Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары жоспар кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық ЖҰмыстары


КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖАНҰЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/3
Дата24.09.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3

1.2 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖАНҰЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ
Отбасының алтын діңгегі, берік тұтқасы әке мен шеше десек, солардан өрбіген бала-шаға, үрім-бұтақ жайқалып өскен мәуелі ағаштың бұтағы сияқты тал бесік, ұшқан ұяңды көркейтіп, ерекше сән беріп тұрары сөзсіз. Өсіп-өнген үлгілі от басын көргенде әркім де ғибрат алып, көгеріп көктегісі келеді, әркім-ақ қызығады. Мен де осылардай өсіп-өнсем деп армандаймын. Олай болса, жас ұрпақтарды отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың үй ішіндегі қам-қарекетіне, ата-анасына деген дұрыс көзқарастарды қалпына келтіруіміз керек сияқты. Қазақ от басында өз әкесімен шешесін, жасы үлкен ағасы мен апасын «сен» деуге тиым салып, «Сіз» деп айтуға қалыптастыру жөн. Халық даналығында «Бала артта қалған із, мал – қолға ұстаған мұз, бақыт – ұзатылған қыз» деп бағалаған. Сондықтан адам балалы болып ұрпақ қалдыруды мақсат тұтқан, сол арқылы аты аталып даңқы шыққан, тарихта өшпеас есімге айналған.

Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес.

«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес, - деп ұлы ағартушы Абай адамның қоғамдағы орнын дәл көрстекен.

Қазақ балажан халық. Бүгінгі бала – ертеңгі қоғам мүшесі, ата-ананың өмірінің жалғасы. Болашақ қоғам мүшесін балғын көзімен өмірге баулу керек демекпіз. Ұрпақ тәрбиесі отбасының ғана шаруасы емес, мектептің ең басты мәселесі болуға тиіс. Ұлы М.О.Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөзінде үлкен педагогикалық қағида жатыр...

Бүгінгі отбасының бала тәрбиесі қиынға соғып отырғандығы, мектептегі мұғалімдердің тұрмысы мен де өзектесіп жатыр десек қателеспейміз. Данышпан Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегін мен ақылың екі жақтан» деген. Осы ой-тілекті басшылыққа лау керек. Бала тіршілігі қашан да үй-ішінен, алтын ошақтан, ата-аналардың бала болашағына деген қарым-қатынасынан бастау алатын психологиялық фактор. Отбасын ынтымақ бірлікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа бөлеген мейірімді жандар мекені деп түсінеміз біз болашақ тәрбиешілер. Үй ішінде ата-ананың ықпалының үстем болғаны мұғалім үшін ең тиімді. Ұлтымызда «Үйді билеген түзді де билейді» - деп көрегендік білдіргенін ұстаздар әсте есте ұстаулары керек.

Үлгілі, өнегелі отбасынан шыққан қазақ балалары басына ауыртпалық түскенде барлық қиыншылықтан жол тауып, мүдірмей өте білгендігінде өткен тарихымыз куә... Олар қайда жүрсе де елінің қамын ой»лаған, өз ұлтының намысын қорғаған. Сондықтан да мүмкіндігінше отбасы мен мектеп тәрбиесінің арасында алшақтық болмауы тиіс, бұл мұғалімдерге қойылатын педагогикалық басты міндет. Б.Момышұлы ьұл турасында өзінің үш өсиетінде былай атап көрсетеді: «Немересіне ертегі айтып бере адлмаған әжелерден қорқамын. Немаерелерге бесік жырпын ыңылдап жеткізе алмаған келіндерден қорқамын. Қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-санасын ұмытқан жастардан қорқамын».

Бұл міндетті орындау – мектептің ғана емес сонымен бірге жанұяның да игілікті ісі. Кейбір ата-аналар балаларын асырауды, киіндіруді, күтуді тәрбие деп түсінеді. Бұл әрине керек нәрсе, дегенмен тәрбиенің бір жағы ғана. Сонымен бірге ол үлкендер тарапынан балаларға үнемі, белгілі бағытта және үзбей жасалынатын психологиялық ықпал, адамның жеке басының, оның үміті мен құштарлығының белгілі түсінігі мен сенімінің еркі мен мінезінің бүкіл сезім жүйесінің қалыптасуы.

Ата-ана үй ішіндегі үлкендер балаға белгілі ықпал жасайды. Бұл ықпал үлкеннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына қарай ұнамды да, ұнамсыз болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар тіпті тәрбиешілер де тәрбие ешқандай рөлді атқармайды, бала жаратылысынан ата-анасына, үрім-бұтағына тартып туады деп есептейді. Баланың жаратылысына, мінез-құлқына осылай қарайтындар қолдарын бірақ сілтеп, оның тентегіне шыдай береді. Сөйтіп баласының ұнамсыз қылықтарының үдей түсуіне себепкер болады. Осындай жағдайды мен биыл өзімнің педагогикалық іс-тәжірибиемді өткізген Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектептің 4 сынып оқушысы Абдукаримов Әуесханның жанұясынан көрдім. Мен Әуесханның шешесіне баласының сыныпта тентектік жасап, жаман сөздер айтатынын, оны тәртіпке келтіру үшін бірлесіп шара қолдану қажеттігін айтқанымда, ол: «Біз не істейміз, кішкентайынан ерке болып өскен» - деп жауап берді. Осы бала үлкен жігіт болғанда қандай болмақ... Ата-анасы мұны неге ойламайды: Баланың мінезі әрқилы болатындығында дау жоқ. Ал бала жанының дұрыс қалыптасуы – дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалар ойнағанды жақсы көреді. Мектеп жасына дейінгі баланың айналуының ерекше маңызының барлығын ойынның олар үшін оқу, олар үшін еңбек, олар үшін тәрбие түрі екендігі туралы кезінде Н.К.Крупская айтқан болатын. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен жанұя өмірі бір қалыпты, тату-тәтті болуы, оның әрбір мүшесі тең, бірін-бірі сыйлайтын, мейірімді жәрдемдесуге дайын тұратын болуы керек. Өкінішке орай баланы болашақ өмір үшін, қоғам үшін тәрбиелеудегі негізгі міндетті ұмытып, өз баласының қолайсыз мінез-құлқына қалай болса, солай қарайтын ата-аналар әлі де кездесіп жүр.

Дариға, Серік деген ата-ана әжептеуір қызмет істейді. Ал баласы мектепте нашар оқиды, үнемі кір болып жүреді, сабаққа кешігеді. Осыны оларға айтқанда шешесі баласын ұрып-соғып, жоқты сылтау етіп, баламды мектепте біреулер ұрады екен деп айқай шығарды. Баласы баз баяғы қалпында сабақтан қала береді, кір болып жүреді, үй тапсырмаларын орындамайды.

Баланы жастайынан ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке үйрету керек. Жанұяда баланы әке-шеше ғана емес ата-әже, аға, тәте де жанұяның барлық мүшесі тәрбиелейді. Бұлардың барлығы да балаға жағымды ықпал жасауы керек. Ата-ана жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, ізеттілігі, еңбексүйгіштігі – жанұядағы адамгершілік тәрбиесінің негізі.

Баланың ілтипатты, әдепті, кішіпейілді, көпшіл болуы ең әуелі ата-анасының үлгісіне, өнегесіне содан кейін оның айналасының игі әсеріне байланысты. Өсіп келе жатқан балдырғанның бойындағы адамгершілік қасиеттердің бірі ана тілінің әсерімен қалыптасады. Сондықтан да халық ана тіліне ерекше көңіл бөліп, тіл ширату үшін жаңылтпаштарды, ойын дамыту үшін жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді үйреткен. Халықтық педагогиканың мұндай жетістіктерін ата-аналар үнемі пайдалануы керек. Тіл үйрету баланың жеті-сегіз айлығынан басталады. Балаға ана тілін үйрету проблемасы қазіргі кезде күрделеніп отыр. Ең әуелі ана тілін үйреніп жаттықпаған бала басқа тілді де жақсы игермейді. Тіл адамгершілік қатынастың қасиетті құралы. Балаға ана тілін ардақтауды үйрету керек. Адамгершілік туа бітпейді, ол тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.

Баланың көркемдік талғамын қалыптастырып, сұлулықты қабылдауға үйрету үшін дарын нышанын айқындап, талантын дамыту үшін эстетикалық тәрбиенің мәні зор. Баланың көру сезімі жетіле бастағаннан-ақ табиғаттың тамаша көріністеріне қызыға қарайды, эстетикалық әсералады, үлкендердің түсіндіруімен дүние таниды. Әсемдікті түсіну – адамдық сана-сезімнің жоғары сатысы. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп бағдарламасында аса маңызды міндет – оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту, әсемдік сезімін дамыту деп көрсетілген. Мұның жанұядағы бала тәрбиесіне де үлкен қатысы бар. Әр баланың көркемдікке өз бейімділігі болады. Сол нышанды ата-ана дер кезінде байқап, қамқорлық жасауы керек. Жас бала сурет салуға, ән, тақпақ айтуға, билеуге құштар келеді. Оған бишілер мен әншілердің, суретшілер мен әртістердің өнерлері ерекше әсер етеді. Оған ән, тақпақ үйретуден жалықпауымыз керек.

Ұлы жазушы А.П.Чехов «Адам барлық жағынан да сұлу болуы керек» - дейді. Жанұяда ата-ана баланың таза киініп, таза жүруімен қатар оның әдепті болуын талап етеді. Әдептілік эстетиканың негізгі бір саласы. Эстетикалық әсер ізгілік сезім туғызады. Әсерленген балада эстетикалық ұғым, эстетикалық мұрат пайда болады. Көркемдік негіз тұрмысты сәндендіреді және адамның адамгершілік қасиетін арттырады. Әсемдік әрқашанда жақсы сезімге бөлейді. Баланы әсемдікті көре білуге, одан ләззат ала білуге үйретуіміз керек. Әсемдік табиғатта, сондықтан мен алғашқы сабақты табиғат аясында бастадым, - дейді атақты педагог В.А.Сухомлинский. «Баламен бақ ішінде және далада өткізген бір күн – сабақ үстінде өткізген көп аптаға пара-пар» - дейді ұлы педагог К.Д. Ушинский.

Көркемдік сана эстетикалық тәрбиенің аса маңызды нәтижесі, талғамдар мен көркемдік көзқарастардың, эстетикалық мұраттардың жиынтығы. Баланы жанұяда өнер көрсете білуге үйрету, эстетиканы жанұялық тұрмысқа ендіру, баланың мінез-құлық эстетикасын қалыптастыру, оған әсемдік әлеміне қамқорлықпен қарауды, шығармашылық еңбектерді құрметтеуді үйрету, оның туған жерді сүю сезімін дамыту эстетикалық тәрбиенің жанұядағы негізгі міндеттері. Бұл салада ата-ананың эстетикалық тәрбиесіне көркем әдебиеті мен өнер шығармалары негізгі материал болады. Жанұядағы еңбек тәрбиесі де – барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процесс. Еңбек адамды мақсатқа, қуанышқа жеткізеді, бақытты өмір сүруіне себепті болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі – жанұя бақытының негізі.

А.С.Макаренко «Адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе – жанұядағы еңбек тәірбиесі» - деген болатын. В.А.Сухомлинскийдің көзқарасы бойынша «Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ең қуатты негіз болып табылады», - деп көрсетеді.

Жанұядағы еңбек тәрбиесі бала қаз-қаз басып жүре бастағанда ақ өз нышандарын көрстетеді. «Тұсау кесер» жырымен еліктіріп, «Қазақ-қаз балам, қаз, балам!» - деп оған тұңғыш еңбек қиындықтарын жеңуге үйретеміз.

Жас сәби қолына зат ұстауды үйреніп, өзі тамақтануға құштарланады, сол кезде оның игілікті еңбегін байыпты бас ұрып, затты оң қолмен ұстауға, тазалық сақтап тамақтана білуге үйретеміз. Әсіресе, баланың өзі киінуін талап ету тәсілдерін қолдана білудің мәні зор. Өйткені кезекті еңбек міндеттерін уақытысында атқарып үйренбеген бала олақ, жалқау болып өседі.

Өзін-өзі қызмет етуді бала бір-екі жастан бастап үйреніп, кейін міндетті еңбек мәнін ұғады. Одан кейін жанұяда еңбек бөлісі басталып, баланың еңбектегі жауапкершілігін қалыптастырып, ұқыптылығын арттырады. Төсек жинау, ыдыс жуу, еден сүртіп, тазалықты сақтау әрбір затты өз орнына қою, тамақ ішерде және тамақтан соң жуыну, күнде бір-екі рет тіс шаю тағы басқа толып жатқан алғашқы міндеттерін бала айттырмай орындауға әдеттенуі керек. Ол үшін баланың ісін ата-ана қадағалап, дапғдылы қалыптасқаннан кейін оны дамыта түседі. Бұл жерде ата-ана жазалау, мадақтау, талап қою секілді тәрбие тәсілдерін орынды да әділ және кішіпейілділікпен, қамқорлықпен, іштей сүйіспеншілікпен қолдануы қажет. Жанұядағы еңбек тәрбиесі – баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Жақсы ұйымдастырылған, қолдау тапқан, нәтижелі еңбек баланы қуантып, оның сенміні арттырады, адамгершіік сезімін дамытады. Еңбек баланың ата-анаға, ата-ананың балаға сүйіспеншілігін нығайта түседі. Сүйіспеншілік адамгершііліктің алдыңғы нышаны. Жанұядағы еңбектің этикасы мен эстетикасы да өз дәрежесінде болуы керек.

Баланы еңбекке үйретудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлмесек, бала тәрбиесінде көптеген кемшіліктер жіберуімі мүмкін. Егер ата-ана балын іске жұмсауда педагогикалық және психологиялық тәсілдерді қолдана білмесе, оның еңбекке ықыласын кемітіп, «тілазар» атандырып, мінезін бұзады. «Сен ыдыстарды жу балам» деген тапсырманы неше түрлі интонациямен айтуға болады. Өз баламыз деп оған бұйырып, билік көрсетіп іс тапсырғаннан гөрі, оның өз міндетін орындауын кішіпейілділікпен талап ету әлдеқайда тиімді. Балаға ұрсу – жазалаудың жоғарғы шегі. Ал жазалау әділетті, орынды болмаса, онда ата-ана өз беделін жойып алады. Шыдымсыз, ұрысқақ ата-аналардың балалары еңбекте берекесіздік көрсетеді, көпшілігі қырсық, кербақ кейде кесірлі мінез көрсететені тарс етпе томырық болады. Өткен іске наразылықпен, келешек іске сенімсіздікпен қарайтын пассимист ата-ананың баласы да еңбекке ықылассыз келеді.

Көбірек ақыл үйретем деп, баланы мезі қылып алатын ата-аналарда бар. Бір айтқанды қайталағанды бала ұнатпай қалады. «Маған неге осынша сенімсіздік көрсетеді» деген ой оның мінез-құлқына әсер етеді, іске ықыласы кемиді.

Баланың тәртібі жақсы болуы үшін, әсіресе әкенің «қаталдығы» керек деген ата-ана қателеседі. Ондай ата-аналар қатаң талап қою мен қатал болуды шатастырады да, баланың алдында өздерін қайырымсыз, мейірімсіз етіп көрсетеді.

Еңбек тәрбиесі бірлікті, кішіпейілділікті, ұғынысуды қажет етеді. Егер бала тапсырманы күңкілдеп, тартынып орындаса онда жанұядағы еңбекте ешқандай этика жоқ болғаны, этика болмаған жерде эстетикада болмайды. Яғни, бала істің ұқыптылығына, тындырымды болуына әсем, көркем орындалуына көңіл бөлмеді деген сөз. Еңбектегі тәртіп осылай бұзылады да, оның тәрбиелік мәні азаяды. Сондықтан балаға ынта-ықыласпен орындай алатын жұмыс беріп, оның жақсы нәтижесін мадақтап ынталандырса, ол істі құлшына жүріп орындайтын болады. Еңбектің тәрбиелік мәні туралы В. А. Сухомлинский: «Еңбек тұңғыш азаматтық сезімді оятса, онда ол ұлы тәрбиешіге айналады» - дейді. Сөйтіп жанұядағы еңбек тәрбиесі баланың адамгершілік дағдысын, әдетке, әдепті ғұрыпқа айналдырып, жанұялық дәстүрді қалыптастырады. Жанұядағы тәрбиені балабақша мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен байланыстыра білудің мәні зор. Ол үшін ата-ана тәрбиелік тәжірибиелермен қатар педагогтың білім де қажет болады. Жанұя мен балабақша және мектеп бір-бірімен тығыз байланыс жасап, бірінің ісін бірі толықтырмаса тәрбие жұмысы толымды болмайды да, өзінің игі мақсаттарына жете алмайды. Әсіресе, біркелкі талаптың жүзеге асуы үшін мұндай байланыстың маңызы зор. Ал біркелкі талап болмаған жерде тәрбиелік істердің берекесі кетеді. Үйде басталған еңбек не өнер балабақшада жалғасын тауып, мектепте одан әрі дамытылады. Ондай байланыс болмаса, игілікті әрекет болашақ нәтижесін жойып алады. Біздегі еңбек – міндетті пайдалы өнімді еңбек екенін бала іс жүзінде көріп, оның еңбекке жауапкершілігі, қоғамға көзқарасы қалыптасуы үшін тәрбиенің басты құралына айналған осы еңбекті жанұяда ұйымдастыра білуге, ең алдымен ата-аналар жауапты. Егер баланың үйде киім тігуге бейімі болса,ғ ол бейімділікті мектеп дамытып, мамандыққа айналдырып, болашақ істерімен ұштастырады, басқа да мамандықтармен жалғастырады. Жанұяда, балабақшада, мектепте баланың жеке басына дара ықпал ету әдісі тиімдірек. Егер баладан еріншектік сезім басталса, оны жетегіне алып, тапсырылған істі мұқият орындауға көмектесетін жігерлі дос керек. Жанұяда бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардың бірі ата-ананывң ішімдікке бой алдыруы. Бүгінгі таңда «Маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар» халықтың талап-тілегіне сай жүргізілуде. Дегенмен кейбір жанұялар өмірмен тұрақты орын алған сенбі, жексенбі күндері қонаққа бару немесе қонақ шақыру дәстүрі балалардың дұрыс тынығуына көңіл бөлгізбейді, ең бастысы жиналып алып ішкілік ішетіндері тәрбиелік жағынан мол зиян шектіруде. Әрбір педагогтың негізгі мақсаты – мектептен тыс мекемелер жанұя жұмыла жұмыс істеудің арқасында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайлардың барлығын педагогикалық талапқа сай пайдаланатындай жағдайға жету. Жанұяда бос уақытты дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор. Кейбір балалар таза ауада аз болады. Уақыттың көбін теледидар алдында өткізеді.

Кейбір ата-аналар балаларының үйде отырғанын қанағат тұтып олардың немен шұғылданатынына көңіл бөлмейді. Бұл дұрыс емес. Ата-аналарың өзара және олрдың балаларға қатынасы жалпы жанұя ішіндегі жағдай тұтастай алғанда балалар үшін өз алдына үлкен бір мектеп іспетті. Олар жанұядан алған тәрбиесін жолдастары арасында, мектепте, аулада, есейгеннен кейін еңбек ұжымдарында қолданады. Сондықтан жанұяның ішкі қатынасының әлеуметтік үлкен мәні бар.



Ата-аналардың қызмет ететін ортадағы беделі, жұмысқа қоғамдық көзқарасы бала тәрбиесіне айрықша әсерін тигізеді. Сондықтан сөз бен істің бірлігі ең басты тәрбие құралы екенін ата-аналар еш уақытта естен шығармауы тиіс.

Мұғалімдердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының түрлері көп. Ата-аналар жиналысы, лекция, ата-аналр комитетінің жұмысына қатысу. Әрбір жанұяның өз дәстүрі, өзара қарым-қатынасы бала тәрбиесіне үнемі жағымды әсер ете бермейді. Сондықтан мұғалім әрбір жанұямен тығыз байланыс жасап, баланы дұрыс тәрбиелеу жолын қарастыруы қажет. Мұғалімдердің оқушылар үйін аралап, ата-аналармен жақын танысуы ата-ананың балаға ықпалын, олардың мінездегі қолайлы, қолайсыз жағдайларды анықтауға баланың жан-дүниесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысының оқу тоқсанына және жарты жылға арналған жоспарында мұғалім қашан, қандай жанұяға баратындығын және мақсатын көрсетеді. Осындай перспективалық жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық білім беріліп практикада қолдану қарастырылады. Мысалы, күрделі тақырыптарды балаға қалай үйрету керектігі ата-анаға түсіндіріледі. Ата-ана балаға көмектеседі. Ата-аналармен әңгіме мектеп пен жанұядағы тәрбие практикасымен байланыста қарастырылады. Ата-аналар өз балаларының терең білім алуына қам жасайды. Алайда әлі де болса өз балаларының тәрбиесіне және оқуына немқұрайды қарайтын ата-аналар да жоқ емес. Сондықтан мұғалімнің әрбір оқушы жанұясын зерттеп, ата-аналарды мектеппен тығыз байланыс жасап, өз балаларының тәрбиесіне көңіл бөлуге жұмылдыруда тиянақты жұмыс жүргізуі өте қажет. Ол ата-ана үйін аралағанда ең алдымен оқушы бұрышын байқап, күн тәртібінің орындалуын сұрайды, сабаққа дайындалу тәртібін біледі, жалпы жанұя жағдайымен танысады. Осыдан кейін барып бірыңғай талап ережесін айтып, келген жұмысының мақсатымен таныстырады. Бала естігені мен көргенін қайталап ғана қоймай оны өзінше қорытып, одан жаңа бір түсінік, ұғым тудыруға да ұмтылады. Осы құштарлық толып жатқан сауалдар тудырады. Ал соны үлкендер естігенде мән бермейді. Тіпті мән бергенді былай қойып, кейде: «Әй осы бала да бір құдайдың жоғын сұрап, бас қатыра береді екен, саспа өзің өсіп ержеткен соң бәрін білерсің» - деп жазғырады. Енді бір ата-ана баласының білгісі келгенінің бәрін мектептен біледі деп есептеп, бәрін мектептің міндетіне артып қояды. Қалай болғанда да баланың өмірдегі түрлі құбылысты, оның неден болатынын сырын білуге ынтыққан құмарлығы мен құштарлығын былай тойтару залал. Қайта көрсем, білсем ынтасывн арттырып оны ұштай түсу керек. Рас, кейбір ата-ана өзінің біліміне, өмір сүрген ортасына, тәжірибиесіне байланысты бала аузынан шыққан сұраудың бәріне қанағаттанарлық жауап бере алмайды. Мұндайда баланың өмірге, өзінің айналасына жіті көз салып, байыпты байқауын талап ететін, «Иә сен өзің қалай ойлайсың?», «Өзің байқап көрші», «Өзің анықтап аңғарсаң түсінікті болады» деген секілді сылтау дұрыс. Кейбір ата-ана баламен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге ерекше бір уақыт керек деп ойлайды. «Менің бала тәрбиелеуге, онымен баптанып сөйлесіп отыруға қолым тие ме, ертеден кешке дейін жұмыс, одан қалса үй тіршілігі», - дейді. Шындығында сол ата-ананың істеген жұмысы, үйдегі тіршілігінің өзі – тәрбие. Баланы ізденушілікке бағыттайтын ойындар да көп. Мысалы, еліміздің өсімдіктерін қандай гүлдер өсетінін білуге арналаған «Лото» ойыны, жан-жануарлар түрін ажыратуға арналған жұмбақ ойындар бар. Кейде еліміздегі үлкен қала аттарын, ондағы атақты тарихи орындарды білу мақсатында әр түрлі ойындар ойнатуға болады. Міне, осындай ойын үстінде балада дұрыс сілтеу бала ойының қалыптасуына, дамуына үлкен көмек. Мүмкіндігінше ата-аналар кейбір кинофильмдерді бірге барып көріп, артынан сол жөнінде әңгімелесіп, пікірлесулері қажет. Бұлардың жалпы бала көзқарасын дамытуда маңызы өте зор, әсіресе баланы мектепке әзірлеу кезінде мұндай жұмыстар өте қажет. Баланы мектепке әзірлеу жұмысын көптеген ата-ана оқу жылынан көп болса бірер ай бұрын бастайды. Оның өзінде балаға керекті киім, оқу құралдарын іздеп, табумен шектеледі де, кейбір ата-аналар баласының мектепке баратынына той жасап тынады. Сөз жоқ бұлардың бәрі керек. Сонымен қатар әрбір атаана өз баласының мінез-құлқына, қылығына барлау жасап, оларды мектеп оқушысы болғанда керекті қасиетке, дағдыға тәрбиелеу мәселесін ескеруі қажет. Әсіресе, балалар бақшасына бармаған баланың іс-әрекеті, ойыны белгілі бір тәрбиешінің басқаруымен өтпегендіктен белгілі күн тәртібін біле бермейді. Ондай баланың қалыптасқан дағдылары болмағандықтан 45 минуттық сабаққа шыдап отыруы, кейде қызықты да болып көрінбейтін еңбек түрімен шұғылдануы жеңілге түспейді. Демек, баланы мектепте жұмыс істеуге төзімі жететін, белгілі бір мерзім ішінде бір орында байыпты отыратын етіп баулу қажет. Бұл үшін баланың үстел басында ойланып ойнауына керекті ойыншықтьар әперуі тиіс.

Баланың оқығанын, тыңдағанын еске сақтауға үйретудің бір жолы қысқа өлең, тақпақ жаттау, оны айтқызып тыңдау – жыл бойы үзбей жүргізілетін жұмыс.

Ата-ана өз балаларымен үнемі сөйлесіп, пікір алысқанда оның ойын кеңейтуіне, тілін дамытуына, дүние тануына ғана көмектесіп қоймайды. Сонымен қатар оның неге құштар екенін, өмірге көзқарасын біліп, баласының ішкі жан дүниесін, рухани өсуін байқайды.

Ата-аналармен байланыс жасаудың тағы бір жолы – оларды сабақтарға қатынастырып, өз балаларының үйде сабаққа қалай әзірленетінін, сабаққа деген ынтасын, сынып тәртібінің дәрежесін байқау екенін білу керек. Ата-аналар қатысқан сабақтарға тиісті талдау жасап қай ата-ананың баласы қалай оқып жүргені, үйде сабаққа қалай әзірлігі, үй жұмысына көмегі тағы басқа да мәселелерге байланысты не істеу керек жөнінде әңгіме өткізіп отыру қажет. Ересектер қай жағынан болсын балаға үлгі. Баланы жасына еңбекке үйреткен жанұяда оның еңбекке көзқарасы, жинақылығы, жауаптылығы басқаша болып отырады.

Кей ата-аналар балаларының жалқаулығына ренжиді. Олар «бала жалқау, ештеңе істегісі келмейді» деген реніштерін білдіреді. Өздері кінәлі екендігін байқамайды. Балаға жұмыс беру жолын білмейді. Жас бала әрнәрсеге еліктегіш, көргіш және сезімтал келеді. Жақсы-жаман сөз болсын, түрлі мінез-құлық болсын бала тез қабылдайды. Ата-ана бала көзінше өтірік, жаман сөз айтпайды. Оларға жанұя ішінде ұшырасып қалатын ұрыс-тартыс жанжалдарды көрсетпеу де, естіртпеу де қажет. Мұндай ата-аналарға балаларын өзімшіл, өркөкірек, менмен, тәртіпсіз етіп тәрбиелеу қажет екенін түсіндіру керек. Ата-анамен қарым-қатынас жасағанда олардың қандай мұқтажы бар екенін анықтап, тиістиі қамқорлық жасаудың маңызы зор. Мұндай қатынас мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, балалардың сабақ үлгерімін, сынып тәртібін ұйымшылдыққа, көпшілікке, мейірімділікке тәрбиелейтінін ескеру керек. Жанұя мен мектептің, мұғалім мен ата-ананың байланысын күннен-күнге нығайтып отыруға, ата-аналарды түрлі тақырыптардағы тәрбие сағаттарына қатыстырып отыру да жәрдемдеседі. Бұл жағдайда ата-аналар өз балаларының білімін, әр түрлі өнерін өз көздерімен көреді. Ата-ана тәрбиенің педагогтың әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің оқушылар арасында қандай жұмыстар жүргізетінін түсінеді және ұстаздарға деген сүйіспеншілігі артады. Осыған байланысты «Біздің жанұямыз» деген тақырыпта әзірленген тәрбие сағаттардың өткізуінің артықшылығы болмайды. Ата-аналармен байланыстың бірі алдыңғы қатарлы ата-ананың жұмыс орнына экскурция. «Ет комбинаты», «Колхоз фермасына» ата-аналардың жәрдемімен экскурсия жасалуы тиіс. Мұнда балалар ата-аналарының қайда, кім болып қызмет атқаратынын біледі. Олардың еңбегін құрметтейді, олардың үйде дұрыс тынығуына қамқорлық жасайды. Осылайша мұғалім мен ата-ананың бірлесіп жүргізіп отырған тәрбие бағыттары баланың жақсы азамат болып өсуіне зор ықпал жасайды. Бірақ ата-анаға мұндай тәрбиені дұрыс жүргізуі үшін педагогикалық біліммен эпизодтық лекциялар оқып, жалпы мәдениетін арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізуі керек. Мектеп ата-аналарға бала тәрбиесі мәселесін міндеттен таңбай, олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануына жетелеуі жөн.

Ата-аналарға педагогикалық білім беруде сыныптағы балалардың жас ерекшелігі және оқу – тәрбие жұмысының әр жылға сәйкес ерекшелігі ескеріледі.

Перспективалық жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп, мұндайда ата-аналарға бірте-бірте педагогикалық білім беріліп, оны практика жүзінде қолдануда әңгіме, консультациялар ұйымдастырылады. Бұл жұмыс әрбір сыныпқа сәйкес болып, бала мектепті бітіргенге дейін созылады. Мұғалім ата-аналармен жұмыс жүргізудегі өз жоспарын жүзеге асырып, оның педагогикалық білім берудегі пайдасын аша түседі. Мұғалім – жанұяның бала тәрбиелеудегі жетекшісі, қамқоршы досы, жанұядағы бала тәрбиесін ұйымдастырушы болады. Ат-аналармен әңгіме ұйымдастырғанда педагогика теориясы мектеп пен жанұядағы тәрбие практикасымен байланыста қарастырылады. Бұл ата-аналармен жұмыс жүйесіндегі басты мәселе. Әрбір мұғалім ата-аналармен педагогикалық мәселелер жөнінде әңгімелескенде өз сыныбының ерекшелігін ескереді. Әңгіме тақырыбының жүйелілігін сақтайды.

I-IV сынып оқушылары ата-аналарымен жүргізілетін әңгімелердің үлгі тақырыптары:

- Оқушыларға тәрбие беру жүйесіндегі бастауыш білім берудің маңызы, бастауыш сыныптардағы білімнің негізгі мазмұны;

- Төменгі сынып оқушыларының дене және психологиялық ерекшеліктері, төменгі сыныптағы дене тәрбиесі;

- Оқу еңбегін, қоғамдық пайдалы еңбекті және дұрыс тынығуды ұйымдастыру;

- Балаларды жанұя және мектепте еңбекке тәрбиелеу;

- Балалардың тәртібі;

- Эстетикалық тәрбие;

- Ата-аналар «Атамекен» бағдарламасы туралы не білуі керек? Жанұяда балаларды имандылыққа тәрбиелеу;

- Ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты не оқуы керек?

Осындай перспективалық жоспарда тәрбиенің бір-бірімен байланысты негізгі түрлеріне айрықша орын беріледі. Олар ақыл-ой, адамгшершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиелері. Атап айтқанда ата-аналарға бабаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің әдіс-тәсілдерін аша отырып мұғалім мектептің оқу-тәрбие жоспарынан осы сыныпта орындауға тиісті негізгі міндеттерді түсіндіреді. Жаңа оқу жылында оқушылар үйренуге тиісті күрделі тақырыптарды айтады. Сонымен қатар бұл тақырыптарды оқып-үйренуде ата-ана балаға қалай көмектесу керек екендігі жөнінде нұсқау береді. Ата-аналар өз балаларының терең, тиянақты білім алуына және оларда шындық негізінде наным, көзқарас қалыптасуына қам жасайды. Ата-аналарға арналған педагогикалық кештерді, ата-аналар конференцияларын ұйымдастыруға болады. Жалпы мектептік лекция ата-аналарды сөйлесуге тартып, әңгіме кезінде бала тәрбиесі туралы пікір алысады. Егер бала тәрбиесі туралы әңгімені сыныптың мұғалімі жүргізуге тиісті болса, жиналысты мектеп ата-аналар комитетінің басшысы басқарғаны дұрыс.

Белсенді ата-аналарға ұйымдастырылған семинардың да пайдасы көп. Мұнда педагогикалық тақырыптарға лекциялар оқылып, ата-аналар сұрауларына байланысты қосымша баяндамалар ұйымдастырылғаны жөн. Мұндай семинар ата-аналар белсенділігін арттырады, дискуссия жүреді.

Соңынан қаралып отырған мәселе байланысты қорытындыға келіп, практикалық шешім қабылданады. Актив ата-аналар бір-бірімен мұғаліммен тығыз байланыс жасап топтасқан тату ата-ана ұжымын қалыптастырады. Ата-аналармен жемісті жұмыс жүргізу үшін мұғалім өз білімін үнемі толықтырып, әңгімеге жан-жақты дайындалу керек. Әрбір жанұямен дербес жұмыс жүргізіп ата-анаға өзінің әділдігі, талап қойғыштығын таныта білу керек. Бала үйіне қайтпас бұрын мұғалім оның сабақ үлгеруі, келесі күні сабақ кестесі бойынша қандай сабақтар болады? Оларға үйге қандай тапсырмалар берілген? Осыған орай балалардың үйде сабаққа қалай дайындалғанын бақылап, олардың ата-аналарымен күн тәртібін қалай орындайтындығы туралы әңгімелесу керек. Алғашқы кезде күн тәртібі бойынша үй тапсырманың орындайтын, сабақ дайындайтын уақытта кейбір балалар үйінде болмай шығуы да мүмкін. Мұндайда мұғалімнің бала ата-анасымен күн тәртібі, оны орындаудың қажеттігі туралы әңгіме өткізгені жөн. Бала ата-анасы мұндай қатысуға риза болып оларға жиі қатысып тұруын сұрайды. Тексеруден кейін баласының күн тәртібін дұрыс орындайтын болғанын хабарлайды. Баласының сабақ үлгерімі, тәртібі жақсарғанын сезініп, мектептегі кезекшілікті ынтамен орындайды. Сабаққа қатысып өз балаларының жетістік және кемшілігін көреді. Өз баласын басқа балалармен салыстырады. Педагогикалық еңбектің қиындығын, күрделігін сезіп, оған құрметпен қарайды. Мектепке көмектесуге ұмтылады. Мұғалімдердің қатысуымен мектеп ата-аналар кеңесіне ата-аналарға арналған бірыңғай педагогикалық талап қабылдап, оны ата-аналарға таратып берген абзал. Сонымен қатар мектепке ата-аналар бұрышын ұйымдастырып, онда ата-аналарды қызықтыратын мәселелерге жауап беретіндей материалдарды қою керек. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін байсалдылық, шыдамдылық, балаға деген сүйіспеншілік қатаң талап қоюмен ұштасуы қажет. Ата-аналар балаларына сабаққа дайындалуға жағдай жасаулары керек. Сонымен бірге олардың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексеріп, оларға тапсырманы қалай орындау керек екенін айтпай тек ғана бағыт бергендері жөн. Күнделікті дәптерлерін қарап, жазу мәдениетін, оқу-жазу құралдарын қалай күтіп ұстайтындығын бақылауы тиіс. Сенбі күні олардың күнделігін қарап, қол қоюы керек.

Ата-аналар балаларына өздеріне дос, жолдас табуға көмектесіп, жақсы оқушыдан үлгі алып, «қиын» оқушыларға ықпал жасауға үйреткендері жөн. Балаларды қолайсыз қылықтардан сақтандырып олардың көшеде , мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу көріністеріне қатаң тиым салу қамын ойлағаны дұрыс. Ата-аналар өздерінің педагогикалық білімдерін молайтып, баланы дұрыс тәрбиелеуге үйренуі, бала тәрбиелеудегі басқа ата-аналардың ұнамды тәжірибиесін пайдалана білгені абзал. Ата-аналар мұғалім мен мектеп өзінің досы, бала тәрбиесінде жетекшісі деп санап, оларға көмектесуі қажет. Мұғалімдер тапсырмасын бұлжытпай орындауды талап етіп, баланың оқуы және тәрбиесін жақсартудағы пікірін жиналыста не өзіне сыпайылап айтқаны дұрыс.

Ата-аналар баланың тәртібіндегі жұмыс орындау қабілетіндегі, денсаулығындағы, еңбегіндегі жетістіктері туралы мұғалімге хабарлағаны сол секілді ата-аналар жиналысына бала тәрбиесі жөніндегі әңгімеге, лекцияға қалмай қатынасып отырғаны дұрыс деп ойлаймыз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет