Оқушылардың қауіпті індеттердің арты қандай жолға апаратынын ашып көрсету, алдын алу,улануына жол бермеу, түсіндіру



жүктеу 87.41 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі87.41 Kb.

Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжі» мемлекеттік мекемесі

«Келісемін» «Бекітемін»

Директордың оқу ісі ОРРММИК директоры

жөніндегі орынбасары __________ Қ.Төлеков

_________ Л.Склярова «__»_________2015ж «__»_________2015 ж


Профилактикалық жұмыс

Салауатты өмір салты
Апатқа апарар үш індет

Мақсаты: Оқушылардың қауіпті індеттердің арты қандай жолға апаратынын ашып көрсету, алдын алу,улануына жол бермеу, түсіндіру.

Дайындаған: педагог-психолог А.Абдрешева

Ұйымдастырушы: Жаратылыстану бірлестігі

Алматы қаласы, 2015 жыл.

Темекі

Темекі шегу өзін-өзі өлтіру

Темекі- құрамында никотин және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйідегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал алколоидтар бар. Темекінің ішінде – ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әр түрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут т.б).



Әрбір 13 секунд сайын бір адам темекінің құрбаны

Әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50 мыңнан астам кітап басылып шыққан. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4 есе улы. Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады.



Қазақстандағы темекі тауқыметі

Қазақстан халқының 25 пайызы (4 миллион адам) темекі тартады. 4 миллионның 600 мыңнан астамы қыз-келіншектер, 120-мыңы – 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Отандастарымыздың басым бөлігі 20-ға толмай жатып, шылымның дәмін татады екен. Сорақысы сол, елімізде жылына -25 мың, күн сайын 70 пенде темекінің кесірінен туындаған дерттерден көз жұматын көрінеді. Қазақстанда ерлердің 45, әйелдердің 8 пайызы темекіге әуес.

Алматыда бір мезгілде 350 мың адам шылым шегетін көрінеді.

Қазақстандықтар жыл сайын 400 миллион доллардың темекісін шегеді. Біздің еліміз темекі тарту жөнінен әлемде 13 орында тұр.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы темекі шегушілердің есебінен 2020 жылы онкологиялық дерттер әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өсе түседі деген пікірде.


Ас қорыту жүйесіне зияны

  1. Дәмге деген тәбетті қашырады.

  2. Ас қорытуды нашарлатады.

  3. Асқазанда жара пайда болады.

  4. Ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік ауруына жол ашады.

  5. Тамақ бойға дұрыс сіңбейді.

Тыныс алу жүйесіне зияны

  1. Өкпе мен көмекейдегі қатерлі ісік ауруына ұшыратады. Осы тектес аурулардың 90 пайызының себебі – темекіден екені дәлелденген.

  2. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.

  3. Жөтел және қақырық пайда болады.

  4. Тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды.

Қан айналымы жүйесіне зияны

  1. Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан қысымын көтереді.

  2. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан қол аяқы кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалады.

  3. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, клеткалары өледі (орнына келмейді)

Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және өзге де зияндары

  1. Адамның есте сақтау қабілетінен айырады.

  2. Көңілсіздікке душар етеді.

  3. Ұйқыны бұзады.

  4. Тез қартайтады.

  5. Теріге көп әжім түседі.

  6. Темекі тартқандардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.

  7. Темекі тартатындардың өмірі 10-15 жылға қысқарады.

  8. Темекі шекпесе де оның айналасында жүргендердің өмірі 5 жылға қысқарады.

  9. Темекі адамның өмірін қысқартып қана қоймай, оның қалған жылдарын аурумен, азаппен өткізуіне себеп болады.

  10. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың өлі тууына себеп болады.

Темекінің адам өміріне төндіретін көптеген зияны күн өткен сайын ғылыми тұрғыда дәлелденуде. Дәрігерлер тілімен айтқанда «баяу өлім» деп аталатын ажал түрлері бар. Солардың бірі – темекі. Денең мен сананы баяу түрде білдірпей улайтын, түбіңе жетпей қоймайтын түрлі дерттердің түп атасы осы.
Темекі тартатын жақындарыңа темекі тастаудың тәсілдерін ұсыныңдар

Темекіні ермек еткен,

Өз түбіне өзі жеткен.

Өзіне-өзі шарт қою арқылы темекіні біржолата қойғысы келетіндер өздеріне мынандай шарттар қою арқылы шылымды тастайды:



  1. Жұмыс уақытында, көшеде темекі тартпаймын.

  2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын.

  3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын.

  4. Таңертең ашқарынға темекі шекпеймін.

  5. Автокөлік жүргізіп келе жатқанда темекі тартпаймын.


Темекіні біртіндеп тастау:

  1. Темекінің маркасын ауыстырып, иісі мен мен дәмі жеңіл түріне көшу.

  2. Бір тал темекіні қайшымен қырқып үштен бір бөлігін ғана тарту.

  3. Ауырған кезде адам ағзасы темекіні іздемейтіндіктен, мұндай жағдайда мүлдем темекіні тарпауға тырысыңыз.

  4. Рамазан айында ораза ұстап, күндіз темекі шекпеуге дағдылана отырып, Рамазан біткенге дейін темекіден толық бас тартуға болады.

  5. Темекіні тастаған соң, денсаулығыңызды арнайы күтімге алыңыз: жеміс-жидектер мен көкеністері мол тамақты дұрыс пайдаланыңыз, дене еңбегімен көбірек айналысыңыз.

  6. Темекіні тастаған алғашқы мезгілде темекі тартпайтын дос жаранмен көбірек араласуға, темекі тартатын таныстарыңыздан бірзаға дейін бойыңызда аулақтатуға тырысыңыз.


Темекіні тастаған адамның ерекшелігі:

  1. темекі тартпау- салауатты өмір салтының нышаны. Сіздің ағазаңыздың түрлі сырқаттардан қоорғану қасиеті күшті.

  2. Темекіге кететін қаржы үнемделеді. Ол басқа пайдалы мақсатқа жұмсалады.

  3. темекі тартпаған адам қоршаған ортасын, айналасын ластап уламайды.

  4. Тмекі тартпайтын адам қашанда әдемі, мәдениетті көрінеді. Денедегі темекінің сасық иісінен арылады.



Темекіні тастағаннан кейін.

  • 20 минуттан соң жүрек соғысы реттеледі, темекі температурасы бір қалыпқа түседі.

  • 8 сағаттан соң қандағы оттегінің 95 пайызы тазарады.

  • 24 сағаттан соң жүрек талмасының қауіпі азайады, сау адамның жағдайына жақындайды.

  • 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қалыпты жағдайға көшеді.

  • 3 күннен соң тыныс алу жолдары ашылып, жақсарады.

  • 3 айдан кейін өкпе 30 пайызға артық жұмыс істейді.

  • 1 жылдан соң жүрек ауруының қауіпі 50 пайызға азаяды.

  • 10 жылдан соң өкпе рагіне шалдығу қауіпі темекі тартпаған адамдікімен теңеседі.

  • 15 жылдан соң жүрек пен қан қысымы темекі тартпаған адамның қан қысымымен бірдей қалыпта жұмыс істейді.


Қатысқан оқушылардың тізімі:



Аты - жөні

Пікірі

Қолы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18










19










20










21










22










23










Алкоголь апатқа апарады

Арақ осы қай адамды бай қылған,

Талайларды түзу жолдан тайдырған.

Арақ ішсең кімге сыйлы боласың,

Мас адамның құны төмен маймылдан?!

Спирттік ішімдіктері жүйелі түрде пайдалану бауырдың, жүректің, жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына алып келеді. Алкогольдің әсерінен бедеулік қауіпі пайда болады және ұрпақтың дене бітімі мен ойлау қабілеті дұрыс жетілмейді.



Кейде алкоголь «Күш береді» дегенді де естуге болады. Олай дейтін себебі спиртті ішімдікті қолданғаннан кейін жүйке жүйесі жедел қозады да, күштің көбейіп, сенімділік пен батылдықтың артуына ықпал еткендей жалған сезім тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет