Қазақстан құрамасының боксшылары Ерасыл Таңқай мен Оразбек Асылқұлов Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогіндегі" алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: olympic.kz

Кіші әлем чемпионатына теңелетін Болгарияда турнирде боксшыларымыз жеңісті жолын жалғастырып жатыр. 57 келіде жұдырықтасатын Оразбек Асылқұлов алғашқы айналымда украиналық боксшы Владислав Стасты сан соқтырса, 63,5 келіде Ерасыл Таңқай жергілікті спортшы Красимир Джуровты айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін 4 боксшымыз Болгариядағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өткен еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.