреттілігі

«Жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі» пәнiнiң мақсаты студенттердің азаматтық мәдени жетістіктерін білуіне, мүгедектердің және жас мүгедектердің қазіргі мәдени өмірде өзекті мәселесі жан-жақты заңдылықтарын түсініп, танып білуге бағдар беру, келешек әлеуметтік жұмыс мамандық иелеріне гендерлік аспектілерін терең түсінуге, олардың өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге қатысты дағдыларын қалыптастырады.

Мазмұны:

Дәрістер: Мүгедектенудің (инвалидизация) ғылыми концепциялары. Аномальды мүгедектердің түрі. Аномальды мүгедек түсініктемесі. Мінез-құлқы бұзылған балалар. Психикалық мүгедек балалар. Мүгедектікті анықтайтын мекемелер. Мүгедектерге берілетін жеңілдіктермен артықшылықтар. Тұрғын үй мен коммуналдық қызмет саласында берілетін жеңілдіктер. Мүгедектерді арнайы транспорт түрлері мен жабдықтыру. Мүгедектіктің алдын алу, әлеуметтік сауықтыру. Мүгедектердің білім алуы және кәсіптік даярлықтан өту. Әлеуметтік қызметкердің мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қызметі. Мүгедектігі бойынша берілетін әлеуметтік жәрдемақылар.

Практикалық сабақ. Қоршаған тұрмыстық орта ұғымы. “Стационарлық емес жағдайдағы жеке бейімделу” түсінігі. Мүгедектердің өмір сүруіне қажетті қосалқы бейімдеу құралдарды Мүгедектерді қоршаған ғимараттық -құрылыстық орталар. Құрылыстық ғимараттық орта түсінігі. Мүгедектерді қорғаудағы құрылыстық ғимараттарға заңдық нормативтік құжаттар. Жол жиегі мен жол асты көпірлеріндегі мүгедектерге қажетті жағдайлар. Мүгедектер мен оны қоршаған ортаның әлеуметтік психология ерекшеліктері. Мүгедектердің психологиялық проблемалары. Қоғам мен мүгедектер арасындағы өзара кедергі келтіретін психологиялық интеграциялар, оның себептері. Мүгедектердің өзіне тән психологиялық ерекшеліктері. Мүгедектік және оларға білім беру мен өндірістік орталары. Мүгедектерге арналған білім беру мекемелерді жабдықтау ерекшеліктері. Мүгедектерге білім беру мекемелерінің ауласындағы қозғалысты жеңілдету.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер «Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс» пәнін оқу барысында мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүгедек балалардың құқықтары, міндеттері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі және т.б. туралы білімдері қалыптасады. Білім деңгейі апта сайын кіріспе және аралық бақылау арқылы, қорытынды білім деңгейі жазбаша емтихан арқылы тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет