Мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылық іспен айналыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Жақында блогер көмекшілерімен бірге 97-баспананың кілтін табыстады. 

“Мен ақша түсетін нөмерімді өшіріп тастағанмын. Бұдан кейін көпшіліктен ақша жинап, адамдарды үйлі еткім келмейді. Көмектесемін, бірақ қаражатты өз қалтамнан ғана шығарамын. “Ырысбала жеп қойды. Халықтан жинап, халыққа беріп отыр. Сол арқылы абырой жинап отыр” деген сөзді естігім келмейді. Санасы таяз адамдар шаршатты. 97 үйді керек-жарағымен табыстау, көпшіліктің қаражаты мен аманаты оңай емес. Сіздер білетін мен білмейтін қиындықтардан әбден шаршадым. Мүмкін, біраз демалыс та керек шығар. 100 баспана табыстаймыз деген мақсат болған. Қалған 3 үйді өзіміздің отбасымыздың атынан табыстайтын боламыз. Сонымен, 100 үй шығады. Соған риза болыңыздар!”, – деп жазды блогер. 

  • "Айына 6 миллион теңге төлеймін": Ырысбала Икрамбай салық комитетіне шүйлікті

  • "Ақымақтың ісі": Блогер Ырысбала Икрамбай Назарбаев қорының марапатынан бас тартты

Сөз соңында, қайырымдылық жасап, халықтың махаббатына бөленген блогер осы күнге дейін қолдаған оқырман қауымға алғыс айтты.

“Мені қолдаған халыққа рақмет айтамын! Маған сенгендеріңізге мың алғыс! Әйтеуір, бірлесіп пайдалы іс атқардық. Инстаграмда отырып, бос уақыт өткізбедік. Соған қуанамын. Қайырымды істердің қайырын Алладан күтіп, адал іс атқаратын жандар көбейсін!”, – деп ризашылығын білдірді Ырысбала. 

Айта кетейік, блогер ұлттық киім киюді міндеттеген билік өкілдерін сынап, “көпбалалы аналардың қалтасын тесті" деп ренжіді.

Одан кейін Ырысбала Икрамбай әншілерді Қайрат Нұртастан үлгі алуға шақырғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.