Қазақстанда бөлшек сауда көлемі рекордтық жылдамдықпен өсіп кеоеді. 2023 жыл бойынша бөлшек сауда арқылы сатылған тауарлар құны 19,23 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бірінші несие бюросына сілтеме жасап хабарлайды. 

2022 жылмен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 7,7%-ға көтерілген. Бұл – соңғы 9 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Бөлшек сауда өсімі 2017 жылдан бері 5%-ға өсіп келеді. Дегенмен мұны тұрақты деп айтуға болмайды, дейді сарапшылар. Осы аралықта өсім тренді 2020 және 2022 жылы баяулап кеткен. Бұған пандемия мен қаңтар оқиғасы деп дейді. 

Бөлшек сауда көлемінің артуына ірі дүкендер себепкер болып отыр. 2023 жылы олардың табысы 12,93 триллион теңге болған. Ал шағын дүкендер бәсекеге ілесе алмай келеді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.