ОқУ Үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы туралы ереже



жүктеу 62.76 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі62.76 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті





ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Орал, 2014




Бет.: 5-тің 2-сі
АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:


  1. Дайындаған: 02.09.2012 Латыпова Р.Х.

2. 01.09.2012 ж. құжаттың орнына енгізілді

  1. Енгізілген күні: 09.09.2013

  2. Қайта қарау күні: 09.09.2016

5. Өзгертулер:




Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5











Бет: 5-тің 3-сі


Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер


Бет: 5-тің 4-сі
1 МАҚСАТЫ

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы туралы осы Ереже оның ұйымдық құрылымын, мақсаттарын, қызметтік міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіту мақсатында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша-БҚМУ) бөлімі туралы Ережеге және мамандардың қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес дайындалды.


2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1 Осы ереже БҚМУ оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығының жетекшісі мен қызметкерлері үшін жарамды.



3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3.1 Осы ережеде қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандарттарына сәйкес келеді.

3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.
4 Жауапкершілік және өкілеттілік

4.1 Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы мына жұмыстардың уақытылы орындалуына жауап береді:

4.1.1 кафедралар және факультет деканаттарымен, академиялық мәселелер жөніндегі Департамент, Болон процессі орталығымен, ЖОО-нан кейінгі дайындық бөлімімен бірге оқу үрдісін жоспарлауға және үйлестіруге;

4.1.2 кафедралардың мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларын құрастыруына бақылау жасауға;

4.1.3 университет пен оның бөлімшелерінің оқу қызметіне тиісті талдау жасау үшін факультет деканаттарымен, кафедралармен, Болон процессі орталығымен, академиялық мәселелер жөніндегі Департаментпен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірге мәліметтерді ұсынуға;

4.1.4 МЖМБС сәйкес апталық жүктеме нормасын сақтап, оқу сабақтарының түрлері және оқу деңгейі бойынша кестелерін құрастыруға және бекітуге, сонымен қатар күндізгі оқу түрінің емтихан сессиясының кестесін құрастыруға және бекітуге;

4.1.5 ПОҚ тарапынан оқу сабақтарының, емтихандардың кестеге сәйкес өткізуіне бақылау жүргізуге;

4.1.6 ПОҚ мен кафедралардың оқу жүктемелері есебінің (айлық, жартыжылдық, жылдық) орындалуына қорытынды жасауға;

4.1.7 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша тестілік тапсырмалардың базасын жасауға;

4.1.8 емтихан сессияларын ұйымдастыруға және өткізуге;

4.1.9 кафедраларда, факультеттерде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға және бақылау жасауға;

4.1.10 элективті пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын және бакалавриаттағы күндізгі оқу түрі мен магистратурадағы пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің университет бойынша мәліметтер базасын құрастыруға;

4.1.11 оқу және оқу-әдістемелік басылымдардың жоспарын құрастыруға және олардың басылып шығуына бақылау жасауға;

4.1.12 университет ПОҚ арасында инновациялық технологияларды енгізу бойынша байқауды ұйымдастыру мен өткізуге;

4.1.13 пәндер бойынша бейне материалдардың кестесін құрастыру мен түсірілімдерді қадағалауға;



Бет: 5-тің 5-сі
4.1.14 университеттің оқу-әдістемелік Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарының ұйымдастырылуын бақылауға;

4.1.15 орталық жоспарына сәйкес университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру мен өткізуге;

4.1.16 кафедралармен бірлесіп біріккен білім беру бағдарламаларын дайындауға және жетілдіруге;

4.1.17 кафедралармен бірлесіп модульдік білім беру бағдарламалары мен көп тілді білім беру бойынша оқытудың кредиттік технологиясын жетілдіруге;

4.1.18 кафедралармен және Болон процессі орталығымен бірлесіп қосдипломды білім берудің бағдарламасын дайындауға;

4.1.19 университеттің сапа саласындағы саясатын жүзеге асыру барысына қатысуға.


4.2 Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығының өкілеттілігі, орталыққа жүктелген міндеттерді және БҚМУ туралы Ереженің талаптарын есепке ала отырып, жетекші жүзеге асырады.

5 Сипатталуы

5.1 Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорға бағынады.

5.2 Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамасын, ҚР білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарын, СМЖ әдістемелік нұсқауларын және БҚМУ туралы Ережені, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

5.3 Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығын оның БҚМУ ректоры қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын жетекшісі басқарады

5.4 Орталық жетекшісі болмаған кезінде оның орнына бөлімнің аға сарапшысы жұмыс жасайды.

5.5 Орталық мамандарын (әдіскерлер) БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.6 Орталық жетекшісі мен мамандардың міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі БҚМУ ректоры бекіткен қызметтік нұсқауларымен реттеледі.


6 ЖАЗБАЛАР

-


7 Дәйектемелер

7.1 БҚМУ туралы Ереже.

Келісілді

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі


____________ А.С.Тасмағамбетов

02.09.2014 ж.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет