Оқулық: География: Дүние жүзіне жалпы шолу. Тмд елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы



жүктеу 1.51 Mb.
бет9/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.51 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №41-42

Тақырыбы: Металлургия және машина жасау кешені. Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Металлургия кешеніне тоқталу, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі кешендері туралы білімдерін беру, оларға кешенді сипаттама беру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен, кескін карталарын тексеріп, карта алдына «үлкен жетілік», «Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері» және т.б. елдерді картадан көрсетіңдер деп балаларды бір-бірден шығарады. Одан кейін §33 бойынша географиялық диктант алады.

1. Елдерді даму деңгейі бойынша топтастыруды кімдер жасаған?

2. Бұл топтастыру бойынша мемлекеттер қандай топтарға бөлінеді?

3. Дамыған елдер өз ішінен қандай топшаларға бөлінеді?

4. Дамушы елдердің плантациялық шаруашылық елдері топшасына қандай мемлекеттер кіреді?

5. «Жалға пәтер беруші» елдер қатарына қандай елдер жатады?

6. КСРО құрамында болған елдер қандай топқа жатады?

7. Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе, өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы қандай елдер үшін тән?

8. Мұнай экспорттаушы елдер қатарына қандай елдер жатады?

9. Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия т.б. қандай топқа жатады?

10. ЖІӨ дегеніміз не?


Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін ең алдымен кескін карталарын тексеруге береді, сосынбұл мемлекеттерді картадан көрсетеді және географиялық диктант жазады.

1. Ресей географтары.

2. Дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдері, дамушы елдер деп үш топқа бөлінеді.

3. Жоғары дамыған елдер, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдер, «қоныс аударған капитализм» елдері.

4. Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка.

5. Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама.

6. Өтпелі экономикасы тән елдер.

7. Жаңа индустриялық елдер: Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Бразилия, Мексика, Аргентина.

8. Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла, т.б.

9. Жалға пәтер беруші елдер.

10. Жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны.


ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: Қандай салааралық кешендерді атай аласыңдар?

Бүгін біз өнеркәсіптің негізгі салааралық кешендермен танысатынын айтады, олар металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі. Салааралық кешендерге сипаттама беру жоспары:

1. Кешеннің экономикадағы рөлі мен маңызы

2. Кешеннің салалық құрамы

3. Орналасу факторлары

4. Өндіріс ерекшеліктері

5. Басты аудандары мен орталықтары

6. Отын-шикізат базасы

7. Даму мәселелері мен болашағы

8. Қорытынды

Мұғалім үлгі ретінде металлургия кешеніне сипаттама беруден бастайды.

Жоғарыдағы жоспар бойынша оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды, қосарбеттегі және кітап соңындағы кестелерді, суретттер мен карталарды пайдаланып, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі кешендерге сипаттама беріңдер.



Балалар мұғалімнің сұрағына жауап беріп, салааралық кешеннің анықтамасын айтады. Сосын салааралық кешенге сипаттама беру жоспарын дәптерлеріне жазып алады.

Сосын мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, түсінбеген жерлері болса, сұрайды.

Оқушылар тақырыпты меңгеру мақсатында жоғарыдағы жоспар бойынша оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды, қосарбеттегі және кітап соңындағы кестелерді, суретттер мен карталарды пайдаланып, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі кешендерге сипаттама береді.

Металлургия кешені екі ірі саладан құралады: қара және түсті металлургия.

Қара металлургия өндірістің басқа салаларымен тығыз байланысты.

Негізгі салалары – темір өндірісі, алюминий, мыс өндірісі, сирек кездесетін металдар өндірісі, т.б.

Оның негізгі орналасу факторлары – көмір алаптарына, темір кен орындарын жақын орналасуы, яғни шикізаттық фактор, теңіз порттарына жақын орналасуы, яғни көліктік фактор, экологиялық фактор, энергетикалық фактор (түсіт металлургия үшін), су факторы.


ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Білім көздерін карта, анықтамалық деректерді, қосымша әдебиеттерді, оқулық мәтінін пайдаланып, машина жасау және химия өнеркәсіптерінің ірі жеті орталығын тауып жазыңдар.

2. Атлас карталарын пайдаланып, келесі елдерді анықтаңдар.

Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдер ..........................................................................

Машина жасау өнеркәсібі орташа дамыған елдер ..........................................................................

Машина жасау өнеркәсібі төмен дамыған елдер ..........................................................................

Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдер ..........................................................................

Химия өнеркәсібі орташа дамыған елдер ..........................................................................

Химия өнеркәсібі төмен дамыған елдер ..........................................................................

3. Тапсырма жауаптарын берілген өнеркәсіптердің даму деңгейлерін әр түрлі бояу немесе шартты белгілер арқылы д.ж.кескін картасына түсіріңдер.



Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмаларды орындайды:

1. Білім көздерін карта, анықтамалық деректерді, қосымша әдебиеттерді, оқулық мәтінін пайдаланып, машина жасау және химия өнеркәсіптерінің ірі жеті орталығын тауып жазады:

Машина жасау – Токио, Пекин, Сеул, т.б.(20)

Химия өнеркәсібі – (25)

2. Атлас карталарын пайдаланып, келесі елдерді анықтайды:

Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдер АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Ресей, Еуропа елдері

Машина жасау өнеркәсібі орташа дамыған елдер Қытай, Аустралия, Үндістан, Мексика, Бразилия, Аргентина, Қазақстан, ОАР т.б.

Машина жасау өнеркәсібі төмен дамыған елдер Монғолия, Чили, Колумбия, Венесуэла, Индоназия

Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдер Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Еуропа т.б.

Химия өнеркәсібі орташа дамыған елдер Қытай, Үндістан, Алжир, Бразилия т.б.

Химия өнеркәсібі төмен дамыған елдер Монғолия, Африка елдері, Парагвай, Боливия т.б.

3. Берілген өнеркәсіптердің даму деңгейлерін әр түрлі бояу немесе шартты белгілер арқылы д.ж.кескін картасына түсіреді.



V

Үй жұмысы:

1. §35-36 оқып, мазмұнын айту.

2. Салааралық кешендерге жазбаша түрінде сипаттама беруді аяқтау.

3. Кескін картаға басты мұнай және табиғи газ өндіретін елдерді белгілеп, әр елдің мұнай (көк түспен) және табиғи газ (қызыл түспен) өндіруі бойынша сандық көрсеткішін сызбанұсқа түрінде белгілеңдер.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.



Сабақ: №43-44

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты. Өсімдік шаруашылығының географиясы

Білімділік мақсаты – Ауыл шаруашылығының маңызын ашып көрсету, аграрлық қатынастар мен ауыл шаруашылығының даму бағыттарын анықтап, сипаттама беру. Өсімдік шаруашылығы географиясымен, оның ішінде дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың географиясымен, бақша және жеміс-жидек шаруашылығы географиясымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен, кескін карталарын тексеріп, одан карта алдына мұнай және табиғи газ өндіретін елдерді картадан көрсетіңдер деп балаларды бір-бірден шығарады. Одан кейін салааралық кешендерге берген сипаттамаларын тыңдайды, және келесі сұрақтарды қояды:

1. Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдерді атаңдар.

2. Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдерді атаңдар.


Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін ең алдымен кескін карталарын тексеруге береді, сосын мұнай және табиғи газ өндіретін мемлекеттерді картадан көрсетеді. Одан кейін салааралық кешендерге сипаттамаларды береді және сұрақтарға жауап береді:

1. АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Ресей, Еуропа елдері.

2. Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Еуропа т.б.



ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: Ауыл шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер? Ауыл шаруашылығының интенсивті және экстенсивті даму жолдары туралы не білесіңдер?

Сосын ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді сала екендігін айтады. Ғалымдар ауыл шаруашылығының 50-ге жуық түрін көрсетеді. Д.ж.-де ЭБХ 46% осы салада еңбек етеді. Одан кейін балалардың назарын 22-кестеге аударады. Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Бұны 42-сызбанұсқа көмегімен түсіндіреді.

Бұл сала қандай факторға тәуелді екенін сұрайды. Одан кейін ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастарға қандай қатынастар жататынын сұрайды.

Одан кейін ауыл шаруашылығы өзінің дамуына қарай 3 топқа ажыратылатынын айтады:



1. Дәстүрлі (тұтынушы). Бұл топ екі түрі: 1) Африка, О.Америка, Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау, өсімдіктерді жинау. 2) Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулеріне (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру), С.Еуропа мен Азияның тундра зонасына (бұғы өсіру) тән көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Кейде егіншілік жеке дамиды, м: О-Ш Азия елдері – күріш, Африка – кофе мен жаңғақ, Латын Америка елдері – қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.

2. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық. 3 бағыты бар:

1) егіншілік шаруашылығы (Азиядағы күріш өсіру)

2) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы (Африка, Азия, Латын Америка).

3) көп салалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы (Еуропаның кейбір елдері, Азия, Латын Америка).



3. Жоғары маманданған тауарлы. Мұнда ҒТР нәтижесінде механикаландыру мен химияландыру басым. 6 түрі:

1) дәнді-дақылдар шаруашылығы.

2) интенсивті егіншілік

3) плантациялық шаруашылық

4) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы

5) интенсивті мал шаруашылығы

6) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын қайта түлету 20ғ 60ж басталған «жасыл революция» арқылы жүзеге асады, Одан кейін «жасыл ревлюция» туралы не білетіндерінді айтып беріңдер деп сұрайды.

Сосын ауыл шаруашылығы екі ірі саладан құралатынын айтады: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және бал шаруашылығы да кіреді. Сосын өсімдік шаруашылығы өз ішінен дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар, бақша және жеміс жидек шаруашылығы болып бөлінетінін айтады. Балаларды топтарға бөліп, өз тақырыптарын оқып шығып, талқылаңдар деп тапсырма береді.


Балалар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді: Ауыл шаруашылығының мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бар. Интенсивті даму жолы – сапа жағынан түбегейлі өзгеріп дамуы, ал экстенсивті даму жолы – сандық жағынан дамуы деген сөз деп жауап береді.

Ауыл шаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен дамиды. Климаттық факторлар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы, белсенді температуралар жиынтығы, жылдық жауын-шашынның мөлшері, топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы. Соңғы кезде ҒТР нәтижесінде климаттық жағдайға тәуелділік төмендейді. Мысалы, Сауд Арабия.

Дамыған мемлекеттерде мал шаруашылығы басым, Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс АӨК арқылы жүзеге асады.

Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі: жеке меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Жоғары дамыған мемлекеттерде жер қорының біраз бөлігі фермерлердің қолында (40-50га), бірақ жердің басты қожасы – мемлекет. М: АҚШ-та жер қорының ¼ мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде, м: Азия мен Африкада феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары сақталған шаруашылықтар кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері – латифундиялар меншіктейді, (2-3 мың га). ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да меншіктің жаңа түрлері, жер қорының біраз бөлігі фермерлерге, кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзімге беріліп, олар өз қалаулары бойынша оны қажеттеріне жаратады.

«Жасыл революцияның» негізі болып табылатын басты мәселелер – мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту. «Жасыл революция» нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы 2-3 есе артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. 20ғ 80ж дамыған елдер аясында екінші «жасыл революция» немесе биологиялық-технологиялық революция жүрді.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына тән басты белгі – бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану.

Сосын өсімдік шаруашылығы өз ішінен дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар, бақша және жеміс жидек шаруашылығы болып бөлінетінін біліп, оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып шығып, талқылайды.


ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Қай мемлекет қай майлы дақылды өсіруден бірінші орын алады?

а) ТМД____________, б) Италия_______________, в) Үндістан_____________, г) АҚШ_______________

2. Қартоп жинау жөнінен аталған елдер қандай орындарды иемденеді?

Ресей_______, Қытай________, Польша_________.

3. Сергітпе дақылдардың негізгі отанын көрсетіңдер, қазіргі өндірушілер кімдер?

Шайдың отаны________, Шайды өндіруші________

Кофенің отаны________, Кофені өндіруші________

Какаоның отаны_______, Какаоны өндіруші_______


Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмаларды орындайды:

1. а) ТМД___соя_____, б) Италия__жер жаңғағы__, в) Үндістан___зәйтүн_____, г) АҚШ____күнбағыс__

2. Ресей___1__, Қытай___3____, Польша___2____.

3. Шайдың отаны Қытай,

Шайды өндіруші Үндістан,

Кофенің отаны Эфиопия

Кофені өндіруші Бразилия,

Какаоның отаны Америка

Какаоны өндіруші Гвинея жағалауы


V

Үй жұмысы:

1. §37-38 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Кескін картаға дәнді дақылдар жинаудан алдыңғы қатарлы елдерді түсіріңдер.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Каталог: uploads -> doc -> 0e12
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0e12 -> Секция экология
0e12 -> Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет