Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері



жүктеу 100.3 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі100.3 Kb.
түріОқулық

3Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеу. Қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектілердің атын өзгерту. Операцияны болдырмау. Себет. Объектілерді жою және қалпына келтіру.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту , оларды жою мен қалпына келтіру ережелерінмен таныстыру.

2. Оқушылардың объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерін,

объектілердің атын өзгерту ережелерін, Windows 98 Себетінің

арналуын білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, баяндап көрсету

Білім – білікке

қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:

- объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерін;

- объектілердің атын өзгерту ережелерін;

- операцияларды болдырмау тәсілдерін;

- Windows 98 Себетінің арналуын;

- объектілерді жою және қалпына келтіру

ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

- объектілерді жылжыту мен көшіруді;

- файлдардың, қапшықтардың және таңбшалардың аттарын өзгертуді;

- операцияларды болдырмауды;

- объектілерді жоюды;

- жойылған объектілерді қалпына келтіруді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Қапшықтарды, файлдарды және таңбашаларды

жылжыту және көшіру.

Объектілерді көшіру.

Белгіленген объектіні басқа қапшыққа немесе алмасу буферіне көшіруге болады. Бұл жағдайда алғашқы объект өзгермейді , ал басқа қапшықта объектінің дәл көшірмесі жасалады. Объектіні тура сондай типті, сондай аты бар объекті орналасқан қапшыққа көшіруге болмайды.


Көшірудің негізгі үш тәсілі:

- белгіленген объектіні алмасу буферіне көшіру (Правка немесе контексті меню), мақсатты қапшықтың терезесін ашу және онда объектіні кірістіру ( Правка немесе қапшықтың терезесінің контексті менюі ) ;

- Ctrl пернесін басып отырып, маустың сол жақ батырмасын басып жібермей отырып объектінің белгішесін алғашқы қапшықтың терезесінен мақсатты қапшықтың терезесінен мақсатты қапшықтың терезесіне апару;

- белгіленген объектіні сәйкес Файл командасының немесе объектінің контексті менюдің көмегімен дискетке жіберу.


Объектілерді жылжыту.

Жылжытқанда жүйеде жаңа объект пайда болмайды: объект не жаңа орынға көшіріледі немесе мекен- жайын өзгертеді. Алмасу буферінің көмегімен жылжытқанда Копировать командасының орнына Вырезать командасы қолданылады.

Сол жақ батырмасы басылған мауспен жылжытқанда Ctrl пернесін басудың қажеті жоқ.

3.5.1. Тапсырма. Мына суреттердің бірінде объектіні көшіру , ал екіншісінде жылжыту шартпен белнеленген. Бейнеленген әрекетті атап жаз.


Көшіру




Орын

ауыстыру


3.5.2 және 3.5.3 тапсырмалары мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалады. Тапсырманы орында нәтижесінде оқушыларWindows 98 жүйесінде объектілермен орындалатын әр түрлі объектілер үшін жалпы тәсілдер бар екенін білуі керек. Барлық әрекеттерді оқушылармен бірге компьютерде орындап шығу керек және олардың өздеріне өз бетімен орындауға мүмкіндік беру керек.
3.5.2. Тапсырма. Маустың оң жақ батырмасының көмегімен объектіні қалай көшіруге, жылжытуға немесе жаңа таңбаша жасауға болады?


  • Маус нұсқағышын объектіге орнатыңдар.

  • Маустың оң жақ батырмасын басып, оны апарыңдар

  • Объектіні қажет орынға жеткізгенде маустың

батырмасын жіберіңдер.





Көшіру Жылжыту Таңбаша

жасау

3.5.3 Тапсырма. Маустың сол жақ батырмасының көмегімен объектіні қалай көшіруге, жылжытуға және жаңа таңбаша жасауға болады?


  • Маус нұсқағышын объектіге орнатыңдар

  • Маустың сол жақ батырмасын басып, оны

апарыңдар.

  • Объектіні қажет орынға жеткізгенде, маустың

батырмасын жіберіңдер





.



. Ctrl Көшіру Shift Жылжыту Ctrl+Shift

таңбаша жасау
Меню командалары арқылы объектіні жылжыту

және көшіру.
3.5.4. Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданылады.


  • Алмасу буфері – бұл орны ауыстырылатын ақпаратты сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

  • Алмасу буферінде ақпарат ұзақ уақыт сақтала алады ма?

Алмасу буферіндегі ақпарат сендер компьютерді өшіргенше немесе сендер онда ақпараттың басқа бөлігін жібергенше сақталады.

  • Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет кірістіруге болады?

Алмасу буферіндегі ақпаратты көп рет кірістіруге болады.
3.5.5. Тапсырма. Көрсетілген әрекеттерді толықтыр.





3.5.6. Тапсырма. Пернетақтаның көмегімен Көшіру, Қиып алу, Кірістіру командаларын қалай шақыруға болады?

Пернетақтаның көмегімен команданы шақыру

Көшіру Ctrl+ C

Қиып алу Ctrl+X

Кірістіру Ctrl+V


3.5.7. Тапсырма. Объектіні жылжыту мен Көшіру әрекеттерінің ретін көрсет. Айырмашылықты әрекеттерді түспен белгіле.

Тапсырманы оқулықпен өзіндік жұмыс істегенде немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін пайдалануға болады.


Объектіні жылжыту

Объектіні көшіру

1. Объектіні маустың

көмегімен көрсет



1.Объектіні маустың

көмегімен белгіле.



2. Правка- вырезать

(Түзету – Қиып алу)

Командасын орындаңдар.


2. Правка – копировать

( Түзету – көшіру )

командасын орындаңдар.


3. Қабылдаушы қапшықты

ашыңдар.


3. Қабылдаушы қапшықты

ашыңдар.


4. Правка – вставить

( Түзету – кірістіру )

командасын орындаңдар.


4. Правка – вставить

( Түзету – кірістіру )

командасын орындаңдар.



Қапшықтың, файлдың немесе таңбашаның

атын өзгерту.
Объектінің атын өзгерту.

Белгіленген объектінің атын өзгерту үшін сәйкес Файл немесе контексті меню командасын пайдалануға болады.

Объектіні белгілеп, мауспен объект атында шертуге болады. Нәтижесінде пайда болған меңзер обьектінің жаңа атын тікелей кірістіруге мүмкіндік береді.

1. Қапшық белгішесінде маустың оң жақ батырмасын басу- контексті меню шығады.

2. Переименовать опциясын тандау.

3. Жаңа ат беріп, енгізу пернесін басу.

4.Файл Переименовать командасын қолдануға болады.
3.5.8. Тапсырма. Объектілердің атын өзгерту тәсілдерін жаз.

Тапсырманы оқулықпен өздік жұмыс жасауды немесе тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолдануға болады. Оқушыларға объектілердің атын өзгерту әрекеттерінің әрқайсысын көрсетіп және оның өз бетімен орындауына мүмкіндік беру керек.
1-тәсіл: Объектінің белгішесінде маустың оң жақ батырмасымен шертіп, Переименовать командасын таңдаңдар да, пернетақтадан жаңа ат енгізіңдер.

2-тәсіл: Объектіде маустың сол жақ батырмасымен бір рет шертіңдер де, Файл Переименовать командасын орындаңдар, жаңа ат беріңдер.

3-тәсіл: Объектіні белгілеңдер де, оның атауын шертіп, жаңа ат беріңдер немесе бұрынғы атын түзетіңдер.

4-тәсіл: Объектіні белгілеңдер, F2 пернесін басыңдар да, жаңа ат енгізіңдер немесе бұрынғы атын түзетіңдер.
Жылжыту, көшіру, атын өзгерту операцияларын болдырмау
3.5.9. Тапсырма.

Операцияны қалай болдырмауға (орындатпауға) болады?


Тапсырма қызықты түрде берілген, ол бойынша оқушылар, егер олар бір нәрсені қажет емес деп тапса, оны екі әдістің бірін пайдаланып түзетуге болатынын түсінулері керек.


  1. Правка Отменить (Түзету - орындатпау) командасын орындаңдар.

  2. Құрал-саймандар тақтасындағы Отменить (Орындатпау) батырмасын шертіңдер.


Қапшықтарда, файлдарды және таңбашаларды жою.
Себет (Корзина)

Себет – бұл өшірілген объектілер (қапшықтар, файлдар, таңбашалар) уақытша сақталатын арнайы қапшық. Себет терезесін ашып, объектіні бұрынғы немесе жаңа орынға қалпына келтіруге болады. Себеттегі объектілердің бәрін немесе ішінара жойып, оны толық немесе жартылай тазартуға болады.


Объектілерді жою.

Белгіленген объектіні жою үшін, сәйкес Файл немесе контексті меню командасын қолдануға болады.

Жай ғана {Del} пернесін басуға да болады.

Сондай-ақ өшіретін объектіні Себетке орналастыруға болады.


3.5.10. Тапсырма. Объектіні жою тәсілдерін жаз.

Тапсырма оқулықпен өзіндік жұмыс барысында орындалады немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады. Оқушыларға объектінің атын өзгертудің әрбір әдісін көрсету және өз бетімен орындауға мүмкіндік беру керек.
1-тәсіл: Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу.

2-тәсіл: Объектіде маустың оң жақ батырмасымен шерту және контексті менюде Удалить командасын таңдау.

3-тәсіл: Объектіні белгілеу және Файл – удалить командасын орындау.

4-тәсіл: Объектіні белгілеу, оларды Жұмыс үстелінде орналасқан Себет белгішесіне апару.
Жоюды қалай орындатпайға болады?

Правка Отменить (Түзету - Болдырмау) командасын орындау.
Жойылған қапшықтарды, Файлдарды және таңбашаларды қалпына келтіру
3.5.11.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты меңгеруін тексеру үшін ұсынылады.


Сұрақ

Жауап

Объектіні СЕБЕТТЕ қанша уақыт сақтауға болады?

СЕБЕТТЕ оны өшіргенше (жойғанша) немесе қалпына келтіргенше сақтауға болады

СЕБЕТТЕГІ объектілерді көру үшін не істеу керек?

СЕБЕТ қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.

СЕБЕТТЕГІ объектіні одан өзі жойылған қапшыққа қалай қайтаруға болады?

Объектіні белгілеп, Файл Восстановить командасын орындау керек.

СЕБЕТТЕГІ объектіні БАСҚА ҚАПШЫҚҚА қалай қалпына келтіруге болады?

Объектіні СЕБЕТ қапшығынан қиып алып, оны керек қапшыққа кірістіру керек.

Дискетадан жойылатын объектілерді СЕБЕТКЕ сала ма?

Дискеттен жойылған объектілер СЕБЕТКЕ салынбайды



Себетті қалай тазартуға болады?
3.5.12.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тақырыпты меңгеруін тексеруге қолайлы тапсырма.

  • Файлдар СЕБЕТТЕН қандай мақсатпен жойылады? Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын босату үшін.

  • Файлды СЕБЕТТЕН қалай жоюға болады? Себетті ашып, файлды белгілеңдер де, Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТЕ бірінен кейін бірі орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады? Бірінші объектіні шертіп, Shift пернесін басыңдар да, соңғы объектіде шертіңдер. Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТЕН әр жерде орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады? Ctrl пернесін басыңдар да, оны жібермей отырып, объектілердің әрқайсысына шертіңдер. Delete-ні басыңдар.

  • СЕБЕТТІҢ ішіндігісінің барлығын қалай бірден жоюға болады? Объектіде маустың оң жақ батырмасымен шертіп, Файл Очистить корзину командасын таңдаңдар.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.1.1, 3.5.2, 3.5.3, 3.5.4, 3.5.5, 3.5.6, 3.5.7, 3.5.8, 3.5.9, 3.5.10, 3.5.11, 3.5.12 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Объектілермен жұмыс істеу. Қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектілердің атын өзгерту. Операцияны болдырмау. Себет. Объектілерді жою және қалпына келтіру.



2)Оқушыларды бағалау
«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша білім тексеру тестін жүргізу ұсынылады.
Каталог: files -> lesson
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Бағдарламаны компакт – дискіден орнату және іске қосу
lesson -> Сабақтың мақсаты: «Менің компьютерім» қапшығының терезесі, «Бағыттауыш»
lesson -> Программалық Оқу есептеуіш техника кешені қамтылуы Оқулық дидактикалық Жұмыс дәптері
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> Дәріс №18 алгоритм жайында түсінік, есеп шығарудың кезеңдері жоспар
lesson -> Дәріс №20 тілдің Қарапайым қҰрылымдарымен жұмыс жоспар Цикл операторлары
lesson -> Лекция по предмету: “Комплекс технических средств”


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет